Андрон мәдениеті — қ


-33 ж.ж. Қазақстандағы ашаршылық



бет50/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56
Қазақстан тарихы

1931-33 ж.ж. Қазақстандағы ашаршылық: қазіргі тарихнамадығы жаңа көзқарастар Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады. Қазақ тарихында «ұлы жұт» (ағылш. «Great Famine») атауымен қалған 1920-30 ж.ж. ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Бұл жылдары дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік көзінен айрылған қазаққа біржолата жойылу қаупі төнді.
КСРО-да жүргізілген күштеп ұжымдастыру науқаны Қазақ елін айналып өтпегені белгілі. Жаппай тәркілеу құрығына шаруалармен қатар, дәулетті қазақ байлары мен кезінде билік тізгінін ұстаған хандардың ұрпақтары ілікті. Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады.
Қазақ тарихында «ұлы жұт» (ағылш. «Great Famine») атауымен қалған 1920-30 ж.ж. ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының өте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Бұл жылдары дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік көзінен айрылған қазаққа біржолата жойылу қаупі төнді. Әлеуметтік тарихшы, кеңестанушы, Чикаго университетінің профессоры Шейла Фицпатрик (Sheila Fitzpatrick) «Повседневный сталинизм. Социальная история Советской России в 30-е годы: город» атты еңбегінде: «Ашаршы­лық уақыт­ша құбылыс болатын, ал азық-түлік пен тұтыну тауарларының тапшылығы олай емес-тін. Маркс­шілдер социализмнің байлық­қа кенел­тетініне сенім артты, бірақ кеңестік билік жағ­дайында социализм мен тапшылық бір-бірінен ажырағысыз болғанын» алға тартады.
Николас Верт (Nicolas Werth) «Раскулачивание как массовое насилие» атты мақала­сында «КСРО-ның басым бөлігін құрайтын шаруа­лар­дың экономикалық артта қалуы мен олар­дың саясаттан аластатылуы - кеңестік биліктің осал тұсы болғанын» көрсетеді.
«Годы голода: Советское сельское хозяйство 1931-1933гг.» атты кітаптың авторлары Р.У.Дэвис и С.Г.Уиткрофт (R.W.Davies and Stephen G.Wheatcroft) 1930 жылдардағы саяси оқиғаларды құжаттық деректер мен есте­ліктер негізінде КСРО-ның аграрлық сая­саты­ның топтамасын - егін егуден бастап 1931 жылғы жоспарлау кезеңіне дейін көрсетуге тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет