АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет1/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОР ҮШІН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

АНЫҚТАМАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ІІ ТОМ

2013 ЖЫЛҒЫ БАСЫЛЫМ

ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОР ҮШІН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

2013 ЖЫЛҒЫ БАСЫЛЫМ

II ТОМ

МАЗМҰНЫ




Беті

Ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануы 26 ҚСҚЕХСК

881


Ауылшаруашылығы 27 ҚСҚЕХСК

955

Қаржы құралдары: ақпарат ұсыну 28 ҚСҚЕХСК

990

Қаржы құралдары: мойындау және бағалау 29 ҚСҚЕХСК

1112

Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету 30 ҚСҚЕХСК

1421

Материалдық емес активтер 31 ҚСҚЕХС

1477

«Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: концедент»

32 ҚСҚЕХСК


1546


Есептеудің кассалық әдісі бойынша Қоғамдық сектор үшін қаржылық

есептіліктің халықаралық стандарттарына кіріспе


1614


Кассалық әдіс негізіндегі ҚСҚЕХС - Есептеудің кассалық әдісі бойынша қаржылық есептілік

1615


1-32 ҚСҚЕХС анықталған терминдерінің глоссарийі

1758

2013 жылғы 15 қаңтарда немесе одан кейін күшіне енетін ҚСҚЕХС тізімі

1821

Басқа құжаттардың қысқаша мазмұндамасы






АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ТУЫНДАТАТЫН АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ – 26 ҚСҚЕХС
Баспагерлерден
Осы Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандартын қаржылық есептіліктің халықаралық стандартының негізінде «Активтердің құнсыздануы» 36 (ҚЕХС) қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарының Кеңесі (ҚЕХСК) шығарған. 36 ҚЕХС үзінділері Қоғам секторы үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша Кеңестің берілген жарияланымында Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша Кеңес комитеті қорының рұқсатымен (ҚЕХСКҚ) берілген.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) бекітілген мәтіні ҚЕХСК ағылшын тілінде жариялаған стандарты болып табылады, ал көшірмелерін ҚЕХСК жарияланымдар департаментінен келесі мекенжайға хабарласып, тікелей алуға болады: First Floor, 30 Cannon Street, London EC4M 6XH, United Kingdom.
E-mail: publications@ ifrs.org
Internet: http://www. ifrs.org
ҚЕХСКҚ ҚЕХС, ХЕС, стандарт жобаларының және басқа да ҚЕСХК басылымдарының авторлық құқығына ие.
IFRS», «IAS», «IASB», «IFRS Foundation», «International Accounting Standards» және «International Financial Reporting Standards» ҚЕХСКҚ сауда маркасы болып табылады және ҚЕХСКҚ мақұлдауынсыз қолдануға болмайды.



АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ТУЫНДАТАТЫН АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ – 26 ҚСҚЕХС
ҚСҚЕХС тарихы
Бұл нұсқа ҚСҚЕХС 2011 жылғы 15 қаңтардағы жағдайында енгізілген өзгерістерді қамтиды.
«Ақшалай қаражат туындататын активтерді құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС 2008 жылғы ақпан айында жарияланған.
Сол кезден бастап 26 ҚСҚЕХС түзетулерді келесі қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің стандаттарын енгізді:


  • (2011 жылғы қазан айында жарияланған) «ҚСҚЕХС жетілдіру»




  • (2011 жылғы қазан айында жарияланған) «ҚСҚЕХС жетілдіру»




  • «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС (2009 жылғы желтоқсан айында жарияланған)




  • «Қаржы құралдары: мойындау мен бағалау» 29 ҚСҚЕХС (2010 жылғы қаңтар айында жарияланған)




  • «Материалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС (2010 жылғы қаңтар айында жарияланған)




  • (2010 жылғы қараша айында жарияланған) «ҚСҚЕХС жетілдіру»


26 ҚСҚЕХС өзгертілген параграфтардың кестесі

Өзгертілген

параграф


Қалай өзгертілді

Төмендегілермен

өзгертілді

Кіріспе параграфтар

Алынып тасталынған

2011 жылғы қазан, ҚСҚЕХС жетілдіру

2

Өзгертілген

2009 жылғы желтоқсан, 27 ҚСҚЕХС

2010 жылғы қаңтар, 29 ҚСҚЕХС

2010 жылғы қаңтар, 31 ҚСҚЕХС


8

Өзертілген

2009 жылғы желтоқсан, 27 ҚСҚЕХС

2010 жылғы қаңтар, 29 ҚСҚЕХС



9

Өзгертілген

2010 жылғы қаңтар, 29 ҚСҚЕХС

27

Өзгертілген

2010 жылғы қараша, ҚСҚЕХС жетілдіру

123

Өзгертілген

2010 жылғы қаңтар, ҚСҚЕХС жетілдіру

126А

Жаңа

2010 жылғы қаңтар, ҚСҚЕХС жетілдіру

126В

Жаңа

2010 жылғы қаңтар, ҚСҚЕХС жетілдіру

126С

Жаңа

2010 жылғы қаңтар, ҚСҚЕХС жетілдіру


2008 жылғы ақпан

АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ТУЫНДАТАТЫН АКТИВТЕРДІҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ – 26 ҚСҚЕХС

МАЗМҰНЫ




Параграф

Мақсаты ....................................................................................................

1

Қолдану аясы …………………………………..……………………….

2 – 12

Анықтамалар ............................................................................................

13 – 20

Ақшалай қаражат туындататын активтер ..................................

14 – 18

Өтемпұл …………………………………………………………….

19

Құнсыздану ………………………………………………………...

20

Құнсыздануы мүмкін активті анықтау ………………………………..

21–30

Орнын толтыратын құнды бағалау ……………………………………

1–70

Тиімді пайдаланудың белгісіз мерзіміндегі материалдық емес

активтің орнын толтыратын құнды бағалау ……………………..


37


Сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құн ……………….

38–42

Пайдалану құндылығы ……………………………………………

43–70

Ақшалай қаражаттың болашақ ағынын бағалау үшін негіз .

46–51

Ақшалай қаражаттың болашақ ағынын бағалау құрылымы.

52–66

Шетел валютасындағы болашақ ақшалай қаражаттың түсімі …………………………………………………………..

67


Шегеру мөлшерлемесі ………………………………………..

68–70

Жеке активтің құнсыздануын мойындау және шығынды бағалау .....

71–75

Туындайтын бірліктер ............................................................................

76–97

Активке тиесілі туындайтын бірліктерді анықтау .......................

77–84

Туындайтын бірліктің өтелетін құны мен теңгерімдік құны ........

85–90

Туындайтын бірліктердің құнсыздануынан болған шығыны ….

91–97

Құнсызданудан болған шығынды түзету ……………………………..

98–111

Жеке активтің құнсыздануынан болған шығынды түзету ……...

106–109

Туындайтын бірліктің құнсызданудан болған шығынына түзетпе ……………………………………………………………...

110–111


Активтерді қайта сыныптастыру ……………………………………...

112–113

Ақпаратты ашып көрсету ……………………………………………...

114–125

Анықталмаған қызмет көрсету мерзіміндегі материалдық емес активті қамтитын туындайтын бірліктің орнын толтыру құнын өлшеуге қолданылатын бағалауды ашып көрсету ……………….

123–125


Күшіне ену күні ………………………………………………………...

126–127

А қосымшасы: Қолдану бойынша нұсқау

В қосымшасы: ҚСҚЕХС басқа түзетулер

Қорытынды жасауға негіз

Шешімдердің көрнекі ағашы

Қолдану бойынша нұсқау

36 ҚСҚЕХС салыстыру








«Ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануы» 26 Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты 1-127 параграфтарда баяндалған. Барлық параграфтар тең күшке ие. 26 ҚСҚЕХС өзінің мақсаты, қорытынды жасауға негізі және «Қоғам Секторы үшін Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына» алғы сөз мәнмәтінінде оқылуы тиіс. Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер 3 ҚСҚЕХС нақты нұсқаулықтар болмағанда бухгалтерлік есеп саясатын қолдану және таңдау негізін береді.


Мақсаты

  1. Осы Стандарттың мақсаты - субъектінің активтің құнсыздану дерегін анықтау және құнсызданудан болған шығынды мойындауды қамтамасыз ету рәсімдерін белгілеу болып табылады. Сондай-ақ, осы Стандарт, субъектінің қандай жағдайда құнсызданудан болған шығынды кері бағыттауы керектігін анықтайды және ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейді.


Қолдану аясы

  1. Қаржылық есептілікті есептеу әдісіне сәйкес әзірлеп, ұсынатын субъект осы стандартты, төмендегілерді қоспағанда, ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануын есептеу үшін қолданады:




  1. Қорларды («Қорлар» 12 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. Құрылыс келісімшарттары бойынша туындайтын активтерді («Құрылыс келісімшарттары» 11 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. «Қаржы құралдары: мойындау мен бағалау» 29 ҚСҚЕХС қолдану аясына түсетін қаржылық активтерді;



  1. Әділ құнмен есептелетін инвестициялық жылжымайтын мүлікті («Инвестициялық жылжымайтын мүлік») 16 ҚСҚЕХС қараңыз;



  1. Ақшалай қаражат туындататын және қайта бағаланған құнмен есептелетін негізгі құралдарды (“Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар” 17 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. Кейінге қалдырылған салықтық активтерді (кейінге қалдырылған салықтық активтерге қатысты тиісті бухгалтерлік есептің халықаралық немесе ұлттық стандартын қараңыз);



  1. Қызметкерлер сыйақысы бойынша туындайтын активтерді (“Қызметкерлердің сыйақысы” 25 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. Әділ құнға дейін ұдайы қайта бағаланып отыратын материалдық емес активтер («Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концендент» 31 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. Гудвиллды;



  1. Сатуға шыққан шығынды шегеріп, әділ құнмен есептелетін, ауылшаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді («Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз);



  1. Сақтандыру келісімшарттарына байланысты тиісті бухгалтерлік есептің халықаралық немесе ұлттық стандартын қолдану аясында сақтандыру келісімшарттарына сәйкес, сақтандырушының келісімшарттық құқығының нәтижесінде туындайтын материалдық емес активтерді де алу бойынша кейінге қалдырылған шығындарды;



  1. Сатуға арналған ретінде сыныпталатын және екі көлемнің азырағымен бағаланатын ұзақ мерзімді активтерді (немесе шығып кету топтарын): сатуға және тоқтатылатын қызметке арналған ұзақ мерзімді активтерді есептеуге қатысты есептеудің халықаралық немесе ұлттық стандарттарына сәйкес сатуға шыққан шығынды шегергендегі теңгерімдік құны мен әділ құнын; және



  1. Соған қатысты құнсыздануды есептеу талаптары басқа ҚСҚЕХС енгізілген, ақшалай қаражат туындататын басқа да активтерді.



  1. Осы Стандарт мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындардан (МКК) басқа барлық қоғамдық сектор субъектілеріне қолданылымды.




  1. ҚСҚЕХСК жариялаған Қоғамдық сектор субъектілері үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) алғысөзге сәйкес мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындары (МКК) ҚЕХСК жариялаған ҚЕХС қолданады. «МКК» терминінің анықтамасы «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС берілген.



  1. МКК «Активтердің құнсыздануы» 36 ҚЕХС қолданады, соның нәтижесінде осы Стандарттың ережелеріне түспейді. МКК басқа, ақшалай қаражат туындатпайтын активтерге ие қоғамдық сектор субъектілері 13-параграфқа сәйкес мұндай активтерге «Ақшалай қаражат туындатпайтын активтердің құнсыздануы» 21 ҚСҚЕХС қолданады. МКК басқа, ақшалай қаражат туындататын активтерге ие қоғамдық сектор субъектілері осы Стандарттың талаптарын қолданады.



  1. Осы Стандарт өзінің қолдану аясына әділ құнына дейін ұдайы қайта бағаланып отыратын материалдық емес активтерді қоспайды. Осы Стандарт өзінің қолдану аясында ақшалай қаражат туындататын барлық басқа да материалдық емес активтерді (мысалы, қандай да бір болмасын жинақталған өтемпұлды шегергендегі өзіндік құнмен ескерілетін активтер) қамтиды.



  1. Осы Стандарт өзінің қолдану аясынан гудвиллды шығарып тастайды. Субъектілер гудвиллдың құнсыздануына қатысты, гудвиллды туындаушы бірліктерге жатқызуға және туындаушы біріліктерді гудвиллмен бірге құнсыздануға тексеруге қатысты есептеудің тиісті халықаралық немесе ұлттық стандарттарының талаптарын орындайды.



  1. Осы Стандарт ақшалай қаражат туындататын, құрылыс келісімшартарынан туындайтын қорлар мен активтерге қолданылмайды, себебі мұндай текті стандарттарға қолданылатын қолданыстағы стандарттар берілген активтерді мойындау және бағалау бойынша талаптарды қамтиды. Осы Стандарт кейінге қалдырылған салықтық активтерге, қызметкерлерге сыйақы төлеуге қатысты және сатып алу бойынша кейінге қалдырылған шығындар мен сақтандыру келісімшарттарына сәйкес сақтандырушының келісімшарттық құқығының нәтижесінде туындайтын материалдық емес активтерге қолданылмайды. Осындай активтердің құнсыздануы есептеудің тиісті халықаралық немесе ұлттық стандарттарында қарастырылады. Сонымен қатар, осы Стандарт (а) өткізу шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша есептелінетін, ауылшаруашылығымен байланысты биологиялық активтерге және (b) сатуға арналған ретінде сыныпталатын, екі көлемге-теңгерімдік құн және сатуға шыққан шығынды шегергендегі әділ құнның аздауымен бағаланатын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығып кету топтарына) қолданылмайды. Ауылшаруашылығына байланысты биологиялық активтерді қарастыратын 27 ҚСҚЕХС және тиісті халықаралық немесе ұлттық стандарттар бағалау бойынша талаптардан тұрады.




  1. Осы Стандарт «Қаржы құралдары: ақапарат ұсыну» 28 ҚСҚЕХС қолдану аясына кіретін, қаржылық активтерге қолданылмайды. Берілген активтердің құнсыздануы 29 ҚСҚЕХС қарастырылады.



  1. Осы Стандарт 16 ҚСҚЕХС сәйкес, әділ құн бойынша ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына тестілеу қолдануды талап етпейді. 16 ҚСҚЕХС әділ құн моделіне сәйкес жылжымайтын мүлік есеп беру күніндегі әділ құн бойынша ескеріледі және бағалау барысында кез-келген құнсыздану есепке алынады.



  1. Осы стандарт 17 ҚСҚЕХС келтірілген қайта бағаланған құн бойынша ескеру моделіне сәйкес қайта бағаланған сомалармен ескерілетін, ақшалай қаражат туындататын активтердің құнсыздануына тестілеу қолдануды талап етпейді. 17 ҚСҚЕХС қайта бағаланған құн бойынша ескеру моделіне сәйкес, активтердің қайта бағалануы есеп беру күніндегі әділ құнынан айтарлықтай айырмашалығы жоқ құны бойынша есептеу мақсатында жеткілікті жиілікпен жүргізіліп отырады және осындай бағалау барысында кез-келген құнсыздану есепке алынады.



  1. Келесі инвестициялар:




  1. «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС анықтамаға сәйкес бақылаудағы субъектілер;



  1. «Қауымдасқан субъектілерге инвестиция салу» 17 ҚСҚЕХС анықтамаға сәйкес қауымдастырылған субъектілер; және



  1. «Бірлескен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХС анықтамаға сәйкес бірлескен кәсіпорындар, 29 ҚСҚЕХС қолдану аясынан шығарылған қаржылық активтерді береді.

Мұндай активтер ақшалай қаражат туындататын активтердің сипаттамасына ие болса, олар осы Стандартқа сәйкес ескеріледі. Егер берілген активтер ақшалай қаражат әкелмейтін активтердің сипаттамасына ие болса, олар 21 ҚСҚЕХС сәйкес ескеріледі.

Анықтамалар

  1. Осы Стандартта келесі терминдер олардың мағынасы көрсетіліп қолданылады:

Туындатушы бірлік (ақшалай қаражат әкелетін бірлік) – коммерциялық пайда алу басты мақсатымен иеленетін және үздіксіз қолданудың нәтижесінде ақшалай қаражат ағынын әкелетін басқа активтердің немесе актив топтарының ақшалай қаражат ағынына айтарлықтай тәуелді емес, ең аз анықталатын активтер тобы болып табылады.

Орнын толтыратын құн екі мәнді білдіреді: 1) сатуға шыққан шығынды шегергендегі ақшалай қаражат туындататын активтің әділ құнының және 2) оны пайдалану құндылығының ең көбі.
Ақшалай қаражат туындататын активті пайдалану құндылығы – алымы активті үздіксіз қолданудан және оның тиімді қызмет мерзімі өткен соң, шығып кетуінен күтілетін, келешектегі ақшалай қаражат ағынының шегерілген құны.

Басқа ҚСҚЕХС берілген анықтамалар, терминдер осы Стандартта басқа стандарттағылардай сол мағынада қолданылады және бөлек жарияланған Терминдер Глоссарийінде көрсетілген.

Ақшалай қаражат туындататын активтер

  1. Ақшалай қаражат туындататын активтер негізінен коммерциялық пайда алу мақсатымен иеленетін активтер болып табылады. Актив субъект пайда алуға бағыттап қабылдаған тәсілдермен пайдаланылғанда, коммерциялық пайда әкеледі. Активті «коммерциялық пайда» алу мақсатымен иелену субъектінің (а) активтен (немесе осы актив бір бөлігі болып табылатын туындатушы бірліктен) жағымды ақшалай қаражат ағынын туындатуға және (b) осы активті иеленуге байланысты тәуекелді көрсететін кіріс мөлшерін табуға ниеттенгенін көрсетеді. Актив белгілі бір есептік кезең ішінде осы мақсатқа сай келмесе де, оны пайда алудың басты мақсатымен иеленуі мүмкін. Және, керісінше, актив белгілі бір есептік кезең ішінде шығынсыздық пен коммерциялық пайданы қамтамасыз еткенде де, ақшалай қаражат әкелмейтін актив болуы мүмкін. Осы Стандарттың келесі параграфтарында атап өтілетін актив немесе активтер, егер басқаша көрсетілмесе, ақшалай қаражат туындататын активтерді білдіреді.

  2. Субъект, өзі иеленетін активтердің көбірек бөлігі осы мақсатқа арналмағанына қарамастан, коммерциялық пайда алу басты мақсатымен бірнеше активтерді иеленуі мүмкін бірқатар жағдайлар болады. Мысалы, аурухана ақылы емделетін ауруларға корпус бөлуі мүмкін. Ақшалай қаражат туындататын қоғамдық сектор субъектісінің активтері, осы субъектінің ақшалай қаражат әкелмейтін активтерінен бөлек қызмет атқаруы мүмкін. Мысалы, жер мәмілелерін тіркеу бөлімі жер мәселелері бойынша департаменттен бөлек жерді тіркегені үшін, төлемақы ала алады.



  1. Кейбір жағдайларда актив, оны қызмет көрсету басты мақсатымен иеленсе де, ақшалай қаражат ағынын туындата алады. Мысалы, мемлекеттік ауруханалардан түсетін медициналық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған қалдықтарды жою зауыты, сондай ақ жеке ауруханалардан түсетін медициналық қалдықтардың шамалы көлемін өңдеуді коммерциялық негізде жүзеге асырады. Жеке ауруханалардан түсетін медициналық қалдықтарды өңдеу зауыт қызметінің қосалқы бөлігі болып табылады және ақшалай қаражат туындататын активтерді ақшалай қаражат әкелмейтін активтерден бөлу мүмкін емес.



  1. Басқа жағдайларда актив ақшалай қаражат ағынын туындата алады, бірақ, сонымен қатар, ақшалай қаражат туындатудан басқа мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік аурухананың қол астында он палата бар, оның тоғызы коммерциялық негіздегі емделетін емделушілерге пайдаланылады, ал біреуі ақысыз емделетін емделушілерге пайдаланылады. Екі сыныптағы палатаның да аурулары аурухананың басқа бөлмелері мен жабдықтарын (мысалы ота жасау бөлмесі) бірлесіп пайдаланады. Субъектіге 21 ҚСҚЕХС емес, осы Стандарттың ережелерін қажеттігін анықтау үшін, коммерциялық пайда алу мақсатымен активті қандай деңгейде иеленетінін қарастыру қажет. Егер осы мысалдағыдай ақшалай қаражат туындатпайтын құрауыш жалпы тәртіптің шамалы бір бөлігі болса, субъект 21 ҚСҚЕХС емес, осы Стандартты қолдануы қажет.

18. Кейбір жағдайларда активті иеленудің басты мақсаты коммерциялық пайда алу болып табылатындығы айқын болмайды. Мұндай жағдайларда ақшалай қаражат ағынының маңыздылығын бағалау қажет. Кейбір кездері актив 21 ҚСҚЕХС орнына осы Стандартты қолдану қажет болатындай, ақшалай қаражат ағынын туындататын деңгейдің маңыздылығы жеткілікті екендігін анықтау қиын болуы мүмкін. Стандарттардың қайсысы қолданылымды екендігін анықтау үшін, сараптама жасалынуы тиіс. Субъект өлшемдерді ақшалай қаражат туындататын активтер мен ақшалай қаражат әкелмейтін активтердің анықтамасына және 14-17 параграфтардағы көрсетілген соларға байланысты нұсқауларға сәйкес сараптамалық бағалау қолдануға мүмкіндік беретіндей етіп әзірлеуі тиіс. 114-параграф субъект сараптамалық бағалау барысында қолданылатын өлшемдерді ашып көрсетуін талап етеді. Дегенмен, МКК болып табылмайтын, қоғамдық сектор субъектілерінің жалпы көздейтін мақсатын ескере отырып, активтер ақшалай қаражат әкелмейді және сондықтан да 21 ҚСҚЕХС қолданылады деген жорамал бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет