“Қарағанды қаласының ішкі
саясат бөлімі” ММ-нің 2007 жылға
арналған бюджеттік бағдармалар
паспорттарын бекіту туралы”
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 33/14 қаулысына өзгертулер
енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-ІІ Бюджеттік Кодексін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы «Республикалық және жергілікті бюждетті орындау Ережелері туралы» № 225 қаулысын, Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы кезекті ІІІ шақырылған ХLIІ сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 5 шешімі, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті LII сессиясының 2007 жылғы 18 шілдедегі «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 5 шешіміне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» № 10 шешімін орындау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ 2007 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспортын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 33/14 қаулысына өзгертулер енгізілсін:
№ 2 қосымшаның 1 тармағындағы «4226000» саны « 3420000 » санына ауыстырылсын.
2.Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына жауапкершілік «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы Төлеужан Ахметбекұлы Ахметбековке жүктелсін
3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
Қала әкімі И.Тоғайбаев
Орын.Ахметбеков Т.
Қарағанды қаласы әкімдігінің
2007 жылғы « »
№ / қаулысына
№ 2 қосымша
«Ішкі саясат бөлімі» ММ
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
ПАСПОРТ ЖОБАСЫ
1. Құны: 3420 000 теңге (үш миллион төрт жүз жиырма мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:
- «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 18-бабы;
- 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджет Кодексінің 53 бабының 6 тармағы;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы
- Қазақстан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 27 бабы;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар қызметін жариялау бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 мамырдағы № 712 қаулысы;
- «Республика және жергілікті бюджетті орындау Ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы»;
- «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқандағы XLII сессиясының № 5 шешімі;
- « Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» № 5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 18 шілдедегі кезекті LII сессиясының 10 шешімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi:
- қалалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жергілікті деңгейде телерадио хабарландыру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу және жергілікті деңгейде газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу, қала әкімінің қызметі туралы тұрғындарды ақпараттау, қаланың имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- радиоканалдардан мемлекеттік тапсырыс бағдарламаларын үздіксіз тарату; республиканың гүлденуі және егемендікке нақты қол жеткізуге бағытталған телерадио бағдарламаларды дайындау және тарату; әлеуметтік әріптестік қағидасында ұлт аралық келісімнің әлеуметтік әлемін қолдау; қаланың негізгі жаңалықтары туралы шұғыл ақпараттарды дұрыс тұтынушыларға жеткізу, қаладағы маңызды оқиғалар туралы телерадио сюжеттерді әзірлеу;
-қалада жүргiзiлетiн әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформалар курсын ақпараттық-насихаттық қолдауға; әлеуметтiк әрiптестiк принципiне негiзделген ұлтаралық келiсiмнiң әлеуметтiк ынтымағын қолдауға, қазақстандық патриотизмнiң қалыптасуына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Елдегi жағдай және 2006 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы» Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-әрекеттерін ақпараттық-насихаттық қолдауға; Мемлекеттік тұрғын үй саясатын, индустриалдық-инновациялық саясатты жүзеге асыру, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен және наркобизнеспен күресуге қолдау көрсетуге, шағын кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуге, қаладағы негiзгi оқиғалар туралы сенiмдi, жедел ақпараттар жеткiзудi қамтамасыз етуге; жазылуды ұйымдастыру арқылы тұрғындардың мерзімді басылымдарды көп алуына қол жеткізуге бағытталған жарияланымдарды әзірлеу және тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:
№
|
Бағдарлама коды
|
Шағын бағдарлама коды
|
Бағдарлама (шағын бағдарлама) атауы
|
Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
002
|
100
|
газеттер арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу
|
Төмендегі бағыттар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін түсіндіру, қаланың қоғамдық-саяси өміріндегі оқиғалар туралы шынайы ақпараттар жариялау:
- ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөніндегі материалдарды жариялау;
- жергілікті басқару
органдарының қызметін жариялау:
- елдің жоғары басшылығының және басқа да ресми тұлғалардың қалаға келуі туралы материалдарды жариялау;
- қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қалалық мәслихат сессияларының шешімдерін, қала әкімінің және қалалық мәслихат хатшысының құттықтауларын, көңілайтуларды және қазанамаларды жариялау;
- ҰОС 62 жылдық мерейтойы аясында материалдарды жариялау;
Облыстың 71 жылдық
Мерейтойы аясында матариалдарды жариялау;
- қала әкімі және оның орынбасарлары өткізген немесе олардың қатысуымен, сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысының қатысуымен өткен кеңестер мен басқа да шаралар туралы материалдар және қалалық әкімдік пен мәслихаттың жұмысы туралы басқа да ресми материалдар жариялау;
- денсаулық сақтау проблемалары, спорт жөнінде материалдар жариялау;
- қала әкімінің бағдарламаларын
жүзеге асыру жөнінде материалдар жариялау;
- қаланың әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмірінен хабар беретін материалдар жариялау;
- тұрғын үй саясатынан, индустриалдық—инновациялық саясаттан, мәдени мұралардан, құрылыстан хабар беретін материалдарды жариялау
- жастар саясаты, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері жөнінде материалдар жариялау;
- мәдениет, білім және ғылым проблемалары жөнінде материалдар жариялау;
- саяси партиялардың және қоғамдық қозғалыс-тардың, бірлестіктердің қызметі туралы материалдар жариялау;
- жастар ісі жөніндегі мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау;
- «Қазақстан Республика-сындағы тіл туралы» Заң ережелерін жүзеге асыру жөнінде материалдар жариялау;
- Қазақстан Республика-сындағы төмендегі ресми мейрамдар мен атаулы күндерді мерекелеуге байланысты іс-шаралар туралы жариялау:
- 30 тамыз – Қазақстан
Республикасының Конституциясы күні;
- 25 қазан – Республика күні;
- 16,17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;
- басқа да дәстүрлі аталып өтетін мерекелер.
|
2007
жыл бойы
Тамыз
Қазан
Желтоқсан
|
«Ішкі саясат бөлімі» ММ
|
2
|
002
|
101
|
телерадиохабар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу
|
Төменгі бағыттар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде шынайы ақпараттар жариялау
- «Жаңалықтар»
- «Недельный обзор»
- НПО мемлекеттік қолдау туралы, мемлекеттік ұлттық
саясат туралы,Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі туралы, рухани келісім туралы;
- медицина мәселелері туралы, салауатты өмір сүру салтының құндылықтары туралы;
- ҰОС 62-жылдығына арналған бағдарламалар;
-Облыстың 71 жылдығына арналған бағдарламалар;
- жеті басымды бағыттары бойынша 2030 дейін Қазақстан даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау;
- Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау;
- мелекеттік тұрғын үй саясатын; индустриалдық-
инновациялық саясатты, мәдени мұраларды жариялау;
- мемлекеттік әлеуметтік саясатты
қолдауды насихаттау;
- жастар ісі жөніндегі
мемлекеттік саяхат мәселесін жариялау;
- балалар мен жасөспірімдердің мәдени адамгершілікке, әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі материалдарды орналастыру;
- «Қазақстан Республика
сындағы тіл туралы»Заң ережелерін жүзеге асыру жөнінде материалдар жариялау;
- деңсаулық проблемалары бойынша материалдарды жариялау ;
- шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлікті ақпараттық-насихаттап, қолдау;
- көші-қон саястын ақпараттық-насихаттап, қолдау;
- білім мен мәдениет жөніндегі мемлекеттік саясат мәселелерін жариялау;
|
2007 жыл бойы
|
«Ішкі саясат бөлімі» ММ
|
7.Бюджет бағдарламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер: тұрғындардың әр түрлі ақпараттарға деген сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру, тұрғындардың ақпарат алу деңгейін, оның саяси және құқықтық мәдениетін, қоғамның бірігуін арттыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту; телевизиялық және радиобағдарламалардың техникалық сапасы мен шығармашылығын арттыру, қалалық телебағдарламаларының қабылдауларын толық қамтылуын қамтамасыз ету, бюджет бағдарламаларын орындау бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жарияланатын оң материалдарды көбейту, облыста қала келбетін қалыптастыру.
8.Теледидар және радиобағдарламалардың шығармашылық және техникалық сапасын арттыру, қалалық телебағдарламаларды қабылдауды толық қамтуды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік мекеме/бағдарлама әкімшісінің басшысы_________________________________
Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)________________
Достарыңызбен бөлісу: |