тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарды орналастыру
44. Жаңа базаларды, бөлу тоңазытқыштарын және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және Азаматтық қорғаныс бойынша санаттағы ұйымдардың халқын ағымдағы жарақтандыру тауарларын сақтауға арналған басқа да қоймаларды салу бұл тауарлардың қорларын сақтауға арналған қойма сыйымдылықтарындағы қажеттiлiктерден аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын азық-түлiкпен ағымдағы жарақтандыруға арналған базистiк азық-түлiк қоймалары осы қалалардың маңында орналастырылады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын азық-түлiктiң негiзгi түрлерiмен жарақтандыратын азық-түлiк қоймаларын бiр жерге шоғырландыруға жол берiлмейдi.
45. Азық-түлiк қоймалары, бөлу тоңазытқыштары және республикалық және облыстық маңызы бар керек-жарақ заттар қоймалары, сондай-ақ 44-тармақта көрсетiлген Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың халқын жарақтандыруға арналған тауарлар сақтауыштары қатты қирауы мүмкiн аймақтардан және апатты су басуы мүмкiн аймақтардан тыс жерлерде орналасады.
46. Жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан және салу белгiленiп отырған iрi су қоймаларының апатты су басуы мүмкiн аймақтарында жаңа қалалық және ауылдық елдi мекендердi, сондай-ақ маңызды шаруашылық немесе қорғаныс объектiлерiн салуға жол берiлмейдi. Мұндай құрылыстарды тиiстi қорғаныс iс-шараларын жүргiзе отырып, тек ерекше жағдайларда ғана салуға рұқсат берiледi.
Қалаларда апатты су басуы мүмкiн аймақтарда жаңа тұрғын аудандар салуға жол берiлмейдi.
47. Сауыға бастағандарды аяғынан тұрғызып емдеу ауруханалары, қатерлi iсiк, туберкулез және жүйке ауруханалары, сондай-ақ пансионаттар (қарттарға арналған пансионаттар мен жұмысшылар мен қызметкерлерге арналған профилакторийлерден басқа), демалыс үйлерi мен базалары, санаторийлер, туристiк базалар, жетiмдер үйлерi, жыл бойы және қысқа уақытта жұмыс iстейтiн мектеп жанында ұйымдастырылған, спорттық және жастар лагерлерi, өнеркәсiптiк ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтiк бау-бақша өсiру серiктестiктерi қауiпсiз аймаққа орналасады.
Соғыс кезiнде құрылатын емдеу мекемелерi де қауiпсiз аймаққа орналастырылады, соларға арналып бейiмделген, жыл бойы жұмыс iстейтiн, жалпы алаңы кемiнде 2000 шаршы метрлiк (бұдан әрi - м 2 ) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда (жалпы бiлiм беретiн мектептер, кәсiптiк мектептер, колледждер, мектеп-интернаттар, санаторийлер, демалыс үйлерi, мектеп лагерлерi, жұмысшылар мен қызметкерлердiң демалыс базалары, әкiмшiлiк ғимараттар, мәдениет сарайлары мен клубтары) орналасады.
Көшiрiлген халықты қала сыртындағы аймаққа орналастыру кезiнде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалпы ауданның 2,5 м 2 бiр адамға есептелiп жүзеге асырылады.
48. Жер асты тау-кен қазбаларында, оның iшiнде берiлген өлшемдер бойынша өткен қазбаларда техникалық мүмкiндiк пен экономикалық тұрақтылық болған кезде қорғаныс және шаруашылық маңызы бар объектiлер мен өндiрiстер, мемлекеттiк материалдық және азық-түлiк резервтерiнiң базалары, бөлу тоңазытқыштары, сұйық отын және басқа да стратегиялық материалдар мен шикiзаттардың қоймалары орналасады.
49. Ұйымдарды жер асты тау-кен қазбаларында орналастыру және оларды жобалау тиiстi құрылыс салу нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қалалардың құрылысын жоспарлау және салу
50. Облыстардың қоныстандыру жүйесiнiң шағын және орташа қалалардың базасында дамып отырған ауданаралық және аудандық қоныстану мекендеу жүйелерiнiң орталықтары - Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалардың Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың жобалық құрылысының шекарасынан осы Ереженiң 33-тармағында көрсетiлген қашықтықта орналастырылуы керек, ал осы орталықтар халқының ең көп саны және олардың жобалық құрылысының ең төменгi орташа қашықтығы осы ИТШ нұсқаулығының 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
51. Қалаларды және ауданаралық қоныстану жүйесiн, оның iшiнде Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларды аумақтық дамытуды Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған басқа қалалар мен Азаматтық қорғаныс санаты бойынша ұйымдарды орналастыру бағытында жоспарланбайды.
52. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың бас жоспарларында халқының саны осы ИТШ нұсқаулығының 5-қосымшасына сәйкес айқындалатын қала iшiлiк жоспарланған және тұрғын үй аудандарын бөлу жүргiзiледi.
53. Қалалардың тұрғын үй аудандары мен шағын аудандарындағы халықтың барынша тығыздығы осы ИТШ нұсқаулығының 6-қосымшасында келтiрiлген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
54. Тау-кен жұмыстары жүргiзiлмеген және пайдалы қазбалары бар аудандарда орналасқан қалалардың ықшам аудандарындағы халықтың барынша тығыздығын: қалалардың шеткi аудандарында - 5 пайызға, орталық аудандарда - 10-пайызға арттыруға жол берiледi.
Сол аудандарда тау-кен жұмыстары жүргiзiлетiн аумақтардағы және ықшам аудандардағы халықтың тығыздығын 10-пайызға азайту керек.
55. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың бас жоспарларының жобасында, сондай-ақ егжей-тегжейлi жоспарының жобасында, ықшам аудан, квартал, қала құрылысы кешенiн немесе қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды салу жобасында (жұмысшы тобында), аталған қалада жаңадан салу жобаланатын, кеңейтiлетiн, қайта жөнделетiн және техникалық қайта жарақтандырылатын жұмыс iстеп тұрған өнеркәсiптiк, энергетикалық, көлiк және байланыс ұйымдарының жобаларында (жұмысшы жобаларында) "сары сызықтардың" - тұрақты жұмыс iстейтiн қалалық магистральдарды бойлай орналасқан тұрғын үй және қоғамдық құрылыстардың өнеркәсiптiк, коммуналдық-қойма ғимараттарының үйiндiлерi түсуi мүмкiн аймақтардың шекарасының жоспары берiледi.
"Сары сызық" шегiндегi жолдың үйiндi басып қалмайтын бөлiгiн 7 метрден кем алмауы керек.
56. "Сары сызықтан" құрылысқа дейiнгi аралық әр түрлi қабатты ғимараттардың үйiндiлерi түсуi мүмкiн аймақтарды ескере отырып, осы ИТШ нұсқаулығының 7-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Магистральды көшелердiң екi жағында орналасқан ғимараттар арасының қашықтығы олардың ықтимал құлауы мүмкiн аймағының және "сары сызық" шегiндегi жолдың құламайтын бөлiгiнiң көлденең жағының тең сомасында қабылданады.
57. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған бар қалаларды кеңейту және қайта жөндеу, жаңа қалаларды жоспарлау мен құрылысын салу кезiнде қаланың көгалдандырылған (саябақтар, бақтар, бульварлар) және құрылыс салынбаған жерлерiн (су айдындары, спорт алаңдары және т.б.) бiр жүйеге - қаланың қоныстанған аумағын енi кемiнде 100 метрлiк өрттiң өтуiне жол бермейтiн бос жермен - I, II, IIIа отқа төзгiштiк дәрежесiндегi ғимараттар мен құрылыстардың денi басым болса, 2,5 м 2 аспайтын көлемдегi, IIIа, Vа, V отқа төзгiштiк дәрежесiндегi ғимараттар мен құрылыстардың денi басым болса, 0,25 м 2 аспайтын көлемдегi учаскелерге бөлудi қамтамасыз ететiн бiр жүйеге байланыстырады.
Көгалдандырылған жерлер мен құрылыс салынбаған аумақтар жүйесi магистральды көшелер желiсiмен бiрге қаланың қираған бөлiгiнен (оның зақымдалған жағдайында) халықтың саябақтарға және қауiпсiз аймақ ормандарына еркiн шығуы қамтамасыз етiледi.
58. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың магистральды көшелерi көлiктiң тұрғын үй ауданынан және өнеркәсiптiк ауданнан қала сыртындағы жолдарға кем дегенде екi бағыт бойынша шығу мүмкiндiгiн ескерiп салынуы керек. Аталған магистральдар басқа магистральды автомобиль және темiр жолдармен түрлi деңгейде қиылысады.
Тиiстi негiздемелер болғанда қоғамдық көлiктiң, метрополитен станциясының аялдамалары, көлiк қатынасының қиылысуы, жер асты жаяу жүргiншi жолдары кiретiн көп деңгейлi аялдау-ауысып отыру тораптарының жүйесiн құруға рұқсат етiледi.
59. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың қалаiшiлiк көлiк желiсiн жобалау кезiнде тұрғын үй - өнеркәсiптiк аудандар арасында сенiмдi қатынасты, қала сыртына апаратын тұрақты iстеп тұрған магистральдарға еркiн жүрiп өтудi, сондай-ақ қала орталығының, қалалық тұрғын үй және өнеркәсiптiк аудандардың темiр жол және автобус вокзалдарымен, жүк станцияларымен, өзен және теңiз кемежайларымен, әуежайлармен неғұрлым қысқа әрi ыңғайлы байланысы қамтамасыз етiледi.
Көлiк желiсiн жобалау кезiнде жол қатынасының қала аумағы және жақын жатқан аудан бойынша қайталануын көздейдi.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда көшелер мен автомобиль жолдарының темiр жолдармен түрлi деңгейде қиылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарының өзара қиылысы жолдың абатталып өтетiн жерiнен кем дегенде 50 м қашықтықта бiр деңгейдегi қосалқы (қайталанған) қиылысы болуы керек.
60. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған бар қалаларды дамыту және жаңасының құрылысын салуды жоспарлау кезiнде жаңа сұрыптау темiр жол станцияларын және тораптарын күштi қираулар болуы мүмкiн аймақтардан және апатты су басуы мүмкiн аймақтардан тыс орналастырады.
Қала аумағына жолаушы және жүк станцияларын ғана салуға жол берiледi.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аудандарын қайта жаңғырту кезiнде бұрынғы сұрыптау темiр жол станцияларын және тораптарын күштi қираулар болуы мүмкiн аймақтардан және апатты су басуы мүмкiн аймақтардан тыс шығарып орналастыруды көздейдi.
61. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы қалалық көлiк түрлерiне, автобустарға, жүк және жеңiл автомобильдерге арналған көлiкжайлар, көше тазалау машиналарын өндiрiстiк жөндеу базалары, троллейбус деполары мен трамвай парктерi жинақы және қаланың шетiнде немесе жер асты бөлiгiнде орналастырылады.
62. Өрт сөндiру депосы ғимаратының көлiкжайы негiзгi өрт сөндiру машиналары (өрт сөндiру заттарын беретiн машина) резервiнiң 10 пайызын орналастыруды қамтамасыз етедi.
63. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда және жеке тұрған аса маңызды объектiлерде өрт сөндiру үшiн пайдалану мүмкiндiгiмен жасанды су айдындарының қондырғысын орналастыруды көздейдi.
Бұл су айдындарын, табиғи су айдындары мен оларға кiрме жолдарды ескере отырып, орналастырады. Су айдындарының жалпы сыйымдылығын қаланың (объектiнiң) 1 м 2 -не кем дегенде 3000 м 3 есебiнен алу қажет.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың аумағында өзендер мен су айдындарының жағалауларында 500 метрден кейiн жылдың кез келген уақытында кемiнде үш автомобильдiң бiр мезгiлде су алуын қамтамасыз ететiн өрт сөндiру машиналарының кiрме жолдарын көздейдi.
4-тарау. Ұйымдарда және инженерлiк жүйелерде Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары
1. Жалпы ережелер
64. Қирауы мүмкiн аймақтарға орналасатын өндiрiстiк ғимараттарды жобалау кезiнде жеңiл қоршау конструкцияларын қолданған жөн.
65. Пайдалану шарттарында рұқсат етiлген жағдайларда технологиялық жабдықтар ашық алаңдарда немесе шатыр астына орналастырылады.
66. Ұйымдардың өндiрiстiк, қойма және әкiмшiлiк-тұрмыстық ғимараттарының отқа төзгiштiк дәрежесi Азаматтық қорғаныс бойынша объектiлер санатына және олардың орналасу орнына қарай айқындалады:
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда орналасқан санатталған ұйымдарда және олардың орналасу орнына қарамастан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың өндiрiстiк, қойма ғимараттары және құрылыстарының отқа төзгiштiк дәрежесi I-ден төмен болмауы керек, ал Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың ғимараттары мен құрылыстары орналасқан орнына қарамастан отқа төзгiштiк дәрежесi IIIа-дан төмен болмайды.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда орналасқан санатталған ұйымдарда және олардың орналасу орнына қарамастан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санаттағы ұйымдардың әкiмшiлiк-тұрмыстық және қосалқы ғимараттарының отқа төзгiштiк дәрежесi IIIа-дан төмен болмайды, ал Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған ұйымдардың, олардың орналасқан орнына қарамастан отқа төзгiштiк дәрежесi IIIа, IIIб, IVа болуы мүмкiн. Бұл жағдайда отқа төзгiштiк дәрежесi IIIа-дан төмен ғимараттардың саны объектiдегi әкiмшiлiк-тұрмыстық және қосалқы ғимараттардың жалпы санының 50 пайызынан аспайды.
67. Тұтанғыш жылу ұстағыштарды қолдану отқа төзгiштiк дәрежесi IVа ғимараттарда рұқсат етiледi.
68. Қойма ғимараттарындағы қақпалардың, есiктердiң, терезелер мен технологиялық ойықтардың саны мейлiнше аз болады.
2. Қатты әсер ететiн улы заттары, жарылғыш заттары және материалдары бар ұйымдарда Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары
69. Қатты әсер ететiн улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдар шығаратын немесе қолданатын ұйымдарда:
ғимараттар мен құрылыстарды климат жағдайын ескере отырып, каркастан салуды, жеңiл қоршау конструкциялы және арасы толтырылған материалдар қолдануды жобалау;
басқару пульттерiн мiндеттi түрде ғимараттың төменгi қабатында орналастыру, сондай-ақ олардың негiзгi элементтерiнiң ұйымның басқару пунктiнде қосарлануын көздеу;
қажет болған жағдайда сыйымды ыдыстар мен коммуникацияларды ауа толқынының соққысынан қираудан қорғауды көздеу;
қауiптi сұйықтардың төгiлуiн болдырмайтын шаралар, сондай-ақ аварияларды технологиялық жүйенiң неғұрлым осал учаскелерiн қайтарма қақпақшамен ажырату, ұстап қалатын жерлерге және қоймаларға бағыттау жолымен оқшаулау шараларын әзiрлеу және жүргiзу;
авария болған жағдайда технологиялық жүйенiң аса маңызды учаскелерiн тиiстi нормалар мен ережелерге сәйкес, сондай-ақ өнiмнiң ерекшелiгiн (тез полимеризацияланатыны, төмен температурада ыдырайтындығы, т.б.) ескерiп, тереңде орналастырылған сыйымдылықтарға аудару (құю) қажет.
70. Әсерi күштi улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдар шығаратын немесе оларды қолданатын ұйымдарда соғыс уақытында ұйымдардың кiрме жолдарда тұрған және аралық қоймалар мен технологиялық сыйымдылықтардағы заттардың қорын және сақтау мерзiмiн мүмкiндiгiнше өндiрiстiң жұмыс iстеуiне қажеттi мөлшерге дейiн азайту шараларын көздейдi.
Соғыс уақытында әсерi күштi улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдардың қолданылатын мөлшерiн азайту мақсатында өндiрудiң буферлiк түрiне көшу көзделедi.
71. Әсерi күштi улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдарды авариялық сыйымдылықтарға аудару, құю жүйесiн автоматты түрде iске қосумен көзделедi, бұл жағдайда технологиялық жүйенiң қауiптi учаскелерiн аударып құюды қолмен қосу қондырғысы мiндеттi түрде болады.
72. Әсерi күштi улы заттар, жарылғыш заттар мен материалдары бар объектiлерде бұл заттармен қоршаған ортаның ластануын анықтайтын және ол туралы объектiнiң жұмыс iстейтiн персоналын, сондай-ақ қауiптi химиялық улану болуы мүмкiн аймақтардағы халықты хабарландыратын жергiлiктi жүйелер құрылады.
3. Су жабдықтауда Азаматтық қорғаныстың
инженерлiк-техникалық iс-шаралары
73. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған жеке қалаларды немесе құрамында Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалар мен Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатты ұйымдары бар бiрнеше қалаларды қамтамасыз ететiн жаңадан жобаланатын және қайта жаңартылған сумен жабдықтау жүйелерiнiң кемiнде екi тәуелсiз су көзi, оның бiреуi жер астында болуын көздейдi.
Сумен жабдықтау жүйесiн сумен екi тәуелсiз көзден қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда бiрi қатты қирауы мүмкiн аймақтан сырт орналасатын бас құрылыстың екi тобын орнатумен көздердiң бiрiнен сумен жабдықтауға жол берiледi.
74. Бас құрылыстардың жалпы тығыздығын бейбiт уақыттағы норма бойынша есептеген дұрыс. Бас құрылыстардың бiр тобы iстен шыққан жағдайда қалған құрылыстың тығыздығымен авариялық режим бойынша ұйымдардың өндiрiстiк-техникалық қажеттiлiгiне, сондай-ақ бейбiт уақыттағы халық санына бiр адамға тәулiгiне 31 л нормамен су беру қамтамасыз етiледi.
Барлық бас құрылыстар iстен шыққанда немесе сумен жабдықтау көзi зақымданған жағдайда халықты ауызсумен кепiлдi қамтамасыз ету үшiн бiр адамға тәулiгiне кем дегенде 10 л норма бойынша ауызсудың кем дегенде 3 тәулiктiк запасын құру мақсатында резервуар көзделедi.
Ауызсудың резервуары ауаны радиоактивтiк заттардан және сұйық тамшы улы заттардан тазалау үшiн сүзгiш-сiңiргiшпен жабдықталады және қатты қирауы мүмкiн аймақтар шегiне орналасады. Қирауы мүмкiн аймақтарда резервуарларды орналастырған жағдайда олардың конструкциясы ядролық жарылыстың әуелiк соққан толқынының шебi барысында қатты қысым әсерiне есептелiп орналастырылады.
Ауызсудың резервуарлары сондай-ақ жылжымалы ыдыста су тарату үшiн герметикалық (қорғаныс-герметикалық) люктермен және бұйымдармен жабдықталады.
Орталықтандырылған электр энергиясымен жабдықтауды тоқтатқан жағдайда сумен қамтамасыз ететiн қауiпсiз аймақта қорғалған сумен жабдықтау объектiлерiнiң жалпы жобалық өнiмдiлiгi халықтың, оның iшiнде көшiрiлгендердiң, сондай-ақ қоғамдық және жеке сектордағы ауыл шаруашылығы малдарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн ауызсу жеткiлiктi түрде көзделедi және халық үшiн есептен бiр адамға тәулiгiне 25 л белгiленедi.
75. Қалалар мен объектiлердiң техникалық сумен жабдықтау жүйесiнiң жаңасын және қолданыстағысын қайта жөндеудi жобалау кезiнде айналымдық сумен жабдықтау жүйесiн қолданған жөн.
76. Кешендi белгiлеу гидротораптарының жоғарғы және төменгi бетiнде орналасқан жылу электр станциясы мен атомдық станциялардың сумен жабдықтау жүйесiн жобалаған кезде гидротораптардың қысымды шебiнiң құрылыстары бұзылғанда бұл бекеттердi техникалық сумен жабдықтау, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар көздеу ұсынылады.
Аталған техникалық сумен жабдықтауды және осы жүйелер жұмысын қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды қолдану нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру негiзiнде белгiленедi.
Атом бекетi айналасындағы жерлерде қауiптi радиоактивтiк зақымдануы (ластануы) мүмкiн аймақтарда орналасқан қалаларда және ауылдық жерлерде және күштi әсер ететiн улы заттары бар ұйымдардың айналасында қауiптi химиялық зақымдануы мүмкiн аймақтарда халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшiн судың жер асты көздерiнде артығымен базаланған қорғалған орталықтандырылған (топтық) сумен жабдықтау жүйесiн құруы қажет.
77. Қалалық, ауылдық және өнеркәсiптiк ұйымдарды сумен жабдықтау үшiн, ауыл шаруашылығына жарамды жерлердi суару үшiн барлық қолданыстағы су алу ұңғымалары шаруашылық ауызсу қажетiне жылжымалы ыдысқа құйылу жолымен су беруге мүмкiндiк беретiн құралдармен қамтамасыз етiледi, ал секундына 5 л және одан астам дебитпен ұңғымалар, сонымен қатар, олардан өрт автомобильдерiмен су алуға арналған қондырғылармен қамтамасыз етiледi.
78. Соғыс уақытында қолдануға көзделген жаңа және қолданыстағы су алу ұңғымаларын жөндеудi жобалаған кезде бататын сорғыларды (электр қозғалғыштармен оқшауланған) қолданған дұрыс. Қолданыстағы және резервтегi ұңғымалардың бастары конструкциясының сумен жабдықтауды жобалау нормаларының талаптарына сәйкес толық қымталуын қамтамасыз етiледi.
Өнеркәсiптiк ұйымдарды қалалық сумен жабдықтау желiлерiне қосқан кезде ұйымдардағы ұңғымаларды қымтайды және оларды резервтiк ретiнде ықтимал пайдалану үшiн сақтайды.
Одан әрi пайдалануға жарамайтын су алу ұңғымалары тығындалады, ал өздiгiнен құйылатын ұңғымалар крандық-реттеуiш құрылғылармен жабдықталады.
79. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатты ұйымдардың орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерiнде су қысымды мұнараларды жанамалай желiге су беру мүмкiндiгi қамтамасыз етiледi.
80. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатты ұйымдарда бiрнеше дербес су құбырларын (коммуналдық және өнеркәсiптiк) жобалаған кезде санитарлық ережелердi сақтай отырып бiреуiнен келесiсiне су беру мүмкiндiгiн көздейдi.
81. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатты ұйымдарда жаңа су құбырларын салу кезiнде бар су құбырлары мен бас құрылыстарды резервтiк ретiнде ықтимал пайдалану үшiн сақтауға ұсынылады.
82. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарған жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан Азаматтық қорғаныс бойынша аса маңызды санатты ұйымдарда өндiрiстiк қажеттiлiк үшiн техникалық су құбырларын жобалаған кезде оларды өрт сөндiру мақсаты үшiн пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз ету керек.
83. Азаматтық қорғаныс жөнiндегi топқа жататын қалалардың немесе Азаматтық қорғаныс жөнiндегi топқа жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан аса маңызды санатты ұйымдардың су құбырларының зақымданған учаскелерiн сөндiру үшiн өрт гидранттары мен ысырмаларды ғимараттары мен құрылыстары қираған кезде үйiндiсi жоқ аумаққа орналастырады.
84. Халықты және ауыл шаруашылығының малдарын сумен жабдықтау үшiн бар және жобаланатын шахталық құдықтар мен жер асты суын алу үшiн басқа да құрылыстар оларға радиоактивтiк қалдықтар мен сұйық-тамшы улағыш заттардың түсуiнен қорғалады.
85. Зақымдаудың қазiргi заман құралдарын қолдану мүмкiн болған жағдайда қалалық сумен жабдықтау және канализация жүйесiн жұмысқа дайындау бойынша iс-шаралар белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы органдары бекiтетiн нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Газ жабдықтауда Азаматтық қорғаныстың
инженерлiк-техникалық iс-шаралары
86. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларды газбен жабдықтау кезiнде екi және одан да көп дербес магистральды құбырлардан газ беру осы газ құбырларына қосылған және аталған қалалардың жобалық құрылысы шегiнде орналасқан газ үлестiру станциялары арқылы жүзеге асырылады.
87. Азаматтық қорғаныс жөнiндегi топқа жататын қалалардың жаңасын және қолданыстағы газ желiлерiн қайта жөндеудi жобалаған кезде соққы толқынның қысымынан (серпiнiнен) iске асырылатын сөндiру құрылғыларының көмегiмен қалалардағы сияқты жекелеген аудандарда (учаскелерде де) сөндiру мүмкiндiгiн көздеген жөн.
88. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың газ үлестiру станцияларының жер асты бөлiгi, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан аса маңызды санатты ұйымдарда газ үлестiру пункттерi сөндiру құрылғысын орната отырып, жер асты айналма газ құбырларымен (байпастармен) жабдықталады.
Жер асты байпастарымен газ бөлу станцияларының немесе газ бөлу пункттерiнiң жер үстi бөлiгiнiң құрамынан шыққан кезде газбен жабдықтау жүйесiне газ берудi қамтамасыз етедi.
89. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың жоғары және орта қысымды негiзгi бөлу газ құбырларының және олардан тартып соғыс уақытында жұмысын жалғастыратын осы қалалардың объектiлерiне жер асты төсемiн көздеу қажет. Аталған ұйымдардың аумағында газ құбырларының төсемiн газбен жабдықтауды жобалау талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда және Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан аса маңызды санатты ұйымдарда жоғары және орта қысымды газ құбырларының жер асты және шығыршықталған желiсiн көздейдi.
90. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалаларда газбен жабдықтау жүйесiнiң жаңасын және қолданыстағы қайта жөндеудi жобалаған кезде негiзгi тораптық нүктелерге (Газ бөлу станциясының шыға берiсiнде тiрек газ бөлу пунктiнiң алдына, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс орналасқан аса маңызды санатты ұйымдарда су бұру) соққылық толқын қысымынан (серпiнiнен) iске асырылатын сөндiру құрылғысын, сондай-ақ тұйықталған газ құбырлары арасында маңдайша орнату көзделедi.
91. Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардың немесе Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жататын қалалардан тыс жерлерде орналасқан аса маңызды санатты ұйымдарда сұйытылған көмiртектi газ толтыру станциясын, газ толтыру пункттерiн қауiпсiз аймаққа орналастыру қажет.
5-тарау. Электрмен жабдықтауда және гидротехникалық құрылыстарда Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шаралары
Достарыңызбен бөлісу: |