Қарабұлақ селолық округінің әкімі Т.Д.Бердалиннің 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Құрметті жерлестер!
«Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берді. Жолдаудың ерекшелігі мемлекеттің бұдан әрі қарай ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық мақсаттарды айқындап беруінде. Жаңа Жолдау Қазақстанның алдындағы жаһандық стратегия мен мүмкіндіктерге жол салған маңызды құжат ретінде бағаланды. Құжатта Елбасымыз 2050 жылға дейін Қазақстан халқы әлеуметтік –экономикалық жағынан, білім, болашақ ұрпақ тәрбиесі, демографиялық өсу, мәдениет, ұлттық қауіпсіздік , ауыл шаруашылығы, энерго ресурс,индустрияның даму, медицина, бәсекеге қабілеттілік сияқты басқа да еліміз үшін аса қажет құндылықтар мен бағыттарды белгілеп, баршамызға айқын міндеттер мен мақсаттар көрсетіп берді.
Селолық округ әкімі жұмысының басты бағыты-осы міндеттерді жүзеге асыру.
Әлеуметтік сала.
Округ аймағында Қарабұлақ, Амангелді елді мекенінде орналасқан. Селолық округтің барлық жер көлемі-50556га, халық саны 763, үйлер саны 176, 16 жасқа дейінгі балалар саны -207, еңбекке жарамды тұрғындар саны- 557 зейнеткерлер саны-59, студенттер саны-38.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бағытталған шаралар селолық округтің жұмыс жоспарынан тыс қалмайды, мәселен 2013 жылы 7 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 2 азамат жастар тәжірбиесінен өтіп, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 5 азамат уақытша жұмысқа орналасып және Қарабұлақ ауылының ауылішілік газ тарату жұмыстарына ауылдан 14 азамат жұмысқа тартылды. Үкімет тарапынан көрсетілетін жәрдемақыға 4 отбасы, 12 бала, 148,9 мың теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы төленді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының талаптарына сәйкес азаматтардың арыз шағымдарын қабылдау, тіркеу, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және іске асыру барысында нақты іс-шаралар жүргізу басты назарда. Мәселен 2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде азаматтардан 229 жазбаша арыз және жеке тұлғалардан 11 өтініш түсіп, жауаптары заңға сәйкес белгіленген мерзімде берілді.
Қарабұлақ ауылына 9,3 км газ құбырын тарту жұмыстары жандандырылып 62 млн теңгеге 9 км химиялық қорғаныс бағаналары орнатылып, электр желісі және 4,5 км газ құбыры тартылып, «Ақтөбе Проек Групп» ЖШС мекемесі ауыл ішіндегі газ құбырының жобасының жұмыстарын жасап, қазіргі таңда 52млн 513 теңге қаржысы бөлініп, «Влад» ЖШС-нің араласуымен ауылішілік газ тарату құрылысының жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Алға-Қарабұлақ-Амангелді елді мекендерінің тас жолдарына Аудандық бюджеттен барлығы 1млн 489,3мың теңге қаражат қарастырылып, оның ішінде қардан тазарту жұмыстарына 800,0 мың теңгеге, жол жиегіндегі шөптер қыру үшін 300,0 мың теңге, Қарабұлақ-Амангелді тас жолдарына тегістеу жұмыстары 300,0 мың теңге және желтоқсан айында жолдарды қардан тазарту жұмыстарына 89,3 мың теңге қаржы жұмсалды. Алға-Қарабұлақ-Амангелді бағытындағы тас жолдарды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жолдарға ақаулы акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясында Қарабұлақ ауылының көшелерін жарықтандыру үшін Республикалық бюджеттен 739,0 мың теңге қаржы қарастырылып, «СТРОЙ СЕРВИЗ КZ» ЖШС-көмегімен Қарабұлақ ауылының Айтеке би, Есет батыр Көкіұлы және А.Құнанбаев көшелеріне 20 жарық шамдары орнатылып, көшелерге жарық берілді.
Ауыл шаруашылық саласы
Селолық округ аумағында егін шаруашылығымен 59 шаруа қожалық, 2 ЖШС және 4 жеке кәсіпкерлер тіркелген.
2013 жылы егін шаруашылығы саласында барлығы 3956 га жерге егін салынып, оның ішінде бидай 1640 га, арпа 610га және 1706 суданкі шөбі егілді, ауа райының қолайсыздығына, итальян шегірткелердің пайда болуына байланысты , егілген егіннен өнім алынған жоқ, тек суданкі шөбінен 1300 тонна өнім алынды. Аудандық аумақтық инспециясы және «Ақтөбе –Құнарлылық» ЖШС –нің көмегімен «Фирма Иран» ЖШС-не, «Қайр А», «Алға Ескендір», «Арай М», «Байғазы», «Бек Арыс» шаруа қожалықтарының 3850гектар жеріне және селолық округітің 4900 га жеріне әуе жолымен және трактор бүркеуішпен итальян шегірткелеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық ауылшаруашылық және ветеринария бөлімімен бірлесе отырып атқарған жұмыс нәтижесінде егіс егу науқаны кезінде шаруа қожалықтарына және ЖШС-не арзандатылған тұқым мен жанар – жағармай алуға үкімет тарапынан көмек көрсетілді.
Округтің шаруа қожалықтары бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан орталығына өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатынасып, 9,2 тонна ірі қара және 1,9 қой еті базар бағасынан төмендетілген бағамен сатуға шығарылды.
Село бойынша барлық нақты ірі қара мал басы-1692, ұсақ мал басы-4378, жылқы -315 бас, түйе-2, үй құстарының саны-514.
Селолық округі бойынша 2013 жылды 474 бас ірі қара малының төлі , 2150 ұсақ мүйізді малдың төлі бірдейлендіруден өтіп, компьютерлік базаға енгізіліп, жылқы малдарына таңба салу жұмыстары жүргізілуде.
Округ бойынша жыл басынан бері жоспарға сәйкес 3060 бас ірі қара және 5037 бас ұсақ мүйізді малдарды сарып, қарасан және қараталаққа қарсы егу, қан алу жұмыстары уақытында жүргізілді. Селолық округтің мал дәрігерлері Үкімет тарапынан компьютерлік құрал-жабдықтар мен «НИВА» авто көлігімен қамтамасыз етіліп, алдымыздағы жылы Қарабұлақ ауылынан ветпункт ашылу жоспарлануда.
Мал шаруашылығын дамытуға байланысты мал тұқымын асылдандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 59 бас іріқара малы қолдан ұрықтандырылды.
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Қайр-А», «Тұлпар», «Нұржан» шаруа қожалықтары несие алып, ірі қара мал басын көбейтуде.
Ірі қара малын асылдандыру мақсатында «Реймқұл» шаруа қожалығы биыл 69 бас әулиекөл тұқымды ірі қара еркек малдарын Ақтөбе облыс аумағына тірілей сатуда және мал бордақылау алаңының құрылысын бастады.
Мәдениет саласы
Село бойынша Жаңа жыл, Наурыз, 9-мамыр Жеңіс күні, т.б мерекелері селоның «ҚайрА», «Қарабұлақ», «Бекарыс» «Реймқұл» , «Тұлпар», «Нұржан», «Сержан», «Зеріп» шаруа қожалықтарының және ауыл тұрғындарының көмегімен өткізіліп келеді.
Білім саласы
Білім беру саласында 1 орта мектеп және 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды. Мектептердің педогогикалық құрамына келер болсақ Қарабұлақ орта мектебінде 30 мұғалім, Амангелді негізгі мектебініде 16 мұғалім жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Қарабұлақ орта мектебінде 66 оқушы , Амангелді негізгі мектебінде 50 оқушы білім алуда. Мұғалімдер жоспарға сәйкес біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2 жас маман жұмысқа орналасып, үкімет тарапынан берілетін бір жылғы көтерме ақымен қамтамасыз етілді.
Қарабұлақ орта мектебінің материалдық-техникалық базасы туралы айтар болсақ , 20 сынып бөлмесі бар, 5млн200 мың теңгеге физика, биология кабинеттері арнайы жабдықталған. Сонымен бірге «Балапан» бағдарламасы бойынша 2 топтан тұратын шағын орталық жұмыс жасайды, әрбір топта 20 баладан тәрбиеленеді.
Биылғы оқу жылында жылумен қамтамасыз ету үшін Қарабұлақ орта мектебіне 249,3 тонна көмір , Амангелді негізгі мектебіне 37,5 тонна көмір әкелініп, жылу жүйесі бір қалыпты жұмыс жасап тұр.
2012-2013 оқу жылында Қарабұлақ орта мектебінде 36 оқушы, ал Амангелді негізгі мектебінің 33 оқушысы жалпыға Бірдей міндетті Білім беру қорынан тегін тамақтанып, 17 оқушыға ақылы тамақпен тамақтану ұйымдастырылуда. Қарабұлақ орта мектебіне аудандық бюджеттен 197,2 мың тенге , Амангелді негізгі мектебіне 50 мың теңге қаражат бөлініп ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласы.
Халыққа дер кезінде емдеу жұмыстарын жүргізу үшін село аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, Амангелді ауылында 1 медициналық пункт жұмыс жасап, дәрігерлік амбулаторияда 6 азамат, ал Амангелді медициналық пункінде 3 азамат қызмет етеді.
Былтырғы жылмен салыстырғанда туберкулез ауруымен ауратындардың саны 1 адамға азайған, ауыратындарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілуде.
Елбасы Жолдауы аясында ана мен сәбиге байланысты жәрдемақының көбейуі негізінде демографиялық даму көрсеткіші көтеріліп жылбасынан 11 нәресте дүниеге келді. Жүкті әйелдерге қажетті дәрі-дәрмектер беріліп, уақтылы қадағаланып, жаңа туған балаларға ана сүтіне қосымша тегін тамақтар беріліп отырады.
Биылғы жылы жылумен қамтамасыз ету үшін Қарабұлақ дәрігерлік амбулатоиясына 7,2 тонна көмір , Амангелді медициналық пунктіне 4,5 тонна жанар-жағар май әкелініп, жылу жүйесі бір қалыпты жұмыс жасап тұр.
Село тұрғындарының денсаулығын алдын алу мақсатында жоспар бойынша скринингтік медициналық тексеруден 105 адам өтті. Селомызға аудандық ауруханадан балалардың денсаулығын қадағалау мақсатында дәрігерлер келіп, 142 баланы медециналық тексеруден өткізді.
Пошта, телефон байланысы
Пошта қызметкері жергілікті халыққа газет-журналдар таратып, уақытында зейнетақы, жәрдемақы беріп отырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда газет журналдарға жазылу көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді. Мәселен Қарабұлақ селолық округінің әкімшілігі-25 дана газет, 2 журнал , Қарабұлақ орта мектебі - 100дана газет, 35 журнал, Амангелді негізгі мектебі 147 дана газет, Қарабұлақ дәрігерлік амбулаториясы 13 дана газет және ауыл тұрғындары 72 дана газетке жазылды.
Село бойынша телефон желісімен Қарабұлақ және Амангелді ауылдарында толықтай қамтылды деуге болады. Қазіргі таңда село бойынша 124 телефон және интернет желісімен қосылуға толықтай мүмкіндік бар.
Село бойынша Амангелді елді мекенінде 28 үй, Қарабұлақ елді мекенінде 12 үй «Отау ТВ» телеарнасымен қамтамасыз етіліп, «Отау ТВ» телеарнасын қондыру үшін насихат жұмыстары жүргізілуде.
Қоғамдық жағдай
Округ аумағындағы тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті ауылдың ерікті жасақшылар тобы жүзеге асырады. Селоның ерікті жасақшылар тобының күшімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа қарсы үнемі алдын-алу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Алға ауданында құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі аймақтық бағдарламасы аясында өткен «Қауіпсіз ауыл-2013» байқауының І орын иегірі атандық.
Салық төлемдері
Салық салу базасы мен салық жинау үрдісі округ дамуының негізгі көрсеткіші болып, есептелінеді. Есепті кезеңде, жер және мүлік салықтары 100% орындалып, көлік салығынан 102 мың теңге ақша жиналып, тапсырылды. Аудандық жер қатынастары бөлімімен және Салық басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып атқарған жұмыс нәтижесінде жерді өз бағытымен пайдаланбай отырған 18 шаруа қожалықтардың жабылуына көмек көрсетіліп, 1080 га жер аудандық жер қорына тапсырылды.
АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАР
Ауылдың экономикалық әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс жасау, жол мәселесін шешу жұмыстарын жандандыру.
Т.Бердалин
Қарабұлақ селолық округінің әкімі
Достарыңызбен бөлісу: |