Араб халифаты а раб халифатының құрылуы


Араб халифатында Ислам дінінің қалыптасу ерекшеліктері



бет2/5
Дата16.03.2023
өлшемі0.5 Mb.
#470861
1   2   3   4   5
Лекция 15

2.Араб халифатында Ислам дінінің қалыптасу ерекшеліктері.
Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғасырдың басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни х алифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.
Арабтар түркілер жеріне жаулап алу жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды. Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары, қ ожалар түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғасыр аралығында жүрді. Осы дәуірде орталық Азия халықтарын саудаға деген қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасы мен түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып, мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың ұлы жібек жолы бойы мен сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуіне деп түсінеміз. Халифаттың басқа да аймақтары сияқты Орталық Азия халықтарына да араб тілі мен жазуы енді. Сөйтіп арабтар мемлекетін ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың атымен байланысты. 661 – 750 жылдар аралығында ол мемлекетті Омейядтар әулеті, 751 жылдан – Аббастар әулеті басқарды. Мемлекет “халифат” яғни “орынбасар” “пайғамбардың” болды. Араб халифаты сегізінші ғасырдың ортасына қарай Шығыста Қытайдан – Батыстан Франктер мемлекетіне дейінгі ұлаңғайыр жерді алып жатты. Халифаттағы барлық жер әуелде халифтың меншігі болып есептелді. Ол енді наместниктер арқылы басқарды. Наместник өзі қызмет атқаратын мерзіміне қарай пайдалануға жер үлесін алып отырды. Халықтан жиналған салықтардың есебінен ол шенеуніктер мен әскер ұстады. Бертін келе халиф жердің бір бөлігін шонжарлардың тұрақты иемденуіне берді.
Х алифатта құлдар еңбегі де кеңінен пайдаланылды. Бірақ еңбекші халық бұқарасының басым көпшілігі құлдар емес, тәуелді шаруалар болды. Халиф өз басшыларымен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлеріне жер үлестіріп беріп отырды. Ол үлес “ихта” деп атады. Ихта үшін оның иесі салық төлейтін болды. 634 – 644 жылдары әмірлік еткен Омар халиф ол иелікті меңгеруге міндетті. Егер бос жатса, өкімет қайта алып қоятын болды.
Ұшыр – жан басынан жиналатын жер салығы. Жизья – ислам дініне енбеген халықтар төлейтін ақшалай салық болды. Мұсылмандар мешіт пен дінбасылардың пайдасына зекет жинап отырды. Харадж деген егін салығы болды. Ол жиналған өнімнің үштен бірін құрайтын.
Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болды. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне қосымша салықтар салып, өз әскерлерін азық – түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді.
Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде шариғатты ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діндерден елеуі айырмашылығы болады. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мыңдаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық болды.
Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың бірі, мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар шариғаттың тірегін әрқашанда адатпен байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.
Арабтар жаулап алу кезіндегі шариғат шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта елдерінде қабылданған. Адат шариғаттың, шариғат адаттың сақталууына мүмкіндік туғызып отырған.
Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен діни үкімет бір адамның: халифттың, сұлтанның, әмірдің қолында болып келді.
Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда шариғат қолданыстағы бірден бір заң ретінде мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқығына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың дамуы шариғат монополиясын бұзды.
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет