Алиев Сұлтанбек Оразалиевич Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылы



Дата17.07.2016
өлшемі51.65 Kb.
#205004
түріСабақ
Алиев Сұлтанбек Оразалиевич

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы Қарасу ауылы

83 А. Байтұрсынов атындағы



жалпы орта мектебінің

денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Имандылық жарасады ұл-қызға».

Мақсаты:  

1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру.


2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, нақыл сөздер, техникалық құралдар, гүл,  шарлар.          

Түрі: өнеге  сағаты

Әдісі: СТО, баяндау



Сабақ барысы

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.  Музыка ойнап тұрады.

-Әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

  - Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

 Атадан жақсы ұл туса,



Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Имандылық жарасады ұл-қызға» атты тәрбиелік шарамызды  бастаймыз.

   


- Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
Ән «Аллаға шүкір»- Көкен Жансая, Абдрахманова Сауле

Топтастыру стратегиясы – Имандылық қасиеттер

       Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады.

 Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

 Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

 «Ой қозғау» . Ұлдарға сұрақ:

 1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті) 2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай  кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

 3. Қызға қандай қылық жараспайды?  

(ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)

 4. Қыздарға арнап мақал айт

( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, 

       қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

     Қыздарға сұрақ:



  1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні  сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

 

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?



    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет 

    етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  

    ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

  «Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.



ҮІІІ. Қорытынды

«Ой қорыту»

Мұғалім. Сонымен балалар, бүгінгі тәрбие шрамыздан не түйдік?

 Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа  баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді.

Сонымен,  иманды ұл мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек?

Топтастыру          

 

             Иманды ұл                                       Инабатты қыз



 

Тәртіпті                                                               ибалы                             

қайырымды                                                        сыпайы

әдепті                                                                  биязы

адамгершілігі мол                                              кішіпейіл

Көрермендерге тапсырма. 

Жүректен жүрекке.

 –Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына   қойыңыздар.



Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.

Тәрбие сағатымыз аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет