Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып


Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту



бет31/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Оқу мақсаты




3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.


Бірде әл-Фараби Бағдат қаласы әмірінің сарайына барыпты. Ол жерде ғалымдар, әкімдер, өнерпаздар көп жиналған екен. Әл-Фараби елеусіз бір шетке барып отыра қалады да, өзі жасаған домбырасымен бір көңілді күй тартады. Күйді естіген адамдар мәз-мейрам болады. Әл-Фараби басқа бір қайғылы күй тартса, әлгі адамдар қамығып жылай бастайды. Осыдан кейін ол бір баяу күйді тартқанда сарайда отырғандар түгел ұйықтап қалыпты.

Фараби «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де таба алмапты.





  • Әл-Фараби кім?

  • Мәтіннен Әл-Фарабидің қарапайым адам екенін көрсететін тұсты тауып оқы.

  • Әл-Фарабидің тартқан күйлері көпшілікке қалай әсер етті?

  • Халықты өнерімен таңдандырған тағы қандай адамдарды білесің?

  • «Өнер» дегенді қалай түсінесің? Өнер туралы ой қорытып айт. Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.


Дескриптор


Білім алушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

  • берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады;

  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді орынды қолданады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет