Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызыл суат ауылы



Дата12.06.2016
өлшемі52.78 Kb.
#129164
Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қызыл суат ауылы

№39 негізгі мектеп

Тілдер мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара тақырыбы

«Тәрбие басы-тіл»

Орындаған: Кыдыралина Н.Н.

2014-2015 оқу жылы

«Тәрбие басы-тіл» атты сайыс

Мақсаты: мемлекеттік тілді жақсы меңгерген анықтау, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін білетін оқушыларды анықтау.

Тәрбиелік: елінің тарихына қызуғушылық тудыру

Дамытушылық: Ойын нақты жеткізе білу, тапқыр сөйлеу, салмақты ой айтуға үйрету.

Сайысқа екі топ қатысып,4 адамнан құралады(6-9 сынып).

Мұғалім: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар!Сіздерді елімізде өтіп жатқан тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Тіл мерекесі –барша қазақстандықтар үшін маңызды әрі мәні бар айтулы мереке.

Тіл қай ұлтта , қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Бүгінгі сайысымыз ХІ ғасырда өмір сүрген «Диуани лұғат ат-түрк» кітабының авторы М. Қашқаридің ұлағатты сөзі «Тәрбие басы-тіл» деп аталады.

Ана тілім-арайлы шапағатым,

Ана тілім –сәнім мен салтанатым.

Ана тілім –таудағы таза бұлақ,

Ана тілім-Мәңгілік махаббатым.

Ана тілім-қазағым, қазақ тілім.

Ендеше «Тәрбие басы» –тіл атты сайысымыз ашық деп жариялаймыз..

Әрине осы сайысымызды бағалайтын әділ-қазылар алқасы бар:

Қазақ тілінің мамандары: Өздембекова А.К., Сулейменова К.Ш., т.б. Президентіміз жыл сайын халыққа арналған жолдауында « Елді дамыту жоспары бойынша 2020 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгерген болады». Қане екі топ шығып, ортаға өздерін таныстырса

1 кезең.Таныстыру

2 кезең. «Тапқырлық» берілген мақалада жасырын сөзді тауып, оның 3 нұсқасы берілген.Содан кейін мақалды жалғастыру. 3 ұпай дұрыс жауапқа


  1. тіл тас жарады, тас жармаса нені жарады

а) сөз

б) бас


с) сүйекті

2. шебердің қолы ортақ, шешеннің несі ортақ

А) қаламы

б) парағы

с) тілі

3. Не қылыштан өткір?



А) пышақ

Б) тіл


С) балта

4. НЕ көтермегенді, тіл көтереді?

А) піл

Б) жылқы


С) кран

5. Тілден артық не жоқ

А) байлық

Б) қазына

С)ешкім

6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі .... өсіреді



А) ой

Б) ми


С) шаш

7. Айтылған сөз атылған немен тен

А) қарумен

Б) оқпен


С) баллонмен

8. Жылы –жылы сөйлесең не інінен шығады?

А) тышқан

Б) жолбарыс

С) жылан

9. Басқа пәле

А) сөзден

Б) тілден

С) ойдан

10. Тілге құрмет кімге құрмет

А) кітапқа

Б) елге


С) көршіге

Әділ қазылар Таныстыру мен тапқырлық кезеңін бағалау1,2 кезең бойынша



3. кезең.Қазақ халқының тілі әдеби өрнектерге толы бай тіл. Туған тілін білу, туған елінің тарихын, мәдениетін, салт дәстүрін білу жас ұрпақтың азаматтық борышы. Капитандар сайысы: сіздерге сұрақ қойылады, жауап бересіз, оның жауабын 5 ұпай толық жауапқа беріледі.

І топ. Нағашы деген кім?

Тұсау кесу деген не?

Ұлттық киімдерді ата

Бет ашар туралы не білесің

Ұлттық ойындарды ата

Ораза деген не?



ІІ топ. Құда, құдағи дегендер кімдер?

Қымыз қалай жасалады

Ұлттық тағамдарды ата

Айт мейрамы туралы не білесің

Қандай салт-дәстүрлерді білесің

Әділ қазыларымызғға сөз берейік



4 кезең. Дүние жүзінде ең көп тараған тіл дегенде, біреулер ағылшын тілі десе, енді біреулері қытай деп жауап береді. Бұл екі пікірдің қайсысы дұрыс?Бірінші әрине, ағылшын тілі алады, өйткені ол дүние жүзі көп тараған халықаралық тіл болып табылады, ал егер бір тілде сөйлеушілердің саны бойынша анықтасақ ағылшын тілі екінші орында тұрады. АҚШ Лингвистикалық институты жуырда жүргізілген зерттеулерінің нәтижесі бойынша бір тілде сөйлейтіндердің саны жағынан ең көп тараған қытай тілі. Бұл тілде 844млн. адам сөйлейді екен. Ағылшын тілінде 434 млн. адам хинди тілінде 338 млн. адам, испан тілінде 331 млн. адам. Қазақ тілінде сөйлеушілер 5 млн. әзер жетеді. «Кім жылдам?»4 кезеңі.

1.А. Байтұрсынов кім? Жазушы,аудармашы,ғалым, мемлекет қайраткері

2.Қазақ тілінде неше септік бар? 7

3.Жүз жасаған ақын?жамбыл

4.Мұғалім сөзінің синонимі? ұстаз,оқытушы

5.М. Әуезовтың роман –эпопеясын ата. Абай жолы

6.Қазақ тілі қандай тіл? Мемлекеттік

7.Ата заң күні? 30 тамыз

8. Абайдың қанша сөзі бар?

9.Тіл туралы заң неше баптан тұрады?4

10.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Қатаң, ұяң, үнді

11.Қазақстан Республликасының тіл дер күнін ата. 22 қыркүйек

12.Қазақстан жерінен өткен жол.Жібек жолы

13«Қазақ вальсінің королі» Ш. Қалдаяқов

14.Шахмат ойына ұқсас қазақ ойыны. Тоғыз құмалақ

15.Әнұранның авторлары. Ж. Нәжімединов, Н. Назарбаев

16.Әл-Фараби қай қалада туған. Отырар

5. Кезең. «Ұлағатты сөздер». Бүгінгі күнде елімізде 135 астам ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олар өздерінің тілін қастерлеп, қазақ жерінде тұрса да оны ұмытпауға тырысады. Гректің ғұламасы Пифагор былай айтқан екен:« Қандай да халықтың әдет-ғұрпын үйренгін келсе,алдымен оның тілін үйрен».

Авар халқының белгілі жазушы Расул Ғамзатов «Егер ертең туған тілім жоғалса, мен бүгін өлуге даярмын», немесе орыс жазушысы

К. Паустовский «Истинная любовь к своей стране не мыслима без любви к своему языку». Ендеше соңғы кезең «Тіл кереметі» белгілі даналы сөздерконвертте берілген, оны құрастырып, түсіндіру. 5 ұпай

І топ. Лев Толстой «Тіл-ұлттың жан дүниесі».

ІІ топ. Ш.Айтматов «Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ».

Қане әділ-қазыларымыз 3,4,5 кезең бойынша ұпай санын айтып, қортынды шығарсың. Жеңген топқа шағын сыйлықтар мен белсене қатысқан оқушыға мадақтама қағаз.



Қорыта келе біз тәуелсіз мемлекетпіз. Тіліміз, дініміз және діліміз қайта жаңғырып, оны сақтау біз сияқты жас ұрпақтың қолында. Тілімізді қастерлеп, тәрбиелі ұлт болуға ат салысайық. Барлық оқуышыларымыза бұл шарадан тыс қалмай қатысқандарына көптен-көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет