Акционерлiк қоғамдар туралы



бет1/6
Дата17.06.2016
өлшемі388 Kb.
#142029
  1   2   3   4   5   6
Акционерлiк қоғамдар туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат. "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 16 мамыр N 115-18

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң акционерлiк қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн; акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды; акционерлiк қоғам органдарының құзыретiн, құрылу және жұмыс iстеу тәртiбiн; оның лауазымды адамдарының өкiлеттiгiн, сайлану тәртiбiн және жауапкершiлiгiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1) айқын басым көпшiлiк - акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының кемiнде төрттен үш бөлiгi мөлшерiндегi көпшiлiк;

      2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлiк қоғамның шығарылым проспектiсiмен айқындалатын талаптар мен тәртiп арқылы оның бағалы қағазының басқа түрiне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

      3) акционер - акцияның меншiк иесi болып табылатын тұлға;

      4) акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;

      5) акциялардың бақылау пакетi - акционерлiк қоғам қабылдайтын шешiмдердi айқындауға құқық беретiн акциялар пакетi;

      6) акцияның номиналдық құны - барлық жай және артықшылықты акцияларға арналған және акционерлiк қоғамның құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) айқындалатын бiрыңғай баға, осы баға бойынша акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылады (жалғыз құрылтайшы төлейдi);

      7) аффилиирленген тұлғалар - тiкелей және (немесе) жанама түрде шешiмдердi айқындауға және (немесе) әрқайсысы (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмге, оның iшiнде жасалған мәмiлеге орай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тiзбесi осы Заңның 64-бабында белгiленедi;

      8) дауыс беретiн акциялар - орналастырылған жай акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы берiлген артықшылықты акциялар. Дауыс беретiн акциялар санына қоғам сатып алған акциялар, сондай-ақ номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәлiметтер жоқ меншiк иесiне тиесiлi акциялар кiрмейдi;

      9) дивиденд - акционердiң өзiне тиесiлi акциялар бойынша акционерлiк қоғам төлейтiн кiрiсi;

      10) жарияланған акциялар - шығарылымын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган тiркеген акциялар;V0 

      11) корпоративтiк веб-сайт - Интернет желiсiндегi, қоғамға тиесiлi және уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сай келетiн ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшiн корпоративтiк веб-сайттың болуы мiндеттi;

      12) корпоративтiк хатшы - қоғамның директорлар кеңесiнiң не атқарушы органының мүшесi болып табылмайтын акционерлiк қоғамның қызметкерi, оны қоғамның директорлар кеңесi тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесiне есеп бередi, сондай-ақ өз қызметi шеңберiнде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесiнiң отырыстарын дайындауға және өткiзуге бақылау жасайды, акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесiнiң отырысына материалдар әзiрлеудi қамтамасыз етедi, оларға қол жеткiзудiң қамтамасыз етiлуiн бақылайды. Корпоративтiк хатшының құзыретi және қызметi қоғамның iшкi құжаттарында айқындалады;

      13) кумулятивтiк дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбiр акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерiнiң санына тең дауыс саны келетiн дауыс беру тәсiлi;

      14) қоғамды корпоративтiк басқару кодексi - қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлетiн, қоғамды басқару процесiнде туындайтын қатынастарды, оның iшiнде қоғамның акционерлерi мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделi тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтiн құжат;

      15) қоғамның тiркеушiсi - қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөнiндегi кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйым;

      16) лауазымды адам - акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң, оның атқарушы органының мүшесi немесе акционерлiк қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;

      17) миноритарлық акционер - акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының он процентiнен азы тиесiлi акционер;

      18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезiнде айқындалатын акция бағасы;

      19) орналастырылған акциялар - акционерлiк қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары;

      20) тәуелсiз директор - аталған акционерлiк қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзi директорлар кеңесiне сайланар алдындағы үш жыл iшiнде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлiк қоғамның тәуелсiз директоры қызметiнде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлiк қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнiнен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлiк қоғамның немесе осы қоғам ұйымының аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесiне сайланар алдындағы үш жыл iшiнде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын; осы акционерлiк қоғамның аудиторы болып табылмайтын және өзi директорлар кеңесiне сайланар алдындағы үш жыл iшiнде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитор ретiнде осы акционерлiк қоғамның аудитiне қатыспаған және өзi директорлар кеңесiне сайланар алдындағы үш жыл iшiнде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесiнiң мүшесi;

      21) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;

      22) уәкiлеттi орган - бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      23) iрi акционер - бiр-бiрiмен жасалған келiсiм негiзiнде әрекет ететiн, өзiне (жинақтап алғанда өздерiне) акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентi тиесiлi акционер немесе бiрнеше акционер.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.10.23 N 72-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар


             туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Акционерлiк қоғам

      1. Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам (бұдан әрi - қоғам) деп танылады.


      Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      Қоғам өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi.

      2. Қоғамның акционерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiне тиесiлi акциялардың құны шегiнде қоғам қызметiне байланысты залалдарға тәуекел етедi.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.

      4. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға құқылы.

      5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны мiндеттi болып белгiленуi мүмкiн.

      6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлiк қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиiс. Қоғамның атынан кейiн "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол берiледi.

      4-бап.
      Ескерту. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-1-бап. Жария компания

      1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қоғам жария компания болып танылады:

      1) қоғам өзiнiң жай акцияларын, осы акцияларды инвесторлардың шектеусiз тобына ұсына отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған және (немесе) ұйымдастырылған нарығына орналастыруды жүзеге асыруға тиiс;

      2) қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санының кемiнде отыз процентi, олардың әрқайсысы қоғамның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан қоғамның жай акцияларының бес процентiнен аспайтын акционерлерге тиесiлi болуға тиiс;

      3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс;

      4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының тiзiмдер санатында болуға тиiс, енгiзiлуi және онда болуы үшiн қор биржасының iшкi құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингiлiк) талаптар белгiленедi не олар Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тiзiмiне енгiзiледi.P0 

      2. Жария компанияның жарғысында:

      1) корпоративтiк басқару кодексiнiң

      2) корпоративтiк хатшы лауазымының

      3) корпоративтiк веб-сайттың

      4) "алтын акцияға" тыйым салудың болуы көзделуге тиiс.

      3. Уәкiлеттi орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның мәртебесiн қайтарып алуды қоғамның өтiнiшi негiзiнде өзi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.

      4. Қоғам мынадай:

      1) қатарынан соңғы үш айдың iшiнде осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;

      2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайларда жария компания мәртебесiнен айырылады.


     Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

   2-тарау. Қоғамды құру

      5-бап. Қоғамның құрылтайшылары

      1. Қоғамды құру туралы шешiм қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган акционерлiк қоғамның құрылтайшысы болады.
      Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген атқарушы орган акционерлiк қоғамның құрылтайшысы болады.
      Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.

      3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкiн.

      4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттiк тiркелгенге дейiн туындаған шығыстарды төлеу жөнiнде ортақ жауаптылықта болады. Кейiннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейдi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы

      1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешiмi бойынша құрылады. Қоғамды бiр құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешiмдi ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
      Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкiн.

      2. Бiрiншi құрылтай жиналысында құрылтайшылар:

      1) қоғамды құру туралы шешiм қабылдайды және қоғамды құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн белгiлейдi;

      2) құрылтай шартын жасайды;

      3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;

      4) жарияланған акциялардың, соның iшiнде құрылтайшылар төлеуге тиiстi акциялардың санын белгiлейдi;

      4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;

      4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгiлеудiң әдiстемесiн бекiтедi;

      5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiм қабылдайды;

      6) қоғамның тiркеушiсiн таңдайды;

      7) мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкiлеттi адамдарды сайлайды;

      8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгiзiлетiн мүлкiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгiлейдi;

      9) қоғамның органдары құрылғанға дейiн қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға және үшiншi тұлғалар алдында оның мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi адамдарды сайлайды;

      10) қоғамның жарғысын бекiтедi.

      3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейiн құрылтайшылардың кейiннен бiрнеше жиналысын өткiзуге жол берiледi. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бiрiншi құрылтай жиналысында қабылданған шешiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiледi.

      4. Қоғамның бiрiншi құрылтай жиналысында әрбiр құрылтайшының бiр дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгiленбесе, кейiнгi құрылтай жиналыстарында әрбiр құрылтайшының бiр дауысы болады.

      5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешiмдерi қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешiмi

      1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде):

      1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәлiметтер, соның iшiнде:


      жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжат деректерi;
      заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жерi, мемлекеттiк тiркеуден өткенi туралы деректер;

      2) қоғамның құрылуы туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оның құрылу тәртiбi;

      3) құрылтайшылар төлейтiн акциялардың алдын ала төлем мөлшерi, сондай-ақ оны төлеудiң мерзiмдерi мен тәртiбi;"

      4) акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн қоғамның құрылтайшылар арасында орналастырылатын (жалғыз құрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлерi және нақтылы құны;

      5) оның құрылтайшыларының құқықтары мен мiндеттерi және қоғамның құрылуына байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшылардың қоғамды құру жөнiндегi қызметiн жүзеге асырудың өзге де талаптары;

      6) қоғамды құру және мемлекеттiк тiркеу процесiнде оның мүдделерiн бiлдiру тапсырылатын адамдардың өкiлеттiктерiн белгiлеу;

      7) қоғам құрылтайшыларының кейiнгi жиналыстарын шақыру мен өткiзу тәртiбi, сондай-ақ әрбiр қоғам құрылтайшысының кейiнгi құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;

      8) қоғамның жарғысын бекiту туралы жазба;

      9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешiмiне):
      құрылтайшылардың шешiмi бойынша;
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес енгiзiлуге тиiстi өзге де талаптар болады.

      2. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) қолданылу кезеңiнде осы Заңның 6-бабының 3-тармағында белгiленген талаптар сақталған жағдайда оның тараптары (жалғыз құрылтайшысы) оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы.

      3. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) жазылған мәлiметтер, егер шарттың өзiнде (жалғыз құрылтайшының шешiмiнде) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға қоғамның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ғана берiлуге тиiс.

      4. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап тоқтатылады.


      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының


             шешiмiн ресiмдеу) тәртiбi

      1. Құрылтай шарты әрбiр құрылтайшының немесе оның өкiлiнiң шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.


      Жалғыз құрылтайшының шешiмi жазбаша нысанда ресiмделiп, оған құрылтайшы немесе оның өкiлi қол қояды.
      Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешiмiн) нотариат куәландыруға тиiс.

      2. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ресiмделген және құрылтайшылардың жиналысына қатысу мен құрылтай шартына қол қою құқығын қоса алғанда, қоғам құруға құқық беретiн тиiстi өкiлеттiктерi болуға тиiс.

      9-бап. Қоғамның жарғысы

      1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретiндегi құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын (оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.

      2. Қоғамның жарғысында мыналар:

      1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

      2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жерi;

      3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;


      4) (алып тасталды)

      5) қоғамның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi;

      6) қоғам органдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, соның iшiнде:
      қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзiрлеу және өткiзу тәртiбi;
      қоғам органдарының шешiмдер қабылдау тәртiбi, соның iшiнде шешiмдерi айқын басым көпшiлiк дауыспен қабылдануға тиiстi мәселелердiң тiзбесi;

      7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлерiне оның қызметi туралы ақпарат беру тәртiбi;

      7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi;";

      8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендiгiн көрсету, дауыс беру рәсiмi, дивидендтердi төлемеу туралы ережелер мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да талаптар;

      9) қоғам қызметiнiң тоқтатылу талаптары;

      10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес өзге де ережелер болуға тиiс.

      3. Барлық мүдделi тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бiрге оған кейiн енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi. Қоғам акционердiң өзiне қоғам жарғысының көшiрмесiн беру туралы талабын үш жұмыс күнi iшiнде орындауға мiндеттi. Қоғам акционерге жарғының көшiрмесiн бергенi үшiн ақы алуға құқылы, ол көшiрме дайындауға, сондай-ақ жеткiзiп беру қажет болған жағдайда оны жеткiзуге жұмсалған шығындардан аспауға тиiс.

      4. Қоғам өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қоғамның үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыруға құқылы.

      5. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы

      10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi


              мөлшерi

      Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының  заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 50000 еселенген мөлшерiнде болады.


      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi бойынша белгiленген талаптар өз қызметiн инвестициялық жекешелендiру қоры ретiнде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.

      11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы

      1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
      Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.

      2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.

      3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да
бағалы қағаздары

      12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы


              ережелер

      1. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

      2. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.

      3. Акция бөлiнбейдi. Егер акция ортақ меншiк құқығымен бiрнеше тұлғаға тиесiлi болса, олардың бәрi бiр акционер деп танылады және өзiнiң жалпы өкiлi арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

      4. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, акцияның бiр түрi оны иеленетiн әрбiр акционерге осындай акциялар түрiнiң басқа иелерiмен бiрдей көлемде құқықтар бередi.

      5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде:

      1) қоғамның акцияларымен мәмiлелер жасасуға;

      2) қоғамның бiр акционерге тиесiлi акцияларының ең көп мөлшерiне;

      3) қоғамның акциялары бойынша бiр акционерге берiлетiн ең көп дауыс санына шектеулер белгiленуi мүмкiн.

      6. Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.

      13-бап. Акциялардың түрлерi

      1. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.

      2. Артықшылықты акциялардың меншiк иелерi - акционерлердiң жай акциялардың меншiк иелерi - акционерлерiне қарағанда қоғамның жарғысында белгiленiп, алдын ала айқындалып кепiлдiк берiлген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне басым құқығы бар.
      Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентiнен аспауға тиiс.

      3. Осы баптың 4-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейдi.

      4. Егер:

      1) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмi бойынша артықшылықты акцияларды иеленушi акционердiң құқығын шектеуi мүмкiн мәселенi қараса. Шектеу қою үшiн орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешiм қабылданды деп есептеледi;

      2) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселенi қараса;

      3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап үш ай iшiнде толық мөлшерiнде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бередi.

      4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердiң - артықшылықты акциялардың меншiк иесiнiң қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесiлi артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.

      5. Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешiмi) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бiр "алтын акцияны" енгiзуi мүмкiн. "Алтын акция" иесiнiң акционерлердiң жалпы жиналысының, директорлар кеңесi мен атқарушы органның шешiмдерiне қоғам жарғысында белгiленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берiлмеуге тиiс.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  2009.02.13. N 135-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      14-бап. Қоғам акционерлерiнiң құқықтары

      1. Қоғам акционерi:
      1) осы Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
      2) дивидендтер алуға;
      3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
      4) қоғамның тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;
      5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;
      6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;
      7) қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтiрiлген залалдарды қоғамға өтеуi және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының iрi мәмiлелер және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешiм қабылдау нәтижесiнде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгiнуге;
      8) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;
      9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.

      2. Iрi акционердiң, сондай-ақ:

      1) акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесi акционерлердiң жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге;

      2) директорлар кеңесiне осы Заңға сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiне қосымша мәселелер енгiзудi ұсынуға;

      3) директорлар кеңесiнiң отырысын шақыруды талап етуге;

      4) өз есебiнен аудиторлық ұйымның қоғам аудитiн жүргiзуiн талап етуге құқығы бар.

      3. Акционерлердiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген құқықтарын шектеуге жол берiлмейдi.
      Қоғамның жарғысында акционерлердiң өзге де құқықтары көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.08.07 N 321, 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      15-бап. Қоғам акционерлерiнiң мiндеттерi

      1. Қоғамның акционерi:

      1) акцияларды төлеуге;

      2) осы акционерге тиесiлi акцияларды қоғамның тiркеушiсiне және нақтылы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзуге қажеттi мәлiметтердiң өзгерiсi туралы он күн iшiнде хабарлауға;

      3) қоғам немесе оның қызметi туралы қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;

      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

      2. Акционердiң осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген талаптарды орындамауының салдары үшiн қоғам мен қоғамның тiркеушiсi жауапты болмайды.


      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет