Қарағанды – 2009 Әож 611. 4 018 кбж 28. 86 я 7 е 80 пікірсарапшылар: А. А. Кикимбаева


ҚАНЖАСАУШЫ ЖҮЙЕГЕ ЭКСТРЕМАЛДЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ



бет4/4
Дата04.07.2016
өлшемі4.22 Mb.
#177659
1   2   3   4

ҚАНЖАСАУШЫ ЖҮЙЕГЕ ЭКСТРЕМАЛДЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Қанжасаушы жүйе зиянды факторлардың және стресс-ықпалдардың әсеріне өте сезімтал келеді. Әсіресе көбею сатысындағы жасушалардың өліміне әкелу арқылы қызыл жілік майының қорын таусылтатын иондаушы радиация, цитостатикалық факторлар және гемотроптық дәрмектер өте қатерлі әсерін тигізеді. Қанжасаудың артуына гипоксия, күш жұмсап жұмыс істеу себеп болады. Зақымдаушы факторлардың ықпалында Г.Сельенің стресс-реакциясымен сәйкес келетін 3 сатыны ажыратады.

  1. Кернеу сатысы. Зақымдаушы фактордың әсерінен кейін бірден қанжасаудың бәсеңдеуімен белгіленеді.

  2. Резистенттік сатысы. Қанжасау қызметінің бірқалыптылығы кейде суперкомпенсациясымен сипатталады.

  3. Әлсіреу сатысы. Зақымдаушы фактордың ұзақ уақыт әсерінен пайда болып, қанжасаудың тым төмендеуімен анықталады.

Зақымдаушы факторларға сезімталдығымен қатар жілік майы жоғары орын басушылық және қалпына келу қасиетімен сипатталады, өйткені ол камбиалдық жаңарушы тіннен құралған. Қалпына келу ретикулярлық тіннің дифференцияланбаған қанжасаушы дің жасушасының есебінен жүреді.
БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕР
1 есеп. Бас миы қыртысының ганглионарлық қабатында орналасатын жасуша:

А). жұлдыз тәрізді

В). түйіршікті

C). пирамидалық

D). себет тәрізді

E). алмұрт тәрізді


2. есеп. Адам тимусы келесі мерзімге дейін қызмет атқарады:

А).құрсақішілік дамудың 12 аптасына дейін

В). құрсақішілік дамудың 5 айына дейін

C). туғанға дейін

D). жыныстық есеюге дейін

E). өмір бойы


3 есеп. Қанжасау қызметі ересек адамдарда аяқталатын мүше:

А).бадамша бездер

В). көкбауыр

C). тимус

D). бауыр

E). аппендикс


4 есеп. Ересек адамда шеткері қанжасау мүшелер тобына жатпайтын мүше:

А).тимус

В). көкбауыр

C). лимфа түйіні

D). бадамша бездер

E). пейер түйіншелері


5 есеп. Ұрықтың бірінші гемопоэз мүшесі:

А).тимус

В). бауыр

C). қызыл жілік майы

D). көкбауыр

E). сарыуыз қапшығы


6 есеп. Лимфа түйінінің паракортикальды аймағында болады:

А).қабықтық зат

В). Т-лимфоциттер

C). милық зат

D). лимфа түйіншелерінің ашық орталықтары

E). милық созындылар


7 есеп. Көкбауырдың периартериальды аймағында болады:

А).эритроциттер

В). В-лимфоциттер

C). эозинофильді лейкоциттер

D). Т-лимфоциттер

E). моноциттер


8 есеп. Көкбауырдың лимфалық түйіншелерінің ашық орталықтарының құрамында болады:

А).моноциттер

В). В-лимфоциттер

C). эритроциттер

D). Т-лимфоциттер

E). эозинофильді лейкоциттер


9 есеп. Қызыл жілік майында болмайды:

А).ретикулярлық тін

В). синусоидты капиллярлар

С). В-лимфоциттер

D). метамиелоциттер

E). Т-лимфоциттер


10 есеп. Тимуста болмайды:

А).Гассаль денешігі

В). ретикулоэпителий

C). Т-лимфоциттер

D). В-лимфоциттер

E). қабықтық зат


11 есеп. Көкбауырда болмайды:

А).ретикулярлық тін

В). милық созындылар

C). ақ пульпа

D). тамырлар

E). қызыл пульпа


12 есеп. Көкбауырда болмайды:

А).ретикулярлық тін

В). ақ пульпа

C). қызыл пульпа

D). тамырлар

E). Гассаль денешігі


13 есеп. Қан жасушаларының эмбриогенез кезіндегі даму көзі:

А).эктодерма

В). энтодерма

C). мезодерманың периетальды жапырақшасы

D). мезенхима

E). мезодерманың висцеральды жапырақшасы


14 есеп. Ұрықта алғашқы дің жасушалары пайда болады:

А).қызыл жілік майында

В). бауырда

C). ұрықтан тыс мүшелерде

D). лимфа түйінінде

E). көкбауырда


15 есеп. Интраваскулярлық гемопоэз өтеді:

А).сары уыз қапшығында

В). бауырда

C). тимуста

D). көкбауырда

E). қызыл жілік майында


16 есеп. Сары жілік майы сүйек диафизінде пайда болады:

А).құрсақ ішінде дамудың І-ші жартысында

В). құрсақ ішінде дамудың ІІ-ші жартысында

C). өмірдің алғашқы 10 жылында

D). 12-18 жаста

E). 50-ден асқанда


17 есеп. Орталық қан жасаушы мүшелерге жатады:

А).көкбауыр және лимфа түйіні

В). лимфа түйіні және бадамша безі

C). қызыл жілік майы және тимус

D). көк бауыр

E). бадамша безі


18 есеп. Бөлігінің ортасында Гассаль денешігі орналасатын қанжасаушы мүше:

А).қызыл жілік майы

В). көкбауыр

C). бадамша безі

D). тимус

E). лимфа түйіні


19 есеп. Қанжасаушы және иммундық қорғау жүйесінің қандай мүшесінің құрамына ретикулярлық тін, гемопоэтикалық жасушалар, синусоидты гемокапиллярлар кіреді

А).көкбауыр

В). тимус

C). қызыл жілік майы

D). тимус, қызыл жілік майы

E). лимфалық түйін


20 есеп. Қанжасаушы және иммундық қорғау жүйесінің қандай мүшесінде Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференцировкасы өтеді

А).қызыл жілік майы

В). тимус

C). көкбауыр

D). лимфалық түйін

E). қызыл жілік майы, тимус


21 есеп. Қанжасаушы және иммундық қорғау жүйесінің қандай мүшесі эпителиальды тіннен және лимфоциттерден тұрады

А).лимфалық түйін

В). қызыл жілік майы

C). көкбауыр

D). тимус

E). тимус және қызыл жілік майы


22 есеп. Синусоидты гемокапиллярдың қабырғасымен тығыз байланыса орналасқан өте үлкен көлемді, көп ядролы гемопоэтикалық жасуша қалай аталады

А).моноцит

В). мегакариоцит

C). миелоцит

D). ретикулоцит

E). лимфоцит


23 есеп. Қанжасаушы және иммундық қорғау жүйесінің қай мүшесінің стромасы эпителиальды тіннен тұрады

А).тимус

В). көкбауыр

C). қызыл жілік майы және тимус

D). лимфалық түйін

E). қызыл жілік майы


24 есеп. Лимфа түйінінде интердигиттеуші жасушалардың көбінесе орналасатын аймағы:

А).лимфа түйіншелері

В). милық созындылары

C). синустар

D). паракортикальды аймақ

E). қақпа аймағы


25 есеп. Лимфа түйіндері дамиды:

А).энтодермадан

В). сомиттерден

C). мезенхимадан

D). эктодермадан

E). нефрогонадотомнан


26 есеп. Көкбауырдың эмбриональдық даму көзі:

А).мезенхима

В). эктодерма

C). ішектік эктодерма

D). сомиттер

E). сарыуыздық эктодерма


27 есеп. Көкбауырдың ішінде В-лимфоциттер көбінесе мына аймақта орналасады:

А).қызыл пульпада

В). пульпарлық созындыларда

C). артерия маңы аймағында

D). лимфоидтық түйіншенің ашық аймағында (көбею орталығында)

E). шеткері немесе маргинальды аймақта


28 есеп. Лимфалық түйінде Т-лимфоциттер көбінесе орналасады:

А).қабықтық затта

В). паракортикальды аймақта

C). милық затта

D). көбею орталығында (лимфоидты түйіншенің ашық аймағында)

E). милық созындыларда


29 есеп. Лимфалық түйінде В-лимфоциттер көбінесе орналасады:

А).паракортикальды аймақта

В). милық затта

C). көбею орталығында (лимфоидты түйіншенің ашық аймағында)

D). лимфоидты түйіншелердің шеттерінде

E). фолликулярлық синуста


30 есеп. Көкбауырдың ішінде Т-лимфоциттер көбінесе мына аймақта орналасады:

А).қызыл пульпада

В). пульпарлық созындыларда

C). артерия маңы аймағында

D). лимфоидтық түйіншенің ашық аймағында (көбею орталығында)

E). шеткері немесе маргинальды аймақта


31 есеп. Шеткері қанжасаушы мүшелерге жатады:

А).көкбауыр және лимфа түйіні

В). лимфа түйіні және тимус

C). қызыл жілік майы және тимус

D). көкбауыр және қызыл жілік майы

E). бадамша безі және тимус


32 есеп. Лимфалық түйіннің қай құрылымы тимусқа тәуелді аймақ болып табылады:

А).лимфалық түйіншенің көбею орталығы

В). паракортикальды аймақ

C). милық зат

D). милық созындылар

E). милық созындылар және паракортикальды аймақ


33 есеп. Қанжасаушы және иммундық қорғау мүшесінің қайсысының құрамында лимфалық түйіншелер, милық созындылар және синустар бар:

А).көкбауыр, лимфалық түйін

В). тимус

C). қызыл жілік майы

D). көкбауыр

E). лимфалық түйін


34 есеп. Әкелуші лимфалық тамырлар ашылатын лимфалық түйіннің саңылау тәрізді қуысы қалай аталады:

А).трабекулярлық синус

В). милық синус

C). қақпалық синус

D). фолликулярлық синус

E). шеткері қабықтық синус


35 есеп. Көкбауырдың ақ пульпасы тұрады:

А). лимфоидты тіннің жиынтығынан және периартериальды қынаптан

В). нейтрофильдердің жиынтығынан

C). тромбоциттердің жиынтығынан

D). эритроциттердің жиынтығынан

E). эпителиальды жасушалардың жиынтығынан


36 есеп. Паренхимасы ақ және қызыл пульпаға бөлінетін қанжасаушы мүше:

А).қызыл жілік майы

В). тимус

C). көкбауыр

D). лимфалық түйін

E). бадамша безі


37 есеп. Эмбриональдық гемопоэз қызыл жілік майында басталады:

А).3 аптада

В). 6 аптада

C). 8, 5 - 9 аптада

D). 11-13 аптада

E). 12-13 аптада


38 есеп. Эмбриональдық гемопоэз бауырда басталады:

А). 3 аптада

В). 6 аптада

C). 8, 5 – 9 аптада

D). 11-13 аптада

E). 12-13 аптада


39 есеп. Эмбриональдық гемопоэз сары уыз қапшығында басталады:

А).3 аптада

В). 6 аптада

C). 8, 5 – 9 аптада

D). 11-13 аптада

E). 12-13 аптада


40 есеп. Эмбриональдық гемопоэз көкбауырда басталады:

А).3 аптада

В). 6 аптада

C). 8, 5 – 9 аптада

D). 11-13 аптада

E). 12-13 аптада



ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1. Қанжасаушы мүшенің стромасында мегакариоциттер табылды. Бұл қандай мүше?
2. Жаңа туған жануардың тимусы сылынды. Осы операциядан кейін оның антидене өндіру қабілеті күрт төмендеді. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
3. Тимустың, көкбауырдың, қызыл жілік майының, лимфалық түйіндердің препараттары берілген. Бұл мүшелердің стромаларының қандай айырмашылығы бар?
4. Көкбауырдың және лимфалық түйіндердің дәнекер тіндік капсуласында жекелеген жазық бұлшық ет шоғырлары орналасады. Капсуланың құрылысының бұл ерекшелігі мүшенің қандай қызметімен байланысты?
5. Препараттарда әртүрлі қанжасаушы мүшелердің лимфоидты фолликулдары берілген. Көкбауырдың фолликулын қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады?
«ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКЕРІ ҚАН ТҮЗУ (ЖАСАУ) МҮШЕЛЕРІНІҢ ГИСТОЛОГИЯСЫ » ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР КАРТАСЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
1.Тапсырма. Қызыл жілік майының морфологиялық құрамын анықтауды үйрену

Микроскоптың кіші өлшемінде, гематоксилин және эозинмен боялған препаратта миелоидты қанжасаудың әртүрлі жасушаларының топтаса орналасқан аймақтарын табыңдар. Үлкен өлшемде оларды анықтап көріп, келесі жасушалардың суретін салыңыздар: 1-гранулоцитопоэздің әртүрлі сатысындағы жасушалары, 2-тромбоцитопоэз жасушалары, 3-эритропоэз жасушалары, 4-моноцитопоэз жасушалары, 5-қанның толық пісіп-жетілген жасушалары.


2 тапсырма. Адам тимусының морфологиялық құрылымдарын анықтау

Гематоксилин және эозинмен боялған тимустың препаратын кіші өлшемде көріп мүшенің бөлікшелерін - 1, дәнекер тіннен тұратын трабекулаларын - 2 анықтаңыздар. Әрбір бөлікшеде қанық боялған қабықтық затты - 3, ашықтау түсті милық затты - 4 анықтаңыздар. Мүшенің нәзік стромасын құрайтын өсінділі ретикулоэпителиоциттерді - 5, Гассаль денешіктерін - 6 табыңыздар. Мүшенің суретін салып, белгілерін қойыңыздар.


3 тапсырма. Лимфалық түйіннің морфологиялық құрылымын зерттеу

Гематоксилин және эозинмен боялған лимфа түйінінің препаратында микроскоптың кіші өлшемінде дәнекер тіннен тұратын капсуланы - 1, трабекулаларды - 2, ретикулярлық строманы - 3, лимфоидты тінді - 4 анықтаңдар. Лимфоидты тінде лимфоидты түйіншелерді немесе фолликуланы - 5, милық созындыларды - 6 анықтаңдар. Қабықтық - 7 және милық заттарды - 8, олардың арасында орналасқан паракортикалды аймақты - 9 ажыратыңдар. Лимфаның ағатын жолдарын құрайтын келесі синустарды тауып көріңдер: қабықтық шеткері - 10, қабықтық аралық (фолликулярлық) - 11, милық - 13, қақпалық - 14.


4 тапсырма. Көкбауырдың құрылымдық құрамын анықтау

Микроскоптың кіші өлшемінде гематоксилин және эозинмен боялған көкбауырдың препаратын көріп, мезотелиймен – 1 қапталған дәнекер тіннен тұратын капсуланы - 2, трабекулаларды - 3, нәзік строманың ретикулоэпителиоцитін - 4, лимфоидты тінді - 5 табыңдар. Паренхиманы құрайтын ақ пульпаны (лимфоидты фолликул) - 6, қызыл пульпаны- 7 табыңдар. Ақ пульпаның құрамында орталық артерия маңы аймағын – а (Т-аймақ), көбею орталығын (В-аймақ) - б, мантиялық - в, маргинальды аймақтарды г ажыратыңдар


5 тапсырма. Көкбауырдың ашық және тұйық қан айналым жүйесін зерттеу

Ұсынылған оқу кестесінде көкбауырдың қанайналым ерекшеліктерін зерттеңдер. Тамырлардың тармақталуына орай аттарын жазыңдар. Қойылатын белгілер: көкбауыр артериясы - 1, трабекулярлық артерия - 2, пульпарлық артерия - 3, орталық артерия - 4, шашақты артерия - 5, артериолалар (артериалдық гильзалар) - 6, артериалдық капиллярлар - 7, веноздық синус - 8, пульпарлық - 9, трабекулярлық - 10 және көкбауыр веналары - 11. Ашық қанайналым жүйесінде артериалдық капиллярлар веноздық синуспен түйіспейді.



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


  1. Постэмбрионалдық кезеңде лимфоциттердің антигенге тәуелсіз пролиферациясы мен дифференцировкасы қандай мүшелерде және қалай (сатылары) жүреді?

  2. Қызыл жілік майының қанжасауға катыспайтын (гемопоэтикалық емес) жасушалары және олардың маңызы.

  3. Тимустың адамның жасына байланысты және акциденталды кері дамуының айырмашылығы неде?

  4. Қанжасау және иммуногенез үрдістеріне тимус қалай қатысады?

  5. Тимустың қабықтық және милық заттарының айырмашылықтары.

  6. Тимуста лимфоидты жасушалардың өзгеруі, орын ауыстыруы?

  7. Лимфалық түйіндерде лимфалық фолликулдарды және милық созындыларды қандай жасушалар түзейді?

  8. Лимфа түйіндеріндегі паракортикальды аймақ деген не? Оларда қандай жасушалар болады?

  9. Көкбауырдың атқаратын қызметтері.

  10. Көкбауырдағы қан ағымының сипаттамасы.

  11. Көкбауыр мен лимфалық түйіндердің лимфалық түйіншелерінің айырмашылықтары

  12. Қызыл жілік майының, тимустың, лимфалық түйіндердің және көкбауырдың кесінділерін бір-бірінен қандай белгілеріне қарап ажыратуға болады?


ТЕСТІЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

Есептің нөмірі

Жауаптың нөмірі

1

С

15

А

29

С

2

Е

16

Д

30

С

3

Д

17

С

31

А

4

А

18

Д

32

В

5

В

19

С

33

Е

6

В

20

В

34

Е

7

Д

21

Д

35

А

8

В

22

В

36

С

9

Е

23

А

37

Е

10

Д

24

Д

38

В

11

В

25

С

39

А

12

Е

26

А

40

Е

13

Д

27

Д







14

С

28

В









ОҚИҒАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖАУАБЫ
1. Қызыл жілік майы
2. Тимус қан жасаушы орталық мүше. Онда антигенге тәуелсіз лимфоциттердің дифференцировкасы өтеді. Мүше дамымаса немесе жойылса Т-лимфоциттердің пайда болуы бұзылады.
3. Тимустың стромасы эпителийлік, көкбауырдың, қызыл жілік майының, лимфалық түйіндердің стромалары ретикулярлық ұлпадан түзеледі.
4. Көкбауырдың және лимфалық түйіндердің дәнекер тіндік капсуласында жекелеген жазық бұлшық ет шоғырлары орналасуы оларға қан қоймасы қызметін атқаруға мүмкіндік береді.
5. Көкбауырдың фолликулының құрамында орталық артерия болады.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы «Эффект» баспасы, 2006. - 416 б.

2. Афанасьев Ю. И., Кузнецов С.Л., Юрина Н. А. Гистология. Учебник - М., Медицина, 2004. – 768с.

3. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология (оқу құралы). -Алматы, 2007. – 288 б.

4. Қазымбет П., Рысұлы М., Ахметов Ж.Б. Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. -Астана, 2005. - 400б.

5. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина В.Л. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии. – М.: Медицинское информационное агентство, 2002. — 373 с.

6. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник. – М: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007 - 600с.

7. Кузнецов С.Л., Челышев Ю.А. Гистология. Комплексные тесты: ответы и пояснения, уч. пос. – М., 2007.

8. Улумбеков Э.Г., Челышева Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология + СD. 3-е изд., перераб и доп. учебник. - М., 2007.




      1. басуға қол қойылды

Көлемі 4.2 есепті-баспа табағы

100 дана


ҚММУ баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі,40





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет