Қарабұлақ ауылдық округінің 2014 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі93.29 Kb.
#5546
Қарабұлақ ауылдық округінің

2014 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы
Қарабұлақ ауылдық округінде 4 елді мекен бар. Олар Қарабұлақ ауылы, Дауал, Сатпай, Мұқашы бөлімшелері.

2014 жылы округ бойынша халық саны 2521 адам болған, одан :




Туған бала саны

48

Қайтыс болғандар

18

Келген адам

31

Кеткен адам

59

Бүгінгі күнде жалпы халық саны 2523 адамды құрайды.

Зейнеткерлер саны

237

Мүгедектер саны

90

Көп балалы аналар саны

81

Тұрғын үй қоры 511 үйді құрайды. Үйлеріне су тартқызғандар саны – 110 отбасы. А. Байтұрсынов көшесі мен Төленгітов көшелерінің бойынан 2 жаңа үй құрылысы бой көтерді. Иелері қоныстанды. Мұқанов, Аспандияров көшесіндегі әкімшілік балансында тіркелген 4 тұрғын үйдің құжаттары дайындалды. Аспандияров көшесіндегі 3 үйге электр жарығын тартуға мүмкіндік алдық.

Округке қарасты барлық жер көлемі 126127га, оның ішінде шабындық-3780га,егіндік-4914га,жайылымдық-112058га.Шаруа қожалықтар саны 109.

Егілген ауыл шаруашылық дақылдары көлемінің көрсеткіштері:





Өнім түрі

Егілгені, га

Алынған өнім, тн




Барлық егістік жер

1569га




1

Дәнді-дақылдар, оның ішінде

589га

1178 тонна




Бидай

347га

694 тонна




Тары

231га

462 тонна




Арпа

11га

8,8 тонна

2

Күнбағыс

16га

9,6 тонна

3

Картоп

257га

2570 тонна

4

Көкеніс

63га

990 тонна

5

Бақша

26га

475 тонна

6

Көпжылдық шөп 2013-2014жж

618га

1545 тонна

Бұл көрсеткіштер 2013 жылмен салыстырғанда 12% жоғары.

Осы салада 36 шаруа қожалығы ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған 24 млн 266 мың 288 теңгенің субсидиясын алды.

Жақсы жетістіктерге жеткен бірнеше шаруа қожалықтарына тоқтала кетсем:

«Ынтымақ» шаруа қожалығы, жетекшісі Құралхан Қапу, 150 га бидай, 69га картоп, 24 га суармалы жоңышқа егіп, 8 млн 138 мың 520 теңге субсидиясын алса;

«Санияз» ш/қ, жетекшісі Садыков Екпін 24 га картоп егіп,2млн 707 мың 200 теңгенің субсидиясын алды;

Мал шаруашылығының көрсеткіштері:

Ірі – қара – 6684 бас

Ұсақ мал – 7104 бас

Жылқы – 1297 бас

Түйе – 24 бас

Құс – 2500

Одан өткізілген өнімдер:

Ет– 9043 центнер

Сүт – 47720 центнер

Жұмыртқа – 333 мың дана

Жүн – 2500 центнер

Мал шаруашылығы бойынша 17 шаруа қожалығы ірі-қара мал тұқымын асылдандырумен айналысады. Оның ішінде, Шұғыла, Мадина, Тәуекел, Сұңқар, Сейтқазы шаруа қожалықтары мемлекеттен 9 млн 180 мың теңге көлеміндегісубсидияға ие болып отыр. Бұдан бөлек 12 шаруа қожалығы субсидия алу үшін өз өтініштерін өткізіп, қаржыландыруды күтуде.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 8 ауыл тұрғыны 20 млн теңгенің несиесін алып, шаруашылықтарын дөңгелетуде. Оның ішінде 7 азамат ірі-қара және ұсақ малдарды өсіру бағытында несие алса, біреуі шағын кірпіш өндіру цехын ашуда. Жаңа кәсіпкерлік нысандар саны жылдан-жылға артуда. Елбасы үнемі жастарға, жас отбасыларға қолдау көрсетіп келеді және ол жалғасын табуда. Мысалы, осы бағдарлама бойынша 2013 жылы несие алған ауыл тұрғындары Коджибаева Гүлдана қазіргі таңда ауылдастарын нан өнімдерімен қамтамасыз етсе, Бағиянова Айгүл техника жөндеу орнын ашты. Жакенашев Қасым жиһаз цехын ашып, тапсырыстар қабылдауда. Сонымен қатар, Бағиянова Іңкәр тігін цехын ашу арқылы өз кәсібін алға өрбітуде.Осы бағдарлама негізінде жұмыс істеп отырған жас кәсіпкерлер жұмыссыздар санын азайтып, тұрғындардың біразын жұмыспен қамтып отыр. Бұл әрекеттерімен олар ауыл жастарына үлгі-өнеге болуда.

Ауылда ауыл шаруашылық техникаларының саны да артуда. «Туысқан» ш/қожалығының жетекшісі Хамит Ердібек 44 аттық күші бар трактор, шөп шабатын т.б. құралдарымен сатып әкелді. Ауыл тұрғындары Шаймардан Серікбек 140 аттық күші бар тракторын ауыл шаруашылық құралдарымен әкелсе, «Жадыра» ш/қожалығының жетекшісі Камалбекова Мауліт жүк тиегіш тракторын (погрузщик), Мадина ш/қожалығының жетекшісі Тусупов Талғат шөп тайлағыш (рулон) техникаларын алып отыр.

2014 жылдан бастап, Қарабұлақ ауылы тірек ауылдарының қатарына кіргені бәрімізге белгілі. Осыған орай, ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ тірек ауылының 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары жасалып, бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтсақ, Аспандиров көшесіне құны 1 млн 682 мың 496 теңгені құрайтын жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Дәл осындай электр үнемдегіш заманауи талапқа сай шамдар аудан көлемінде алғаш рет бізде орнатылды. Абай орта мектебі күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Құны 25 млн теңге болатын су құбырларын тарту жұмыстары ауылымыздың 7 көшесіне тартылды. Меморандум және өз қаражатымыз есебінен ауылдың 8 км жолын ағымды жөндеуден өткіздік.Былтырғы жылы алғаш рет Қарабұлақ ауылының бас жоспары жасалды. Жыл көлемінде «Тарбағатай-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлермен жасалған меморандумның құны 15млн 774 мың теңгені құрайды. Меморандумның барлық шарттары орындалды.

2014 жылдың сәуір айынан басталған «Өрлеу» бағдарламасына 19 адам қатысып, 1млн 200 теңге көлемінде мемлекеттен шартты ақшалай көмек алды. Оның ішінде 11 адам жұмысқа орналасты. 2015 жылдан бастап 6 адам осы бағдарламаға қатысуға өтініш берген. Оның ішінде «Намаз» ш/қ екі адамға сұраныс беріп отыр.
Бюджеттік төлемдердің орындалу барысы бойынша 2014 жылғы:мүлік салығы – 57 615 теңге, жер салығы – 184 889 теңге, көлік салығы – 950 000 теңге

Жиыны 1 млн 192 мың 504 теңге бюджетке аударылды.

Алгоритм - қосымша табыс көздері бойынша мемлекетке 402 мың 828 теңге аударылды.

Мемлекет аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. 42 жанұяға 1млн 182 мың 520 теңге көлемінде балаларға берілетін жәрдемақы төленді;

8 жанұяға 640 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Аудан әкімінің демеушілігімен жаз мезгілінде ауылымыздың көп балалы аналары мен еңбек және тыл ардагерлері Мағазбекова Бикен, Боржықова Қатира, Бекбосынова Күлпан, Тонерекбаева Кәмпит, Қоқышев Рысбек, Орахов Токтарбек аталарымыз Сарытерек ауылындағы «Бәйтерек» сауықтыру орталығында демалып қайтты.

Білім беру саласы бойынша ауылда 1 орта мектеп бар, онда 418 бала оқиды. Мұғалімдер саны 55. Шағын орталықта 50 бала, мектепке дейінгі даярлықта 65 бала бар. 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша түлектер Ұлттық Біріңғай Тестілеуден 81 балл көрсеткішін көрсетіп, аудан бойынша 4 орынға шықты. Мектеп директоры, аудандық маслихаттың депутаты Ахтанова Гүлнар Уатханқызының басшылығымен 90 жылдық тарихы бар-Абай орта мектебі«Мерейлі 90 жыл» атты ауқымды іс шара өткізді.Мектептің әр жылғы түлектері 1млн 150 мың көлеміндегі сый-сияпаттарын аямады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 1 дәрігерлік амбулатория және 1 Мұқашы фельдшерлік пункті халыққа қызмет етуде. Ондағы қызметкерлер саны 11 адам.

Мәдениет және спорт салалары бойынша ауылымызда 1 мәдениет үйі, кітапхана, стадион, шағын футбол алаңы, хоккей алаңы және балалар ойын алаңдары бар. Мәдениет үйіндегі қызметкерлер саны-5. 2014 жылы аудандық мәдениет үйі 1 стөл,8 орындық және 1 шкаф сияқты қажетті жиһаздармен қамтамасыз етті.

Спорт саласына келер болсақ, 2014 жылғы өткен аудандық спартакиадада ІІІ орын иелендік.

Ауыл өмірін өркендетудің негізгі бір жолына айналған - «Туған жерге тағзым» акциясы аясында біршама іс-шаралар атқарылды. Осы ауылдың тумасы, мектеп бітіргеніне 40 жыл болған, бүгінде Өскемен қаласының әкімі Темірбек Жұмақүлұлы Қасымжанов өзі білім алған мектебінің информатика пәнінің сынып бөлмесін 17 жаңа компьютер және оның жабдықтарымен толық қамтамасыз етсе, Узбаев Файзолла Шайзадаұлы мектеп ауласына қойылған еліктің үйірімен бейнеленген мүсінін және егемендіктің символы болып табылатын «Барыс» мүсінін де сыйға тартты.

Мектебіміздің 1994 жылғы түлектері 20 жылдық кездесуінде мектептің бастауыш сынып бөлмесін толықтай қажетті жиһаздармен жабдықтады (шкаф, парта және орындықтармен). Ауыл әкімшілігіне ұлтымыздың киіз үйін сыйға тартса, мәдениет үйі мен мешітке дауыс зорайтқыштарды тарту етті. Және де мәдениет үйінің маңайына 50 түп шырша ағашын екті.

Ауыл азаматтары мүмкіндігі шектеулі балаларға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Осындай мүмкіндігі шектеулі балаларға жыл сайын демеушілік жасауды әдетке айналдырған ауыл азаматы Оспанов Жанатқа үлкен рахметімді айтамын.

2014 жылдың 18 маусымында Зайсан қаласындаөткен қазақтың аңыз палуаны Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған 18-ші халықтық спорт ойындары кезінде де ауыл азаматтары ауыз біршіліктерін көрсетіп, өз демеушіліктерін жасады. Атап айтсақ:

1. Базылханов Исбек

2. Бабриев Бауыржан

3. Иманов Болат

4. ӘбІшев Арман

5. Айтбаев Ерлан

6. Мойтанов Әлібек

7. Мазбаев Әбділдабек

8. Зәмзам Қали

9. Ошақбаев Керімхан

10. Хамит Ердібек

11. Махранов Қайрат

12 Тасубаев Ерлан

13. Оспанов Ерлан

14. Бикешалов Арман

15. Сауырбаев Сағатбек

16. Тусупов Талғат

17. Сембаев Түсіпқазы

18. Садыков Екпін

19. Камалбекова Мәуліт

Ұлт болашағын, ұрпақ тағдырын сырттан келетін қауіп – қатерден сақтандыру мақсатында ауылымызда діни-экстремизмге қарсы ақпараттық-насихат тобы құрылған. Топтың мақсаты ауыл жастары арасында пиғылы бөтен діни секталар жөнінде кеңінен насихаттап, бағыт-бағдар беру.

Болашаққа арналған іс-қимыл бағдарламасы.

Инфрақұрылым және абаттандыру саласы бойынша :



  • Ауылға газ тарту ;

  • Мәдени іс-шаралар өткізетін орталық салу

  • 4 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:

Атап айтқанда, Трассадан Б. Момышұлы көшесіне дейінгі аралық, М. Шаханов, Мұқанов, Абай көшелері.

  • 4 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Трассадан Б. Момышұлы көшесіне дейінгі аралық, Б. Момышұлы көшесі және Малдыбаев, Төленгітов көшелері.

  • Аспандияров көшесінің жалғасымен, Төленгітов көшесінің жұрнағына су құбырларын тарту, 2 су мұнарасына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Осы көшелерді жөндеу және жарықтандыру жұмыстарының жобалары облыстық экономика бөлімінде құпталып, сметалық-жобалық құжаттары өтті. 2015 жылдың ақпан айында өтетін сессияда құпталса, жұмыстарды бастаймыз.

  • Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Б. Момышұлы мен Аспандияров көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

Әлеуметтік сала бойынша :

  • Бала-бақша салу;

  • Спорт модулін салу;

  • Ауыл азаматы Е.Оспановтың бастамасы бойынша тойхана салдыру сияқты жобаларды жүзеге асыруды жоспарлаймын.

Биылғы 2015 жыл – мерейлі белестер жылы болайын деп тұр. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтпекпіз.

Елбасы болашаққа бағдар жасай отырып, «Нұрлы жол» атты жолдауын халыққа жолдады. Жұртымыздың жайлы да, тұрақтылықпен келісімде өмір сүріп, әлеуметтік ахуалы мығым болуына баса назар аударды. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Елбасымыздың бұл айтқандары керемет. Сондықтан еліміз тату болса, халқымыз аман болса, «Мәңгілік Ел» боламыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет