Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет28/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
1, 2 модульдер

Игілікті әлеуметтік орта


Нәрестелер туыла сала тез үйрену қабілетіне ие. Мейірімді және қамқор ата-анасы болғанда және басқа адамдар оларға бауыр басқанда, көңіл бөлгенде және дамуын ынталандырғанда мейлінше жақсы өседі және үйренеді. Бұл кіші жастағы балаларға сенім мен қауіпсіздік сезімін дамытуға көмектеседі, ол өз кезегінде, бала есейген сайын бұл сезім өз-өзіне сенімділікке айналады.


Балалар махаббатқа бөленгенін және қауіпсіздікте екенін сезінгенде, отбасы мүшелерімен және өзге жақын адамдарымен өзара әрекеттескенде және ойнағанда, барлығын тез үйренеді. Балалармен сөйлескенде, оларға ән салып және кітап оқып бергенде, құшақтағанда және бауырға қысқанда; өздеріне таныс жүздерді көргенде және таныс дауыстарды естігенде, түрлі бұйымдармен ойнау мүмкіндігі болғанда, ақыл-ойы тез жетіледі. Егер тіпті бала әлі сөздерді түсіне алмаса да немесе балада мүгедектік болса да, ата-анасы және тәрбиелеушілері
баламен сөйлесуі керек, нәрестелеріне және кіші жастағы балаларына ән салып және кітап оқып беруі керек. Осындай ерте өзара әрекеттестік эмоциялық, әлеуметтік және тілдік дағдыларды және оқу- үйрену қабілетін дамытуға септеседі. Осындай өзара әрекеттестік дұрыс тамақтану ағзаға қаншалықты маңызды болса, ақыл-ой дамуы үшін де соншалық маңызды.
Өздерінің сүйіспеншілікке бөленгенін және қауіпсіздікте екенін сезінетін балалар әдетте кейінгі өмірінде көбірек табысқа жетеді, себебі, олар өздеріне көбірек сенеді, өздерін жоғарырақ бағалайды және өмірлік қиындықтарды оңайырақ жеңеді. Нәрестелер мен кіші жастағы балалар үнемі көңіл бөлінуіне мұқтаж. Оларды жалғыз қалдырмаған жөн, себебі, жазатайым оқиғалар орын алу қаупі төнеді, ал өзара әрекеттестіктің жоқтығы олардың психикалық қана емес, физикалық дамуын да бөгейді.
Толығырақ ақпаратты «Бауыр басу» және «Ата-ана болу өнері» модульдерінен таба аласыздар.
      1. Ойнау және оқу-үйрену мүмкіндігі


Ойын туа біткен мінез-құлықтың ажырамас белгісі, сонымен қатар, оқу-үйрену мен дамудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын күнделікті өмірлік үдерістерге негізделеді. Бүкіл әлемде балалар жалғыз және топтасып ойнайды, белсенді түрде мән-мағына жасап шығарады және қоршаған ортаны зерттейді. Балалар ойнайды, себебі, ойнаған көңілді. Ойын арқылы адамдар идеялар табады, оларды сынайды және біріктіреді, ақыл-ой және физикалық дағдыларын дамытады.


Ойындар, құрылымсыз болсын, құрылымды болсын, баланың кейінгі оқу-үйрену дағдыларын және басқа да өмірлік дағдыларын дамытудың негізін салады. Ойын балаларға:

        1. білімін, тәжірибесін, білімқұмарлығын және өз-өзіне сенімділігін дамытуға көмектеседі;

        2. түрлі іс-әрекеттерді жасап көру, нәтижелерін салыстыру, сұрақтар қою және мәселелерді шешу арқылы оқу-үйренуге көмектеседі;

        3. тіл, ақыл-ой, жоспарлау, ұйымдастыру және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі;

        4. ата-анасымен және күтім көрсетушілермен байланыстарын нығайтуға көмектеседі.

Осылайша, ойын әлеуметтік біліктілікті, ақыл- парасатты, тілді және жасампаздықты дамытуға әсер ете алады. Балаларды ойнауға және зерттеуге ынталандыру оларға мектепке дайындалуға көмектеседі.
Ынталандыру, ойындар және басқа балалармен, ересектермен ойынға қосылу мүмкіндіктері шектеулі немесе АҚТҚ (ВИЧ) жұқпасын жұқтырған балалар сияқты созылмалы сырқаттарға шалдыққан балалар үшін өте маңызды. Ойнау мүмкіндігінен айырылған балалар өмірлік дағдыларын дамытудың маңызды мүмкіндіктерін жоғалтатыны бұрыннан мойындалған. Балаларға дамуына және оқу- үйренуіне лайықты, алуан түрлі қарапайым ойын материалдары қажет. Су, құм, картон қораптар, ағаш кубиктер және қақпақтары бар түбектер дәл дүкеннен сатып алынған ойыншықтар сияқты ойнау мен оқу-үйренуге жақсы үйрете алады.
Толығырақ ақпаратты «Ата-ана бөлу өнері» модулінен таба аласыздар.

Балалар үнемі өзгеріп отырады және жаңа дағдыларды игеріп отырады. Тәрбиелеушілер осындай өзгерістерді байқап, баланың даму бағытына еруі керек. Егер бала қауіпсізідкте болса, онда әлдебір жаңа және күрделі іс-әрекет жасап көру оның дамуындағы оң қадам болып табылады. Балаларға қырағы көңіл бөлу және оларды қолпаштап отыру олардың дамуына көмектеседі. БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес (БҚК – 31-бап) ойын мәртебесі қорғалатын «құқық» дәрежесіне көтерілген, бұл ойынның бала дамуында атқаратын маңызды рөлімен және әлем құрылысының құралы ретіндегі әлеуетімен байланысты.



III ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ ЖЫЛЫНДА МИ ӨТЕ ШАПШАҢ ДАМИДЫ

Алғашқы жылдар, әсіресе, алғашқы үш жыл нәрестенің миы дамуы үшін өте маңызды. Баланың көргенінің, сезінгенінің, иіскегенінің, дәмін татып көргенінің немесе естігенінің барлығы миды түйсіну, қимылдау, ақыл-ой және үйрену тұрғысынан қалыптастыруға көмектеседі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет