(1968).
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір
жолы ретінде қарастыруға болады деген
және бұл басты мақсат та бола алады.
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын
және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен
қарым-қатынас
жасау
маңыздылығын
дамытты, сондай-ақ білім берудің қисын мен
интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтитыны
туралы да өрбітті.
Американдық психолог Карл Роджерс
1960 жылы жарияланған өз эерттеулерін
«жеке тұлғаға бағдарланған» терапияда
қолданды.
Өзін
–өзі
сыйлау
«мен»
тұжырымдамасының
бағалау
және
эмоциялық параметрлеріне
жатады. Ол екі компоненттен тұрады-жеке
тұлғаның пікірінше оның қаншалықты
қабылдағанын
және
бағаланғанын
анықтайтын құндылық компоненті және
жеке тұлға өзін нақты рөлде қабілетті және
құзырлымын
деп
санайтындығын
анықтайтын тиімділік коипоненті (Bandura,
2011)
Бандура
өзіндік
тиімділікті
қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторды
ерекшелейді.
Әлеуметтік –мәдени теорияның негізінде
психолог Лев Выготскийдің жұмысы
жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана,
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет
жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін
жауапты болады.
Лев Выготскийдің айтуына қарағанда,
«Баланың мәдени дамуындағы кез келген
қызмет екі түрлі келбетте сахнаға екі мәрте
шығады: біріншісі-әлеуметтік, содан соң –
психологиялық,
әуелі
интерпсихикалық
санат ретінде адамдар арасында, содан кейін
интрапсихикалық санат ретінде баланың жан
дүниесінде көрініс табады»
Лев Выготскийдің айтуы бойынша,
жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз
бетінше шешкен міндеттердің көмегімен
анықталған өзекті даму деңгейі мен
үлкендердің басшылығымен және анағұрлым
қабілетті жолдастармен бірігіп шешілген
міндеттер арқылы анықталатын болжамды
даму деңгейі арасындағы қашықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |