Қарағанды қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «3» маусымдағы



Дата24.02.2016
өлшемі53 Kb.
#11878
Қарағанды қаласы әкімдігінің

2008 жылғы «_3__» __маусымдағы_

№ __60/08___ қаулысына

1 қосымша

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2007 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 60/08 қаулысына

9 қосымша



Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)


ПАСПОРТ

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу

(бюджеттік бағдарламаның аты)



2008 жылға арналған
1.Құны: 473659,0 мың теңге (төрт жүз жетпіс үш миллион алты жүз елу тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі;

«ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы;

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру бойынша одан әрі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы;

«2008 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған ІV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті ІX сессиясының 2008 жылғы 28 мамырдағы №107 шешімі.

3.Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезеңдеп көшуге жағдай жасау, білім сапасын арттыру, білімді ақпараттандыруды дамыту, оқушылар мен мұғалімдерде ақпараттандыру мәдениетін қалыптастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім жүйесінің бірегей оқыту ақпараттандыру ортасын құру, білім жүйесін ақпараттандыруды жақсарту және Қазақстан Республикасының әлемдік ақпараттық оқыту кеңістігіне кірігуі мақсатында білім сапасын арттыру; мектептерді Интернетке қосу арқылы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім ұйымдарының ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуіне жеңілдіктер жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:



Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2




4

5

6

7

1



010

011


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.

Республика-

лық бюджеттен берілетін трансферт-тер есебінен


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуді қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу, құрал-жабдықтарды орнатумен, педагогтарды оқыту үшін жұмсалатын материалдарды сатып алумен байланысты шығындар; Ұлттық сервер, Веб-сайтпен, контентті басқарумен байланысты шығындар, педагогтарды оқыту төлемдеріне, көрсетілген қызметтердің абоненттік төлемдеріне байланысты шығындар, басқа да қызметтер мен жұмыстар.




жыл бойы


Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Жалпы білім беретін барлық типтегі мектептер мен мектеп-интернаттар.


7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: Құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және абоненттік төлемдерді жүзеге асыру. «Мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық оқыту желісі» көп функционалды жүйесін жасауға қажетті құрал-жабдықтарды, сонымен қатар оны орнату мен қосу жөніндегі қызметтерді сатып алу.

Соңғы нәтиже: Қарағанды қ. мектептері мен мектеп-интернаттарында ашық интерактивтік сабақтар өткізу.

Уақыттылығы: жасалған шарттарға сәйкес, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.



Сапасы: білім ұйымдарының ғаламдық ақпараттық ресурстарға жоғары жылдамдықпен қол жеткізулерін қамтамасыз ету, 1000 адамға дейінгі пайдаланушылары бар бейне конференциялар ұйымдастыру, физика, химия және биологиядан ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев
ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет