Альцгеймер ауруы
Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды.
Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі.
Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал
медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.
Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп
білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын,
жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені
«сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді.
Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты
шатастырып алады.
Ең алдымен адамның іс-әрекетін бақылау керек. Ұмытшақ
адам затты қайда қойғанын білмей, кешегі оқиғаны есіне түсіре
алмай қиналады, адамдардың атын шатастырады. Альцгеймер
ауруында адам өзімен-өзі сөйлесуі, елес көруі, бірнеше жыл
бұрынғы өмірмен өмір сүруі мүмкін.
Күнделікті қызмет барысында адамның психикалық қызметі
туралы түсінік алу үшін науқасқа келесідей сұрақтар беруге
болады:
Ұйқыңыз қалай?
Тәбетіңіз жақсы ма?
Әдетте күні бойы немен айналысасыз?
Тез шаршайсыз ба?
Сіз өзіңізге ұмытшақ болып қалғандай көрінбейсіз бе?
Шұғыл еске түсіру
Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір
айтатын үш сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу,
жасыл).
Зейін және есеп
дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз;
бұдан кейін кері ретпен санаңыз;
«құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз;
осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз.
Кештетіп еске түсіру
Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген
үш сөзді қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса,
жетелейтін сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің
қандай бөлігі?», «Қандай түс?»
Бағдар беру
өтініш, конвертке мекен жайыңызды: ел, қала, көше, үй
нөмірін жазыңыз;
өтініш, қағаз бетіне бүгінгі күнді, ай, жыл, апта күнін, жыл
мезгілін жазыңыз.
Интеллектуалдық үдерістер
қарапайым әңгіменің мазмұнын айтып беріңіз;
қарапайым арифметикалық тапсырманы шешіңіз;
өтініш, сөз орамын аяқтаңыз;
Стрессті жою әдістері.
Стрессті жою әдістері толық физикалық және психикалық
қалпына келтіруге ықпал етеді. Олар заманауи адамды босаңсып,
дене қысымынан арылуға үйретеді, соның нәтижесінде адам
анағұрлым еркін, толыққанды және ашық тұлғаға айналады.
Эмоционалдық тұрғыдан тыныштану, мазасыз ойлардан, қажетсіз
бақылаудан арылып, ми жарты шарының қызметін реттеу үшін үш
жаттығу жеткілікті.
1.милиметр сайын милиметр
2.тыныс реттеу
3.Өзіңіздің қолыңызға алыңыз
Ұйқысыздықпен күресу ережелері
Ұйқы – адам денсаулығының құрамдас бөліктерінің бірі.
Ұйқыңыз жақсы болу үшін қарапайым әрі оңай ережелерді сақтау
керек. Ең алдымен күн тәртібін сақтау керек. Күнделікті, тіпті
демалыс күндері де бір уақытта жатып, таңертең бір уақытта тұру
керек. Кешке ұйықтау қиын болса, күндіз ұйықтамаңыз. Төсекте
жатқанда өз проблемаларыңызды ойламаңыз. Жатын бөлме немесе
ұйықтауға арналған бөлме жақсы желдетілген болуы керек. Жастық
пен матрац ыңғайлы, дұрысы ортопедиялық болғаны жөн. Жатын
бөлменің қабырғалары мен терезелері дыбыс өткізетіндей болуы
керек. Ұйықтар алдында жарты сағат жаяу серуендеген пайдалы.
Алайда денеге көп күш салуға да болмайды. Түнге қарай
тамақтануға болмайды. Кемінде ұйқыдан екі сағат бұрын тамақтану
керек, кешкі ас ауыр болмағаны дұрыс.
Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға үй
жағдайында күтім жасау.
Науқасқа сапалы жәрдем көрсетіп, оның азап-қайғысын
мейлінше жеңілдету үшін, қызметкерлер Альцгаймер ауруының
бастапқы және соңғы сатысындағы негізгі сиптомдары мен
белгілерін білуі шарт.
1.Күн тәртәбән орнату.
2.Өзің қадірлеу сезімі
3.Қауіпсіз орта
4.Тығыз байланыс
5.Сыртқы көрініс
6.Науқас гигиенасы
7.Дәретханаға бару
8.Тамақтану
Достарыңызбен бөлісу: |