ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
С.Б. Жәутікова, Ф.С. Абикенова, Е.Қ. Өмірбаева
ПАТОФИЗИОЛОГИЯ-1 БОЙЫНША
ТАҢДАМАЛЫ ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Оқу құралы
Қарағанды 2009
ӘОЖ 616.092
КБЖ 48 я 7
Ж37
Пікір берушілер:
Н.М. Уразалина – Семей қаласының ММУ-нің патофизиология курсы мен физиологиялық пәндер кафедрасының доценті
М.М. Тусупбекова – ҚММА-ның гистология курсымен сот медицинасы, патологиялық анатомия кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д, профессор
С.К. Жаугашева – ҚММА-ның клиникалық фармакология және фармакотерапия курсымен жалпы фармакология кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.д., профессор
Ж00 Патофизиологии-1 бойынша таңдамалы дәрістер жинағы:
Жәутікова С.Б., Абикенова Ф.С., Өмірбаева Е.Қ. – Оқу құралы. – Қарағанды. – 2009. – 121 б.
КБЖ 48 я 7
Оқу құралы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша қазақ және орыс тілінде білім алатын студенттерге «Патологиялық физиология - 1» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға, коллоквиумдарға, емтихандарға, сонымен қатар АМБ-ға дайындалу үшін тағайындалған.
1-ші басылым.
ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған.
№ 6 хаттама, 05.02.2009 ж.
ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген.
№ 7 хаттама, 26.03.2009 ж.
© С.Б. Жәутікова, Ф.С. Абикенова, Е.Қ. Өмірбаева 2009 ж.
Қысқартылған сөздердің тізімі
АТФ – аденозинтрифосфат
БДЖС – баяу дамитын жоғарғы сезімталдық
ГВЛЯ – гипоталамустың вентролатералдық ядролары
ГВМЯ – гипоталамустың вентромедиалдық ядролары
ДДЖС – дереу дамитын жоғарғы сезімталдық
ДНК – дизоксирибонуклеин қышқылы
ЖИТС – жүре пайда болған иммундық тапшылықты синдром
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
цАМФ – циклдік аденозинмонофосфат
цГМФ – циклдік глутаминмонофосфат
ЭКГ – электрокардиограмма
ЭМҚ – эстерифицирленбеген май қышқылдары
Алғы сөз
Оқу құралы ҚММА-ның валеология курсы мен патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерімен жазылған: кафедра меңгерушісі, доцент Жәутікова С.Б., оқытушы Өмірбаева Е.Қ., оқытушы Аринова С.М. Медициналық ғылым мен тәжірибенің қазіргі уақыттағы талаптарына сай бұл оқу құралының құрастырылуында 2006 жылы жасалған Мемелекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты негізгі алынды. Сонымен қатар медицинадағы жаңа технологиялар аурулардың себептері, олардың жалпы даму заңдылықтары, емдеу және алдын алу принциптері туралы көзқарастармен ұштасуы қажет. Дәрігерлік ойлаудың қалыптасуында патологиялық физиология басты рөлді алады. 2006 жылғы МЖМБС сәйкес «Патологиялық физиология» пәні «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін 2 деңгейде оқытылады: ЖМ 4-ші семестрінде – «Патологиялық физиология – 1» және ЖМ 5-ші семестрінде «Патологиялық физиология – 2». Оқу құралында «Патологиялық физиология – 1» курсының негізгі сұрақтары жоғарғы деңгейде қарастырылады: ауру туралы жалпы ілім, біртектес патологиялық процестер. Нозология, этиология, патогенез, аллергия тақырыптарын сипаттауға көп көңіл бөлінген, сонымен қатар қабыну, ісіктік өсу, гипоксия, су-электролит, көмірсу, липид алмасулары сияқты біртектес патологиялық процестердің даму себептері мен механизмдері берілген.
Патологиялық физиология курсына кіріспе
Мақсаты: студенттерді аурулардың алдын алу мен емдеудегі патофизиологиялық негізделуін түсіндіру үшін патологиялық физиологияның негізгі міндеттерімен және әдістерімен, клиникамен тығыз байланысымен таныстыру.
Патологиялық физиология бастапқы ғылым және оқу пәні ретінде
Патологиялық физиология бастапқы ғылым ретінде медицина оқу жүйесінде ерекше орын алады. Теориялық және клиникалық пәндер қиылысында орналасып және интегративті медико-биологиялық ғылым бола отырып, ол дәрігерлік ойлау қабілетін дамытады. Патологиялық физиологияның негізгі мақсаты-студенттерді "науқас төсегінде дүниетануды қолдану" білуді үйрету (С.П.Боткин).
Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілік әрекетін оқытатын ғылым. Медициналық оқу бағдарламасы мынадай үлгімен құрастырылған, бастапқыда қалыпты ағзаның қызметі мен құрылысын қарастыратын пәндер оқытылады (қалыпты анатомия, гистология, биохимия, қалыпты физиология), сосын ауру ағзаның қызметі мен құрылысы туралы мағлұматтарды студентке беру үшін құралатын талаптары бар пәндер оқытылады. Осымен оны тікелей клиникаға әкеледі. Бұндай талапты патологиялық анатомия мен патологиялық физиология орындайды.
Патологиялық физиология аурудың шығу тегінің, дамуының, ақыр соңының негізгі заңдылықтарын оқытады. Қазіргі уақытта сырқаттың мыңдаған түрлі нозологиялық формалары қарастырылған. Практикалық дәрігер бір сырқатты басқа сырқаттан ажыратуға, дұрыс диагноз қоюға және рационалды ем тағайындауға тырысады. Патофизиология жекеден тыс жүреді, көптеген аурулар тобын сипаттайтын жалпыны табуға тырысады. Патологиялық физиологияның соңғы мақсатыауру дамитын заңдарды ашу болып табылады. Осымен байланысты патологиялық физиология философиямен тығыз байланысқа кіреді, өйткені, ауру заңдарын ашу материалистік диалектика заңдарының негізінде қаланады.
Патологиялыќ физиология — гректіњ pathos (ауру, дерт, кесел), physicis — (функция, ќызмет), logos — (ілім, ұѓым) деген сөздерінен ќұралѓан, дерттану физиологиясы деген ұѓымды білдіреді. Сонда патологиялыќ физиология ауру организмніњ физиологиясы деген ұѓым. Ќалыпты физиология сау организмніњ тіршілік зањдылыќтарын зерттейтін болса, патологиялыќ физиология ауру организмніњ тіршілік зањдылыќтарын тексереді. Атап айтќанда, патологиялыќ физиология жасушалардыњ, аѓзалардыњ, жүйелердіњ және организмніњ ќалыптан тыс өзгерулерініњ ењ жалпы зањдылыќтарын аныќтайды. Сонымен патологиялыќ физиология дегеніміз дерттік үрдістердіњ пайда болу себептері, даму жолдары мен салдарлары туралы ілім. Бұл көрсетілген патологиялыќ физиологияныњ негізгі маќсаты болса, оныњ алдында тұрѓан міндеттері болып, төмендегілер саналады:
1. Аурудыњ пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын, гректіњ aitia — себеп, logos — ѓылым деген сөздерінен тұрады) зертеу.
2. Аурудыњ даму және сауыѓу жолдарыныњ негізгі зањдылыќтарын (патогенез, гректіњ pathos— ауру, дерт, кесел және genesis — даму деген сөздерінен ќұралѓан) аныќтау.
3. Эксперименттік емдеу тәсілдерін жетілдіру.
4. Клиникалыќ дүние тануды ќалыптастыру.
5. Патологиялыќ зањдылыќтардыњ жалпы теориясын ќалыптастыру.
Патофизиология ќалыпты физиологяи сияќты эксперименттік әдісті ќолданады. Лабораториялыќ жануарларда адам ауруларыныњ үлгісін (моделін) алады. Аурудыњ үлгісі деп лабораториялыќ жануарларда адам ауруларыныњ кейбір белгілеріне сәйкес аурулардыњ түрлерініњ көшірмесін алуды айтады.
Ќазіргі жаѓдайда адамныњ көп ауруларыныњ үлгілерін эксперименттік жануарларда алуѓа болады. Мысалы, травмалыќ шок, ќантты диабет, атеросклероз, жоѓары ќан ќысымы ауруы, миокард инфаркты, өкпе, бүйрек ќабынуы ж. б. Сонымен ќатар, есте саќтайтын бір жай, ол адамныњ организмі жүйе ретінде тіпті ењ жоѓары ұйымдастырылѓан жануарлардыњ (адам ќалыптас маймылдардыњ) организмінен әлде ќайда жоѓарыда, күрделі екенін ұмытпау керек. Сондыќтан адам ауруларыныњ үлгісін жануарларда толыќ көлемінде алу мүмкін емес. Сонда да аурудыњ патогенезіндегі кейбір мањызды түйіндерін, кейбір симптомдар мен синдромдардыњ үлгісін алудыњ толыќ мүмкіндігі бар. Мысалы, гипертониялыќ аурудыњ үлгісін алѓанда адамда кездесетін ауруды толыќ ќайталау мүмкін емес. Сондыќтан тек сол ауруѓа тән симптомдыќан ќысымыныњ жоѓарлауын (гипертензия) ѓана эксперименттік жануарларда алуѓа болады.
Ал, адамныњ кейбір ауруларын жануарларда ќайталауѓа мүлде болмайды. Ол жан-дүниелік (психикалыќ) аурулар, ісіктіњ кейбір түрлері (асќазанныњ обыр ісігі (рак), зат алмасуыныњ аурулары (подагра), аллергиялыќ аурулар (бронхиалыќ демікпе), жыныстыќ ќатынас аурулары (мерез, соз) (жүре пайда болѓан иммундыќ тапшылыќ синдромы) ЖИТС ж. б.
Патологиялық физиологияның объектілері мен әдістері. Днесаулық сақтау профилактикалық бағытының дамуы үшін патофизиологиялық зерттеулердің мәні, аурулардың емдеуі мен диагностикасының жаңа әдістері мен заттарын құру және жетілдіру
Ауру-патологиялық физиологияның оқыту объектісі, әдісі-патофизиологиялық тәжірибе болып табылады. Тәжірибемен көптеген ғылымдар қолданады (қалыпты физиология, фармакология және т.б.).
Патологиялық физиология тәжірибесінің мәні жануарда ауруды тудыру, оны зерттеу және алынған мәліметтерді клиникаға жеткізу болып табылады.
Тәжірибенің мағынасы патологиялық процесстің дамуын басынан аяғына дейін бақылауға мүмкіншілік беретіндігінде тұр. Практикалық дәрігер мұндай мүмкіншілікке ешқашан ие емес, себебі, науқас адам оған сырқат көрінгенде ғана келеді.
Тәжірибе клиникада қолданбайтын әсерлерді жануар ағзасына жасауға мүмкіндік береді (жарақат, ісіктер трансплантациясы, сәулелендіру). Тек жануарларға, аурулары бар жаңа емдік заттарды тәжірибе жүзінде қолдануға болады.
Аурудың тәжірибелік моделі әрқашан қарапайым, адамның сырқатына қарағанда. Бұл саналы қарапайымдылық экспериментаторға ауруды негізгі элементтерге талдауға мүмкіндік береді. Әрі қарай оны адамға реконстрлеу үшін. Сонымен сырқат моделі ешқашан адамның сырқатына тең болмайтынын есте сақтау керек.
Барлық эксперименттер жедел және созылмалыға бөлінеді. Олардың әрқайсысын қолдану зерттеушінің қоятын мақсаты болып жазылады. Қан жоғалтудың зардабын зерттеу үшін жедел тәжірибе қажет. Ісіктің пайда болуын созылмалы экспериментте зерттеуге болады.
Басқа тәжірибелер сияқты патофизиологиялық тәжірибе төрт кезеңнен тұрады.
1. Экспериментатор жауап алғысы келетін сұраққа дайындық. әр тәжірибенің гипотезасы болуы қажет. Зерттеуді үмітте жүргізуге болмайды, бірдеңе қызық шығады деп. "Егер баста ой болмаса, фактыны көре алмайсың" (И.П.Павлов).
2. Қойылған талапқа сәйкес келетін жеке әдістемені таңдау және сәйкес бақылауды қамтамасыз ету. Бақылау негізгіге параллель қойылатын бос тәжірибе болуы мүмкін. Мысалы, бір жануарға гистамин енгізеді, екіншісіне натрий хлордың изотоникалық ерітіндісін. Егер сөз адамға жасайтын тәжірибе жайлы болса, онда психотерапевтік әсерді ескере отырып, біреуіне дәрілік зат, екіншісіне индефферентті зат енгізеді, оны зерттелетін адам біліп қана қоймай, онымен бірге күтіп жүрген персонал да білмейді. Дәрілік затты клиникалық сынау кезіндегі бақылау түрінде енгізілген индефферентті зат плацебо деп аталады (лат. Placere-ұнау). Тәжірибені өткізу кезінде экспериментатор жігерінен тыс қорытындыда айқындалатын барлық субъективті факторлар шектелу керек.
3. Экспериментті жоспарлар. Тәжірибе қойылған сұраққа жауап береді, егер де ол дұрыс жоспарланған болса. Ең алдымен тірі объект нақты ғылымдармен ісі бар объектілерден ажыратылады екенін ескеру қажет. Ағза мүшелерден тұрады, мүшелер-клеткадан, клетка субклеткалық құрылымдардан (ядро, митохондрия, рибосома), олар болса молекулалық жүйенің ансамбльінен тұрады. Әр осындай жүйе жеке қызмет ететін бірлік, төменгі реттің жүйесінен тұрып, жоғарғы реттің жүйесінің құрамына кіреді. Осылай ағзада реттеудің және бағыныштың күрделі динамикалық қатынасы орналасады.
Мұндай күрделі жүйе оған стандартты тітіркендіргіштің әсері кезінде де тұрақты жауап бермеуі мүмкін. Онымен қатар, мұндай биологиялық жүйе "ашық" және тәжірибе қорытындысында көрінетін орталық кездейсоқ әсерлерінен ешқалай шектеле алмайды. Сонымен қатар бірдей жануарлар тектік белгілерімен және индивидуальді дамуымен ажыратылады екенін ескеруіміз қажет. Сондықтан, экспериментатор жиі жауап алады, кездейсоқ, қосымша мағыналы мөлшерде. Заңдылық көптеген кездейсоқтардан өту керек.
Осыны түсіне отырып, ғалымдар тек кездейсоқты ғана ескере отырмай, онымен бірге оны алдын ала жоспарлай бастайды. Бұл кезде кездейсоқ теориясының математикалық аппараты қолданады. Тәжірибеге кездейсоқты қажет элементретінде енгізу үшін, рандомизацияны қолданады (ағыл. Random-жағдай). Көптеген факторларға бір уақыттағы әсерін сынау немесе өзгерген жағдайдағы тәжірибені кіргізуге болатын жоспарлаудың басқа да әдістері бар.
4. Алынған мәліметтерді өңдеу. Тәжірибені аяқтауы бойынша жануарларға зерттеу жүргізу жалғасады: өмірлік қызметтің (кимограмма) тіркелу қорытындысы бағаланады, тірі және өлген кездегі жануарлардың ұлпасына морфологиялық, биохимиялық және басқа зерттеулер жүргізіледі. Бүкіл сандық материал статистикалық өңдеуге ұшырайды. Орта өлшемін, ортадан ауытқығанын, орта өлшемдерімен оның шамаластарының арасындағы айырмашылықты анықтау үшін.
Соңғы жылдары физика, химия, электроника, компьютерлік техника табыстарының арқасында патофизиологияда жаңа мүмкіншіліктер пайда болды.
Жаңа әдістер патологиялық процесстерді тікелей науқастың ағзасында зерттеуге қол жеткізді. Сондықтан клиникалық патофизиологияны тәжірибелі патофизиология деп атауға болады, бірақ адамға.
Клиникалық ғылымдардың зерттеу объектісі нақты науқас адам нақты сырқат көріністерімен болып табылады.
Патологиялық физиология клиникалық ғылымдармен тығыз байланыста, адам ауруы оның зейіні мен зерттеуі басты объектісі болғандықтан. Бірақ патофизиологияда зерттеудің негізгі әдісі ұзақ уақыт бойы жануарларға тәжірибе жасау болып табылады: жүйелер мен мүшелердің жеке ауру бұзылыстарын жаңадан өндіруге ұмтылу, адам ауруының жеке түрлерінің адекватты модельдерін алу. Мысалы, Броун-Секаритте бір немесе екі бүйрек үсті безін алу жолымен адамның аддисон ауруының моделін жасағысы келді; И.П.Павлов иттиерде ляпис, сулема және басқа тітіркендіргіштермен асқазанның шырышты қабатын зақымдай отырып, асқазанның қабынуы кезінде асқазан сөлініңсекрециясының бұзылысының моделін өндірді.
Басқа ғылымдармен патологиялық физиологияның байланысы. Патологиялық физиология оның алдында болатын ғылымдарға және физиология мен биохимия беретін мәліметтерге сүйенеді. Әсіресе патофизиологияның қалыпты физиологиямен көп мәселелері ортақ. Кейде патологиялық физиологияны ауру ағзаның физиологиясы деп те атайды. Екеуі де, ағза тіршілік ететін және қызмет ететін заңдарын ашуға тырысады. Бұл заңдар сырқатты түсіну үшін үлкен мағына береді. Бірақ сырқатты қалыпты процесстің бір комбинациясы деп түсіну қате болар еді. Патологиялық процесс ағзаның сапалы жаңа жағдайына әкеледі. Міне осында патологиялық физиологияның қалыптыдан айырмашылығы және патологиялық физиологияның негізгі талабы: барлық көптүрлі көріністері бар сырқатты зерттеу және ол дамитын заңдарды ашу.
Патологиялық физиология патологиялық анатомиямен тығыз байланысты. Жүз жыл бұрын шамасында екеуі бір ғылым болған. Оның бөлінуі патологиялық процесстің динамикасын түсіну үшін морфологиялық анализ жеткіліксіз болуына негізделген. Функционалды өзгерістер морфологиялық өзгерістермен тығыз байланысты, бірақ олардың арасында қатал сәйкестік жиі байқалмайды. Өйткені, әр мүше компенсаторлы қасиетке ие, сондықтан құрылымының өзгерісінде оның қызметі бұзылмауы да мүмкін. Міне, сондықтан клиниканың кейбір сұрақтары мәйітті зерттегенде, бөліктік материалдарды микроскопиялық зерттегенде шешілмеді. Бұл тек ағзада патологиялық процесстің дамуын бақылау кезінде ғана мүмкін болды. Экспериментті кең қолдану негізінен патологиялық физиологияны патологиялық анатомиядан ажыратады.
Патологиялық физиология клиникалық ғылымдармен байланысты. Соңғы мақсат оларда бір. Клиникалық ғылымдар да, патологиялық физиология да науқас адамды тиімді емдеу және ескерту үшін ауруды зерттейді. Бірақ жақын арадағы міндет, сонымен қатар әдістері мен объектілері олардың әртүрлі. Клиникалық ғылымдардың зерттеу объектісі науқас адам нақты сырқат көріністерімен. Мысалы, ішкі аурулар клиникасы пайда болу себептерін, симптомдарын, ағымның ерекшелігін, емдеу әдістері мен созылмалы гломерулонефрит және жүйелік қызыл ноқта сияқты ауруларының прогнозын зерттейді. Неврологиялық клиника осындай бағытта мысалы, антирабилық егуден кейін дамитын энцефаломиелиттті зерттейді. Көз ауруларының клиникасы мынадай жағдайға ұшырасты, егер бір көз жарақаттанса, онда уақыт өте келе интактты екінші көз зақымдалады. Бұның барлығы-әртүрлі аурулар әртүрлі орналасуымен, симптомдарымен және прогноздарымен. Сонымен бірге, олардың арасында бір ортақтастық бар. Осы барлық аурулар жалпы иммунологиялық механизмге ие екен. Бұл заңдылықтарының ашылуы патологиялық физиологияның арқасында.
Патофизиология тарихынан қысқаша мағлұматтар, оның дамуының негізгі кезеңдері
1819 ж. Я. Л. Гэйллиот ењ алѓаш патологиялыќ физиология атауын ќолданып, «Жалпы патология және патологиялыќ физиология» атты оќулыѓын жариялады. Бұл атауды немістіњ ұлы патологы Р. Вирхов (1847) кењінен ќолданды.
Экспериментгік дерттанудыњ негізін ќалаушы болып ФрансуаМажанди (1738—1855), Клод Бернар (1813—1878), В. В. Пашутин (1845—1901) есептеледі. 1878 ж. В. В. Пашутин жалпы және эксперименттік патологияны медициналык, факультеттердіњ оќу курсына енгізді. 1930 жылдары бүрынѓы Кењестер Одаѓында патофизиология медициналыќ пѕн деп аталып, медицина саласында жоѓары білім беру баѓдарламасына енгізілді.
Сонымен Ресейде бірінші жалпы және эксперименттік патология кафедрасын Ќазан университетінде В. В. Пашутин (1845—1901) ашты және ол 1878 ж. патофизиологиядан алѓашќы нүсќауды өзі жазды. В. В. Пашутинніњ ѓылыми баѓыттары: зат алмасу мен энергия алмасуыныњ бұзылыстары, патофизиологияныњ мањызды проблемаларыныњ бірі болып есептеледі. Оныњ толыќ және жартылай ашыѓу, жылу алмасуыныњ бұзылыстары, оттегі жеткіліксіздігі, гиперкапниялар туралы ізденістері бүгінгі күнге дейін мањызын жоѓалтќан жоќ.
Ол патофизиологиядан көптеген мамандар дайындады. Ресейде патофизиологияныњ ілім және пән ретінде ќалыптасуына орыстыњ ұлы физиологы И. П. Павловтыњ (1849—1936) ќосќан ењбегі зор. Ол жануарлардыњ тіршілік ќүбылыстарына жања көзќараспен ќарап, патологияда нервизм ілімін дамытты, ќанайналым, асќорыту жүйелері, жоѓары жүйке әрекеттері туралы ілімдерді толыќтырды.
Қазақстанда патофизиологияның бірінші кафедрасы 1933ж. Алматыда мединститутында, қазіргі қазақ мемлекеттік медицина университетінде ашылды. 1933 жылдан 1946 жылға дейін кафедраны меңгергендер: проф. Глеклер Н.Э., доц. Четвертак Д.С., проф. Лейнс С.М., проф. Огкур П.П. 1946 жылдан 1969 жылға дейін кафедраны басқарған проф. Глозман О.С. Проф. Глозман О.С. шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағытта жұмыс жасады. Біріншіден зақымданған мүшеде донорлық қанмен алмастыру бойынша операциялар. Екіншіден, жедел қан кету мен шок мәселелері. Бұл мәселе соғыс кездерде де және тыныштық уақытта да үлкен практикалық мән берді.
Проф. О.С.Глозман үлкен патофизиологтарды дайындап шығарды. Олардың ішінде: Насыбуллина Х.С., Сәулебекова М.С., Каримов М.А., Манашев К.М., Маманова Х.Е. және т.б. 1969-1991жж. патологиялық физиология кафедрасын Х.С.Насыбуллина меңгерді. Проф. Насыбуллина Х.С. шәкірттерімен бірге ағзаға түрлі патогенді факторлардың әсерлерін зерттеді. Үлкен практикалық мәнді гиперкинезия мен гипокинезия; жедел қан кетумен бірге жүретін қант диабеті және т.б. мәселелер бойынша зерттеулерге арналған жұмыстар берді.
Проф. Каримова М.А. шәкірттерімен Қазақстан институтындағы онкология мен радиология базасында зерттеулермен шұғылданды, ісіктердің дамуына ағзаға түрлі химиялық заттарының әсерін зерттеді. Проф. Сәулебекова М.С. еңбектерінің қорытындысы қазақ халқының тамақтану ерекшеліктеріне арналған.
1951ж. ҚММИ базасында патологиялық физиология кафедрасы ашылды. Кафедраны ұжымдастырушы проф. Лазарис Я.А. болды, ол шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасады: 1) өкпе ісінуі мен оның коррекциясының патогенезі; 2) қант диабетінің патогенезі.
1955ж. Семей Мединститутында, қазіргі проф. Т.А.Назарованың академиясында патологиялық физиология кафедрасын ұжымдастырды. Негізгі ғылыми бағыт шоктың түрлі модельдерінде (жарақаттық, гемотрансфузионды және т.б.) жүйке рефлекторлы жолдардың терең зерттеулері болды.
Проф. Назарова Т.А. патофизиология мектебінің қалаушысы болып табылды. Көп жылдар бойы кафедраны проф. Т.А.Назарованың шәкірті доц. Шаймарданов К. Басқарды. 1997 жылдан бастап және қазіргі уақытта да кафедраны проф. Кравцов меңгереді.
1959ж. проф. Маманова Х.Е. Ақмола медицина институтында кафедраны ұжымдастырды. Ғылыми жұмыстары иммунология мәселелерін зерттеуге арналған.
1967ж. Ақмола мединститут базасында, қазіргі медакадемия патофизиология кафедрасы ашылды. Көп жылдар бойы кафедраны проф. Корпачев В.Г. басқарды. Ғылыми еңбектері реанимациядан кейінгі патология мәселелеріне арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |