Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ай неге жалаңаш қалды?
Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да, көйлекті тігуге кіріседі. Уәделескен күні Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
Иә, мен қателескен екенмін, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да Айға көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екенмін ғой, - деп ойлапты Айдың толыса
беретінін түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
Бірде Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түндігінен аспанда келе жатқан топ-толық, өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Ол не істерін білмей, басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай тігіншіні ары іздеп, бері іздеп, таба алмай қалады. Содан бері Ай көйлексіз, жалаңаш қалыпты.
Берілген сілтеме арқылы (youtube.com/watch?v=ZjX4A57DIrc) «Ай мен тігінші» мультфильмін мұқият тамашала. Мультфильм мен мәтінді салыстыр. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
|