Alikhan Bokeikhan University Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары Орындаған: Берікбаева Дина Тексерген: Рахметуллин Аман Жоспары



Дата21.09.2023
өлшемі30.58 Kb.
#478174
Alikhan Bokeikhan University



Alikhan Bokeikhan University

Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары
Орындаған: Берікбаева Дина
Тексерген:Рахметуллин Аман

Жоспары:



  1. Платон қоғамды бөлуі

  2. Аристотельдің мемлекеттік саясатты дұрыс және бұрыс формаға бөлуі

  3. Қорытынды

  4. Пайданылған әдебиеттер тізімі

Батыс елдер ішінде саяси идеялар ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдер мен салыстырғанда онда көп жағдайда қарама – қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып қалған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократиялық орын алды. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар өте көп. Олардың ішінде ең көрнекті Платон мен Аристотель.




Платон (б.з.б. 427 – 347 жж. Шын аты - Аристокл Платон атақты фәлсафашы Сократтың шәкірті Платонның 200 ден астам еңбектері бар . Олардың ішінде саясаттану ғылымына қатысы бар шығармалар «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид».

Платон қоғамды үш сословиеге бөлді:


Әкімдер – (Әкімдерге – фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып – білуге қабілетті, икемді болуы керек)

Қорғаушылар – ( Қорғаушылар – олар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.


Өндірушілер – (Өндірушілер – өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды.

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:


1.Тирания
2.Аристократия
3.Олигархия
4.Тимократия
5.Демократия

Осылардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақылестілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік ар – намыс деп санады. Платонның ойынша адамдар қажеттіліктерін жеке - дара өтей алмайды. Олар бірігудің арқасында ғана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болды.


Ежелгі грек философы Аристотельдің түсінігінде мемлекет отбасы секілді табиғи даму нәтижесінде пайда болған. Отбасы мен ауылдар – адамдардың өзара араласуының алғашқы формасы. Мемлекет – араласудың жоғары формасы. Адам – саяси жануар және ол өзінің дамуын мемлекетке келіп тоқтатады. Ғалымның айтуынша, мұндай деңгейге барлық халықтар жете қойған жоқ. Мәселен, варварлар өмірдің саяси формасын жасауға қабілетсіз, өйткені олардың адами табиғаты жеткілікті деңгейде дамымаған еді. Платонның идеалды мемлекет туралы жобасымен келіспеген Аристотель саяси құрылымдар түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынды. Ол

мемлекеттің 3 дұрыс және 3 бұрыс түрін ерекшеледі. Аристотельдің мемлекеттерді дұрыс және бұрыс деп анықтау қағидасы адамдарға бақыт сыйлау үшін мемлекетке не қажет екендігіне негізделген. Мемлекетте заңдар болады және ол заңдарды билік мемлекет пен оның азаматтарын қорғау үшін пайдалануы тиіс. Ал азамат болуы үшін бірқатар азаматтық құқықтарға ие болып, өзі тұратын елдегі мемлекеттік құрылымның негізгі қызметтерін атқаруы қажет, яғни заң шығару, әкімшілік және сот қызметтерінде жұмыс істеп, мемлекетте бекітілген құдайға сыйыну.

Аристотель


Дұрыс: Бұрыс:
Монархия Тирания
Аристократия Олигархия
Полития Демократия

Дұрыс- Аристотель дұрыс мемлекеттерге монархияны, аристократияны және политияны (республика) жатқызды. Оларды салыстырмалы түрде бағалай отырып, ол ең дұрыс мемлекеттік құрылым осы үш элемент үйлесім тапқанда ғана жүзеге асады деп қорытынды жасаған. Шектен шыққан жағдайда дұрыс мемлекет бұрыс мемлекетке, яғни монархия – тиранияға, қол астындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, аристократия – олигархияға, полития – демократияға айналады. Өзі атаған 3 дұрыс мемлекеттің ішінен Аристотель политияны ең дұрысы деп санады. Бұл форма – басқа түрлердің тек жақсы жақтарын алған және екі шектің ортасында тұр

Бұрыс:
Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр (охлос) басып алатын жағдайлар да болады. Тирания – мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия – аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия – кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі.

Қорытынды:


Мемлекеттің дұрыс және бұрыс түрлері – ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің «Саясат» еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның «Мінсіз мемлекет» ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің «шексіз жақсы» үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, әйел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс және бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай (біреу ме, бірнешеу ме, әлде, көпшілік пе) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: 1) монархия (бір адамның билігі); 2) аристократия (азшылықтың билігі); 3) полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон «мінсіз мемлекетті» іздеді, ал Аристотель шынайлыққа бір табан жақын тұрып, «ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға» келісті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Аристотель «Политика. Афинская полития». Москва. Мысль.1997

  2. Матяш Т.П, Матяш Д.В, Несмеянов Е.Е. «Актуальны ли мысли Аристотеля о «хорошем» обществе» Гуманитарные и социально


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет