«Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы жөнінде
ереже
(бұдан әрі - Байқау)
-
Жалпы ережелер
1.1. «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың құрылтайшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) болып табылады.
1.2. «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы ҚР мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін жариялауға бағытталған республикалық ауқымдағы іс-шара болып табылады.
1.3. Байқауға ҚР мұнай-газ саласының мәселелерін жариялайтын республикалық және өңірлік газеттердің редакциясы, телерадио компаниялары, шығармашылық бірлестіктер, ақпарат агенттіктері, штаттағы немесе штаттан тыс авторлар қатысады. Мақсатты аудиториясы: журналистер, сарапшылар, іскерлік және кәсіптік қауымдастық.
-
Байқаудың мақсаты және міндеттері
2.1. «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы мұнай-газ саласында болатын өзгерістерге кең жұртшылықтың оң көзқарасын қалыптастыру және тұрғындар арасында ел экономикасындағы сектордың рөлі мен мәнін түсіндіру, тұтастай алғанда, осы тақырыптың БАҚ-та жариялануының белсенділігін арттыру мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығымен бірігіп өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаты:
-
ҚР мұнай-газ саласындағы жетістіктерге жұртшылықтың назарын аудару;
-
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы компанияларының айқындық пен ақпараттық ашықтыққа мүддесін көпшілікке көрсету;
-
Мұнай-газ тақырыбын жариялайтын Қазақстанның БАҚ арасында достық рәуіштегі бәсекелестікті қолдау және сонымен қатар, бірыңғай медиа кеңістікті жасау;
-
Жобаға қатысатын БАҚ рейтингісін көтеруге тиімді мүмкіндік беру;
-
Мұнай-газ тақырыбына маманданған БАҚ пен журналистердің жұмысында жауапкершіліктен айыруды болдырмау.
-
Мұнай-газ тақырыбында жазатын журналистер арасында new-media (блоггинг, ұтқыр журналистика) озық түрлерін жария ету;
-
Мұнай-газ тақырыбын жариялауға БАҚ жас мамандарының назарын аудару;
-
Байқау қатысушыларының шығармашылық әлеуетін анықтау және көпшілікке көрсету, олардың кәсіби мүмкіндіктерінің әржақтылығын және жеке басының сапасын көрсету.
2.2. Байқаудың міндеттері:
-
БАҚ қызметкерлерінің жұмысы көбінесе кадр сыртында өтеді. Осыған байланысты, байқау міндеттерінің бірі Байқаудың қатысушыларына өз компаниясының беткеұстары болу мүмкіндігін беру, өз мүмкіндігі мен кәсіби сапасын ашып, көпшілікке жария ету, ал БАҚ-қа осы арқылы өзінің танымалдығын арттыруға мүмкіндік беру болып табылады;
-
ҚР мұнай-газ саласының рөлі мен мәнін экономиканың негізгі флагманы ретінде қалың көпшілік арасында түсіндіру, оның табысты болуы бірқатар әлеуметтік бағдарламалар қатарын іске асыруға, демек, әрбір қазақстандық азаматтың
әл-ауқатына байланысты;
-
Жоба қатысушыларына одан әрі мәнсап жағынан дамуына және олардың дербес рейтингісінде деңгейлерін арттыруға мүмкіндік беру.
-
Талантты журналистердің пулын кеңейту және пікір алмасу алаңы ретінде ҚМГ имиджін қалыптастыру.
-
Журналистермен кері байланыстың маңызды құралы ретінде Байқаудың беделін арттыру.
3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар.
3.1. «Қалам қуаты» байқауына мыналар:
-
республикалық, облыстық және қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпаниялардың редакция ұжымдары;
-
дербес ізденушілер - өңірлік және орталық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);
-
материалдары БАҚ-та жарияланған немесе хабарларда пайдаланылған басқа да авторлар жіберіледі.
3.2. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық журналистік ұйымдар басшыларының Байқауға қатысуға үміткерлерді жіберуге құқығы бар.
3.3. Байқау қатысушылары Байқау, қайырымдылық іс-шаралар өткізу шеңберінде тұсаукесерлерге және баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін.
4. Байқаудың номинациялары
4.1. Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
- Гран-при (Бас жүлде)
- республикалық ТВ-да мұнай-газ тақырыбы бойынша үздік бағдарлама /арнайы репортаж
- үздік фоторепортаж
- үздік радио бағдарлама
- республикалық баспасөз БАҚ-тағы үздік материал
- қазақ тіліндегі өңірлік баспасөз БАҚ-тағы үздік материал
- орыс тіліндегі өңірлік баспасөз БАҚ-тағы үздік материал
- үздік студенттік жұмыс
- үздік блоггер
- мұнай-газ саласының тарихы туралы үздік материал.
-
Байқау материалдары бағаларының өлшемдері
5.1. Байқау бір кезеңнен өткізіледі.
5.2. Байқауға баспасөз және электронды тіркелген БАҚ-та, оның ішінде Интернетте жарияланған бір автордың кемінде үш материалы берілуі қажет.
5.3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігіні бағалау үшін байқау ұйымдастырушылары Байқаудың Әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін қатысушылардың материалдарын бағалауды Байқаудың Әділқазылар алқасы сараптау бағасы әдісімен жүзеге асырады.
БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері:
- жарияланымдардың саны мен сапасы (тұжырымдау дәлдігі, цифр, фактілер);
- Байқау проблематикасымен байланысты тақырыптың өзектілігі және мәнділігі;
- материалдың толық ашылуы;
- жеткізу тілінің мәнерлілігі, дәлдігі әрі түсініктілігі.
- материалды беру жаңалығы әрі түпнұсқалылығы.
- мұнай-газ тақырыбын жазудағы кәсіпқойлық және публицистикалық шеберлік;
Қажет болған жағдайда, Әділқазылар алқасының мүшелері әрбір номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.
6. Байқауды өткізу тәртібі
6.1. Өтінімдерді қабылдау 2011 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. Байқауға 2011 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 20 тамызды қоса алғандағы кезеңде газеттерде және өзге тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Интернет БАҚ-та жарияланған, теле- және радио эфиріне шыққан материалдарды беруге болады.
6.2. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті алдын ала іріктеуді 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде жүзеге асырады. Байқаудың Әділқазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және «Жеңімпаздар» деп анықталған үздік жұмыстардың авторларын таңдайды.
6.3. Байқау өткізудің белгіленген мерзімінен ерте немесе кеш жарияланған материалдар, сондай-ақ қайта басып шығарылған бұрын жарияланған материалдар Байқауға қабылданбайды. Берілген материалдар коммерциялық сипатта болмауы тиіс.
6.4. Байқау материалдары мына мекенжайға: 010000, Астана қ., Қабанбай Батыр даңғылы, 19, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті (А блогі, 0209-кабинет) немесе мына электрондық мекенжайға жіберіледі: S.Hussainova@kmg.kz Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script
6.5. Байқау жұмыстарының тілі - қазақ, орыс;
6.6. Байқау материалдары рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар толық немесе ішінара бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ www.kazenergy.com және www.kmg.kz сайттарында жариялануы мүмкін.
6.7. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіледі.
7. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
7.1. Байқауды өткізуді үйлестіру Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Байқауды өткізу кезінде Ұйымдастыру комитеті дерекқор құрады, онда Байқауға қатысушылар жіберген жұмыстар; Байқау қатысушыларының тізімі; Байқау финалистерінің тізімі; Байқау жеңімпаздарының тізімі енгізіледі.
7.3. Ұйымдастыру комитеті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен келісім бойынша бекітіледі.
7.4. Ұйымдастыру комитетін өз жұмысында Байқау туралы ережені басшылыққа алады, онда Ұйымдастыру комитетінің функциялары, құқықтары және міндеттері жазылады.
8. Байқаудың Әділқазылар алқасы
8.1. Байқау жұмыстарын бағалау үшін Ұйымдастыру комитеті құрамында Әділқазылар алқасының төрағасы, Әділқазылар алқасының хатшысы және Әділқазы мүшелері бар Байқаудың Әділқазылар алқасын қалыптастырады.
8.2. Әділқазылар алқасының құрамына Байқаудың ұйымдастырушыларының өкілдері кіреді: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ҚР Мұнай және газ министрлігі, ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, Байқаудың демеушілері (әріптестері).
8.3. Әділқазылар алқасының құрамы мен әділқазылар алқасын Бпйқаудың Ұйымдастыру комитеті бекіттеді. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.
9. Байқау қорытындылары шығару
9.1. Байқау қорытындылары бойынша Байқаудың Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Ынталандыруға тұратын материалдар болмаған кезде Байқаудың әділқазылар алқасының Байқаудың ұйымдастырушысына жүлделі орындарды бермеуін ұсынуға құқығы бар.
9.3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіледі. Ресми марапаттау салтанатына журналистер, журналистік ұжымдар, әділқазы алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың өкілдері, іскерлік, академиялық және журналистік орталар қатыса алады.
9.4. Байқаудың Әділқазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары дипломдармен, статуэткалармен және ақшалай сыйақылармен марапатталады.
|