Музыка 3-сынып Тақырыбы: Төрт түлік малға арналған әндер «Ортеке» Мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі43.92 Kb.
#178415
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу – Аюлы мекені

«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Музыка пәнінің мұғалімі

Ахметова Назира Елубайқызы
Музыка 3-сынып

Тақырыбы: Төрт түлік малға арналған әндер «Ортеке»
Мақсаты: 1.Оқушыларға төрт түлік мал атауларын, пірлерін,өсу жолдарын

және ерекше қасиеттерін,пайдасын түсіндіру.

2.Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ мақал-мәтелдер тыйым сөздер

айтып ой-өрістерін кеңейту.

3.Төрт түліктің қасиетін біліп, қамқорлық жасауға,

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Түрі: Саяхат сабақ

Көрнекілігі: Саз аспабы,буклет, тірек сызба.
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Музыкамен амандасу.
Психологиялық дайындық:

Ал, қанекей балалар,

Сәлемдесіп алайық.

Сабағымызға керекті кітап, дәптер алайық.

Тыныштықты сақтайық, тазалықтан қашпайық.

Даусымызды жаттықтырып,

Ән сабағын бастайық.
Орнымыздан тұрып балалар жаттығу жасайық.(ноталарды әндету)

Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын музыка сабағындағы ережелерді есімізге түсіріп кетейік.



  • Әнді айтқанда түзу тұр.

  • Әнді айтқанда түзу отыр

  • Әнді айтқанда мұғалімнің қол-қимылына қарап әнді бірге бастап, бірге аяқта.

  • Музыка сабағында отырғанда қолымызды тіземізге қойып, кеудемізді тік ұстауымыз керек.

Біздің балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бұл сабақта саяхатқа шығамыз. Бір ауылға қонаққа барамыз.Қонаққа құр қол баруға болмайды. Сыйлығымыз- біліміміз.

Баратын ауылымыз алыс таудың етегінде сондықтан жолда талай кедергілер кездеседі. Сол кедергілерден өту үшін сендер тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындауымыз керек. Сәт-сапар тілейміз.



1.Балалар алдамызда биік төбе тұр,одан өту үшін үй тапсырмасын есімізге түсірейік.Үйге қандай тапсырма беріліп еді?Құстарға арналған әндер «Суық торғай сұр торғай» Балалар қандай құстарды білеміз? Атап кетейікші.Аққу,көгершін, сауысқан қарға,бүркіт,тырна,үкі, қырғауыл т.б.Иә,жақсы осы атаған құстврдың ішінде ең сұлу,әдемі құс қандай құс?- Аққу.Ал бейбітшілік құсы қандай құс?-Көгершін.Жақсы балалар біз құстарға не істеуіміз керек?Оларға қамқор жасай білуіміз керек. Оларға тиіспеуіміз керек.Құстар- біздің досымыз.Ендеше біз осы құстардың ішіндегі торғайға арналған әнмен танысқан болатынбыз.Кәнекей хормен орындайық.

Жарайсындар балалар тапсырмамызды орындап алдымыздағы кедергіден өттік.



2.Алдымызда өзен жатыр бұл өзеннен өту үшінтапсырмамызды орындайық.Мыны бейнесөзді шешсек біздің бүгінгі өтнтін жаңа әніміздің аты шығады. «Ортеке» Жақсы балалар біздің бүгінгі танысытын әніміздің аты Ортеке.Ендеше біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың аты «Төрт түлік малға арналған әндер» Дәптерімізді ашып,күнді жазып,тақырыпты жазып қояйық.

Балалар төрт түлік малға нелер жатады?


Төрт түлік ----сиыр

----жылқы

-----қой

-----ешкі

-----түйе.

Осы төрт түліктің қандай пайдасы бар?Иә, балалар қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибиесі бойынша олар малдың өрісін,тіршілік табиғатын,қадір-қасиетін зерттеп білген.Малдың еті,сүті терісі,мүйізі,сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.Мінсе-көлік,тұтынса бұйымы да осы мал болған.Кең даланы еркін шарлап көшіп-қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігін төрт түлікпен байланысты екені белгілі. Төрт түлік малды біз қадірлеп,бағуымыз керек.Жануарлар мен адам тығыз байланысты.Ішсе сусыны,жесе тамағы,кисе киімі,мінсе көлігі болған.Төрт түлік адам өмірінде маңызы зор.Қазақ харқы малды өте жақсы көріп,қадірлеген.Малым-жаным садағасы,жаным-арымның садағасы деген ата бабаларымыздың сөзі осыдан қалса керек.Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы.Төрт түлік мал адам өмірінде маңызы зор.Оларда баптап,өсіріп көбейтуіміз керек.Әр малды өсу жолына қарай былай атаған:



Сиыр-бұзау,баспақ,тана,торпақ, тайынша,қашар,құнажын,дөнежін,өгіз,бұқа.

Қой-қозы,көбеген,марқа,көрпеш,тоқты,тұсақ,көбей,ақауыз,қошқар,саулық.

Ешкі-лақ,туша,бөрте,шыбыш,серке,саулық,теке.

Түйе-бота,тайлақ,буырлыш,інген,атан,бура.

Жылқы-құлын,тай,жабағы,құнан,байтал,дөнен,бесті,бие,ат,айғыр.

Енді мал төлдерін атау.

Малдың төлдеуі:

Маодың дыбыс шығаруы:

Малды қалай шақырады:

Малдың пірлерін атау:

Түйе атасы-Қамбар ата

Сиыр атасы-Зеңгі баба

Қой атасы-Шопан ата

Ешкі атасы-Шекшек ата.

Жақсы балалар кім қандай осы төрт түлікке арналған өлең жолдарын біледі?

Жарайсындар балалар,біз бұл кедергіден де өзеннен аман есен өттік.Енді әрі қарай жүрейік.Алдымызда қойшы ауылы да жақандап қалған сияқты.



3.Алдымыздан қойшының иті шықты.Келесі тапсырманы орындамасақ олар әрі қарай жібермейміз дейді.Ендеше балалар орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.Жолда шаршаған боларсындар.

ән «Төлдер»



4 Жарайсындар! Балалар.Біз иттен де құтылдық әрі қарай жүрейік.Қараңдар балалар алдамыздан тағы қойшының 2 иті шықты,олардан да құтылуымыз керек.Қойшының иттері көп болады келесі тапсырманы орындайық.Жаңа әнімізді үйреніп,орындап берейік.(сөзін ин.тақтадан көрсету).Әннің сөзін оқушыларға оқыту.Бұл әнде ортеке жайында айтыоған.Бұл теке малына арналған.Теке ешкі малының түрі.Ол қойға қарағанда ширақ секең-секң етіп жүреді.(әнді үйрету,1ші мұғ.орындап беру қатар-қатармен орындау.)

-Бұл әннің көңіл-күйі қалай?

-Екпіні қалаі орындалады?

Жақсы балалр,біз бұл иттерден де құтылдық.Балалар қойшының үйіне жақындап қалдық төрт түлікке арналған мына жұмбақтарды ауылға жеткенше шеше отырайық.

-Кішкене ғана бойы бар,айналдарып киген тоны бар.(қой)

-Екі айнасы бар,екі найзасы бар. (сиыр)

-Басында таяғы бар,төрт аяғы бар

Екі құлағы бар,иегінде сақалы бар.(ешкі)

-Үстінде екі тауы бар,кезікті бір жануар.(түйе)

Жақсы балалар,жұмбақты да шешіп үлгердік,ауылға да келіп жеттік.

Қорытынды: Бізді шопан ата күтіп тұр. Әкеле жатқан сыйлығымызды әдемілеп,жинақтап шопан атаға берейік.

-Сонымен бүгін сабақта не білдік?

-Нелермен таныстық?

-Қандай әнмен таныстық?

-Төрт түліктің пайдасы бар ма?

Кәнекей осы төрт түлікке арналған ырымдар мен тыйым сөздерді айтып кетейік.

-Малды басынан ұрма.

-Малға теріс мінбе.

-Малды теппе.

-Ақты төкпе деп ескерткен екен. Әнді хормен орындау.


Үйге: 14-15бет. Мақал-мәтелдер жаттау.
Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет