Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 937 бұйрығымен
бекітілген
Ақпараттық технологияларды қолдану
тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
1. Жалпы ереже
-
Осы Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
-
Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің шынайылығын арттыру және үдерістерін оңтайландыру үшін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтауға арналған.
-
Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
2) ақпараттық технологиялар – әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;
3) электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымы – бұл қағаз тасығышта қайталаусыз мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың - мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 101 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесінің (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттік орган қызметінде пайда болатын мемлекеттік орган бекіткен құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттардың алмасуы2.
4) тек қана электрондық нысанда ішкі құжат айналымы – ол қағаз тасығыштарда қайталаусыз бір мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі - - мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы арасындағы 103 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат нысанында мемлекеттік орган – электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысының қызметінде туындайтын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істер номенклатурасының тізбесінің құрамына енетін электрондық құжаттармен алмасу;
5) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
6) мемлекеттік органдардың Интранет-порталы – мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен, ұйымдық міндеттердің және ақпарат алмасу шешімімен мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық корпоративтік ақпараттық жүйе;
7) электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ) – электрондық құжаттармен алмасу жүйесі, қатысушылар арасындағы қарым-қатынас «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттеледі;
8) толықтай автоматтандырылған функция – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өндеу, жүйелеу, ақпаратты сақтау және беру процесстері автоматтандырылған, мемлекеттік органның өз құзыреті шегіндегі қызметі;
9) ішінара автоматтандырылған функция – функцияны жүзеге асырудың жеке процесстері автоматтандырылған өз құзырет шегіндегі мемлекеттік органның қызметі.
-
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесінің шеңберіндегі бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы Сараптамалық қорытындыны қалыптастыру жөніндегі сараптамалық комиссиясы жұмыс органының кіші тобы болып табылатын лауазымды тұлғалардың санынан Жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады.
Министрліктің ақпараттық технологияларды қолдануын бағалау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен жүзеге асырылады.
-
Бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
-
Мемлекеттік органдар ақпараттық технологияларды қолдану туралы қызметі туралы есепті осы Әдістемеге 1, 2, 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке, және Министрлік Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады.
-
Жұмыс тобы Министрлікпен жүргізілген тексерулердің нәтижелерін пайдалану және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстыру арқылы, олардың нақтылық мәніне, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.
-
Миинистрлікпен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен даярланған мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылады.
-
Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі критериялар бойынша жүзеге асырылады:
-
Интернет-ресурстың тиімділігі;
-
Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану;
-
Мемлекеттік органның функцияларын (үдерістерін) автоматтандыру;
-
Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі;
-
Ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру үлесі.
-
Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады да, оған сәйкес балл қойылады. Баллдар осы Әдістемеге 5-қосымшадағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалаудың критериялары мен көрсеткіштеріне сәйкес қойылады.
Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі критериялардың маңыздылығы дәрежесін ескерумен қойылған. Атап айтқанда:
1) «Интернет-ресурсы тиімділігі» критериясы бойынша қоғамның алдында мемлекеттік органдардың айқындылығын және бағыныстылығын қамтамасыз етуге бағытталған осы критериядан шыға отырып, 20-ға тең балл қойылды;
2) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша қағаз құжат айналымы үлестерін азайту, құжатты жасаудың, өңдеудің және жөнелтудің уақытын азайту, құжаттармен жұмыс жасаған кезде жеделдікті арттыру, мемлекеттік орган қызметін оңтайландыруға бағытталған осы критерияны ескерумен, 20-ға тең балл қойылды;
3) «Мемлекеттік орган функцияларын (үдерістерін) автоматтандыру» критериясы бойынша мемлекеттік органмен халық пен бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезде, мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыруға бағытталуы тиіс ақпараттық технологияларды қолдануды ескерумен, 50-ге тең баллдардың ең көп саны қойылды;
4) «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі» критериясы бойынша Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес бағалауға жататын ақпараттық жүйелер тiзiмінде көрcетiлген ақпараттық жүйелерді пайдаланудың тиімділігіне бағыттылған осы критерийді ескерумен, баллдар қойылды.
5) «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру үлесі» критериясы бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен қажетті ықпалдастыру болмаған жағдайда, баллдары төмен болады. Баллдарын шегеру, Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес, -5-ке тең және 100 балл сомасын құрайтын баллдардың ең көп санынан жүргізіледі.
Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі формула бойынша Әдістемеге 5-қосымшаның кестесінде көрсетілген белгілі бір салмақты баллдармен сәйкес критериялар мәні сомасы ретінде анықталады:
N= P1 + P2 + P3 + P4 +Р5
мұнда N – мемлекеттік орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалаудың жалпы баллы, P – критерияның мәні.
-
Критериялар мәнінің есебі келесі формула бойынша Әдістемеге 5-қосымшаның кестесінде көрсетілген баллдардың көрсеткішіне сәйкес осы критерияның барлық көрсеткіштер сомасынан шыға отырып жүзеге асырылады:
P = (Сi*Vi) + (Сi+1*Vi+1) + (Сi+2*Vi+2) + …
мұндағы P – критерияның мәні, C – көрсеткіштің мәні, V – көрсеткіштің баллы, i – осы критерия үшін 1-ден бастап көрсеткіштердің санына дейін интервалы.
1. «Интернет-ресурстың тиімділігі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) Интернет-ресурста gov.kz домендік атаудың бар болуы;
2) Интернет-ресурстың алға басуы;
3) Ақпараттың толықтайтығы мен сапасы.
Параграф 1. «Интернет-ресурста gov.kz домендік атауының бар болуы» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Интернет-ресурста gov.kz домендік атауының бар болуы деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған gov.kz домендік атауы, Интернеттің ашық ақпараттық-коммуникациялық желісінде мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы сияқты интернет-ресурста бар болуымен түсіндіріледі.
-
Есепті жылдың нәтижелері бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Министрлік мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында gov.kz домендік атауының бар болуын тоқсан сайын, аптаның әртүрлі күндері мен тәуліктің уақытында тексереді.
-
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тіркелген gov.kz домендік атауы бар болған кезде, оған баллдардың барынша көп саны 2 балл беріледі. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тіркелген gov.kz домендік атауы жоқ болғанда, оған 0 балл беріледі. Егер мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы gov.kz доменінде тіркелген болса, бірақ gov.kz домендік атауымен жұмыс істемесе, 0 балл қойылады.
Параграф 2. «Интернет-ресурстың алға басуы» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Интернет-ресурстың алға басуы интернет-ресурстың көп сандағы сілтемелерін іздестіруді және арттыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган атауының сұранысы бойынша халықаралық іздестіру жүйелерінде (google, yandex) мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемелердің бар болуымен түсіндіріледі.
-
Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында халықаралық іздестіру жүйелерінде (google, yandex) іздестіру жолымен мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына сілтемелерді тексереді.
-
Интернет желісінде мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсының алға басуы жөніндегі деректерді талдау тоқсан сайын, аптаның әртүрлі күндері мен тәуліктің уақытында жүргізіледі.
-
Егер талдау барысында мемлекеттік органның интернет-ресурсының сілтемесі іздестіру нәтижелерінің бірінші 10 ұстанымында болса, онда оған
3 балл беріледі.
Егер талдау барысында мемлекеттің органның интернет-ресурсы ның сілтемесі іздестіру нәтижелерінің 11-20 ұстанымдарында болса, онда оған
2 балл беріледі.
Егер талдау барысында мемлекеттің органның интернет-ресурсының сілтемесі іздестіру нәтижелерінің 21-40 ұстанымдарында болса, онда оған 1 балл беріледі.
Егер талдау барысында мемлекеттің органның интернет-ресурсының сілтемесі іздестіру нәтижесінің 40 ұстанымында болса, немесе іздестіру нәтижелерінде жоқ болса, онда оған 0 балл беріледі.
Параграф 3. «Ақпараттың толықтайтығы мен сапасы» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Интернет-ресурста толықтай ақпарат деп «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңымен және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналасқан мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысымен анықталған тізбесі ақпараттың бар болуымен түсіндіріледі. Ақпараттың сапасы деп ақпараттың жеткіліктілігі, дәйектілігі, уақыттылығы мен қолжетімділігі түсіндіріледі. Ақпараттың толықтайтығы мен сапасының көрсеткіші бойынша есеп Әдістеменің 7-қосымшасына сәйкес интернет-ресурстар үшін «Ақпараттың толықтайтығы мен сапасы» көрсеткіші бойынша бағалауда көрсетілген индикаторлар бойынша жүргізіледі.
-
Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тоқсан сайын, аптаның әртүрлі күндері мен тәуліктің уақытында Әдістеменің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік болжамасын талдау жолымен мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын тексереді.
-
«Ақпараттың толықтайтығы мен сапасы» көрсеткіші бойынша бағалаудың мәні Әдістеменің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік болжамасы бойынша баллдарды сомалау және нәтижені көрсеткіштің 100 баллға тең ең үлкен мәніне бөліп, кейіннен
15-ке көбейту жолымен жүзеге асырылады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалауды жүргізген кезде, сонымен қатар Әдістеменің 7-қосымшасына кестесіндегі ескертпеде көрсетілген интернет-ресурс сапасына ықпал ететін критериялар ескеріледі. Кемшіліктерді анықтаған жағдайда, әрбір анықталған кемшілік үшін параметрдің салмақтық мәнінің 50 (елу) пайызынан аспай, параметрдің салмақтық мәнін 0,1 баллға шегеру жүргізіледі.
-
«Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша бағалау
-
«Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша бағалау мынадай ішкі критериялар бойынша есепетеледі:
1) Іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану;
-
Мемлекеттік органдардың Интранет-порталын пайдалану.
2.1 «Іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану» ішкі критериясы бойынша бағалау
-
Бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
-
Электрондық нысанда ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесі;
-
Электрондық нысанда ғана ішкі электрондық құжат айналымының үлесі;
-
Уақытылы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі;
-
«Электрондық үкімет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің үлесі;
-
Мемлекеттік органның ішінде ведомствоаралық құжаттарды келісу үлесі.
-
Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органды – ЭҚЖ қатысушысыны ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі есепті күнтізбелік жыл үшін ЭҚАБЖ/ЭҚЖ ведомстволық жүйесінен статистикалық есептерді қарау жолымен мемлекеттік орган – ЭҚЖ қатысушысы ақпаратының есептілігінде көрсетілгенді тексереді.
Параграф 1. «Электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мемлекеттік органмен немесе лауазымды тұлғалармен – ЭҚЖ қатысушылармен жөнелтуге жататын және
10 4 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың жалпы санынан электрондық нысанда ғана жөнелтілген құжаттардың үлесі жатады 5.
-
Көрсеткішті бағалау үшін ақпараттың алынған көзі Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес Министрлікпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Министрлікке берілетін есептілік нысанының 1.1.1-жолындағы 3-бағанда көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мәні электрондық түрде ғана жөнелтілген құжаттардың санын мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін ведомствоаралық құжаттардың санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 3-ке көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 10 6 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, оның ішінде басқадай мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 200/500*3=1,2 балл. Осылай қағаз тасығышта қайталаусыз электрондық түрде ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесі 1,2 баллды құрады.
Параграф 2. «Электрондық түрде ғана ішкі электрондық құжат айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік басқарудың сәйкесінше саласының бір мемлекеттік орган – ЭҚЖ қатысушысының құрылымдық бөлімшелерінің арасында корреспонденция алмасуды асыру үшін электрондық құжат айналымның ведомстволық жүйесін (ЭҚАБЖ/ЭҚЖ) пайдалану тиімділігі, атап айтқанда ішкі құжаттардың, оның ішінде мемлекеттік басқарудң сәйкесінше саласында бір мемлекеттік орган – ЭҚЖ қатысушысы ішінде құрылымдық бөлімшелер арасында сақтау мерзімі 101 жылға дейінгі электрондық құжат форматында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушысының қызметінде қалыптасатын, мемлекеттік орган – ЭҚЖ қатысушысымен бекітілетін құжаттар тізімі мен іс номенклатурасының құрамына кіретін нормативтік актілер мен ұйымдық рұқсат ету құжаттардың («Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы санында тек электрондық нысан жөнелтілген ЭҚАБЖ/ЭҚЖ деректер қорындағы құжаттардың үлесі жатады7.
-
Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес Министрлікке, және Министрлікпен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне берілетін есептілік нысанының 1.1.2-жолындағы 3-бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мәні электрондық нысанда ғана жөнелтілген құжаттардың санын мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін ведомствоаралық құжаттардың санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 3-ке көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 10 8 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында мемлекеттік органның – ЭҚЖ қатысушының қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін құжаттардың («Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы саны 500 құрайды, оның ішінде электрондық түрде ғана жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 200/500*3=1,2 балл. Осылай қағаз тасығышта қайталаусыз электрондық түрде ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесі 1,2 баллды құрады.
Параграф 3. «Уақтылы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға ЭҚАБЖ Орталығы арқылы мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен күні сыртқы/ішкі кіріс корреспонденциясының тіркелуі, атап айтқанда ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесіне түскен электрондық ішкі/сыртқы кіріс құжаттардың жалпы санына уақытылы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі жатады. Сыртқы/ішкі кіріс корреспонденциясының мемлекеттік органда – ЭҚЖ қатысушысында бекітілген қабылдау уақытының аяқталғаннан кейін түскен кезде, құжаттың тіркелу күні – келесі жұмыс күні уақытылы деп санау.
-
Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Министрлікпен және Министрлікке берілетін есептілік нысанының 1.1.3-жолындағы 3-бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мәні ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесінде уақытылы тіркелген электрондық ішкі/сыртқы кіріс құжаттардың санын ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесіне түскен электрондық ішкі/сыртқы кіріс құжаттардың санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 3-ке көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесіне түскен электрондық ішкі/сыртқы кіріс құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, олардың ішінде ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесінде уақытылы тіркелген электрондық ішкі/сыртқы кіріс құжаттардың саны 200 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 200/500*3=1,2 балл. Осылай «уақытылы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі» 1,2 баллды құрады.
Параграф 4. «Электрондық үкімет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтінімдердің жалпы санында «электрондық үкіметтің» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштердің үлесі жатады.
-
Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Министрлікпен және Министрлікке берілетін есептілік нысанының 1.1.4-жолындағы 3-бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мәні «электрондық үкіметтің» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің санын мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтініштердің жалпы санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 3-ке көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, мемлекеттік органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтініштердің жалпы саны 500 құрайды, олардың ішінде тіркелген электрондық өтініштер саны 200 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 200/500*3=1,2 балл. Осылай «электрондық үкіметтің» порталынан түскен тіркелген электрондық өтініштердің үлесі 1,2 баллды құрады.
Параграф 5. «Мемлекеттік органның ішінде ведомствоаралық құжаттарды келісу үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға кейіннен мемлекеттік органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жолданатын ЭҚАБЖ/ЭҚЖ-де электрондқ құжаттардың жобаларын келісу (келісудің бір немесе бірнеше сатылары) және қол қою үдерістерін пайдаланудың толықтайтығы, атап айтқанда электрондық құжаттардың қол қойылған жобалардың жалпы санында электрондық түрде келісілген электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының үлесі жатады.
-
Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Министрлікпен және Министрлікке берілетін есептілік нысанының 1.1.5-жолындағы 3-бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалау мәні электрондық түрде келісілген, қол қойылған электрондық құжаттардың жобаларының санын электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының жалпы санына бөліп, кейіннен алынған нәтижені 3-ке көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, электрондық түрде келісілген, сыртқы корреспонденттерге жөнелтілген электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының саны
200 құрайды, электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының саны
500 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 200/500*3=1,2 балл. Осылай келісілген ведомствоаралық электрондық құжаттардың үлесі 1,2 баллды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |