Алгоритмдер жєне деректер структурасы


-15 дәріс. Логикалық программалау



бет14/34
Дата02.01.2022
өлшемі0.74 Mb.
#453425
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
ПРОЛОГ мысалдары

13-15 дәріс. Логикалық программалау.

Дәріс жоспары:



  • Логикалық программалардың түрлері. Олардың тарихы.

  • Пролог тілінің ерекшелігі.

  • Проглог тіліндегі негізгі ұғымдар.

  • Пролог тіліндегі негізгі операциялар.

XX ғасырдың 90 – жылдарынан бастап дүние жүзінде жасанды интеллекті игерген компьютерлердің жобалары құрылған және де олар кейінгі жылдары көп ілгері дамыған. Бұл – компьютерлердің 5 – ұрпағы, олардың аппараттық негізіне өте жоғары деңгейдегі программалау тілдері алынған, бұл тұрғыда дәстүрлі Бейсик тілінің ролін бүгінгі Пролог тілі орындайтын болады, себебі оның мәні мен мүмкіндіктері логикалық программалауды таратуда және де танытуда тым үлкен болып тұр.

ЖИ идеялары адамның жұмысын жеңілдетуге арналған электр-механикалық құрылғылар - зерделі роботтар жұмысы негізіне салынған. ЖИ программалары көбінесе ПРОЛОГ, ЛИСП.

Лисп тілі 1965 жылы американдық профессор Джон Маккарти «жасанды интеллект» пролемалары бойынша зерттеу үшін ойлап тапты. Бұл тілдің ерекшілігі оның негізі болып алгоритмдердің математикалық теориясы және рекурсивті функциялар болуында. Лисп тілінде рекурсивті анықтайтын функциялар ұғымдары негізгі болып табылады. Осы себептен Лисп тілі әмбебап тіл болып есептеледі, себебі кез-келген алгоритм бірнеше рекурсивті функциялардың жинағы ретінде сипатталуы мүмкін. Бұл жағдай ЭЕМ күрделі алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеуге, сонымен қатар адамдардың интеллектуальдық қызметерін модельдеуге модельдеуге мүмкіндік береді.

Пролог – логикалық программалау тілі (logic programming language), XX ғасырдың 70 – жылдары компьютерде жасанды интеллект жүйесін, яғни, сарапшылық жүйе, аудармашы – программа, интеллектуалдық ойындар тағы сол сияқты құруға арналған. Дәлдеп айтқанда Пролог 1972 жылы Францияда «жасанды интеллект» проблемаларын зерттеу бойынша құрылды. Осы тілдің ұғымдары мен принциптері математикалық логика ұғымдарына және «жасанды интеллектіні» зерттеу бойынша жасалған теоремаларды автоматты түрде дәлелдеу аппаратына негізделген. Сондықтан да Пролог тілі формальды түрде әртүрлі бекітілімдерді, ойқорыту ережелерін сипаттауға мүмкіндік береді және ЭЕМ-ді ойқорытуға және берілген сұрақтарға жауап беруге көндіреді.

Пролог тілінің негізі білімнің логикалық моделіне негізделген, өзі логикалық программалау тілдерінің тобына жатады және де дәстүрлі программалау тілдерімен салыстырғанда, атап айтқанда Бейсик, Фортран, Паскаль, Си, біраз ерекшеліктерімен оқшауланады:


  • Пролог тілінде программа алгоритм болмайды, ол есеп шарттарын формальды логика тілінде жазады.

  • Пролог тілі есептеуге немесе графикалық есептерді шығаруға арналған, ол логикалық есептерді шығаруға, адамның логикалық ойлау процесін модельдеуге арналған; Пролог тілінде есептеулер және де графиктік салулар логикалық қорытындылаудың туынды өнімі ретінде орындалады.

  • Пролог тілі программисттің ойлау қабілетінің ерекше түрін қажет етеді. Сондықтан процедуралық программалауды үйренген программист оқып – үйренуде қиындықтарға ұшырайды, программистер бұл тілге ауысуға асықпайды, осыған байланысты Пролог тілі кең тарай алмай отыр, алайда көп елдерде ( Япония, Англия, Франция, Германия, Израиль) білім беру саласында Пролог тілін іс – тәжірибеде программалаудың бірінші оқып – үйрену тілі ретінде пайдалану кеңінен тарап келеді және де ол Паскаль сияқты процедуралық тілдерге ауысуда қиындықтар туғызбайды.

Міне, осындай ерекшеліктер Пролог тілін бүгінгі таңдағы ең жоғары деңгейдегі тілдерге жатқызуға мүмкіндік береді.

Пролог тілін оқып – үйренуде математикалық логиканы және де онда пайдаланылатын ұғымдық жүйені алдын – ала оқып – үйрену көп септігін тигізеді.

Пролог тілінде программалау төмендегі кезеңдерді қамтиды:


  1. объектілер және де олардың арасындағы қатынастар туралы дәйектерді хабарлау.

  2. объектілер және де олардың арасындағы қатынастардың өзара байланысу ережелерін анықтау.

  3. объектілер және де олардың арасындағы қатынастар туралы сұрақтарды тұжырымдау.

Компьютерлер үшін Пролог тілінде программалау жүйесі латын әріптерін пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан орыс алфавитіндегі әріптер пайдаланылмайды. Алайда практикалық жұмыста жүйенің мәні анық болу үшін орыс тіліндегі есімдерді жазуда латын әріптерімен ауыстыру ұсынылады.

4. Пролог тіліндегі негізгі ұғымдар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет