Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында Темірші селолық округінің әкімі Қ. Мұхтардың атқарылған жұмыстар мен алда тұрғанміндеттер туралы есебі


Қайнарбұлақ селолық округінің әкімі М.Есенғабыловтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі



бет5/7
Дата16.06.2016
өлшемі467 Kb.
#138379
1   2   3   4   5   6   7

Қайнарбұлақ селолық округінің әкімі М.Есенғабыловтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталды.Елбасы осыдан 15 жыл бұрын белгілеп берген 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму бағдарламасы мерзімінен көп жыл бұрын табысты орындалды деуге толық негіз бар.Олай болатын болса, Елбасының өз сөзімен айтқанда біздің әр қайсымыз «2030 Стратегиясы» іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Бұл - біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нәтижесі екендігі сөзсіз.Президент Н.Назарбаев «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру.Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», дей келе, еліміздің 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берді. Атап айтар болсақ, биылғы жолдауда жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек делінді. Сөйтіп, Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.

Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз деп атап көрсетті.

Рамазан Сағымбеков атындағы № 18 орта мектеп 2013 – 2014 оқу жылын 201 оқушымен бастады. Педагогикалық ұжым мүшелері – 36. Техникалық персонал – 29 адам.

«Қарқаралы» сауықтыру лагеріне 7 оқушы демалып қайтты. Мектеп жанындағы сауықтыру алаңында 20 оқушы дем алды.

Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері атағын мектебіміздің физика пәні мұғалімі Асанова Күлайым Тәңірбергенқызы иеленді.

Мектеп ағымдағы жөндеуден толық өткізілді.Аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі тарапынан мектептің сырлауына, ақталуына қажетті краска, әк алынды.Оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып «Аппаз» шаруа қожалығының демеушілігімен 15 оқушыға қажетті оқу құралдар алынып берілді.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына 3 ұстаз біліктіліктерін жетілдіру курсында оқып жатыр.

Мектеп қысқы маусымға дайындалуда.Бүгінгі күнде 639 тонна көмір түсірілді, қосымша 10 тонна түсірілуі керек.

Мектепте биылғы жылы интернет жүйесі қосылып жұмыс істеп тұр.

«Жамбыл» дәрігерлік амбулаториясында 11 адам жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп халықтың алғысын алып жүрген ұжым. Қыстақтарды, Саз, Жалпақшілік, Милыбұлақ елді мекендерін аралап дәрігерлік көмек көрсетіледі.Жедел жәрдем автомашинасы жүріп тұр.Ана мен баланың денсаулықтарын дәрігерлер үнемі қадағалап отырады. Әкімшілік тарапынан да үнемі қадағалаудамыз.

Бүгінгі күнге «Дама» спутниктік антенна қойылып телефон байланысы жақсарды. Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз елді мекендерінде және қыстақтарда да сымсыз телефон байланысы істеп тұр.

Ауылдық кітапханаға модельді кітапхана мәртебесі беріліп, халыққа қызмет көрсетуде.

Селолық округте және елді мекендерде электр жарығы бар.

«Аппаз-Нүркен» тас жолының жұмысы толығымен аяқталуға жақын. Орталық көшені «Тазалық» мекемесі жөндеп кетті.

«Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ауыл тұрғындары жылда қатысып, өз өнімдерін апарып сатып тұрады

Әр мереке ауылымызда атаусыз қалмайды.Ауыл тұрғындары, жұмыскерлер, мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерт қойылып, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады.

Мамыр-қыркүйек айларында 37 ОТАU TV телеарнасы арзандатылған бағамен орнатылды.

Интернетке 10 үйден Қазақтелеком қызметкерлері өтініштерін алып кетті.Осыған жұмыс жасалып, әрі қарай өз мәнінде жұмыс істесе тағы да өтініштер қабылданады.

Биылғы жылдың 9 айында Қайнарбұлақ селолық округі бойынша төмендегі мал дәрігерлік жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда: Мәлік ауруына қарсы 4700 бас, топалаң ауруына қарсы 15019 бас, қой-ешкі жамандат ауруына қарсы 1411 бас, қарасан ауруына қарсы 3702 бас егілді. Маңқа ауруына қарсы 1310 бас жылқы малы, туберкулезге 4914 бас ірі қара малы, бруцеллезге 3958 бас ірі қара малынан, қой малынан 14263 бастан қан алынып тексерілді.Ірі қара малынан 73 бас оң нәтиже берді. Оң нәтиже берген малдар Жалпақшілік, Милыбұлақ, Саз ауылдарынан. Бұл малдар яғни оң нәтиже берген малдар толығымен қайта өңдеу цехына тапсырылды. Биылғы жылы 7200 бас қой-ешкі 1500 ірі қара малдары сырғаланды, 560 жылқы малы таңбаланды.Сырғаның жоқ болуына байланысты ірі қара малы толығымен сырғаланбай отыр.Кейбір ауыл тұрғындары малдарын сырғалатпай, ақшасын уақытында төлемейді.

Биылғы 2013 жылы Қайнарбұлақ селолық округі бойынша 6550 га жерге бидай, 400 га жерге арпа себілді.

Биылғы жылы ауылды күл-қоқыстан тазартуға Қарқаралы қаласынан жеке меншік мекеме келіп жалданып, күніне 15 рейстен 75 рейс, яғни 1500 тонна күл-қоқыс шығарды.

Жұмыспен қамту 2020 - бағдарламасы бойынша ауылдан 1 азаматша 700 000 теңге несие алды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы 7 200 000 теңге несие алды.Ол 2 ақбас асыл тұқымды бұқа, 30 бас сиыр алды.

Қорыта айтқанда Қайнарбұлақ селолық округінің әкімшілігі қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып Елбасының жыл сайынғы жолдауында берілген тапсырмаларды үкіметтің қаулыларымен облыстық, аудандық бағдарламаларда көрсетілген селолық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы тапсырмаларды орындаймыз.



Тегісшілдік селолық округінің әкімі Ж.Гимадиевтің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» -Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген міндеттерді орындауда селолық округі әкімінің аппараты облыс және ауданымызда атқарылып жатқан ауқымды іс шараларға өз үлесін қосуда.

Бүгінгі таңда округтегі 3 елді мекенде Тегісшілдік ауылында 859, Жарлы ауылында 285, Қарынши ауылында 155 барлығы 1299 адам тұрады. Бұл елді мекендерде 2 орта мектеп, 2 ФАП, 1 мәдениет үйі, 2 пошта , 1 отбасылық амбулатория , 4 каналды телеқондырғы мен оптикалы талшықты желіде телеком жұмыс жасайды. Мектеп компьютерлері интернетке қосылған. Ауыл халқының 20 % үйлеріне ОТАУ ТВ орнатылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мұқатайұлы Мақсұтов жыл басындағы елді мекендердегі есепті кездесу кезіндегі ауыл халқының ұсыныс тілектеріне орай ауыл іші мен Жарлы-Көктас аралығындағы жолдар орташа, Қарынши ауылы мен Шұңқырқұдық қыстағына өтетін көпірлер ағымдағы жөндеулерден өтті. Елде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру барысында Тегісшілдік селолық округінің 2013-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспары жасалды.

Бірқатар шаруа қожалықтары « Қарынши» ш/қ –да 3 дана Енисей комбайны, 4 дана –МТЗ 82-1 тракторы, 1 дана МТЗ 150 тракторы, «Шоқпартас» шаруа қожалығында 1 дана МТЗ 82, «Тасқотан» шаруа қожалығында Ресей Федерациясынан 200 бас асыл тұқымды ешкі малын алуға жұмыс жасауда. Сыбаға бағдарламасымен асыл тұқымды бұқа алған «Қарынши» шаруа қожалығында-4 бас, Жартас» ш/қ -4 бас, «Арай» ш/қ -1 бас , «Әлкен» ш/қ-1 бас шаруашылықтар ірі қара малдарын асылдандыруда. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының малдарын асылдандыруға жұмыстар жасалып жатыр.

2012 жылы тіркелген шағын бизнес субъектілері 67 болса биылғы жылы оның саны 71-ге жетті. Мал азығын дайындауда 7320 тонна шөп шабу жоспарланған, ал шабылған шөп 8630 тонна болып жоспар 117,9 % -ға орындалды.

Оқушыларға сапалы білім салалы тәрбие беруде. №6 орта мектеп пен №9 орта мектеп ұжымының атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. 2013 оқу жылы ҰБТ бойынша, №6 орта мектеп орташа балл-78,4, №9 орта мектеп-81,8 балл көрсетіп ауданның, облыстың, Республиканың орта балдарынан жоғары болды. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мұхтаров Қанат өз қаражатымен балаларға арналған шағын спорт кешенін салғызып, бүгінгі күні осы спорт кешенін мектептің балансына беруге ұсыныс берсе, еңбек пәнінің мұғалімі Сапаров Біржанның басшылығының арқасында мектеп ұжымы мен ауыл халқының демеушілігімен ауылымыздың мешіті күрделі жөндеуден өтіп халыққа қысы-жазы қызмет етуде.

Биылғы жылы өңірлік бюджетке бөлінген оның ішінде поселкалық жол жөндеуге берілген 1141000 тенге, мектепті шатырлауға берілген 2700000 мың тенге толық игерілді.

Алдымызда әлі де атқарылатын жұмыстар көп. Атап айтқанда шағын және орта бизнесті қолдай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Малы жоқ отбасыларға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несиеге ұсынып, мал алып беру жағын ұйымдастыру. Қоғамдық жұмысқа тарту арқылы жұмыссыздар санын азайтып оларды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету. Тоқтар ауылындағы мәдениет үйін келесі жылға күрделі жөндеу қажет, сонымен қатар музыкалық аппаратура қажеттілігі туындауда. Тегісшілдік селолық округіне қарасты Қарынши елді мекеніндегі көпірді күрделі жөндеуге 2014 жылға қаражат сұралады. 2014 жылға Тегісшілдік-Көктас асфальт жолын күрделі жөндеуге қаражат сұралады. Тегісшілдік ауылындағы көшелерді жарықтандыруға, ауыл екі өзеннің ортасында орналасуына байланысты екі көпірді жөндеуге, Матақ-Көктас елді мекендері сияқты көше бойын абаттандыруға бетоннан құйылған шарбақтарды орнатуға және ауыл спортын дамытуға жастардың үлес қосуына байланысты волейбол, футбол спорт алаңдарының төсенішін салуға, мектеп жасына дейінгі балалар алаңдарын салуға 2014 жылға қаражат бөлінуі сұралады. №6 орта мектептің барлық терезелері әбден ескірген, сондықтан 2014 жылға барлық терезелерді ауыстыруға қаражат бөлінсе. Қарынши ауылына 1 калонкалы таза су құбырын тартып беру сұралуда. Жарлы ауылындағы №9 орта мепктептіңбарлықтерезелері ескірген ауыстыру керек.

Бағдарламаның басты мақсаты ауылдағы кедейшілікті азайту, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында селолық округ бойынша жүзеге асыруға жұмыс жасау.



Ынталы селолық округінің әкімі А.Садвакасовтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Үстіміздегі жылғы тамыз айының 15 – жұлдызында ҚР Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығы шыққан болатын. Міне, осы Жарлыққа сәйкес бұрын әкімдер жылына бір рет халық алдында есеп беріп келсе, бұдан былай әрбір тоқсан сайын жылына төрт рет есеп беретін болады. Міне, бүгінгі есеп беру, кездесу жиналысы солардың алғашқысы. Сондықтандағы есепті кездесуге белсене қатысып, келіп тұруларыңызды сұраймыз. Ол үшін тұрғындар ауыл өміріне белсене араласып, тек қана бақылаушы болып қана қоймай шешімін таппай жүрген қайсыбір мәселелер бойынша өздеріңіздің ұсыныс – пікірлеріңізді айтып, ауылымыздың гүлденуіне, өркендеуіне өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймыз. Мен енді, ауыл әкімі ретінде өткен тоғыз ай ішінде атқарылған жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге тоқталып өтейін:

Алдымен жыл басында аудан әкімі Х.М. Мақсұтов мырзаның қатысумен өткен есепті кездесудегі бізге берілген тапсырмалардың орындалысын хабарлаймын:

1. Ауылдағы Клуб үйінің жөндеу жұмыстарын толық аяқтап шығу үшін қосымша қаражат сұрау қажеттілігі айтылған болатын. Міне осы тапсырма бойынша аудан әкімінің көмегі нәтижесінде бюджеттен 6 млн. тенге қаражат бөлініп, өткен жылы аяқталмай қалған жөндеу жұмыстары (үлкен зал, кіші зал, кіре беріс дәліз) бүгінгі күні аяқталуға жақын. Ал жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқандығын өздеріңіз күнделікті көріп жүрсіздер.

2. Елді – мекенді жарықтандыру. Бұл тапсырма бүгінгі күні толық шешімін тапты. Ауылымызда 30 жерде электр шамы жанып тұр.

Ел үкіметінің өңірлерді дамыту, халықтың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалары біртіндеп жүзеге асырылуда. Оған дәлел ауылымыздағы А.Т. Елюбаев басқаратын «Ынта» шаруа қожалығы бүгінгі күні облысқа танымал асыл тұқымды мал өсіретін репродуктивті шаруашылыққа айналды деуге болады. Шаруашылық басшысының бұрынғы жұмысын айтпағанда үстіміздегі жылы алыс шет елден асыл тұқымды мал сатып әкелу мақсатында Құрама штаттардың Пенсельвания штатына барып, «Ангус» тұқымды 100 бас тайынша мен 5 бас аталық бұқасын алуға келісім шарт жасасып келгендігі үлкен жұмыстың басы. Бұл мал осы қазан айының аяғына қарай шаруа қожалығына дейін жеткізіліп берілетін болып шешілді. Бұл жоба облыстық индустриалды – инновациялық картаға кірген. Осы жобаның іске асуына қаржылай көмек көрсетіп жатқан «КазАгроФинанс» және бизнестің «Жол картасы - 2020» бағдарламасы. Үстіміздегі жылы осы бағдарлама негізінде Ынталы ауылының орталығынан «Қараоба» қыстағына дейін ұзындығы 12,5 шақырым электр желісі тартылды. Шаруа қожалығының өз күшімен қыстауда жаңа мал қорасы, екі қабатты коттедж салынып жатыр. Өткен жазда облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Айтуғанов осы шаруа қожалығының тыныс – тіршілігімен танысуға келгенде салынып жатқан коттедждің ірге тасының бірінші кірпішін қойып кеткен болатын.

Ауылымызда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жылдан – жылға кең өріс алып келеді. Оған дәлел үстіміздегі жылдың басынан бері 2 адам өз жұмыс орынын ашу үшін несие алса, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 6 адам (Клубта – 3 адам, Жарықтандыруда – 1 адам, 2 адам ақылы қоғамдық жұмыста) болды. Шағын несие алған 2 адам мал сатып алды. Жаңадан бір монша ашылды. Алдағы уақытта осындай шағын кәсіпкерліктің санын көбейте беретін боламыз. Осы орайда айта кететін бір мәселе өткен жазда облыс әкімі Б.Т. Әбдішев елді – мекендерді аралау кезінде біздің ауылымызға да соғып, Клуб үйінің алдында халықпен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындарының жағдайымен танысып, Клуб үйіне кіріп, жөндеу жұмыстарының барысын көрген болатын. Сол кездесуде осы жұмыстардың барлығы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқандығы сөз болды, сонымен бірге ауыл жастарын жұмыспен толық қамтуды одан әрі жалғастыруды ерекше тапсырған болатын.

Өздеріңізге белгілі қазіргі уақытта еліміз бойынша сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл орайда ауыл әкімшілігі аудандық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, жергілікті жердегі полиция өкілі арқылы елді – мекенімізде қоғамдық тәртіптің сақталысын барынша қамтамасыз етіп келеді. Есепті мерзім ішінде ауыл тұрғындарының тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзып, ішімдік ішіп, елдің шырқын бұзған фактілер болған жоқ. Болған күнде де біздің негізгі ұстанымымыз ондай фактілерді жергілікті жерде, қоғамдық ұйымдарда медиация өкілдерін қатыстыра отырып (ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі) талқылап, тиісті шара көруге бағытталған. Сыбайлас жемқорлық бетін аулақ қылсын, біздің шағын ауылымызда кездеспейді деген сенімдеміз, десек тағы, бұл тақырыпқа мемлекеттік мекемелерде, мәдени мекемелерде олардың басшыларымен арнайы әңгімелер өткізіліп тұрады. Осылай десек тағы ауылымызда өткен тоғыз айда мал ұрлығы болмағанымен өткен жылдары мал жоғалу фактілері орын алды. Мал иелері ірі қара малды бақпайды. Олардың жоғалмауына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазіргі уақытта ірі қара атаулы өрісте иесіз жайылуда. Бұл тұрғыда әкімшілік пен жергілікті полиция өкілі тарапынан әлденеше рет ұйымдастыру жұмыстары жүргізілседағы халық құлақ аспай келеді. Жылқышылар бригадасы жаңартылып, кілең жас жігіттер тартылды.

Күнтізбекте қазан айы туды. Бұл дегеніңіз күзгі жиын терін жұмыстарының қызған кезі. Ауыл тұрғындары алдағы қысқа тиянақты дайындалу үстінде. Қажетті мал азығы толық дайындалып, қазір тасымалдануда. Ауылымыздағы егін себетін екі шаруа қожалығы («Ынта» А. Елюбаев, «Жастілек» Н. Отарбаев) 2000 га алқапқа бітік егін өсіріп, оның әр гектарынан 10 цн көлемінде астық жинауда. Мал азығының берік қоры жасалынды. Осы екі шаруа қожалығының басшылары ауыл тұрғындарына қабы – 1000 теңгеден арпа сатты. Оның ішінде 10 адамға қарттар күніне байланысты әр қайсысына 300 кг тегін мал жемін таратты. Қолдары қысқа қарт адамдардың шөбін жеткізіп берді. Өткен қыс айларында халыққа арзандатылған бағамен ұн, малдарына кебек жеткізілді. №5 разъезд бен Ынталы аралығындағы жол қардан тазартылып тұрды. Ауылдағы мәдени мекемелердің қысқа дайындығы күнделікті бақылауда. Орта мектепке 300 тонна көмір жеткізілді. Дәрігерлік амбулатория, клуб пен кітапхана қысқы отынмен қамтамасыз етілді. Тек әкімшілік кеңсесі белгісіз себептермен әлі көмір алған жоқ.

Үстіміздегі жылы селолық округ әкімшілігіне қаралған бюджет 17 млн. 411 мың теңге болып бекіген болатын. Осы қаржы көлемі әр сала бойынша белгіленген сомада толық игеріліп келеді.

Өңірді дамыту барысында күн тәртібінен түспейтін үнемі назарда болатын мынадай мәселелер бар, олар:

1. Ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сөйтіп ауылдағы жастар арасында жұмыссыздықты барынша азайту. Қаладағы жастарды ауылға қайтарудың жолын қарастыру. Ол үшін басты тетік «жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру. Осы бағдарлама аясында шағын несиелер алып, жаңадан жұмыс орындарын ашу. Атап айтқанда: құс өсіру, ұсақ мал ешкі өсіру, дүкендер санын көбейту т.б. қызмет түрлерін ашу.

2. Ауыл ішілік жолдарды тегістеу, қиыршық тас төсеу. Мүмкіндік болса асфальттау.

3. Жаңа инвестициялық жоба: Мал азығын дайындайтын комплекс құру. Бұл жұмысқа қызығушылық білдіріп жүрген азаматтар бар.

4. Ауылдағы №3 орта мектептің оқу тәрбие жұмыстарының деңгейін жаңа заман талаптарына жауап беретіндей жоғары дәрежеге көтеруге жұмыс жасау. Ол үшін мұғалімдер ұжымын білікті, білімді, тәжірибелі мамандармен толықтырып, басшылық тарапынан қоятын талапты күшейту. Сырттай бітірген мұғалімдерге біліктілігін арттыру мақсатында қатаң талаптар қою. Мектептің материалдық базасын жақсартуға қолдау көрсету.

Қарқаралы қаласының әкімі Н.Батырбековтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өздеріңізге белгілі Қарқаралы қаласында бүгінгі күні 9 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Осы халықтың 6984 қоғамның экономикалық белсенді мүшелері. Қаламызда 1503 оқушы, 965 мектеп жасына дейінгі балалар, 783 зейнеткер, 455 мүгедек, 571 арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар, 94 асыраушыларынан айырылған адамдар бар.

Қарқаралы қаласында қазіргі уақытта 3 орта мектеп, бір мектеп жанындағы интернат, екі балабақша, ауылшаруашылық және көпсалалы колледждер, саз мектебі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, спорт мектебі жұмыс жасауда. Сонымен, қоса аудандық аурухана, мүгедектер интернат үйі, аудандық мәдениет үйі, балалар мен ересектер кітапханалары, аудандық пошта және телекоммуникациялар кәсіпорындары, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық бюджеттік мекемелер орналасқан.

Қарқаралы қаласында мемлекеттік ұлттық табиғат паркі, жол жөндеу және автобекет мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Қала әкімі аппаратының жұмыстарының бір бөлігі – қаланы абаттандыру, көгалдандыру және жұмыссыздықты азайтуға бағытталады.

Бүгінгі күні қала бойынша аз қамтылғандар есебінде 17 отбасы, 71 адам тіркеуде тұр. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру бойынша 0,4 пайызға азайды.

Тұрмыстық деңгейі төмен отбасыларының жағдайы қала әкімі аппаратының күнделікті бақылауындағы жұмыс. Бұл отбасыларына мемлекет тарапынан белгіленген атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жұмысы арнайы учаскелік комиссия арқылы олардың материалдық жағдайын тексеру бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі күнде, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта қала басындағы 24 отбасындағы 90 адамға 1 млн. 891,1 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді және 75 отбасындағы 189 балаға 1 млн. 648,1 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленді.

Осындай жоспарлы шаралар жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында да атқарылуда. Қарқаралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қала бойынша 2013 жыл басынан бері жұмыс іздеп 384 адам тіркелсе, оның ішіндегі 287 адам маусымдық және тұрақты жұмыстармен қамтылды.

Жыл ішінде қала бойынша 146 адам ақылы қоғамдық жұмыспен, 9 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылып, 22 адам кәсіби мамандықтарға (көлік жүргізу) оқытылса, 3 адамға өз ісін ашу үшін материалдық көмек көрсетілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 7 адам кәсіби мамандықтарға оқытылса, 27 адамға өз ісін ашуға, кеңейтуге несие берілді.

«2012-2020 жылдарға арналған шағын қалалардың жоспарлы түрде даму іс-шаралары жөнінде» 2012 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен №683 Қаулысы бойынша, Қарқаралы қаласының 2013-2015 жылдарға арналған «Кешенді даму» жоспары шеңберінде жұмыстар атқарылып келеді.

Қаланы абаттандыру, көркейту, сәулеттендіру мақсатында «Сарыарқа ұшқыштары» мемориалы мен «Қараала» көпір аумағын абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен екі жылға барлығы 65 млн. 203 мың 430 теңге қаражат қаралып (2013 жылға – 30 млн. теңге, 2014 жылға 35 млн. 230 мың 430 теңге), 2013 жылға жоспарлаған жұмыстары атқарылып жатыр.

Биылғы жылы қаланың ішіндегі көшелердің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: қаламыздың көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, Ермеков, В.Рей, 78 Коммунарлар (жартылай), Ермеков көшесінен Байтұрсынов көшесіне (Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен жаяу жүретін көпірге) дейін, Құнанбай қажы, Қосыбаев көшелерінің аяқталмай қалған жерлеріне орташа жөндеу жұмыстары жұргізіліп жатыр.

Былтырғы қала әкімінің есеп беру кездесуінде халықтан қаланың көшелерін жарықтандыру мәселесі көп көтерілген болатын, осыны ескере келе, биылғы жылы қаламыздың көшелерін жарықтандыру жұмыстарына барлығы аудандық бюджеттен 10 млн. 500 мың теңге қаралған. Бұның ішінде, көше жарығының жылдық төлемақысына 5 млн. 500 теңге қаралған. Жыл бойы көшедегі жарық бағаналары мен жарық шамдарын күтіп ұстауға, қызмет көрсету жұмыстарына 1 млн. теңге қаралып отыр. Қалған 4 млн. теңге қаражатқа Абай көшесіне 20 дана жарық бағаналарын орнату және 78 Коммунарлар көшесінің бойындағы жарық бағаналарына 16 дана жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді. Кешкілік уақытта жарық шамдары жанып тұр.

Қаланы сәулеттендіру, көркейту жұмыстарына аудандық бюджеттен баннерлер жасауға 500 мың теңге, қаланы мерекелік безендіруге 1 млн. теңге қаражат қаралды. Бүгінгі күнге дейін бұл баннерлер жасалып, ілініп, мерекелерде пайдаланылды. Оның ішінде көбісі мерекелер сипаттарына қарай ауыстырмалы.

Қалалық ҚТҚ төгетін орынға – 7 га (полигон) қызмет көрсетуге аудандық бюджеттен 2,5 млн. теңге қаражат қаралды. «Қарқаралы-Тазалық» ЖШС-і полигонды қоршап, жоспарланған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Тағы да, бір айта кететін мәселе, былтырғы халыққа есеп беру кездесудегі көтерілген мәселе, ол қала ішіндегі ретсіз төгілген иесіз қоқыстарды шығару, биылғы жылы осы жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен - 2 млн. теңге қаражат қаралды. «Қарқаралы-Тазалық» ЖШС-і қала ішіндегі ретсіз төгілген иесіз қоқыстарды (2300 м3) шығарды.

Қаланы көгалдандыру жұмыстарына оның ішінде, гүл шоқтарын отырғызуға аудандық бюджеттен 350 мың теңге қаражат қаралды. Гүл шоқтары қаланың орталығындағы белгіленген жерлерге Аудандық әкімшілік алдына, Байтерек, «Мәди Бәпиұлы» ескерткішіне, «Құнанбай Қажы» мешітінің алдына отырғызылды.

Дегенмен, ағашымызды отырғызамыз, гүл егеміз, ал осының бәрін қорғау, сақтау жұмысы бізде әлі нашар.

Қаладағы жалпы тазалық жұмыстары тұрғындармен, мекемелер маңайларын өздері тазартып отыру арқылы және мекеме-кәсіпорын ұжымдарының жалпы бүкілқалалық сенбіліктермен, сенбілік айлықтары, таза бейсенбі күндері атқарылатын шаралар арқылы жүзеге асырылып келеді.

Қаланың қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарына тоқталатын болсам, 2012-2013 жылдар аралығындағы қысқы жылу маусымында қалалық электр жүйесінде болған көптеген авариялық жағдайларды ескере келе, биылғы жылы сұйық жанар-жағар маймен жұмыс істейтін 3 дана стационарлы, 1 дана қозғалмалы электростанция алуға аудандық бюджеттен 10 млн. теңге қаражат қаралды, электростанциялар жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Коммуналдық сала бойынша қала басындағы 4 ірі қазандықтардың жөндеу жұмыстарына бюджеттен 3 млн. 100 мың теңге қаражат қаралып, қысқа дайындық жөндеу жұмыстары уақытында жүргізілді, қажетті насостар, қондырғылар алып, орнатылды.

2012-2013 жылдар аралығындағы қысқы жылу маусымында Жанибеков көшесі, №38/1 мекен жайдағы №3 жылу қазандығына қосылған көпқабатты тұрғын үйлердің жылу температурасының төмен болуына байланысты көптеген наразылықтар туындап, 2013 жылы №3 жылу қазандығына жаңадан екі пештер сатып алып орнатуға аудандық бюджеттен 11 млн. 900 мың теңге бөлініп, пештерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін жұмыстарды аяқтап, іске қосылады.

Қала басындағы отын қоймасына бюджеттік мекемелерге бөлінген 6511 тонна көмір түсірілді, оның ішінде 2165 тонна «Шұбаркөл көмірі», 4346 тонна «Борлы көмірі». Отын қоймасынан көмір қазандықтарға белгіленген кестеге сәйкес тасылады.

Бүгінгі күні, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін 4 су скважинасы мен 40 су колонкалары жұмыс істеп тұр.

Дегенмен, қаланың ең үлкен проблемасының бірі ауыз су мәселесі. Қалаға су беретін екі насос станциясындағы су көлемі тапшы. Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Бұған қоса су жүйесінің бұрыңғы тармағы әбден ескіріп, шіріп, тозып тұр, жаңалауды қажет етеді.
Қаланы толығымен ауызсумен қамтамассыз ету мәселесін шешуге, бүгінгі күні «Жарлы Қарқаралы» топтық ауызсу жүйесінің жобалық сметалық құжаттары әзірленді, мемлекеттік сараптамадан өткізілді, сметалық құны – 1 млрд. 508 млн. 987 мың теңге қаражатты құрайды.

Қала басында жыл сайын шағын және орта бизнес те, жақсы дамып келеді. Бүгінгі күні қалада 100 ден астам бизнес өкілдері жұмыс жасауда: оның ішінде 70 шақты дүкендер, 4 наубайхана, 2 орталық монша, 5 шаштараз халыққа қызмет көрсетеді.

«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласы әкімі аппараты» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мекемеде 32-3-64 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді. Аппарат қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңына сәйкес құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жыл басынан 9 ай ішінде қала әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан әр-түрлі мәселелерге байланысты 327 өтініштер түсті. Белгіленген тәртіп бойынша өтініш иелеріне уақытында тиісті жауаптар берілді.

Бүгінгі күні қала басында қылмысты азайту жұмыстарымен АІІБ-нің қызметкерлері күнделікті шұғылданып, қоғамдық тәртіпті сақтауын қамтамасыз етеді.

Өздеріңіз көріп отырғандай біраз атқарылған жұмыстар бар. Өткен жылғы осындай жиындарда халықтың айтылған ұсыныс-пікірлері, сауалдары, қойылған сұрақтары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы да атқарылатын жұмыстарда ауқымды. Қысқаша таныстырып өтсем:

Қарқаралы қаласының 2013-2015 жылдарға арналған «Кешенді даму» жоспары шеңберінде 2014 жылы қаламыздың бірнеше көшесіндегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Екі көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарымызда. Бірнеше көшелер жарықтандырылады.

Қаламызды көркейту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен бірге халық болып жұмылып шешетін мәселелер да баршылық. 2014 жылы қаламыздың 190 жылдық мерей тойы тойланады. Осыған орай, әр қала тұрғыны қаламызды көркейту, абаттандыру мақсатында үйлерінің маңайларын реттеп, жиналған қоқыстарын шығару, қираған аула шарбақтарын ретке келтіру жұмыстарын бүгінгі күннен бастау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет