АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


B қосымшасы Кооперативтік субъектілерге қатысу үлесі және ұқсас құралдар



бет14/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95

B қосымшасы

Кооперативтік субъектілерге қатысу үлесі және ұқсас құралдар

Аталмыш қосымша 28 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.

Кіріспе

B1. Кооперативтік және ұқсас субъектілер жалпы экономикалық немесе әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етулерге арналған топтық субъектілер құрады. Ұлттық заң шығару, тәртіп бойынша, кооперативтік субъектіні өз қатысушыларын бірлескен бизнес жүргізу жолымен экономикалық дамытуға қол ұшын беруге ұмтылған субъект ретінде анықтайды (өзіндік көмек қағидасы). Кооперативтік субъектіге қатысу үлесі акциялар, үлестер немесе ары қарай «Қатысу үлесі» деп аталатын қатысушылардың ұқсас бірліктері жиі сипатталады. Осы қосымша субъектіге қатысушылардың өзіндік үлесі көрінетін кооперативтік субъектінің қатысушыларының пайдасына шығарылған қаражаттық құралдарда қолданылады және субъектінің өзіндік үлестік құралдарында өтелетін немесе өтелмейтін қаражаттық құралдарда қолданылмайды.

B2. 28 ҚСҚЕХС қаражаттық міндеттемелер немесе таза актив/капитал ретінде қаржылық құралдарды сыныптастыру қағидалары орнатылған. Жекелей алғанда, мұндай қағидалар өз кезегінде, олардың иелеріне ақша қаражаттары немесе басқа қаражаттық құралдарды өтеуге мүмкіндік беретін, мерзімінен бұрын өтеу құқығымен құралдарды сыныптастыру барысында қолданылады. Мұндай қағидаларды кооперативтік субъектілерді және ұқсас құралдарда қолдану үлесі қатысына қарай қиындатылған болып табылады. Атаулы жетекшілік қатысу үлесіне, немесе ұқсас құралдар қатысында 28 ҚСҚЕХС олардың сыныптастыруына міндеттілік, немесе таза актив/капитал ретінде ықпал ететін тұстары бар белгілі бір белгілер және міндеттері көрсетілген қағидаларды қолдану барысындағы мысалдарда түсіндіру үшін берілген.

.B3. Қатысу үлестерін қосып алғанда, көптеген қаражаттық құралдар дивиденді және түсімнен ұқсас бөлімдер алуға қатысуына құқығы және дауыс құқығын қосып алатын үлестік құралдарға қатысты сипаттамалары бар. Кейбір қаражаттық құралдар олардың иелеріне ақша қаражаттарына немесе басқа қаражаттық активтерге өтеуді талап ететін құқықты береді, бірақ сонымен өзіне қаражаттық құралдар бойынша өтеуді алу ықтималдылығы на шек қойылуын енгізе алады және жатқызады. Келесі параграфтарда өтеу шарттары қаражаттық құралдарды міндеттер, немесе таза актив/капиталдар ретінде сыныптастыру барысында бағалануы керек болатын негізгі жағдайлар көрсетілген.



Кооперативтік субъектілерде, немесе ұқсас құралдарда қатысу үлесіне байланысты ҚСҚЕХС стандарттарын қолдану

B4. Қаражаттық құралдың (кооперативтік субъектілерге қатысу үлесін қосып алғанда) келісімшарттық құқығы өтеу талабында қаражаттық құрал қаражаттық міндеттеме ретінде сыныптастыруды өз-өзінен талап етпейді. Бәрінен бұрын субъект қаражаттық құралдардың қаражаттық міндеттеме, немесе үлестік құралдар ретінде барлық шарттары мен жағдайларын назарына алуға міндетті. Мұндай шарттар мен жағдайлар сыныптастыру уақытында әрекеттегі, өзіне сәйкес субъектінің жергілікті заңдарды, жағдайы мен жарғысын енгізеді, бірақ мұндай заңдар, жағдайлар және жарғыларға болашақтағы өзгерістер күтілмеген.

B5. Егер қатысушыларда өтеуді талап етуге құқығы жоқ болса, үлестік құралдар ретінде сыныптастыруы мүмкін болған қатысу үлесі, егер В6 және В7 параграфтарында көрсетілген шарттардың қандай да бірі бар болса немесе қатысу үлесі 15 және 16-параграфтарда немесе 28 ҚСҚЕХС 17 және 18-параграфтарында көрсетілген шарттармен барлық белгілері бар болса, онда олар үлестік құралдар болып табылады. Қатысушылар клиенттер ретінде сөз алған жағдай туындаса, есеп айырысу шоттарын, депозиттік шоттар және ұқсас келісімшарттарды қосып алғанда талап етілгенге дейінгі салымдар субъектінің қаражаттық міндеттері болып табылады.

B6. Егер субъектіде қатысу үлесін өтеу барысында шарт қойылмайтын тұжырымды құқығы бар болса, қатысу үлестері үлестік құралдар болып табылады.

B7. Субъектінің жергілікті заңдары, жағдайлары, немесе жарғылары қатысу үлестерін өтеу бойынша, шек қоюлардың әр алуан түрлерін, мысалы, жойылу өлшемдеріне негізделген тұжырымсыз шек қоюлар немесе тоқтатулар қоюы мүмкін. Егер өтеу сөзсіз субъектінің жергілікті жерлердің заң жағдайларымен, қалпымен және жарғысымен шек қойылатын болса, онда қатысу үлесі үлестік құралдар болып табылады. Сондықтан да субъектінің өтеуді шарттың сақталу барысында сақтаған жағдайда – мысалы, жоюды шектеудегі жергілікті жерінің заң жағдайы, қағидалары, немесе жарғылары қатысу үлестерін үлестік құралдар ретінде сыныптастыруға алып келмейді.

B8. Сөзсіз, шек қою абсолютті болуы мүмкін, яғни осындай шек қойылуда барлық өтеулерге тиым салынған. Сөзсіз, шек қою ішінара болуы мүмкін, яғни мұндай шек қойылу барысында, егер өтеу қатысу үлесінің, немесе жарғылық капиталдың енгізілген сомасының саны қатысу үлесінің белгілі бір деңгейінен түсіп қалуына алып келетін болса, үлестік қатынастарды өтеуге тиым салынады. Субъектіде В6 параграфында көрсетілген жағдайларға сәйкес немесе қатысу үлесі 15 және 16-параграфтарда немесе 28 ҚСҚЕХС 17 және 18-параграфтарда көрсетілген шарттармен сәйкес болса және барлық нышандары бар болғанда өтеуден бас тартуға сөзсіз құқығы бар болуы жағдайларын қоспағанда, шек қойылудың деңгейінен жоғары қатысу үлестері өтеуге міндетті болып табылады. Жеке жағдайларда акциялар саны, немесе жарғылық капиталдың өтеуге тиым салуға жататын енгізілген сомасы, уақыт өте келе өзегере алады. Өтеуге тиым салудағы мұндай өзгерістер қаражаттық міндеттер мен таза актив/ капиталдар арасында өтулеріне алып келеді.

B9. Субъект алғашқы мойындау барысында өзінің әділ құн бойынша өтеудегі өзінің қаражаттық міндеттерін өлшеу керек. Өтеу белгілері бар қатысу үлесі жағдайында субъект оны субъект жарғысына, немесе өтеуге тиісті болған сол соманы алғашқы күннен дисконтталған заңда қолданылған сәйкес өтеу шарттары бойынша төлеуге арналған максималды сомасынан артық емес мөлшерде қаражаттық міндеттердің әділ құнын өлшейді (№3 мысалын қараңыз.)

B10. 28 ҚСҚЕХС 40-параграфында көрсетілген талаптарға сәйкес үлестік құралдар иелерінің пайдасына бөлінетін талаптар түсімдегі салық бойынша кезкелген алғышарттарды шегере отырып, таза актив/капиталда тікелей танылуы керек. Қаражаттық міндеттер ретінде сыныптастырылған пайыздар, дивиденділер (немесе ұқсас таратылымдар) және басқа да қаражаттық құралдарға кірістер төлемі дивиденді, немесе ұқсас таратылымдар, пайыздар, немесе тағы басқалар сияқты төленетін сомалар заң жүзінде анықталуына еш байланыссыз болған кірістер болып табылады.

B11. Өтеуге шек қоюда өзгерістер болған жағдай қаражаттық міндеттерді таза актив/капитал категорияларын, немесе керісінше ауыстыруға алып келеді. Субъект өзі басқа соманың категриясына, мерзіміне және мұндай ауыстырудың себебінінің ақпараттарын жеке ашуы керек.

B12. Алдыңғы параграфтарда көрсетілген жағдайларды қолдану аясы келесі мысалдарды анық көрсетілген



Көрнекілік мысалдар

Атаулы мысалдар толық емес, басқа жағдайлардың болуы мүмкін. Әрбір мысалдарда берілген мысалдарда көрсетілгендерден басқа жағдайлардың болмауы шамаланады. Бұл жағдайлар қаражаттық құралды қаражаттық міндеттеме ретінде сыныптастыруды анықтайды, яғни қаржылық құралы 28 ҚСҚЕХС 15 және16-параграфтарда немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді, немесе барлық белгілерін қамтымаған.



Өтеудегі бас тартудың сөзсіз құқығы (В6 параграф)

1 мысал

Тапсырма

B13. Субъектінің жарғысында өтеу субъектінің бір жақты шешімі негізінде жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Жарғыда мұндай таңдауды ары қарайғы айқындау және шек қою болмаған. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша субъект бірде-бір рет қатысу үлесінен субъекттің басқарушы органы мұндай құқыққа ие бола тұра бас тартпаған.



Сыныптастыру

B14. Субъектіде өтеуден сөзсіз бас тарту құқығы бар, үлестік қатысулар үлестік құралдар болып табылады. 28 ҚСҚЕХС қаражаттық құралдар жағдайына негізделген сыныптастыру үдерістері анықталады немесе дискриминанттық төлемдер құралды міндеттеме ретінде сыныптастыруға алып келмейтінін жүзеге асырудағы мақсаты тарихы жүзеге асырылады. 28 ҚСҚЕХС AG50-параграфында мына төмендегілер көрсетілген:

Артықшылықты акциялар өтелмейтін болса, онда сәйкес сыныптастыру оларға бекітілген басқа құқықтар негізінде анықталатын болады. Сыныптастыру келісімшарт мәмілелерінің мазмұнының бағасына және қаржылық міндеттер мен үлестік құралдарды анықтауға негізделген. Төлемдер артықшылықты, кумулятивті немесе кумулятивсіз акциялардың иелерінің пайдасы жағында болып эмитенттің көзқарасымен жүзеге асатын болса, онда мұндай акциялар үлестік құралдар деп аталады. Келесі сәттер артықшылықты акциялардың үлестік құрал, немесе қаржылық міндеттеме ретінде ықпалдар ете алмайды. Мысалы:


  1. Құралдарды тарату тарихы;




  1. Болашақта құралдарды таратуды жүзеге асыру мақсаттары;




  1. Эмитенттің қалыпты акциясының бағасына егер құралдарды тарату ісінің жүзеге аспауы жағдайында жағымсыз ықпалдың мүмкін болуы (қалыпты акциялар бойынша дивиденді төлеуге шек қойылуға байланысты, артықшылықты акцияларға дивиденді төлемеу жағдайларында);




  1. Эмитенттің капиталды қорының көлемі;




  1. Кезеңдерде эмитенттің кіріс, немесе шығыстарға қатысты күту;




  1. Кезең ішінде эмитенттің өзінің кірістері, немесе шығындарына ықпал жүргізуінің қабілеттілігі, немесе қабілетсіздігі;


2 мысал

Тапсырма

B15. Субъектінің жарғысында өтеу жұмыстары субъектінің бір жақты шешімі бойынша жүзеге асырылады деп көрсетеді. Бұдан өзге жарғыда ары қарай өтеуге келісім беру субъект жойылу, немесе қор қатынасында жергілікті жердің заңын бұзбау үшін, төлемді жүзеге асыру мүмкіндігі болмауы жағдайынан басқа уақыттары автоматты түрде жүзеге асырылатыны айтылады.



Сыныптастыру

B16. Субъектінің өтеуде бас тартуына сөзсіз құқығы бар, қатысу құқығы қаражаттық міндеттер ретінде сыныптастырылады. Жоғарыда сипатталған шек қоюлар субъектінің өз міндеттерін жауып тастауға мүмкіндігіне негізделген. Олар жойылу және қорлар бойынша талаптар, осы талаптар орындалғанға дейінгі уақыттары орындалмайтын болатын жағдайда өтеуге шек қояды. Осылайша, 28 ҚСҚЕХС орнатылған тәртіптерге сәйкес олар қаражаттық құралдарды үлестік құралдар ретінде сыныптастыруға алып келмейді. 28 ҚСҚЕХС AG49 параграфында мына төмендегілер көрсетіледі:

Артықшылықты акциялар әр алуан құқықтармен шығарылатын болады. Оны анықтау барысында артықшылықты акциялар қаражаттық міндеттер немесе үлестік құралдар болатынын анықтау барысында эмитент акцияларға тіркелген белгілі бір құқықтарды онда қаншалықты қаржылық міндеттер белгілері бар екендігін анықтау үшін бағалайды. Мысалы, белгілеген мерзімі мен меншік иесінің таңдауы бойынша артықшылықты акциялар эмитентте акция иесінің пайдасындағы қаражаттық активтерді беру бойынша міндеттері бар болғандықтан, кері өтеуді қарайтын қаражаттық міндеттерден тұрады. Эмитенттің артықшылықты акцияларды келісімшартта көрсетілген мерзімдерде қаражатының болмауы себебінен, заң бойынша шек қойылу, немесе түсімі мен қорларының жетпеушілігінен жаба алмауындағы потенциалды қабілетсіздігі болса да мұндай міндеттерді өзгерте алмайды. [Ажыратылым қосылды]

Өтеу бойынша шек қоюлар ( B7 және B8-параграфтар)

3 мысал

Тапсырма

B17. Өткен уақытта кооперативті субъект өзінің қатысушыларының пайдасына әр алуан сомада шығарды:



  1. 20Х1 жылдың 1 қаңтарына 100,000 акциялар CU10 бағасы бойынша (CU1,000,000);




  1. 20Х2 жылдың 1 қаңтарына 100,000 акциялар CU20 бағасы бойынша (CU2,000,000, сомасына қосымша, шығарылған акциялардың жалпы сомалары CU3,000,000 болу үшін).

Акциялар эмиссия сомасына талап бойынша өтелетіндер болып табылады.

B18. Субъектінің жарғысында кумулятивті өтеу айналымда жүрген қатысу үлесінің санынан максималды түрде алғанда 20 пайыз асыруға болмайды. 20Х2 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша субъектіде айналымда қатысу үлесінің максималды саны болып шығарылғанымен, өткен уақыттары бірде-бір акциясы сатылмаған 200,000 акциялар болған. 20Х3 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша субъект өз жарғысына өзгерістер енгізіп, кумулятивті өтеу деңгейін айналымда жүрген қатысу үлесінің максималды санынан 25 пайызға арттырады.

Сыныптастыру

Субъект жарғысына өзгерістер енгізгенге дейін

B19. Шек қойылудың жоғарғы деңгейіндегі өтеудегі қатысу үлестері қаржылық міндеттер болып табылады. Кооперативтік субъект өзінің қаржылық міндеттерін оның алғашқы танылуындағы әділ сомасы бойынша бағалауына міндетті. Мұндай акциялар/үлестер талап бойынша өтелетін болып табылады, кооперативтік субъект 29 ҚСҚЕХС 52-параграфындағы былайша көрсетілген: «Қаржылық міндеттемелердің талап белгісімен әділ сомасы талап бойынша төленуге арналған сомадан кем болмауы керек» талаптарына сәйкес қаржылық міндеттемелердің әділ сомасын анықтауы керек. Сәйкесінше, кооперативтік субъект максималды соманы талап бойынша төлемге арналған максималды соманы қаржылық міндеттер ретінде өтеу шарттарымен келісе отырып, сыныптастыруы керек.

B20. 2011 жылдың 1 қаңтарына талап бойынша төлемге негізделген өтеу шарттарымен сәйкес әрқайсысы CU10 бағасы бойынша 20,000 акцияны құрайды, сәйкесінше, субъект CU200,000 қаржылық міндеттемелер ретінде және CU800,000 үлестік құралдар ретінде сыныптастырылуы керек. Солай болса да, 20Х2 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша акциялардың әрқайсысының бағасы төлемге талап бойынша негізделген CU20 болатын жаңа шығарылымына байланысты өтеу шарттарына сәйкес әрқайсысы CU20 бағасы бойынша 40,000 акцияға дейін арттырылады. CU20 бағасы бойынша қосымша акцияларды шығару оның алғашқы танылымының әділ құнына қарай бағаланатын жаңа міндеттерді туындатады. Мұндай акцияларды шығарғаннан кейін міндеттемелер айналымда жүрген (200,000) CU20 бағасы бойынша немесе CU800,000 сомасындағы акцияның жалпы санынан 20 пайызын құрайды. Бұл қосымша міндеттерді мойындауда CU600,000 талап етеді. Осы мысалда түсім, немесе шығынды алу болмайды. Сәйкесінше, субъект енді қаржылық міндеттер ретінде CU800,000 және үлестік құралдар ретінде CU2,200,000 сыныптастырылуы керек. Атаулы мысалда бұл сомалар 20Х1 жылдың 1 қаңтары мен 20Х2 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өзгеріске ұшырамайды.

Субъектінің қаржысына өзгерістер енгізгеннен кейін

B21. Жарғысына өзгерістер енгізгеннен кейін кооперативтік субъектіге енді өз айналымда жүрген акцияларының 25 пайызына дейін немесе әрбірінің бағасы CU20 болғандағы акцияның максимум 50,000 санын өтеуі тапсырылады. 20Х3 жылдың 1 қаңтарының жағдайына сәйкес кооперативтік субъект қаржылық міндеттер ретінде 28 ҚСҚЕХС 52-параграфта көрсетілген жағдайлармен сәйкес өтеу бойынша шарттарымен келісе отырып, талап етілу бойынша төлеуге арналған CU1,000,000 мөлшерінде сыныптастырылуы қажет. Осылайша, 20Х3 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл таза актив/капитал категориясынан CU200,000 мөлшеріндегі соманың ауысуына алып келеді, мұнда CU2,000,000 үлестік құралдар ретінде сыныптастырылады. Осы мысалда субъект ауыстыруда түсім немесе шығын алады.



4 мысал

Тапсырма

B22. Кооперативті субъектілердің қызметін реттеуші жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкес, немесе субъектінің жарғысының талаптарына сәйкес қатысу үлесін өтеуді, егер мұндай өтем қатысушылардан енгізілген капиталдың деңгейінің қатысушылардың үлесінен енгізілген капиталдың ең жоғары сомасының 75 пайыздан төмендеуіне алып келетін болса, субъектінің іске асыруына тыйым салынады. Белгілі бір кооперативтік субъекті үшін енгізілген капиталдың ең жоғары сомасы CU1,000,000 болып есептеледі. Есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша енгізілген капиталдың есебіндегі қалдық CU900,000 көлеміндегі соманы құрайды.



Сыныптастыру

B23. Бұл жағдайда CU750,000 көлеміндегі сома үлескерлік құралдар есебінде сыныптастырылуы қажет және CU150,000 көлеміндегі сома қаржы міндеттемелері ретінде сыныптасытырылуы тиіс. Жоғарыда келтірілген параграфтарға қосымша, 28 ҚСҚЕХС 22(b) параграфында былай деп көрсетілген:

... Иесіне құралды эмитентке ақша құралдарына немесе басқа қаржы активтеріне кері қайтару құқығын беретін қаржы құралы 15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарға сәйкес үлескерлік құралдар ретінде сыныптастырылған құралдардан басқа, қаржы міндеттемесі болып табылады. Қаржы құралы тіпті ақша құралдарының немесе басқа қаржы активтерінің сомасы ұлғаю немесе азаю қабілетіне ие индекстің немесе есептің басқа тарауының негізінде анықталатын кезде де, қаржы міндеттемесі болып табылады. Меншік иесінің эмитентке құралды ақша құралдары немесе басқа активтері үшін қайтарып беру мүмкіндігінің болуы 15 және 16, немесе 17 және 18-параграфтарға сәйкес үлескерлік құралдар ретінде сыныптастырылған құралдардан басқа, мерзімнен бұрын өтеу құқығына ие құрал қаржы міндеттемесінің анықтамасына сәйкес келеді.

B24. Осы мысалда көрсетілген өтемге салынатын тыйым 23 және 28 ҚСХҚЕС АG49-параграфтарында көрсетілген тиымдардан ерекшеленеді. Мұндай тиымдар субъектінің қаржы міндеттемесі бойынша төленуі тиіс соманы төлеу мүмкіндігіне шектеу болып табылады, яғни олар тек егер белгілі бір ережелер сақталатын жағдайда ғана міндеттеме бойынша төлемнің іске асырылуына кедергі келтіреді. Бұдан басқа, осы мысалда субъектінің қатысу үлесін өтеу қабілетіне қарамастан айқындалғаннан астам соманы өтеуге сөзсіз тыйым салынған кездегі жағдайды сипаттайды. (яғни таратылуға алдын ала қарастырылған оның ақша қорлары, табысы, немесе қорлары ойға алынады). Шындығында, өтеуге тыйым салу субъектіні енгізілген капиталдың айқындалған сомасынан асатын кез-келген қаржы міндеттемелерінің қалыптасуынан қорғайды. Осылайша, өтеуге тиым салынған акцияның үлесі міндеттеме болып табылмайды. Қатысу үлесінің әрқайсысы жеке түрде өтелуі мүмкіндігіне қарамастан, субъектінің шығарылған үлесінің жалпы санының бір бөлігі субъектінің жойылуынан басқа, ешқандай жағдайда өтелуі мүмкін емес.



5 мысал

Тапсырма

B25. Осы мысалда келтірілген фактілер №4 мысалындағы факторлардың өзі. Осыған қосымша, есептілік кезеңінің соңына қарай, жергілікті заңнама арқылы жүктелетін өтімділік бойынша талаптар субъектіге олардың ақша құралындағы және қысқа мерзімді инвестициялардағы үлесінің сомасы айқындалған сомадан жоғары болған кезден басқа, қатысудың кез-келген үлесін өтеуге кедергі келтіреді. Есептілік кезеңінің соңына қарай өтімділік бойынша мұндай талаптардың нәтижесі қатысу үлесін өтеу үшін, субъект CU50,000–дан жоғары төлемді жүзеге асыра алмайтындығында.



Сыныптастыру

B26. №4 мысалда көрсетілгендей, субъект CU750,000 көлеміндегі соманы үлескерлік құралдары ретінде сыныптастырады және CU150,000 көлеміндегі соманы қаржы міндеттемесі ретінде сыныптастырады. Себебі, міндеттемелер ретінде сыныптастырылған сома, егер, өтілім бойынша шарттар мен басқа да шарттар сақталмаса және осындай шарттар сақталмайтын кезге дейін ғана өтеуге рұқсат етілмейтін шартты шектеулерге емес, субъектінің өтеуден бас тартуының сөзсіз құқығына негізделген. 28 ҚСХҚЕС 23 және AG49-параграфтарында көрсетілген ережелер осы мысалда қолданылады.



6 мысал

Тапсырма

B27. Субъектінің жарғысы субъектіге жаңа, немесе өткен үш жыл ішінде болған қатысушылар пайдасына қатысудың қосымша үлестерінің шығарылымынан келген түсімдермен байланысты жағдайлардан басқа кезде қатысу үлесін өтеуге тыйым салады. Қатысу үлесін шығарудан түскен түсімдер қатысушылар өтеуді талап ететін қатысу үлесін өтеуде қолданылуы тиіс. Өткен үш жыл ішінде қатысу үлесінің шығарылымынан түскен түсім CU12,000 көлеміндегі соманы құрады және қатысу үлесінің ешқайсысы да өтелінбеді.



Сыныптастыру

B28. Субъект қатысу үлесінің CU12,000 көлеміндегі сомасын қаржы міндеттемелері ретінде сыныптастырылуы тиіс. №4-ші мысалда көрсетілген тұжырымдарға сәйкес өтеуге сөзсіз/шүбәсіз тиым салынатын қатысу үлестері қаржы міндеттемелері болып есептелмейді. Мұндай сөзсіз тиым салу өткен үш жылдан бұрын шығарылған акциялардан түскен түсімдермен тең сомада қолданылады, және тиісінше мұндай сома үлескерлің құралдары ретінде сыныптыстырылуы тиіс. Сонымен қатар, соңғы үш жыл ішінде шығарылған кез-келген акциялардан түсетін түсімдермен тең сома өтеуге сөзсіз тиым салуға тиісті емес. Тиісінше, өткен үш жыл ішіндегі қатысу үлесінен түскен түсімдер қатысу үлесін өтеу үшін, тым қол жетпейтін кезге дейін қаржы міндеттемелерінің құалыптасуына алып келеді. Осының нәтижесінде субъект өткен үш жыл ішінде шығарылған акциялардан түскен түсімдерге тең сомада қаржы міндеттемесіне ие.



7 мысал

Тапсырма

B29. Субъект кооперативті банк болып табылады. Кооперативті банктердің қызметін реттеп отыратын, жергілікті заңнамалардың талаптарына сәйкес субъектінің «өтелмеген міндеттемелердің» (термин субъектінің ережелерінде анықталған және қатысу үлесінің есептерін қамтиды.) жалпы сомасының кем дегенде 50 пайызы қатысушылардың енгізілген капиталының формасында болуы керек. Мұндай заңның нәтижесі кооперативтік субъектің өзінің барлық өтелмеген міндеттемелерін егер олар қатысу үлестерінде көрініп тұрған болса, өтеу мүмкіндігіне ие болуында. 20Х1жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша субъект жалпы CU200,000 көлемдегі өтелмеген сомадағы міндеттемеге ие, оның ішінде CU125,000 қатысу үлесінің есептерін көрсетеді. Қатысу үлесінің шарттары оның иесіне талап бойынша өтеуге мүмкіндік береді және субъектінің жарғысында оларды өтеуге қойылатын шектеу жоқ.



Сыныптастыру

B30. Осы мысалда қатысу үлестері қаржы міндеттемелері ретінде сыныптастырылуы тиіс. Өтеуге қойылатын шектеу 28 ҚСХҚЕС 23 және AG49-параграфында көрсетілген шектеулерге ұқсас болып табылады. Шектеу субъектінің қаржы міндеттемесі бойынша төлеуге тиесілі соманы төлеу қабілетіне қойылатын шартты шектеу болып табылады, яғни ол айқындалған шарттар сақталатын болса ғана, міндеттеме бойынша төлемді жүзеге асыруға рұқсат етпейді. Нақтырақ айтқанда, егер субъекті өзінің қалған барлық міндеттемелерін төлесе, одан қатысу үлесінің барлық сомасын (CU125,000) өтеу талап етілуі мүмкін. Сондықтан да, өтеуге салынатын тыйым субъектіге өзіне қатысу үлесінің алдын ала қарастырылған санынан, немесе қатысушылардың енгізген капиталының айқындалған сомасынан көбірек қаржы міндеттемесін қалыптастыруға кедергі жасамайды. Бұл субъектіге тек шарт сақталмайынша, яғни барлық қалған міндеттемелер бойынша төлем жасалмайынша, өтеудің мерзімін ұзарта алады. Осы мысалда қатысу үлестері өтемге қойылатын сөзсіз тиым салуға тиесілі емес және, осылайша, қаржы міндеттемелері ретінде сыныптастырылуы тиіс.



C қосымшасы

ҚСҚЕХС басқа стандарттарына енгізілетін өзгертулер

1 ҚСҚЕХС, Қаржылық есептілікті ұсыну

Қосымша параграф келесі баспада 7-параграфтан кейін қосылды:

Анықтамалар

7A. Келесі терминдер Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету 28 ҚСҚЕХС көрсетілген және осы стандартта 28 ҚСҚЕХС көрсетілген мағынада қолданылады:

  1. Үлескерлік құрал ретінде сыныптастырылған мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралы (28 ҚСҚЕХС 15 және 16-параграфтарында көрсетілген);

  2. Субъектіге басқа тарапқа тек жойылу кезінде ғана субъектінің таза активтерінің үйлесімді үлескерлігін жеткізу бойынша міндеттемелерді жүктейтін және үлескерлік құралы ретінде сыныптастырылатын құрал (28 ҚСҚЕХС 17 және 18-параграфтарында көрсетілген).

Қосымша параграф келесі редакцияда 95-параграфтан кейін қосылған:

Қаржылық жағдай жөніндегі Есепте немесе ескертулерде берілетін мәлімет

95A. Қаржы міндеттемелері мен таза активтер/ капитал арасында, егер субъект мыналарды қайта сыныптастырылған болса:

  1. Үлескерлік құралы ретінде сыныптастырылатын, мерзімнен бұрын өтеу құқығына ие құрал; немесе



  1. Субъектіге басқа тарапқа тек жойылу кезінде ғана субъектінің таза активтерінің үйлесімді үлескерлігін жеткізу бойынша міндеттемелерді жүктейтін және үлескерлік құралы ретінде сыныптастырылатын құрал ;

онда ол бір санаттан екінші санатқа (қаржы міндеттемелері немесе таза активтер/капитал) қайта сыныптастырылған сома туралы және осындай қайта сыныптыстырудың мерзімдері мен себептері туралы мәліметті ашып беруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет