«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша



бет1/67
Дата24.04.2016
өлшемі4.5 Mb.
#79259
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ
050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды мемлекеттік аттестациядан өткен тұлғаларға 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ақпараттық жүйелер бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаларға қабылдау жөніндегі талаптар: өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/ оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: отандық және халықаралық еңбек нарығына сай бәсекеге қабілетті бакалавр маманын даярлау. Нақты өндіріс жағдайында және қызмет иерархиясы бойынша болашақ маманның әлеуметтік, экономикалық, кәсіптік қызмет мазмұнын өзгерте алуға қабілеттілігін, біліктілігі мен білімділігін, ондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуын, ұйымдастырушылық-басқарушылық құзыреттілігін қамтамасыз ету.

050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавриат білім беру бағдарламасын аяқтаған соң магистратурада білім алуды жалғастырып, магистр академиялық дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.



Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы- 129 кредит + 10 кредит (іс-тәжірибе) + 8 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация) - (ECTS-225 кредит)


Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім пәндері –кредит

33

50




Міндетті компонент

33

50

КТ 1101

Қазақстан тарихы

3




Inf 1102

Информатика

3




OKN 1103

Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері

2




ALе 1104

Әлеуметтану

2




Etd 1105

Экология және тұрақты даму

2




К(О)t 1106

Қазақ/орыс тілі

6




Etn 2107

Экономикалық теория негіздері

2




ShT 2108

Шетел тілі

6




KN 2109

Құқық негіздері

2




Saya 2110

Саясаттану

2




Fil 2111

Философия

3







Базалық пәндер

64

96




Міндетті компонент

20

30

AG 1201

Алгебра және геометрия

3




Fiz 1202

Физика 1

3




ITMS 2203

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

2




Sul 2204

Сұлбатехника

2




OZhN 2205

Ақпараттық жүйелер негіздері

3




KZhS 3206

Компьютерлік жүйелер сәулеті

3




KK(O)t 2207

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

2




K-bsht 3208

Кәсіби-бағытталған шетел тілі

2







Таңдау компоненті

44

66

MT 1201

1.Математикалық талдау

3




AZ 1201

2.Амалдарды зерттеу

OZh 1202

1.Операциялық жүйелер

3




ZhAT 1202

2.Жаңа ақпараттық технологиялар

AlgPT 1203

1.Алгоритмдеу және программалау тілдері

4




ZhDTP 1203

2.Жоғары деңгейлі тілдерді программалау

ZhEM 4207

1. Білімдер қоры және эксперттік жүйелер

3




FLB 4208

2.Функционалды-логикалық бағдарламалау

Fiz 2209

1.Физика2

3




TM 2210

2.Теориялық механика

EcOU 4211


1.Экономика және өндірісті ұйымдастыру

3




EcDTB4212

2.Экономикадағы деректерді талдау және болжау

EleTT 2213

1.Электр тізбектерінің теориясы

3




ElT 2214

2. Электр техникасы

DM 2215

1. Дискретті математика

3




IMN2216

2.Информатиканың математикалық негіздері

ADgMK3217


1. Ақпараттық жүйелерді математикалық қамсыздандыру

3




APDgM3218

2.Ақпараттық процестер мен жүйелерді модельдеу

AN 2219

1. AUTOCAD негіздері

3




CN 2220

2. Сredo негіздері

DgTOZ3221


1. Жүйелік талдау және операцияларды зерттеу

3




EZMA3222

2.Экономиканы зерттеудегі математикалық әдістер

ABKE 3223


1. Автоматтандырылған бухгалтерия және қаржылық есеп

3




1SB 3224

2. 1С-Бухгалтерия

OBB 3225


1. Объектілі-бағытталған бағдарламалау

4




VB 3226

2. Визуалды бағдарламалау

IKG 2227


  1. Инженерлік және компьютерлік графика

3




AZhGZh 2228

  1. Ақпараттық жүйелердің графикалық жабдықтары




Кәсіби пәндер

32

48




Міндетті компонент

5

7.5

PT 1301

Программалау технологиясы

2




AKAK 3302

Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

3







Таңдау компоненті

27

40.5

KZhI 3301


1. Компьютерлік жүйелер интерфейстері

3




EBKB 3302

2. Экономикадағы берілгендер қорлары және банкілері

WT 3303

1. Web технологиясы

3




MT 3304

2.Mультимедиялық технологиялар

KT 4305

1. Компьютерлік тораптар

3




EKT 4306

2.Есептеуіш компьютерлік тораптар

TPBAZh 4307


1. Технологиялық процестерді басқарудың ақпараттық жүйелері

3




BUAZh 4308

2.Басқаруды ұйымдастырудың ақпараттық жүйелері

ABZh 4309

1. Автоматты басқару жүйелері

3




ZhBBK4310

2.Жобаларды басқаруды бағдарламалық қамсыздандыру

DBZh 3311

1. Деректер базасының жүйесі

3




KSAZhJ3312

2. Клиент-серверлік ақпараттық жүйелерді жобалау

KMN 3313


1.Компьютермен модельдеу негіздері

3




IM 3314

2. Имитациялық модельдеу

AZhA 3315


1.Ақпараттық жүйелерді администрациялау

3




KAZh 3316

2.Корпоративті ақпараттық жүйелер

AOA 4317

1.Ақпаратты өңдеу әдістері

3




AK 4318

2.Эконометрика




Жалпы кредит саны

129

194

1 курс
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Остаева А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қазіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады. Ақпаратты қорғау әдістері, ЭЕМ-дегі локальды және глобальды желілер, ақпараттық процестер және жаңа технологиялар жайында теориялық білім беру; өмірге керекті есептерді шығару үшін компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сапалы және ұтымды пайдалану; мәтіндік редактор, кестелік процессормен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету, деректер қорын құруды және кез-келген қолданбалы программалармен жұмыс жасау.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Новиков Ф., Яценко А. Microsoft Office 2000 в целом. СПБ:БХВ-Санкт-Петербург.2001г.

2.Вильямс Микки. Программирование в Windows 2000г. Энциклопедия пользователя. Издательство «Диа-Софт» - 2000 г.- 640 с.

3.Левин И.Н. ПК для пользователей. Киев: Диалектика, 2000 г.

4.Лавренов С.М. Excel. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001 г.

5.Золотова С.И. Практикум по Access, М.: Финансы и статистика, 2001 г.

6.Олифер. Компьютерные сети. М: Финансы и статистика, 2001 г.

7.Симонович С.В. Информатика, Базовый курс. Питер 2001 г.

8.Алексеев А.П. Информатика 2002. Москва 2002 г.

9.Автоматизированные тесты по темам: Операционная система MS-DOS, NC, архиваторы, компьютерные вирусы.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және лабораториялық сабақтар; сабақтарда интерактивті тақталарды қолдану, сұрақ-жауап, лабораториялық сабақтарда компьютерді қолдана отырып, тапсырмалар орындау, тест сұрақтары, презентацияны қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интернет жүйесі, интерактивті тақта.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALe 1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Айдарова Ш. – тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазіргі қоғамда егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында қоғам дамуының теориялық негізін меңгермей, азаматтардың білімін, мәдениетін жетілдірмей, қоғамның әлеуметтік өмірі жөнінде толық мәлімет алмай ешқандай қоғамдық прогресс болмайды. Сондықтан осы мақсатта жоғары оқу орындарында әлеуметтану курсын оқыту толық жүзеге асырылуда. Әлеуметтану пәні де Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқытылатын әлеуметтік гуманитарлық пәндер қатарына қосылады. Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы. Әлеуметтік білімінің құрылымы. Макро-микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану. Әлеуметтану заңдылықтары мен категориялары. Әлеуметтану әдіснамасы. Әлеуметтанудың бақа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер. О.Конт және Э.Дюркгейм - әлеуметтанудың негізін қалаушылар. ХХ ғасырдың әлеуметтануы. Ресейдегі әлеуметтанулық ой-сананың дамуы. Қазақстандағы әлеуметтанудың ой-пікірдің дамуы. Әлеуметтік өмірдің элементтері. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер. Әлеуметтік құрылым және стратификация. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары. Тұлға құрылымы. Девиация және әлеуметтік бақылау. Әлеуметтану процесінің мазмұны, оның негізгі механизмдері. Арнайы әлеуметтанулық теориялар. Білім беру әлеуметтануы. Экономикалық әлеуметтану. Саяси әлеуметтану. Бұқаралық ақпарат әлеуметтануы. Қолданбалы әлеуметтану. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. әлеуметтік зерттеу бағдарламасының құрылымы. Мәліметтерді жинаудың негізгі әдістері және олардың нәтижелерін талдау.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері А.: Экономика, 2004 ж.

2. Добренько В.И., Кравченко А.И. Социология М.: 2005 ж.

3. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану А.: Ғылым, 2003 ж.

4. Әженов.М., Садырова М. Қоғамның әлеуметтік құрылымы А.: Қазақ университеті, 2002 ж.

5.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы Алматы, Қазақстан, 2006, 4-том

6.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы Алматы, Қазақстан, 2006, 3-том

7.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы Алматы, Қазақстан, 2006, 5-том



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – теориялық қорытынды жасау, сұрақ-жауап, пікірталас, презентация көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интерактивті тақталар, оқу-әдістемелік құралдар.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Балықбаева Г.Т.- химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Экологияның практикалық және теориялық сұрақтарын болашақ мамандарға бағыт беру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңдылықтарын оқытады. Табиғатты пайдаланудың практикалық шараларын ұйымдастыру, аймақтың, елдердің, планетаның экологияны жетілдіру, сонымен қатар қоршаған ортаға адамзаттың әсері және оны жою шаралары; қоршаған ортаға өнеркәсіптік обьектілердің әсерлерін және өнеркәсіптік қалдықтардарды тазарту әдістері; экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздерін қарастыру, табиғатты пайдалану сферасында элементарлы білімдер мен дағдыларды жүйеге келтіре білу.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Экологияның мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелерді шешуегі экологияның алатын орны және атқаратын ролі. Аутэкология: экологиялық факторлар, оптимум және минимум аймақтары. Дэмэкология: популяция сипаттамалары, флуктуациялар және популяция санының реттелуі. Синэкология: қауымдастықтың торфикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар. Экожүйелердің флуктациялары: энергия алмасуы және заттар айналымы, экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы, экологиялық сукцессиялар. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. Құрлықтық және сулық экожүйелердің типтері. Биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосфераның тірі заты және оның функциялары. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану. Табиғатты қорғау және қазіргі заманның экологиялық проблемалары. Экологиялық даму проблемалары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта Алматы, 1998 ж.

  2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология (оқулық), Алматы, 2002. Экономика

  3. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық, Алматы: «Зият Преес», 2004 ж.

  4. Баешов А.Б. Экология негіздері. Түркістан, Яссауи университеті, 2000 ж.

  5. Банников А.Г., Рустамов А.К. Охрана природы М., Колос 1987 ж.

  6. Молдахметов М., Ғазалиев А.М. және т.б. Экология негіздері (оқулық), Қарағанды, 2002 ж.

  7. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы – Алматы: Ғылым, 1997 ж. 192 бет.

  8. Демеген А.А. Экология әлемі. Атаулар мен анықтамалар. Алматы: Қазақ университет, 1998 ж.

  9. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология (оқулық). Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001 ж.

  10. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздері: Экология және табиғат қорғау – Алматы: Мектеп АҚҚ, 2002 ж., 392 бет.

  11. Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С., Мейірбеков А.Ұ. Табиғатты пайдалану және қорғау негіздері. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2000 ж.

  12. Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. Оқулық, Алматы. 2007 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; қоршаған ортаның өндірістік қалдықтардан зардап шегуін анықтауда лабораториялық әдістерді қолдану, интерактивті оқыту әдістері, талдамалық әдістер.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интерактивті тақталар.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Орыс тілі

Пәннің коды: К(О)t 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Кудайбергенова А. С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Дюсенбаева Н.Н. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Орыс тілі курсы жеткілікті түрде тілді меңгерген және екеу ара байланыс жасауды үйретуге негізделген. Бұл курс екі бөлімнен тұрады: түзету курсы, яғни тілді жеткілікті түрде меңгеруге бағытталса, екінші бөлімі студентердің әртүрлі тақырыптарды жетік талдауын үйретеді.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Орыс тілін оқыту барысында фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде қазақ тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субьектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі обьективтілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; амоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі қазақ тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады. Оқытудағы негізгі ұстаным-үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдайында (әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби іскерлік жағдайларда) тілді қарым-қатынас құрал ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлем әрекетінің 4 түрін түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. - Алматы, 2005 г.

2. Мусатаева М.Ш. Пособие по научному стилю русской речи (финансово-экономический цикл).- Алматы: АГУ им. Абая, 2001 г.

3.Мухамадиев Х.С. Пособие по научному стилю речи. Русский язык. Учебно-методическое пособие. - Алматы, Қазақ университеті, 2006 г.

4.Практический курс русского языка для студентов национальных групп/Под ред. Насыровой М.Р. - Алма-Ата, 1991 г.

5.Городилова Г. Русский язык. Основной курс – М., 1991 г.

6.Тюлебаева М. Русский язык для юристов. Часть 1,2. - Алматы, Изд-во КазГЮА, 2002 г.

7.Шаяхметова Н.К. Русский язык. Обучение научному стилю. Алматы, Қазақ университеті, 2006 г.



Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – практикалық сабақтар; интерактивті оқыту әдістері, жазбаша сауаттылықты тексеру мен қатемен жұмыс жасау әдістері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интерактивті тақталар.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KТ 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Әзірбекова А.Ж. – аға оқытушы, Пірманов М.А. - оқытушы.

Курстың мақсаты: студенттерге Қазақстан тарихының ежелгi дәуiрден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi тарихымен таныстыра отырып, игерген бiлiмi негiзiнде ертедегi және қазiргi таңдағы күрделi де, қарама-қайшылыққа толы тарихи процесстердiң мәнiн, мазмұнын, адамзат қоғамының қалыптасу процесiн шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету. Студенттерге қоғамдағы жалпы адамзаттық және ұлттық қатынастардың даму ерекшелiктерiн айқындай отырып, оларды патриоттық және интернационалдық сезiмдерге баулу, Қазақстан Республикасының дүние жүзiлiк деңгейде алатын орнын айқындау. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмдi, бiлiктi маманды қазiргi заманға сәйкес даярлау.

Деректемелер/пререквизиттері: Әлеуметтану

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстан тарихына кіріспе. Қазақстан ежелгі дәуірде Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ежелгі тас ғасыры), Мезолит (орта тас ғасыры), Неолит (жаңа тас ғасыры ). Қола дәуірі. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар. Үйсіндер мен қаңлылар. Ғұндар. Қазақстан орта ғасырларда. Ерте орта ғасыр мемлекеттерi (VI-X ғғ). Түрік қағанаты. Түргештер. Қарлұқтар. Оғыздар. Қимақтар. VI-X ғғ Қазақстанның экономикалық, мәдени өмірі. Дамыған ортағасырдағы мемлекеттер (XIғ –XIIIғ.басы). Қарахандар. Қарақытайлар. Наймандар мен керейлер. Қыпшақтар. XIғ-XIIIғ басындағы Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Қазақстан монғол басқыншылығы кезеңінде. Орда. XIV-XVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ноғай ордасы. Сібір хандығы. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері. XVғ-XVIIIғ басындағы Қазақ хандығы. XIVғ-XVIII ғ басындағы қазақтардың мәдениеті. Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII-XXғ. басы). Қазақстан XVIIIғ бірінші ширегінде. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей. Қазақстанда отарлау дәуірінің басталуы. XIXғ – XXғ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Қазақстан мәдениеті (XVIII-XX ғ. басы) Қазақстан қазіргі кезеңде. 1917 ж. Қазан төңкерісі және оның алғы шартары. Азамат соғысы – халық қасіреті. (1918-1920ж.ж.) Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. Қазақстандағы «соғыс коммунизмі» саясаты (1918-1921ж., наурыз). Өлкедегі Совет мемлекетінің құрылуы. ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық нәтижелері. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруашылығының қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі. Соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қоғамдық-саяси жағдай. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. (1941-1949ж.ж.) Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-53ж.ж.) Хрущев реформалары тұсындағы Қазақстан (1953-64ж.ж.). 1960 жылдардың 2 жартысы мен 1980 жылдың І жартысындағы Қазақстан. «Қазақстанды қайта құру» саясаты (1985-1992). Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан тәуелсіздік жолында. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достығының құрылуы(ТМД). Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Экономикалық дамуы. Қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995 ж.

2. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда А., 1990 ж.

3.М.Шоқай таңдамалы шығармалары, І том, 1997-1998 ж.ж. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейдi. А., 1993 ж.

4. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. А.,1991 ж.

5. Омарбеков Т. 20-30 ж.ж. Қазақстан қасiретi. А., 1997 ж.

6. Қозыбаев М. Қазақстан арсенал фронтта. А., 1970 ж.

Сабақ беру әдістері: оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; оқытудың интерактивті әдістері, слайдтар қолдану, сұрақ-жауап.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті тақталар, кітапхана қоры, электронды ресурстар, оқу-әдістемелік құралдар.

Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya 1110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Әбікенов Ж.О. - аға оқытушы, Таженова К.Б. - оқытушы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет