Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Офлайндық технологиялар (off-line)



бет9/35
Дата18.11.2022
өлшемі3.95 Mb.
#465148
түріАнықтамалық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Офлайндық технологиялар (off-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың асинхронды алмасуын көрсетеді.

Пән бағдарламасы (Syllabus)оқытылатын пәнді сипаттайтын, оның мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша мазмұнын, әр сабақтың тақырыптарын, өздік жұмыс тапсырмаларын, әдебиеттер тізімін, консультация уақытын, білім алушы білімінің рейтингтік бағалау сипаттамасын, оқытушы талаптарын көрсететін оқу бағдарламасы.

Пән сипаттамасы (Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (әдетте 5-8 сөйлемнен тұрады).

Постреквизиттер (Postrequisite) – пәнді оқыту негізінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы.

Пререквизиттер (Prerequisite) – оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жиынтығы.
Суденттің академиялық рейтингісі(Rating) – студенттің аралық аттестациялау нәтижесі (қорытынды бақылау) бойынша жасалатын бағдарламалық материалдарды меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

Таңдау компоненті (Electives) – кез келген академиялық кезеңде білім алушының таңдап алған элективті оқу пәні.

Транскрипт (Transcript) – оқу кезеңіне сәйкес өтілген пәндер тізімі мен кредит саны және бағалардың әріптік және сандық көрсеткіштерімен берілген құжат.

Трансферт (аудару) пен кредит жинақтаудың еуропалық жүйесі (ECTS) – білім алушының білім берутраекториясын, оқу орнын және елін ауыстырған жағдайда оқу пәндері бойынша алған білімін (кредиттері мен бағалары бойынша) салыстыру және қайтадан сынақтау үшін жалпы білім беру бағдарламалары компоненттеріне (пәндерге, курстарға, модульдерге) сынақтық бірліктерді (кредиттерді) беру түрі.

Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өздік жұмыстарына жетекшілік ететін, сонымен қатар оқу материалдарын меңгеру және жеке оқу жоспарларының орындалуына бақылау жасайтын оқытушы.

Тьюторлық сынып – компьютермен, бейнемонитор және басқа да ақпараттық-коммуникативтік құралдармен қамтылған және тьюторлардың желілік тәртіпте білім беру үдерісіне арналған сынып.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет