12 Бөлім. ДЕПОЗИТТЕРДІ/САЛЫМДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
-
Салымды қабылдау банктік салым шартының негізінде, сондай-ақ Банктің ішкі құжаттарында және ҚР заңнамасында көзделген басқа құжаттардың негізінде жүзеге асырылады, олардың құрамында салымды қабылдау мен берудің барлық талаптары, сондай-ақ сыйақы есептеу көрінеді.
-
Банк банктік салым шартын жасаған кезге дейін Клиентке ауызша түрде банктік салымдар бойынша ақпарат ұсынады:
-
салымның түрі (талап етілгенге дейін, жедел, шартты);
-
салымның мерзімі (болғанда);
-
салымның ең төменгі сомасы;
-
сыйақы мөлшерлемелері, оның ішінде Клиент жүгінген күні шынайы жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақының мөлшерлемелері (нақты құны);
-
қосымша келісім жасамау арқылы салым мерзімін ұзарту талаптары (болған кезде);
-
салымды толықтыру мүмкіндігі, капитализация;
-
салымды толық немесе ішінара мерзімінен ерте алу;
-
ҚР заңнама актілерімен бекітілген кепілдендірілген банктік салымдар бойынша кепілдендірілген өтелімдердің көлемі.
-
Банктік салым шарты бойынша Банк Клиенттен ақша алуға, ол бойынша банктік салым шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және ҚР заңнамасында және банктік салым шартында қарастырылған талаптар мен тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді.
-
Салымдарды қайтару талаптарына байланысты, Банк қабылдайтын салымдар келесі түрлерге бөлінеді:
-
талап етуге дейінгі салымдар;
-
жедел салымдар;
-
шартты салымдар.
-
Банктік салым шартын жасағаннан кейін Банк Клиентке шартты, сондай-ақ, Клиенттің талап етуі бойынша, Банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіп пен талаптармен, салымға олардың ақша сомасын салуын куәландырушы шот бойынша көшірмені береді.
12.6 Салымдар бойынша нақты талаптар салым түрі мен валютасына байланысты, сыйақы төлеу кезектілігіне, оны орналастыру мерзіміне және қабылданатын депозиттердің ақырғы сомалары мен мерзімдері бойынша Банктің Директорлар Кеңесі бекіткен талаптар шегінде, жеке өнімдер бойынша басқа параметрлеріне байланысты КУАП бекітеді, сондай-ақ осы Ережелердің №1 Қосымшасында белгіленген депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің ең шекті көлемі бойынша (банкаралық депозиттерден басқа).
12.7. Жеке және заңды тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемелері (номиналды және жылдық тиімді) банктік салым шартында көрсетіледі.
12.8. Салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін тағайындауда Банк Пайыздық саясатты басшылыққа алады және депозиттер нарығындағы мөлшерлемелер деңгейін, банкаралық қорлардың құнын, ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің көлемін, қаржы нарығының конъюнктурасын, «Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ ұсынған мөлшерлемелердің деңгейлерін және құн жасаудың басқа елеулі деректерін есепке алады.
12.9. Сыйақының нақты мөлшерлемесі, сол немесе басқа Клиент үшін банктік салым қызметін ұсынудың сомасы, мерзімі және басқа талаптары Банк пен Клиент арасында жасалған, банктік салым шартының талаптарымен анықталады. Банктік салым шарты жинақ шотына салым сомасы түскен күннен бастап жасалған болып саналады.
12.10. Заңды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы есептеу үшін айына тең нақты күндер санының шартты мерзімі қабылданды және шартты жыл 365 күнге тең. Бұл ретте қосымша жарналарды және олардың бөліктерін алуды ескере отырып (егер ондайлардың орны болса), жинақ шотында салымның болған нақты мерзімі ескеріледі.
12.11. Салымның түріне байланысты банктік салым шартын мерзімінен ерте бұзған кезде сыйақы Банк пен Клиент арасында жасалған шартқа сәйкес талаптар мен мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
12.12. Салымдар бойынша сыйақы төлеу банктік салым шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
12.13. Есептелген сыйақыны капитализациялау Банктің ішкі құжаттарына және Банк пен Клиент арасында жасалған банктік салым шартының талаптарына сәйкес орындалады.
12.14. Сыйақы сомасы мен салымның негізгі сомасы теңгемен немесе шет ел валютасымен Клиенттерге – жеке тұлғаларға қолма-қол ақшамен, Банкте немесе басқа Банкте ашылған банктік шоттарға ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес және Банк пен Клиент арасында жасалған банктік салым шартының талаптарына сәйкес төленуі мүмкін; Клиенттерге заңды тұлғаларға - Банкте немесе басқа Банкте ашылған банктік шоттарға ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес және Банк пен Клиент арасында жасалған банктік салым шартының талаптарына сәйкес аударма жасау арқылы төленуі мүмкін.
12.15. Заңды тұлғаның салымы бойынша есептелген сыйақыны төлеу, ҚР салық заңнамасында көзделгендерден басқа, төлеу көзінен кіріс салығын ұстай отырып жүзеге асырылады. Банк Клиентке оның ары қарай салық органдарымен есеп айырысуы үшін, төлеу көзінен ұсталған, кіріс салығы туралы тиісті анықтаманы береді.
12.16. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақыға төлем көзінен ұсталатын кіріс салығы салынбайды.
12.17. Салым бойынша сыйақыны төлеу салымның шартына байланысты бір реттік тәртіпте ( салымды қайтарғанда) немесе белгілі бір кезеңділікпен ( күн сайын, ай сайын, тоқсан сайын және т.б.) салымшының ағымдағы шотына / төлем карточкасын қолданып ағымдағы шотқа есептеу жолымен немесе салым шотына есептеу жолымен (капитализация) жүргізіледі.
12.18. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі Салымның мерзімін ұзарту жағдайынан басқа, Салым мерзімінің аяқталуына дейін өзгеріссіз болып қалады.
12.19. Қосымша келісім жасамау арқылы банктік салым шартының талаптарына сәйкес банктік салым мерзімін ұзарту кезінде оның азаю жағына қарай сыйақы мөлшерлемелері өзгерген жағдайда, Банк Клиентке банктік салым мерзімі аяқталғанға дейін, банктік салым шартында қарастырылған тәсілмен сыйақы мөлшерлемесі көлемінің азайғаны туралы хабарлайды.
12.20. Банк салымды ашқан кезден бастап 12 ай өткеннен кейін, бұзу уақытына дейін 30 күннен кем емес мерзімде, өзінің шешімі туралы Салымшыға хабарлай отырып, банктік салым Шартын бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.
12.21. Салым шартта анықталған талаптар мен тәртіппен банктік салым шартын бұзу арқылы банктік салым шартының қолданылу кезеңінде, кез-келген уақытта талап етілуі мүмкін.
12.21. Заңды тұлғалардың салымдары қолма-қол ақшасыз теңгемен және шет ел валютасымен қабылданады. Жеке тұлғалардың салымдары қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәртіппен, валюта түріне байланысты қабылданады. Заңды тұлғадан салымға шет ел валютасымен ақша алған кезде Банк валюталық бақылау үрдісін жүзеге асырады.
13 Бөлім. ҚАРЫЗ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
13.1. Қарыздарды (несиелерді) Банк заңды және жеке тұлғаларға жеделдік, қайтарымдылық, қамтамасыз етушілік және төлемдік талаптарымен теңгемен және шет ел валютасымен береді.
Банк банктік қарыз шартын жасаған кезге дейін Клиентке ауызша түрде банктік қарыздар бойынша келесі ақпаратты береді:
1) банктік қарызды беру мерзімі;
2) банктік қарыздың шекті сомасы мен валютасы;
3) сыйақы мөлшерлемесінің түрі: бекітілген, немесе құбылмалы, егер сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы болса, есеп-айырысу тәртібі;
4) жылдық пайыздардағы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі және Клиентке келген күні оның шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) көлемі;
5) жеткілікті тізім және Банк пайдасына келтірілетін банктік қарызды алумен және қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты комиссиялардың, тарифтердің және басқа шығындардың көлемі;
6) ҚР «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңында қарастырылған, Клиент – заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптарының бір жақты өзгеру мүмкіндігі жағдайлары;
7) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Клиенттің жауапкершілігі мен тәуекелдері;
8) кепіл берушінің, кепілгердің, және қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарабы болып табылатын басқа тұлғаның жауапкершілігі.
13.2. Клиенттің несие беру туралы өтінімін қараған кезде және шарт жасаған кезде Банк Клиенттен ҚР заңнамасында қарастырылған және Банктің ішкі қалыпты құжаттарында көрсетілген құжаттарды талап етеді.
13.3. Қарыз ұсыну туралы шартты жасаудың міндетті талабы ретінде Банктің ол туралы мәліметтерді беруге арналған Клиенттің жазбаша келісімінің болуы және несие бюросының деректер қорына жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметінің, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындаумен байланысты ақпараттардың бар болуымен анықталады.
13.4. Банк беретін қарыздар (несиелер) бойынша қамтамасыз ету ретінде Банк үшін тиімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге қою (кепіл немесе ипотека) болып табылады, оның ішінде ақшалар, құнды қағаздар және басқа қаржы құралдары, мүліктік құқықтар, үшінші тұлғалардың кепілдіктері, тұрақсыздық айыбы және ҚР заңнамасында және шартта қарастырылған, қарыздарды (несиелерді) қайтаруды қамтамасыз етудің басқа тәсілдері.
13.5. Клиенттің жоғарғы несие қабілеттілігі мен сенімділігі жағдайында банк ҚР заңнамасында немесе Банктің ішкі құжаттарында бекітілген шектеулерді ескере отырып, қамтамасыз етусіз (бланктік несие) несие беру туралы шешімді қабылдауға құқылы.
13.6. Қарыздар (несиелер) бойынша өнімдер негізгі үш топқа бөлінеді:
-
кәсіпкерлік қызмет үшін корпоративті бизнеске ұсынылатын өнімдер;
-
кәсіпкерлік қызмет үшін шағын және орта бизнеске ұсынылатын өнімдер;
-
тұтынушылық мақсаттарға (дайын немесе салынып жатқан тұрғын үйді алуға арналған несиелер, жаңа немесе қолданыста болған автокөлікті сатып алуға берілетін несиелер, кейінге қалдырылмайтын мұқтаждықтарға берілетін несиелер, экспресс-несиелер, төлем карточкалары бойынша несие лимиттері және басқалар), жеке тұлғаларға ұсынылатын жеке-дара өнімдер.
13.7. Жеке кәсіпкерлердің заңды тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шегінде қарыздар (несиелер) алу мүмкіндіктері бар. Жеке кәсіпкерлер заңды тұлғаларға ұсынылатын өнімдер шегінде несие алған жағдайда, оларға заңды тұлғаларға арналған қаржыландыру талаптары қолданылады.
13.8. Өзінің банктік қарыз операцияларынан басқа, Банк Лицензияға, ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес келесі операцияларды орындайды: аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау; ақша үлгісінде орындауды қамтамасыз етуші банктік кепілдіктерді беру; ақша үлгісінде орындауды қарастырушы, үшінші тұлғалар үшін басқа міндеттемелер мен банктік кепілдіктерді беру; лизингтік әрекеттерді, факторингтік операциялар мен басқаларды беру.
Банк сондай-ақ ҚР заңнамасында бекітілген тәртіпте кепілге қойылған мүлікті таратумен айналысуға құқылы.
13.9. Несиені ұсыну туралы шешімді Несие Комитеті Банктің Директорлар Кеңесі бекіткен лимиттер мен шектеулерді ескере отырып қабылдайды.
13.10 Қарыздарды (несиелерді) пайдаланғаны үшін сыйақы алынады. Сыйақының нақты мөлшерлемелері (номиналды және СЖТМ) осы Ережелердің (банкаралық несиелерден басқа) №2 Қосымшасында белгіленген, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің ақырғы шамалары бойынша, ұсынылатын несиелердің ақырғы сомалары мен мерзімдері бойынша Директорлар Кеңесі бекіткен талаптар шегінде, несиелендірудің талаптарына сәйкес клиенттің несие тарихы, мәртебесі, қамтамасыз ету сапасы, несие сомасы мен мерзімі, валютасы және басқа деректерге байланысты Несие Комитетінің шешімі бойынша банктік қарыз шарттарында белгіленеді.
13.11. Қарызды өтеу тәсілдері:
-
ануитетті төлемдер тәсілі – мұнда Қарыз бойынша берешекті өтеу, мерзім ішінде негізгі қарыздың қалдығына есептелген, сыйақы бойынша азайтылатын төлемдер мен негізгі қарыз бойынша өсетін төлемдерді қосатын Қарыздың бүкіл қолданылу мерзімінде тең төлемдермен орындалады;
-
дифференцияланған төлемдер тәсілі – мұнда Қарыз бойынша берешекті өтеу мерзім бойы негізгі қарызға есептелген сыйақы мен негізгі қарыз бойынша теңдей сомаларды қосатын, азайтылатын төлемдермен орындалады;
-
жеке тәсіл.
13.12. Несиелер бойынша сыйақы жасалған банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес төленеді. Қарыз алушылардың құқықтарын қорғау сыйақыны, комиссиялардың барлық түрлерін және ҚР заңнамасында анықталған тәртіппен есептелген және Қарызды берумен және қызмет көрсетумен байланысты Банк алатын басқа төлемдерді қосатын, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту арқылы қамтамасыз етіледі.
13.13. Сыйақының нақты мөлшерлемелері (номиналды және СЖТМ) және несиелер бойынша комиссиялардың мөлшері Банктің уәкілетті органы бекіткен, несиелендірудің талаптарына сәйкес, Клиенттің мәртебесіне және басқа деректерге, несие сомасы мен мерзіміне сәйкес ең аз мөлшерлеме негізінде анықталады және нақты банктік қарыз шартында айтылады. Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша Клиентке сыйақының жеке мөлшерлемелері мен несие бойынша комиссия көлемдері белгіленуі мүмкін.
13.14. Несиені пайдаланған үшін сыйақы 360 күнге тең, жылдың күндер санынан шыға отырып, несие сомасын нақты пайдаланған күндерге теңдестіріліп, есептеледі.
13.15. Сыйақыны төлеу тәртібі мен талаптары жеке талаптармен шарттар жасау кезінде Ережелердің осы тармағында анықталғандардан өзгеше болуы мүмкін. Осы жағдайларда, сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары жасалатын шарттармен анықталады.
13.16. Несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін бекіту кезінде Банк тартылған қорлардың құнына, несие нарығындағы мөлшерлемелер деңгейіне, ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің көлеміне, қаржы нарығының конъюнктурасына және баға жасаудың басқа елеулі деректеріне сүйенеді.
13.17. Банк берілген несиелер бойынша міндеттемелерді өз уақытында өтеуді күнделікті бақылайды және мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, оны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес өтеу үшін шаралар қабылдайды.
13.18. Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, төлемақы өсімі) жасалған банктік қарыз шартына сәйкес алынады. Банк осы құжат бекітілгенге дейін жеке тұлғалармен жасалған банктік қарыз шарты бойынша «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңның талаптарына сәйкес төлемақыға (тұрақсыздық айыбына) қайта есептеу жүргізеді. Тұрақсыздық айыбының (айыппұл, төлемақы өсімі) мөлшері, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, соның ішінде ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін, мерзімі өткен әр күн үшін мерзімі өткен төлем сомасынан 0,5, пайыздан аспауы тиіс, банктік қарыз шартының әрекет етуінің әр жылы үшін берілген қарыз сомасынан он пайыздан көп емес.
13.19. Берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектерді өтеген жағдайда, басқасы жасалған шарттың талаптарымен көзделмеген болса, төлем жүргізудің келесі кезектілігі қарастырылады: шарт бойынша орындау үшін алынған Банк ұстаған сомалар (шығындар мен залалдар); тұрақсыздық айыбының сомалары; комиссия сомалары мен басқа төлемдер; мерзімі өткен сыйақы сомалары; мерзімі өткен несие сомалары; Сыйақы сомалары; Несие сомалары.
13.20. Банк несие мониторингін жүргізеді. Несие мониторингінің басты міндеті шынайы ақпарат жинау және оны тұрақты сараптау болып табылады. Банк ақпараттың әр-түрлі көздерін пайдаланады: қаржылық есеп, қарыз алушы контрагенттерінің ақпараттары, басқа қаржы институттардың ақпараттары.
13.21. Қарыздың ағымдағы жағдайы туралы қарыз алушыға ақпаратты ашу
13.21.1. Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк Клиенттің (қарыз алушының) немесе кепіл берушінің сұрауы бойынша («ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңында қарастырылған банктік құпияны жарияламау талаптарын сақтап) сұрау алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жазбаша түрде мәлімет ұсынады, мыналар туралы:
1) Банккке төленген ақша сомасы;
2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болғанда);
3) қарыз қалдығы;
4) кезекті төлемнің көлемі мен мерзімі;
5) несиелеудің лимиті (бар болғанда)
13.21.2. Клиенттің өтініші бойынша Банк үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына бір реттен сирек емес, тегін, жазбаша түрде банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебінен Клиенттің (қарыз алушының) түскен ақшасын бөлу туралы ақпарат ұсынады.
13.21.3. Клиенттің банктік қарыз шарты бойынша берген ақшаны Банкке ішінара немесе толық мерзімінен бұрын қайтаруы туралы өтініші бойынша банк тегін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде оған қайтаруға тиісті соманың көлемі туралы хабарлайды.
13.21.4. Банктік қарыз шартында қарастырылған жағдайда, Банк кезеңділік негізде Клиентке осы Ереженің 13.21.1. тармақшасында қарастырылған мәліметтерді, банктік қарыз шартында қарастырылған тәсілмен ұсынады.
13.21.5. Осы Шарттың 13.21.1-13.21.4 тармақшаларында қарастырылған мәліметтер, негізгі қарыз сомасы, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы және басқа айыппұл санкцияларының түрлері, сондай-ақ төленуге тиісті сомалар көрсетіліп ұсынылады.
13.22. Төлем қабілетсіз Клиенттермен жұмыс жүргізу
13.22.1. Банктік қарыз шартында қарастырылған жағдайда, Банк қарыз алушыны банктік қарыз шартында қарастырылған мерзімде және тәсілмен міндеттемелерді орындаудың мерзімі өткені туралы және шарт бойынша төлем енгізу қажеттігі туралы ескертеді. Тараптардың келісімі бойынша банктік қарыз шартында шарт бойынша кезекті төлемнің күні туралы ескерту мерзімі мен тәсілі қарастырылады.
13.22.2. Банк Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік қарыз шартында белгіленген тәртіпте және негізде берешекті қайтарып алуды жүзеге асырады.
13.22.3. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті қайтару мақсатында Банк Клиентті банктік қарыз шарты бойынша төлем енгізу қажеттігі және Клиенттің өз міндеттемелерін орындамауының зардаптары туралы ескертеді.
13.22.4. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті алу туралы ескертуде банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері туралы Клиент үшін қысқаша ақпарат болуы тиіс (негізгі қарыздың сомасы, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбының басқа түрлері, сондай-ақ басқа да төленуге тиісті сома).
13.22.5. Банктік қарыз шартына қызмет көрсетуге байланысты Клиентке, сондай-ақ қарызды қамтамасыз ету шарт тарабы болып келетін кепіл берушіге, кепілгерге, кепілге алушыға және басқа тұлғаға жергілікті уақытпен сағат 21 бастап 9 дейін ескертулерді тапсыру және еске алуларды жүзеге асыруға (телефонмен қоңырау соғу) болмайды.
13.22.6. Осы Ереженің 13.22.3. тармақшасында көрсетілген ескертуден шығатын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда, Банк Клиентке келесілерді қолданады.
13.22.6.1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың мерзімі өткен жағдайда Банк қарыз алушыны Банктік қарыз шартында қарастырылған тәсілмен Банктік қарыз шарты бойынша төлем енгізу қажеттігін және Қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының зардаптары туралы ескертеді.
13.22.6.2. 13.22.6.1. тармақшада көрсетілген ескертуден шығатын талаптар қанағаттандырылмаған жағдайда Банк қарыз алушыға келесі шараларды қолдануға құқылы:
1) Банктің Уәкілетті органының қарауына қарыз алушыға қатысты шаралар қабылдау туралы мәселе енгізу. Шара қолдану туралы шешімді қабылдау «Альфа-банк» ЕБ АҚ ішкі несие саясаты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2) даусыз тәртіпте (акцептсіз) Қарыз алушының кез-келген банктік шотындағы ақшаны өндіріп алу (егер бұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында келісілген жағдайда) мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін, ҚР ҰБ нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түріндегі алатын ақшалардан басқа.
3) ҚР заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында қарастырылған кез-келген шараларды қолдану, соның ішінде банктік қарыз шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талаппен бару, сондай-ақ соттан тыс («Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР заңында қарастырылған жағдайлардан басқа) немесе сот тәртібінде өндіріп алуды кепілге қойылған мүлікке айналдыру.
4) ҚР заңнамасына сәйкес қарыз алушы-заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа талаппен бару.
13.22.7. Банктік қарыз шарты бойынша (талап етуді беру) құқықты (талапты) үшінші тұлғаға беруге Банктің құқығы Банктік қарыз шартында қарастырылған жағдайда, Банк құқықты (талапты) бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтың (талаптың) толық көлемін көрсетіп, сондай-ақ негізгі қарыздың ағымдағы сомасы және мерзімі өткен соманың қалдығы, сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық айыбы, айыппұл және басқа төленуге тиісті сомалар және құқық (талап) берген банк немесе тұлғаға – қарызды өтеу бойынша бұдан арғы төлемдердің тағайындалуын көрсетіп борышқорды (оның уәкілетті өкілін) жазбаша ескертеді.
13.23. Төлемге қабілетсіз Клиенттердің несие бойынша берешектерінің құрылымын өзгертуді жүргізу тәртібі
13.23.1. Қарыз алушының бизнес бойынша туындаған проблемалары уақытша болған, егер оны өзі шеше алатын жағдайда, Банк қарыз алушының қолдаухаты бойынша құрылымды өзгертуді ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Құрылымды өзгерту туралы шешім қабылдау қарыз алушыдан қажетті құжаттарды, сондай-ақ Банк басқа құжаттарды алғанда: тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындысын, Банк қызметтерінің қорытындысын, соттың шешімі мен анықтамаларын және құрылымды өзгерту туралы шешім қабылдауға әсерін тигізетін басқа құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді. Банк құрылымды өзгерту туралы мәселені қарау процессінде қажетті кеңес беру қызметін көрсетеді, қарыз алушының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша шаралар жасауға қатысады.
13.23.2. Банк құрылымды өзгерту туралы мәселені қарау кезеңінде оны жүргізуден бас тартып және бұл мәселені Банктік тиісті Уәкілетті органның бекітуіне бермеуіне болады. Банк бас тартқан жағдайда, құрылымын өзгертуден бас тартқаны туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға хабарлайды.
13.23.3. Қарыздың құрылымын өзгерту/ ұзарту туралы шешім Бас Несие Комитетінің немесе Банктің проблемалық несие комиссиясының шешімімен қабылданады.
13.23.4. Қажет болғанда Банк банк қарызының құрылымын қайта өзгерту туралы шешім қабылдайды, оған мыналар кіреді:
а) қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе ауыстыру;
б) банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруі;
с) берешекті өтеу мерзімі мен кестесінің өзгеруі;
д) басқалар
13.23.5. Банктік қарыздың құрылымын қайта өзгерту туралы шешім, бұл шара қарыз алушыға оны өтеуін қаматамасыз етуіне мүмкіндік беретін талаппен қабылданады.
13..23.6. Қарыз алушыға құрылымды өзгерту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.
13.23.7. Егер қарыз алушы құрылымды өзгерту талаптарымен келіскен жағдайда, Банк тараптар арасында қол қою үшін, қажетті құжаттарды, шарттарды, оған қосымша келісімдерді дайындауды жүзеге асырады.
13.23.8. Құрылымды өзгерту барлық тараптар қажетті шарттарға, құжаттар мен шарттарға қосымша келісімдерге қол қойғаннан кейін олар тиісті уәкілетті органда тіркелгенде
(қажет болғанда) және бір-біріне наразылықтары болмаған жағдайда аяқталған деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |