“АЙНАЛАЙЫН АҚ АНАМ” атты ертеңгілік
Саз жетекші Есенгалиева А
Зал әсем безендірілген.
Әтеш жүгіріп кіреді.
ӘТЕШ: Ку –ка-ре-ку!
Жақсы жаңалық әкелдім, қар еріді, қыс кетті.
Жылғалардан су ақты.
Ұйықтағанды қояйық
Аналардың мерекесін, барлығымыз бірігіп бастайық.
Балалар залға кіреді
ЖҮРГІЗУШІ: Наурыз күні- Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
АЙЗАДА: Мен мұғалім анамның, өнегесін аламын.
Ертең менде анамдай. Оқытушы боламын.
ШЕРИЗАТ: Мен үшін не керек- бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.
НАЗИРА: Сенен өскен балалар. Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамын , Құрметті аналар!
ДАСТАН: Әр сөзімді жаттаған, жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам!
МАДИНА: Айналайын анашым, әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз, анамыздың мамасын.
АЙГЕРІМ Д: Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын, айналайын анашым.
ӨЛЕҢ “ҚҰТТЫҚТАЙМЫН АНАШЫМ”
ЖҮРГІЗУШІ: Көкектің айы көктемім, күлімдеп күмбез көкте күн.
Жайқалған жасыл жапанға, қарашы нұрын төккенін.
ӨЛЕҢ “КӨКТЕМ” Балалар отырады
БАСТАУЫШ: Қызық –қуаныш жалғасады
Ертегі басталады.
ЖҮРГІЗУШІ: 8 наурыз күні қарсаңында 3 қыз терезе алдында отырып, былай деп дауласыпты:
1 ҚЫЗ: Анашымды мен сыйлаймын, өлең айтып құттықтаймын!
Інімізбен екеуміз, ән салып береміз.
ЖҮРГІЗУШІ: Әй, жарайсың балақай, әнің ұшсын зымырап.
Барлық ана қызықтап, күлкі сыйласын балаларға.
Частушкалар:/шеризат, Руслан, Айзада, Жанел, Мадина, руслан/
ЖҮРГІЗУШІ: Дауласпаймын сендермен, әнді жақсы айттыңдар,
Бірақ бізде балалар, болып қалды бір жағдай.
Жылғалардан аққан сулар, мерекемізге келіп, суреттегі аналарымыздың күлкілерін шайып жіберіпті.
БАЛАЛАР: Суды біз қорқытамыз. Аналарымыздың күлкісін қайтарамыз.
ОЙЫН “ПОРТРЕТТЕГІ КҮЛКІНІ САЛ”
ЖҮРГІЗУШІ: Ертегі жалғасады, аналар қуанады.
2 ҚЫЗ: Ал мен болсам анама, би билер ем аянбай.
Қызықтап биін қызының, қуанар еді анашым.
ЖҮРГІЗУШІ: Аманбысың ару қыз! Құр бос бізге мақтанбай билеп берсең әр қалай.
БИ: “АЙГӨЛЕК”
ЖҮРГІЗУШІ: Биің сенің тамаша, қимылыңда жаңаша.
Балалар, мен қиналып тұрмын, мына жіптерді түсі бойынша жинауға көмектесіңдерші.
БАЛАЛАР: Әрқашанда бәріміз, көмек беруге әзірміз.
ОЙЫН: “ТҮСІ БОЙЫНША ЖИНА”
ЖҮРГІЗУШІ: Үшінші ару қызымыз да талпынады, ертегі жалғасады.
3 ҚЫЗ: Мен анамды құшақтаймын, “Қал жақсы ма?” – деп сұраймын
Кейін сендермен қосылып, оркестірде ойнаймын.
ЖҮРГІЗУШІ: Аспаптарды алыңдар, бірігіп әуенді ойнаңдар.
Балалар оркестірде ойнайды
ЖҮРГІЗУШІ: Ару қыздар жарайсыңдар, аналарыңа ұнайсыңдар,
Шеңберге тұрыңдар, Билейді жас өрендер.
БИ “ДОСТАСАЙЫҚ”
ЖҮРГІЗУШІ: Мынау немене, балалар?
Алтын балық келді қараңдар!
БАЛЫҚ: Сендермен өте көңілді, сый күтіп тұр сендерді.
Би билеуге сендерге , келді менің сіңілім.
“БАЛЫҚТАР БИІ” /мектепалды даярлық топ қыздары/
БАЛЫҚ: Уақытты құр өткізбе, ау лақтыр теңізге.
Балықтарды аулаңдар, аналарыңа сыйлаңдар.
Балалар ау лақтырып балық аулап аналарына сыйлық тарту етеді.
НҰРСҰЛТАН: Бәрімізге анасың, біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым.
ДАРЫН: Ерлік, еңбек атқарған, еңбегімен мақтаған,
Ел сенімін ақтаған, айналайын ақ анам.
РУСЛАН: Бізді өсіріп баптаған, жақсы болсаң шаттанған.
Алтыным деп мақтанам, айналайын ақ анам.
ЖАНЕЛ: Еркелесем күлімдейтін, ұрысөқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскелейтін, құлыншағым күнім дейтін.
АРЛАН: Мәпелейсің мені анам, қолыңдағы құсыңдай,
Құлпыра өсіп дем алам, құшағыңда қысылмай.
АЙГЕРІМ: Менің атым Әлия, елге даңқым жария
Лайықты даңқыма. Қызмет етем халқыма.
ӨЛЕҢ “КӨП ЖАСА АНАШЫМ”
ЖҮРГІЗУШІ: Ертегі де бітті мереке аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |