Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет24/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

Ниппон диоскореясы Дискореялар түқымдасы
Dioscorea nipponica Dioscoreuccai
Makino
Сипаттама. Диоскорея туысына жататын, ұзындығы 4 м-ге дейін жететін, көпжылдық шөптектес шырмауық. Көлденең жатқан тамыршасы бар. Сабағы жалаңаш, шөптектес, жіңішке, жұқа болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша, сағақты, ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Гүлдері майда, сарғыш-жасыл түсті, шашақталып орналасқан. Жемісі үш ұялы қауашаң, ұзындығы 2,5 см-ге дейін болады. Тұқымы жалпақ, қанатшалары бар. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Мәуесі тамы-қыркүйекте піседі.
Таралуы. Қиыр Шыгыста (Приморск, Хабаровск өлкесінде) таралган. Қытай, Корея, Жапония елдерінде кездеседі.
Дайындалуы. Дәрілік мақсатта тамыры мен тамырсабағын (Rhizomata et radices Dioscoreal) жемісі піскен кезінде, күз айларында жинап алады. Қазып алынған тамырдың сабағынан және бөліктерден тазартып алып оны 10 см-дей етіп кесіп бөлшектейді. Кептірілген күйіңде немесе жаңа тамырды қабылдау пунктіне өткізуге болады. Кептіргіштерде 60°С температурада кептіруге де болады.
Сыртқы белгілер. Тамырдың кесінділері ұзындығы 3 см-дей, шеңбері 3 см-дей цилиндр тәрізді тармақталған, майсыңқы келген, беті әжімделген. Түсі ақшыл-сұр. Иісі әлсіз, дәмі ащы, күйдіргіш болып келеді.
Химиялық құрам. Тамыры мен тамырсабағында сапониндер 8 %, диосцин, диосгенин 0,5 % - 1,26 %, грацилин, кукубо сапонин, микро-макро элементтер бар.





Қолданылуы. Тамырынан жасалған дәрілер қан қысымының жоғарылауына байланысты болатын атеросклероз ауруларына қолданады. Олар холестеринің организмдегі мөлшерін төмендету арқылы оның артерия сосудтарын да мөлшерін азайтып, осы арқылы аурудың қан қысымың төмендетіп, жағдайын, көңіл-күйін жақсартады.
Дәрі-дәрмектер. Полиспонин.
ҮШТЕРПЕНДІ САПОНИНДЕР
Үштерпенді сапониндер пентациклді терпеноидтар. Олар төрт типке жатады: бета-амирин, гама-амирин, лупеол, фриделин және дамаран.






Қос байланыс көбінесе және 13 көміртек атомында кездеседі. Сапогениннің құрамында әр түрлі функциональдық топшаларын кездесу мүмкін. Мәселен: глицерретин қышқылында гидросил тобы үшінші (С-3), онбірінші (С-11) оттегі, карбоксил отызыншы көміртек атомыңда болады. Сапониннің молекуласында мыңшақты моносахаридтер: Д-галактоза, Д-глюкоза, Д-ксилоза, Д-глюкурон, Д-галактурон қышқылдары және альфа рамноза ұшырасуы ықтимал.
Үштерпеңді сапониндер аморфты заттар, анық балқу температурасы болмайды.
Үштерпенді сапониндер нейтральдық және қышқыл қосылыстар болуы мүмкін. Көптеген сапониндер, белоктар, липидтер, стеариндер, танинмен молекулалық комплекстерді түзеді.
Өсінді шикізаттан үштерпенді сапониндер сұйықталған этанол және метанолмен алынады. Алдын ала, майлы, бояу заттарды алып тастау үшін шикізатты петролей эфир, хлороформмен өңдейді.
Үштерпенді сапониндер көбінесе аралиялар (Araliaceal), бұршақтар (Fabaceal), тауқалақайлар (Jamiaceal), көкшегүлдер (Polymoniaceal) полигалалар (Polygolaceal), наурызшешектер (Primulaceal) тұқымдастарға жататын өсімдік түрлерінде ұшырасады.
Үштерпенді сапониндер организмге гормондар сияқты әсерін көрсетеді. Мысалы миясын т.б. өсімдіктердің сапониндерге күшті эстрогендік қасиеті болады. Медицинада күш-жігерді қалпына келтіруге, қақырық түсіргіш, зәр айдағыш, бүйрек ауруларында қолданады.
Өнеркәсіпте, халық шаруашылығыңда құрамында үштерпенді гликозидтер бар өсімдіктердің маңызы өте зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет