Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


§ 4. Патент жүйесiн қалыптастыратын халықаралық құқық органдары



бет109/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   141
annotation9411

§ 4. Патент жүйесiн қалыптастыратын халықаралық құқық органдары
Интеллектуалдық меншiктi қорғау саласында халықаралық деңгейдегi ең негiзгi институт және бiрқатар ұйымдар бар. Негiзгi халықаралық ұйымдар Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы (БИМҰ) және Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ) болып табылады. Аймақтық ұйымдар арасында Еуропалық Одақ маңызды орын алады. Бұл ұйымдар өте маңызды қызмет атқарады. БИМҰ және БСҰ интеллектуалдық меншiктi қорғау саласындағы негiзгi халықаралық шарттарды жасау мен қайта құру үшiн жауап бередi. Олар мұндай шарттарды жасап қана қоймай, кейбiр жағдайларда олардың күштеп орындалуын жүзеге асырады. Еуропалық Одақ тауар таңбалары жөнiндегi аймақтық бюро ашып, қазiргi уақытта тауар таңбалары туралы аймақтық заңнама жасаумен шұғылданады1.
Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы (БИМҰ).
Интеллектуалдық меншiктi қорғау саласындағы халықаралық әрiптестiктiң қажеттi бөлiгi БИМҰ қызметiне қатысу болып табылады2.
Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы – интеллектуалдық меншiк мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдардың ежелгiсi және iрiсi. БИМҰ тарихы 1883 жылдан басталады. Яғни, бұл ұйымның құрылу тарихы ХIХ ғ. аяғында «Өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы» мен «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенцияларын» жүзеге асыру үшiн құрылған құрылымдарының қосылу кезеңiне жатады. 14 мемлекет қатысқан Париж конвенциясы 1884 жылы күшiне ендi. Оның ережелерiне сәйкес мүше мемлекеттердiң мәжiлiстерiн ұйымдастыру сияқты әкiмшiлiк мiндеттердi орындау үшiн Халықаралық бюро құрылды. 1886 жылы халықаралық құқық және онымен бiрге Берн ковенциясы пайда болды. Берн конвенциясы шеңберiнде әкiмшiлiк мiндеттердi орындау үшiн де Халықаралық бюро құрылды. 1893 жылы бұл екi шағын бюро Интеллектуалдық меншiктi қорғау жөнiндегi бiрiккен халықаралық бюро деп аталатын бiр халықаралық ұйымға бiрiктi (бұл ұйым француз тiлiнде қысқартылған нұсқасымен белгiлi – БИРПИ). Швейцарияның Берн қаласында орналасқан штаб-пәтері бар, жетi адамнан тұратын бұл кiшiгiрiм ұйым бүгiнгi Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымының алғашқы бейнесi болды.
1967 жылдың 14 шiлдесiнде Стокгольмде Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымын қалыптастыратын конвенцияға қол қойылды. Онда ұйымның мақсаттары, қызметтерi, құрылымы және ондағы меншiк анықталды. 1974 жылдан бастап БИМҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
БИМҰ құратын конвенция 4 түрлi органның құрылуын көздейдi: Бас Ассамблея, Конференция, Координациялық комитет және БИМҰ Халықаралық бюросы.
БИМҰ құрылымында ұйымның хатшылығы болып табылатын Халықаралық бюромен қатар, Патенттiк ақпарат жөнiндегi тұрақты комитет (ПАТК) пен Патенттiк құжаттама орталығы әрекет етедi.
ПАТК ақпараттық iздеу саласында қызметтестiк жөнiндегi халықаралық комитеттiң мирасқоры ретiнде 1977 жылдың қазан айында құрылды. ПАТК-да 4 жұмыс тобы әрекет етедi: жоспарлау, дамушы елдерге арналған патенттiк ақпарат, жалпы ақпарат және iздеу ақпараттық бөлiмдерi. ПАТК БИМҰ қатысушы мемлекеттер арасында патенттiк ақпаратқа қатысты мәселелер бойынша қызметтестiктi ұйымдастырады. ПАТК келесi бағыттарда жұмыс атқарады:
1) патенттiк ақпарат саласында БИМҰ-ға қатысушы мемле-кеттердiң патент ведомстволары қызметiн стандарттау;
2) патенттiк ақпарат саласында автоматизация;
3) патенттiк құжаттама iздеу қорын ұйымдастыру және сақтау;
4) өнеркәсiптiк меншiк саласында статистикалық мәлiмет-тердi жинау, өңдеу және тарату.
Қазiргi кезде штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан БИМҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жүйесiнде 16 мамандандырылған мекемелерiнiң бiрi болып саналады. Ол интеллектуалдық меншiктi қорғаудың әр түрлi аспектiлерiне қатысты 23 халықаралық шарттың әкiмшiлiк қызметтерiн жүзеге асырады. 182 мемлекет Ұйымның мүше – мемлекеттерi болып табылады. Бұл бүкiл әлемдегi мемлекеттердiң 90 пайызын құрайды, ұйым қызметiнiң айрықша маңыздылығы мен мәндiлiгiн көрсетедi1.
Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ)
Бүкiләлемдiк сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер мен сауда жөнiндегi Бас келiсiмдi жетiлдiру туралы көп жақты келiссөз-дердiң нәтижесiнде құрылды. Бұл келiсiм еркiн сауда дамуында маңызды орын алады. Бiрақ оның ережелерi қызметтердi сату туралы және интеллектуалдық меншiктi алу туралы мәселелердi қамтымайды. Оған қоса ГАТТ шеңберiнде оның ережелерiн күштеп орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын2.
1986 жылдан 1994 жылға дейiн созылған халықаралық келi-сiмдердiң Уругвай раунды БСҰ-ның құрылуы туралы келiсiм де, өзге келiсiмдер де кiрген Қорытынды актiнi қабылдаумен аяқталды. Қорытынды актiге кiрген тағы бiр келiсiм – интеллектуалдық меншiк құқытарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiм (Trade Related Aspects of Intellectual Property Rights – TRIPS). Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi келiсiм – ТРИПС – мемлекеттiң интеллектуалдық меншiк жөнiндегi негiзгi халықаралық шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етiлетiндей оның қор-ғалуының деңгейiн қамтамасыз ету дайындығы және ең бастысы, шарттық мiндеттеменi күштеп орындаудың тиiмдi механизм-дерiн қолдану БСҰ-ға мүшелiктiң талаптарын көрсететiн ере-желерi бар.
Заң жобасы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасында селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Интегралды микротәсiмдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының бiрнеше заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көз-дейдi.
Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншiк объектi-лерiнiң қажеттi деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi жөнiндегi БСҰ Келiсiмiне сәйкестендiрiлуiн талап ететiн Бүкiләлемдiк сауда ұйымына енуге дайындалуына байланысты жасалды.
Заң жобасы әрекеттегi заңдардың негiзгi қағидаларын сақтай отырып, оларды бiздiң мемлекетiмiз соңғы жылдары жасасқан «Таңбаларды тiркеу үшiн тауарлар мен қызметтердi халық-аралық классификациялау туралы» Ницце келiсiмi, «Халықаралық патенттiк классификациялау туралы» Страсбург келiсiмi т.б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендiредi.
«Қазақстан Республикасындағы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» және «Интегралды микротәсiмдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңдарына енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар әрекеттегi нормалардың бiрқатар ережелерiн нақтылайды, құқықтық әрекеттiң шекараларын анықтап, олардың бiр мәндi емес талқы-лануына жол бермейдi.
Заң жобасы елiмiздiң заңнамасының өзгерiстерiн, сонымен қатар, аталған заңдардың интеллектуалдық меншiк объектi-лерiне қорғау беру тәжiрибесiнде қолданылуын ескередi және жұмыс iстемейтiн ережелердi жою мен неғұрлым жаңа реттеу механизмдерiн енгiзуге бағытталған.
Бүкiләлемдiк зияткерлік меншiк ұйымы мен Бүкiләлемдiк сауда ұйымы арасындағы байланыстар.
Бүкiләлемдiк сауда ұйымы (БСҰ) ГАТТ шеңберiндегi көп жақты сауда келiссөздерiнiң Уругвай раундының сәттi аяқталуы нәтижесiнде 1994 жылдың 15 сәуiрiнде құрылды. 1995 жылдың 1 қантарында күшiне енген Интеллектуалдық меншiк құқықтарының сауда аспектiлерi туралы келiсiм (ТРИПС) сол кезде жасалған келiсiм болып табылады. ТРИПС келiсiмi интеллектуалдық меншiк құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа кезеңдi белгiледi, сонымен қатар БИМҰ жұмысы бағдарламасының маңыздылығын арттырды. ТРИПС келi-сiмiнiң авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға, патенттерге, тауар таңбаларына, өнеркәсiптiк үлгiлерге және интегралды микротәсiмдер топологиясына қатысты ережелерi БИМҰ хатшылығы және оның алдында болған ұйымдары 100 жыл бойы қызмет көрсеткен халықаралық шарттар мен конвенцияларды тiкелей толықтырады.
1995 жылдың 1 қантарынан бастап Бүкiләлемдiк интеллектуалдық меншiк ұйымы мен Бүкiләлемдiк сауда ұйымы арасындағы келiсiм күшiне ендi. Келiсiм ТРИПС келiсiмiн жүзеге асыруда, атап айтқанда, заңдар мен ережелер туралы ескертулер, дамушы мемлекеттер мүддесiне құқықтық-техникалық көмек көрсету және техникалық қызметтестiктi жүзеге асыру нысандарында қызметтестiкке бағытталған.
Еуропалық Одақ
Еуропалық Одаққа ұзақ мерзiм бойы интеллектуалдық меншiктi қорғаудың мықты жүйесi әрекет ететiн мемлекеттер кiредi. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер мен Еуропалық Одақ басқарушы органдары интеллектуалдық меншiктi қорғау саясатында мына мақсаттарды алға қояды:
1) интеллектуалдық меншiктi қорғауды күшейту;
2) интеллектуалдық меншiкке құқықтың адал емес бәсеке-лестiкте қолданылуының алдын алу;
3) интеллектуалдық меншiк туралы заңнаманы үйлестiру;
4) тауар таңбаларымен айналысатын ұлттық патенттiк қызметтер мен құрылымдардың күштерiн қайталау деңгейiн төмендету.
Бұл мақсаттарға жету үшiн Еуропалық Одақ бiрқатар механизмдер қолданады:
1) мiндеттi директиваларды жариялау;
2) негiзгi халықаралық ұйымдар жұмысы мен шарттарын да-йындауға қатысу;
3) Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерi үшiн қосылу шарт-тарын дайындау (кейбiр жағдайларда басқа мемлекеттер үшiн де ашық);
4) жеке институттарды, атап айтқанда, Еуропалық патенттiк бюро мен Тауар таңбалары жөнiндегi Еуропалық бюроны құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет