Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет19/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

Көктемдік жанаргүл Сарғалдақтар тұқымдасы.
Adonis vernalis J. Ranunculaceae


Сипаттама. Биіктігі жарты метрге дейін жететін, жуандау келген коңырқай -қара тамыр сабағы бар көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары жіңішке әрі қалың, төмендегілері кезектесіп орналасқан. Сабақтарының бұтақтары көп, сырты тегіс, түп жағындағы жапырақтары кабыршақ сықылды қонырқай болып келеді. Гүл жапырақтарының саны 14-20, гүл шеңбері ірі 5 см-ге дейін жетеді. Гүл төстағаншасының жапырақшалары 5.
Бұл өсімдік сәуір айында, ормаңды аймақтардың шетінде, далалы жерлерде өсіп, дөңгелектене біткен ашық-сары гүлдерін шаш гүлдейді.
Таралуы. Қазақстанда жалпы сыртыңа тырауларында, Каспий өзенінің жағалауларында өседі. Сонымен бірге, Ресейдің европалық белігінде, Кавказда, Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Батыс Европада, Жерорта теңізінде, Кіші Азияда, Қытайда, Солтүстік Америкада ұшырасады.
Дайындалуы. Көктемдік жанаргүлдің жер үстіндегі бөлігін, үлiн /Нerba
Adonidis vernalis/ сәуір айында гүлдегеннен бастап, шілде айының басында тұқымы
шашылғанға дейін жинайды. Өсімдікті пышақпен кесіп оракпен орып алады.
Тамырымен жұлуға болмайды, өйткені одан өсімдіктің біржола жойылып кетуі
мүмкін. Орылып алынған өсімдікті жел кағатын жерде, көлеңкеде дереу кептіріп
алу қажет. Дайындалған шикізат кұрғақ бөлмеде, кағазға оралып, ағаш жәшікте
сақталады.
Химиялық құрам. Өсімдіктің жер үстіндегі органдарының құрамында 0,06 -0,21 %-ке дейін жүрек гликозидтері болады. Карденолидтердің құрамына строфан, тилин, адонитоксин, ауонизин кіреді.
Бұлардан басқа шикізаттың бойында көмірсулар, органикалық қышқылдар стероидтар (фитостерин), азоты қосылыстар (холин), С витамині, илік заттар 1,25-4,58 %, флавоноидтар, бензохинондар, жоғарғы алифатты көмірсулар, спирттер кездеседі.
Қолданылуы. Жанаргүлдің препараттарын жүректің созылмалы жетімсіздігінде, жүрек неврозында пайдаланады.
Дәрі-дәрмектер. Құрғак экстракты, «Адонисбром», Бехтерев жазбасы бойынша микстураның құрамына кіреді.
Сақталу мерзімі 6 ай немесе 1 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет