(2) Жетекші мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс стажы, оның ішінде 1-ші санатты маман лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Құнды қағаздар бойынша талдаушы, инвестициялар саласындағы талдаушы (қаржы талдаушысы)
Лауазымдық міндеттері. Инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде одан әрі қолдану мақсатында экономикалық жағдайды болжау үшін ұйымның қаржы қызметі туралы ақпаратты талдайды. Қаржылық зерттеулерді жүзеге асырады. Нарық жағдайын талдайды, эмитент-компанияларды зерттейді. Қолайлы инвестициялау тұрғысынан инвестициялық тәуекелділіктер мен экономикалық оқиғалардағы болашақ үрдістер, бағалар, тұрақтылық пен өнімділік туралы ақпаратты зерделейді. Акцияларды ұстау, сату-сатып алу операциялары мен инвестициялау уақыты туралы ұсыныстар береді. Статистикалық әдістермен құнды бағалауды жүргізеді. Экономикалық, заңдық және салалық ақпаратты, сондай-ақ ұйымның қаржы есебі мен қаржылық баспасөзді жинауды жүзеге асырады. Келешектегі шығындар мен табыстарын есептеу үшін ұйымның қызметі туралы қаржылық ақпаратты жүйелі талдауды жүзеге асырады. Ұйымның қаржы есептері мен статистикалық бақылауларды дайындауды жүзеге асырады. Математикалық және статистикалық диаграммалар мен кестелерді дайындауды және безендіруді қамтамасыз етеді. Қалыптасып отырған экономикалық жағдайға негізделе отырып, ұйымның қаржы тәуекелдерінің деңгейін зерттейді және оған баға береді. Ұйымның азаматтық-құқықтық келісімдер және басқа да мәмілелер жасасуының қаржылық мақсаттылығын талдайды. Тиісті тауарлар, жұмыстар немесе қызмет түрлерінің қаржылық зерттеулерін, түрлі қаржылық мәселелер бойынша кеңестер жүргізеді. Экономиканың түрлі сегменттеріндегі маңызды оқиғалар мен заманауи үрдістерді, экономика, қаржы, құнды қағаздар нарығы саласындағы жаңа ғылыми зерттеулерді бақылайды. Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына мониторинг жүргізеді, оларды бағалайды.
Білуге тиіс: өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті, сондай-ақ талдау қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілері; салық заңнамасы; ұйымның қаржы қызметіне қатысты талдамалы нормативтік және әдістемелік материалдар; ұйымның даму перспективасы; өнімді (жұмысты, қызмет түрін) өткізу нарығының жай-күйі және даму перспективасы; қаржы ресурстарының үлестірілу тәртібі; қаржы салымдарының тиімділігін айқындау, кәсіби этика мен стандарттар; макро және микро экономика, атап айтқанда: қаржылық есептілік және оның талдау, корпоративтік қаржы, портфелді инвестицияларды басқару, туынды қаржы құралдары, қаржы нарықтарының басқа да құралдары, балама инвестициялар, ұйымның меншікті капиталын, белгіленген табысы бар құнды қағаздарын бағалау және талдау; несиелік тәуекелділіктерді, нарықтық тәуекелділіктер, операциялық және корпоративтік деңгейлердегі тәуекелділікті басқару және бағалау; тәуекелділікті басқарудың этикалық нормалары және инвестицияларды заңнамалық реттеу және басқару; экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру; есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, менеджмент немесе ішкі аудит саласында қосымша дайындық және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы керек.
Сақтандыру саласындағы талдаушы (андеррайтер) Лауазымдық міндеттері. Андеррайтер, сақтандыру саласындағы маман, тәуекелділікті сипаттайды, бағалайды және жіктейді, сақтандыру портфелін құрады. Сақтандыру шарттарына қол белгі қоюды, ұсынылған сақтандыру тәуекелдерді сақтандыруға қабылдауды жүзеге асырады, жеке тұлға немесе нақты тұлғаның сақтандыруға қабылдау кезіндегі тәуекелдерін жіктеу, тарифті мөлшерлемелерді және сақтандыру келісімдердің нақты шарттарын белгілеу, белгілі бір жағдайларда сақтандыру келісімін жасасудың (жасаспаудың) мүмкіндігі туралы қорытынды шығару, сақтандыру (қайта сақтандыру) портфелін құруды жүзеге асырады.
Білуге тиіс: талдау қызметі саласындағы, сондай-ақ сақтандыру кәсіпорындарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері;ақпаратты жинау, бағалау және талдау әдістері; сақтандыру қызметтерінің түрлері және әртүрлі сақтандыру түрлерінің шарттары; қызметін түрін және ерекше жағдайларды ескере отырып, сақтандыру қызметін дамытудың құқықтық негіздері; әлеуметтік кепілдердің қолданыстағы жүйесі; қызмет түрін сақтандыру және келтірілген залалды бағалау келісімдерін жасасу кезіндегі тәуекелдің дәрежесін анықтау әдістері; сақтандырудың қызмет түрлеріне келісімдерді ресімдеу мен жасасу тәртібі; нарық экономикасының негіздерін; еңбекті ұйымдастыру мен психология негіздері; шаруашылық ету субъектілері және халықты сақтандыруды ұйымдастырудың отандық және шетел тәжірибесі; жеке және мүліктік сақтандыру бойынша тәуекелді бағалау; сақтандыру портфелін құру қағидалары, сақтандырудың заңды аспектілері, сақтандыру ұйымының қаржылық төзімділігін, бюджеттеу, сақтандыру резервтерін қалыптастыру, қайта сақтандырудағы андеррайтинг, шығындарды реттеу; экономика, басқару және еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Әкімгер Лауазымдық міндеттері. Келушілерге тиімді және мәдениетті қызмет көрсету бойынша, олар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сұрақтары бойынша кеңес береді. Дау-дамай жағдайларды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Келушілерге қанағаттанарлықсыз қызмет түрлерін көрсетумен байланысты талаптарды қарайды, қажетті ұйымдық-техникалық шараларды қабылдайды. Жайдың тиісті безендірілуін бақылайды, жай ішіндегі және ғимараттағы жарнама күйін және жаңартылуын қадағалайды. Жай ішінде және оның жанындағы немесе ғимаратқа іргелес аумақтың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етеді. Іскерлік қарым-қатынас этикасын сақтайды. Бағынысындағы жұмысшылардың еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен тазалықтың талаптарын сақтауларын бақылайды. Келушілерге көрсетілетін қызмет түрлеріндегі бар кемшіліктер туралы, оларды жою туралы қабылданған шаралар жайлы басшылықты хабардар етеді. Жұмысшылардың ұйым басшылығының нұсқауларын орындауын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілері; басқару құрылымы, жұмысшылардың міндеттері мен құқықтары, олардың жұмыс тәртіптері; келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастырудың әдістері мен ережелері; көрсетілетін қызмет түрлері; экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; жайлар мен сөрелерді ресімдеу тәртібі мен жоспары; маркетинг негіздері мен жарнаманы ұйымдастыру; эстетика және әлеуметтік психология негіздері; Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңнама; ішкі еңбек тәртібі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білім және тиісті мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |