Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ»,
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз!
Конференцияның жұмыс тәртібі
28 сәуір, 2016 ж.
Конференцияның басқа қалалардан келген қатысушыларының келуі мен орналасуы.
29 сәуір, 2016 ж.
09.00 – 10.00 – конференция қатысушыларын тіркеу
10.00 – 13.00 – толық отырыс
13.00 – 14.00 – үзіліс
14.00 – 18.00 – секциялық отырыс
Конференцияның негізгі бағыттары:
- 1-секция. Қазақ рухани мәдениеті – қазақстандықтарды біріктіру факторы
- 2-секция. «Мәңгілік Ел» құндылықтар ұстанымы негізінде қоғам үйлесімділігі мен бірлігін нығайту.
- 3-секция. Көптілділік қазіргі Қазақстан дамуының басым бағыттарының бірі ретінде.
- 4-секция. Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері
- 5-секция. Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелері мен келешегі.
- 6-секция. Көмірсутекті шикізатты дайындау мен өңдеуге қатысты жаңа көзқарастар
- 7-секция. Болашақ қуаты, көлік және құрылыс
- 8-секция. Физикалық-математикалық ғылымдар мен ақпараттық технологиялардың даму жағдайы мен бағыты.
- 9-секция. Экология, ветеринария, биотехнология: қазіргі жағдайы мен даму келешегі
- 10-секция. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімнің конституциялық-құқықтық негіздері
- 11-секция. Мемлекет, құқық, қоғам және дін: конституциялық-құқықтықтық және заңдық реттеу мәселелері.
Конференцияның жұмыс жүргізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Тікелей көшіру әдісі арқылы ғылыми жинақты басып шығару жоспарланған.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Көлемі А4 пішіміндегі 5 толық беттен аспауы тиіс, қаріп - өлшемі 12 кегль, қарапайым, Times New Roman, жоларалық интервал – 1,0. Беттер шеттері: барлық жағынан 2 см. Абзацтық шегерім – 1,25. Ортасында – қалың қаріппен бас әріппен мақала аты; бос орын арқылы астына кіші әріптермен автор (авторлар), бос орын арқылы оның астына жұмыс орындалған мекеме атауы, қала аты. Астына бос орын арқылы мақала мәтіні жазылады. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында сілтеме жасалуына қарай беріледі және МЖМС талаптарына сәйкес рәсімделеді. Соңғы бет толықтай толтырылуы қажет.
Қатысуға арналған өтінім үлгісі:
Аты-жөні (толық), ұйым, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мекен-жайы, телефоны, е-mail. Бағыты көрсетілген мақала аты, конференцияға қатысу түрі (тікелей, сырттай), мерзімі, қолы. Мақалаларды (қағаз және электрондық тасымалдағыштарда) 15.04.2016ж дейін келесі мекен-жай бойынша жіберуіңізді сұраймыз: 090000, Орал қ., Ихсанов көш.,44/1. БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультеті, жалпы білім беру пәндері кафедрасы, 317-каб. Тел.: (8-7112) 50-09-43. E-mail: alma-m@mail.ru.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Достарыңызбен бөлісу: |