Алғы сөз Типтік бағдарлама


Жаңа мәдени парадигмалар мен жаңа рухани бағдарлар



бет53/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91
УМКД. Мәдениет

Жаңа мәдени парадигмалар мен жаңа рухани бағдарлар.

  • Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни құндылықтар.

    Киберкеңістікте бүкіл әлем бізге монитор экранынан өте жақын, бірақ ол әлем аудиовизуалды дискурсқа айналған әлем, яғни ол өзінің қолмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырылған әлем. Индивидуалистік жекешілдіктің орнын альтруистік елжандылық, ұлтшылдықтың орнын космополитизм, монологтың орнын диалог алған кезең.


    Бүгінгі заманда ешкім шығарма туындатпайды, жазбайды, барлықтары да мәтін құрастырады. Құрастыру (аннан-мыннан, анадан-мынадан...) – интермәтінділікпен анықталған коллаждық неошығармашылық түрі. Р. Барт “автор өлімі” (айта кететін бір жайт: бұл көп "өлімдер" ішіндегі бір өлім. “Құдай өлімі” – Ницше, “Мәдениет өлімі” – Шпенглер, “Адам өлімі” – М. Фуко және т.б.) туралы айтады. Бұл да жоғары оқу орындарындағы енгізілген жаңашылдық – кредит технологиясындағы лектордың “өлімі” сияқты, метафоралық мәселе. Расында, оқырман туғанда – автор өлмек, өйткені оқырман да, автор сынды, өзіндік белсенділік деңгейін тудырады. Жалпы, "автор өлімі" – шындықты түсіндіретін концептуалды модель ретіндегі мәтінділіктің іргелі мәселесі.
    Виртуалды шындық шындықты имитацияламайды, яғни соған еліктеп, қайталамайды. Виртуалды шындық шындықты симуляциялайды, яғни сол шындыққа ұқсас, бірақ өмірде жоқ өзіндік бір шындықты туындатады. Имитация оның алдында бар нақты модельді қайталайды, ал симуляция жоқтың орнына жүріп, жоқтан барды (ғайыптылықты) жасайды. Симулякр – жоқ көшірменің көшірмесі.
    Біз виртуалды шындықты өзіміздің шындығымызбен салыстырып жалған деп жүрміз. Ал олай болмаса ше? Егер біздің шындық деп жүргеніміздің өзі интернеттің бір арнасы іспеттес виртуалды шындық болып шықса ше?
    Виртуалдық әлем – күнделікті өмір көрініс болып үйреншіктілікке айналды. Виртуалды компьютерлік магазиннен тауар сатып аламыз, үйімізді жобалаймыз, хат жазғандай боламыз, хат алғандай боламыз... Расында, осы бір “сияқтылық” әлемі – "хат сияқты", бірақ олай деуге ауыз бармайды; "кітап сияқты" оқылады, бірақ кітап емес дегендей…. – тым көбейіп кетті. Әлем “сияқтыланып” бара жатқан әлемде адам “сияқтыланып” қалудың өзі қиынға түсетін сияқты.
    Қазіргі заман – мәдениеттен оқу тәжірибесінің кетіп бара жатқан заманы. Мұнда оқу дегеніміз тікелей салиқалы да сарабдал классикалық философиялық-әдеби мәтінді оқумен байланыстырылып отыр. Қазіргі оқу – сезіну, қосыла қобалжу, өз бойыңнан өткізу сынды қасиеттерден ада тек ақпарат қабылдаумен шектелуге жақын күйде деп есептеуге болады. Әйтпесе, бүгінгі таңда да оқу жетеді емес пе – "не жаңалық?" деп құлағы түрік жүретін өсекшідей жапа-тармағай газетке бас салу, "кім кімді өлтірді?" деп (ағылшын тілінде детектив жанрына осы мағынаны беретін сұрау сөйлемінен "who has done it?" қысқартылған "whodonit" – "кім жасады бұны" деген атау берілген) шым-шытырық оқиғаға толы детектив оқуға құмармыз ғой.
    Оқу тәжірибесінің кетуінен оның орнын теледидар мен видеоақпарат алғандықтан кітап мәдени-білімді мінез-құлық қалыптастырудың артқы шебіне кетті. Оқудан қалған адам миының маңызды бөліктерін жаттықтырудан да қалады, қиялдау, сезіну жылдамдығынан, көңіл-күй сергектігінен және ойлау шапшаңдығынан айырылады. Бұл қасиеттер ақыл-ойды жұтатады, оның шығармашылық әлеуетіне зиян әкеледі.
    Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Ақпарат – білім алу емес, ақпарат – білуге мәжбүрлеу болып отыр. С. Жижек өзінің "Интерпассивтілік, немесе Басқаның көмегімен қалайша ләззат алуға болады" (“Интерпассивность или как наслаждаться посредством Другого”) [89] деген еңбегінде интерпассивтілік деген ұғымды енгізеді, сөйтіп, қазіргі әлемде адамдар өзінің тікелей міндеттерін, тіпті, кейде өзінің жауапкершілігін де басқаға жүктейтіндігі туралы айтады. Мысалы, теледидардағы юмористік бағдарламадағы кадрдан тыс күлкінің немесе қол шапалағының естілуі сияқты. Интерпассивтілік – интерактивтіліктің көлеңкесі. Жижек интерпассивтілікті патология деп біледі. Ол субъектіні бастапқыдан-ақ рахаттанудан қорғайтын күй. Мен өзімнің рахат-ләззатымды басқаға жүктеймін. Бұл қазіргі аудиовизуалды мәдениеттің проблемаларынан туындайтын күй.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет