«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№33 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры Смагулова А.О.
Үйірме атауы: Бес тас
Жетекшісі: Ахметова Ә.А.
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат Үйірме бағыты: Ұлтық ойын түрлері
Тәрбие бағыты: Бес асық ойынының түрлерін үйрету арқылы эстетикалық, патриоттық, мәдени тәрбие беру.
Мақсаты: Ұлттық бес асық ойынын жандандырып, жоғарғы деңгейде оқушыларды қалыптастыру. Шығармашылық, ізденімпаздық, ойлау қаситтерін дамыту, шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуді қалыптастыру. Бес асық ойынын жоғарғы деңгейде меңгертіп, ойлау стилі мен рухани мәдениеті қалыптасқан, спорт саласында - эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп, даярлау.
Міндеті: Мектеп базасында дене тәрбиесі сабағында алған білімдерін шыңдап, шеберліктерін қосымша білім беру арқылы әрі қарай дамыту. Оқушының дарынын ашу. Бес асық ойынын жетік меңгере алатын тұлға қалыптастыру. Жоспарда бес асық ойынының жүрістері, ойнау деңгейлігі көрсетілген. Жоспар базалық оқулықтар мен қатар көптеген әдебиеттерден, методикалық журналдардағы қажетті мағұлматтардан жасақталған. Қазіргі ұрпақтың санасынан алыстап бара жатқан бабаларымыздың ұлттық ойын түрлерін әсіресе бес асық ойынын жандандыру басты міндет болып табылады. Спортқа деген қасиет - оқушының бойындағы сана белсенділігі, таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. Бірақ бала бойындағы қабілет, дарындылық қасиетінің тұқым
қуалаушылық та болуы мүмкін. Ата - бабаның дарын қасиеті ұрпақтан - ұрпаққа берілетіні - өмір ақиқаты. Дегенмен де, спортқа деген дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған белгілі бір факторлар ықпал жасайды.
мектеп өмірі
мектептегі оқыту мен тәрбие жұмысы
оқушылар мен мұғалімі арасындағы қарым қатынас
отбасы жағдайы
физиологиялық даму үрдісі
білімнің беру сапасы
сайыстырға, жастарға қатысу
баланы үнемі қызықтырып отыру
жеткен жетістіктері арқылы мадақтап отыру, өз күшіне сендіру Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы
мақсат мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжіриебесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұлттық ойын түрлері
қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы ұлттық ойын түрлерін оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер
тартады. Осыған орай, мектептен тыс жұмыс орталығында мектеп
оқушыларының ұлттық ойын түрлерінен білімін тереңдету, толықтыру үшін " Бес асық" үйірмесі енгізілді.
" Бес асық " үйірмесінің бағдарламасы жыл бойына 216 сағатқа,
аптасына 6 сағат, орта сыныптардың оқушылары үшін жасақталған. Бағдарлама көнеден келе жатырған бес асық ойынын зерттеп, жаңа әдістері қолдана отырып меңгерту көзделеді.
Сонымен қатар мектепшілік үйірме жұмысына арналған жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттық бағдарлама қарастырылған
Достарыңызбен бөлісу: |