- Араб жазуының қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес келе бастаған, демократияланған түрі – жәдид деп аталады. Бұл жазу реформасы Нобель сыйлығының иегері, Қырым татары И.Гаспыралының жаңа әдісті мектебі – усул жадидпен байланысты.
- Жадид жазуы – араб әліпбиіне негізделген жазу жүйесі. ХІХ-ХХ ғасырда қолданыста болған. «Түркістан уалаяты» газеті қадим жазуының біртіндеп жадид жазу үлгісіне ауысуының бастауы болып саналады.
Жәдит жазуы/оқуы - Жәдит жазуы/оқуы - XIX ғ. екінші жартысында Ресей жеріндегі мұсылмандар қолданған жағартылған араб жазу жүйесі. Бұл жазу жүйесінің ереже тәртібін, негізін салған қырым татарларының аяулы перзенті, түркі мәдениетіндегі көрнекті тұлга И. Гаспыралы (1851-1914) қадым негізді араб әліпбиін түркі тілдерінің дыбыстық ерекшелігіне сәйкестендіріп, мұсылмандардың Бүкілресейлік III съезінде Ереже түрінде қабылдатты. Сөйтіп, Ж.ж./оқу түркі халықтарына ортақ жазу ретінде мектеп, медресе бағдарламаларына енгізілініп,міндетті түрде оқытылатын болды. Алайда ұлы реформатор А.Байтұрсынұлы түркі жұртшылығына «ортақ жазу» идеясынан бас тартып, оның орнына жалпыхалыктық тілдің негізінде ұлттық жазу жүйесін жасады. Аталмыш Ж.ж. үлгісі халықтық лингвистикада төте жазу деп аталды.
дауысты дыбыстардың харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отыруын
араб және парсы сөздерінің тілімізге икемделіп өзгеріске ұшыраған түрінің таңбалануын
ң дыбысының қадим жазуындағыдай сегіз түрлі таңбалар арқылы емес, екі түрлі таңбамен берілуін
араб әліпбиіндегі басы артық таңбалардың қолданылмауын айтуға болады.
Дауысты дыбыстар харакаттар арқылы емес, таңба арқылы беріліп, жазуда хатқа түсіп отырған, араб әліпбиіндегі 28 әріп таңбаларының барлығы дерлік (бір мәтін ішінде) қазақ сөздерін таңбалауда қолданылмаған, жуан сад (ص) және жуан та (ط) әріптері тек жуан дауысты сөздерде ғана таңбаланған.
Әр баспаның өзіне тән жазу жүйесі болған. Мысалы, бір баспада көбінесе че (چ) қолданылса, екіншісінде керісінше, шин (ش) таңбаланады. Кей баспада қысаңдар еріндікпен таңбаланса, кейбірінде керісінше жүйелі түрде жазуда таңбаланбай отырған (соңғысы жиі кездеседі).
Қадим жазу дәстүрі бойынша дауысты дыбыстардыңалды-нан қойылатын үнсіз алиф пен дыбыстық мәні бар маддалы алиф жүйелі түрде сақталып отырады. Бұл араб жазуымен шыққан барлық кітаптарға тән белгі.
Араб-парсы сөздері жазуда түп тұлғасын сақтаумен қатар қазақ тілінде икемделген фонетикалық нұсқасы арқылы да беріле бастаған.
г және ң дыбыстарының таңбасы араб әліпбиінде жоқ болғандықтан да болар, көбінесе ң дыбысы жүйелі түрде түркілік ңе арқылы, г дыбысы жүйелі түрде парсының ге таңбалары арқылы беріліп отырған.
Түркілік ве таңбасы жүйелі түрде у дыбысын таңбалаған.
Жадид жазуымен басылып шыққан кітаптардың таңбалану ерекшеліктері:
Достарыңызбен бөлісу: |