Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында WorldSkills Aqmola-2023 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы ереже



бет1/7
Дата11.02.2023
өлшемі36.36 Kb.
#469430
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7
Положение


Ақмола облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында WorldSkills Aqmola-2023 өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы


ЕРЕЖЕ

  1. тарау. Жалпы ережелер




  1. WorldSkills Aqmola өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатында «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 139 бұйрығына, WorldSkills Kazakhstan чемпионатының А және Б бөлімдерінің қағидаларына, WorldSkills International мінез-құлық этикасы кодексіне сәйкес әзірленді.

  2. Ереже техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру құзыреттері бойынша WorldSkills Aqmola өңірлік кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі – өңірлік чемпионат) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

  3. Осы Ережеде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

  1. өңірлік конкурсты ұйымдастыру комитеті - (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) - өңірлік конкурсты ұйымдастыру және өткізу, ағымдағы басқару, сарапшыларды іріктеу және оқыту, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan республикалық конкурсына қатысу үшін облыстық команданы дайындауға жауапты атқарушы басқару органы;

  2. конкурстық алаң – WorldSkills стандарттарының талаптарына сәйкес жабдықталған құзыреттілік бойынша өңірлік конкурсты өткізу орны;

  3. конкурстық комиссияның мүшелері – чемпионатқа қатысушылардың жұмыстарына тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын сарапшылар, тәуелсіз сарапшылар, өңірлік конкурсқа қатысушылардың орындалған конкурстық тапсырмаларын сараптауды және бағалауды жүзеге асыру үшін жеткілікті кәсіби біліктілігі (белгілі бір кәсіп бойынша білімі мен тәжірибесі) бар тұлға;

  4. өңірлік конкурстың бас сарапшысы-конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты өңірлік конкурстың сарапшысы. Бас сарапшы өңірлік конкурс шеңберінде сарапшылар тобының жұмысын үйлестіреді;

  5. өңірлік конкурстың бас сарапшысының орынбасары-өңірлік конкурсты дайындау мен өткізуге бас сарапшыға жәрдем көрсететін сарапшы;

  6. тәуелсіз сарапшы-нақты құзыреті бойынша өз қатысушысын ұсынбаған, осы құзыретінде тәжірибесі мен біліктілігі бар білім беру ұйымын ұсынатын сарапшы;

  7. өңірлік конкурстың техникалық сарапшысы – әрбір конкурстық учаскеге тағайындалады және конкурстық орындарды техникалық жарақтандыруға, жабдықтарды, материалдарды дайындауға, сондай-ақ еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтауға және қатысушылардың жұмыс орнында (бұдан әрі-ЕҚ және ҚТ) нұсқаулығына жауап береді.;

  8. сарапшы-компатриот-өз құзыреті бойынша білім беру ұйымын ұсынатын, осы құзыретіндегі тәжірибесі мен біліктілігі бар қатысушының тәлімгері;

  9. құзыреттілік - қатысушының конкурстық тапсырманы орындау және біліктілік, білім және практикалық тәжірибе негізінде кәсіби қызметтің міндеттерін шешудегі кәсіби қабілеті;

  10. конкурстық тапсырма – бұл құзыреттілік бойынша әр жарысты бағалауға арналған құрал және бірнеше құжаттардан тұрады: техникалық сипаттама, тест тапсырмасы, инфрақұрылымдық парақ, бағалау кестесі (-2).

  11. құзыреттіліктің техникалық сипаттамасы - құзыреттіліктің атауын, жарыс бөлігін өткізу дәйектілігін, қатысушылардың конкурстық жұмыстарын бағалау критерийлерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының салалық талаптарын, материалдар мен жабдықтарды анықтайтын құжат.

  12. өңірлік чемпионаттың инфрақұрылымдық парағы-конкурстық тапсырмаларды орындау кезінде пайдаланылатын шығыс материалдары, құралдары, жабдықтардың орналасуы, коммуникациялар мен электр байланысы және жабдықтардың басқа да орналасу ерекшеліктері бойынша барлық ақпарат көрсетілген құжат;

  13. WorldSkills Aqmola өңірлік кәсіби шеберлік конкурсы (бұдан әрі – өңірлік конкурс) - республикалық конкурстың ажырамас бөлігі болып табылатын конкурс облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары өткізеді.

  1. Өңірлік конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және насихаттау, жас мамандар арасында шеберлікті анықтау, кәсіби білім беру жүйесіне кадрларды даярлаудың үздік тәжірибесін енгізу, республикалық конкурсқа қатысу үшін өңірлік құраманы қалыптастыру.

  2. Өңірлік конкурстың негізгі қағидаттары тұтастық, ақпараттық ашықтық, әділдік, әріптестік және инновациялар болып табылады.

  3. Өңірлік конкурсқа өңірлік конкурсты өткізу кезінде 17-22 жас аралығындағы тұлғалар – чемпионаттың 1 турының жеңімпаздары қатысады: Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері.

  4. Конкурсқа қатысушылар өңірлік конкурсқа тек бір құзыреті бойынша ғана қатыса алады. Әрбір конкурсанттың бұрын WorldSkills Kazakhstan республикалық конкурсында жүлделі орын алмаған жағдайда (алтын, күміс, қола) екі рет қатысуға құқығы бар.

  5. Әрбір құзырет бойынша кемінде 3 қатысушы болуы тиіс.



  6. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет