Андрон мәдениеті — қ



бет45/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Қазақстан тарихы

Тыңайған жерлерді игеру: Елде ауыл шаруашылығын және оның өндіргіш күштерін
күрт дамыту жөнінде бүкіл халықтық қозғалыс етек алды. Тың
жерлерді игеру жаппай бүқаралық қозғалысқа үласты. Бір жыл
ішінде (1954 жылдың наурызынан 1955 жылдың наурызына
дейін) республиканың тың өлкесінде 337 жаңа астық совхоздары
үйымдастырылды. Бүл шаруашылықтардың қарамағында 17 млн.
гектардан астам жер аумағы болса, оның 10 млн. гектардан
астамы жыртылған жерлер болды. Жаңа астық совхоздары оның
жүмысшылары мен қоныс аударушылары қай жерден келсе,
соның атауымен аталатын болды: «Московский», «Бауманский»,
«Горковский», «Киевский», «Кубанский», «Ленинградский».
«Львовский», «Одесский», «Ростовский» жэне т.б. Жаппай тын
жерді игерудің бірінші кезеңінде (1954-56 жж.) республикаға 640
мыңнан аса адам келді, оның ішінде: 391,5 мың ауыл
шаруашылығының механизаторлары, 50 мың қүрылысшы, 3
мыңдай медицина қызметкерлері, 1,5 мыңға жуық мүғалімдер, 1
мыңнан аса сауда қызметкерлері және т.б. 1954-55 жылдары
бүкіл ел бойынша 29,7 млн. га. тың және тыңайған жерлер
игерілді, оның 18 млн. гектары немесе 60,6% Қазақстанның
үлесіне тиді. Әлемдегі егістік алқабының 90-95% жүмсақ бидай
болса, Қазақстанда өзіндік артықшылығы бар қатты бидай
өсірілді. Оның сорты жоғары, қүрамында белок коп; тек осы
жерде ғана, элем бойынша ірі көлемде осірілді (мысалы,
технологиялық сапасы нашар 100 кг. үннан 91кг. нан пісіріледі.
ал тап осындай мөлшердегі қатты бидай үнынан 115 кг. нан
дайындалады; жүмсақ бидайға 20-30% молшерде араластырылған
күшті бидай сапалы нан пісіруге мүмкіндік береді). Тың жерлерді
игеру нәтижесінде республика тек озінің түтыну қажетін отеп
қана қойған жоқ, сонымен қатар жоғарғы технологиялық
астықты әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алды.
Тың жерлерді игерудің кері әсері де болды. 1961 жылдың
басында республикада 25,5 млн. гектар тың жерлер жыртылды.
Бүл КСРО бойынша жаңадан игерілген жерлердің 61% қүрайды.
Жерді оңды-солды жыртудың салдарынан Павлодар
облысындағы үшпа топырақты жерлерде қүм борандар басталды, 60 жылдардың басында барлық тың аудандарының
жерінде топырақтың бүліну процесі (дефляция) жүрді. 1960
жылы Солтүстік Қазақстанда жер эрозиясына 9 млн. гектар
егістік алқап үшырады. 1962 жылға дейін тың игеруге Қазақстанға 2 млн. адам қоныс аударды. Сонымен қатар, бүл жылдары өнеркәсіпке,
қүрылысқа, көлікке жүмысшы күшін тарту акциялары
үйымдастырылып, Ақмол Целиног аталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет