Қарағанды қаласы әкімінің 2008 жылғы 27 наурыздағы №06/02 қаулысы



Дата23.02.2016
өлшемі104 Kb.
#7967
Қарағанды қаласы әкімінің 2008 жылғы

27 наурыздағы № 06/02 қаулысы


«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға

арналған қалалық бюджеттік бағдарламалар

паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды

қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 60/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджеттік кодексінің 94 бабын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабын, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысын орындау үшін, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімгері болып табылатын қалалық бюджеттік бағдарлама паспортына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 60/03 қаулысының 1қосымшасы 6 тармағындағы «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету» 001 бағдарламасы «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» 007 шағын бағдарламасы бойынша «201000» саны «1701000» санына ауыстырылсын; «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету» 009 шағын бағдарламасы бойынша «31315000» саны «29815000» санына ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Алексеевич Грибенщиковке және Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы Құрманғали Қаршығаұлы Мырзәліповке жүктелсін.



Қарағанды қаласының әкімі И. Тоғайбаев
Орын. Фуштей.Г.И.

Қарағанды қаласы әкімдігінің

2008 жылғы « »

қаулысына


№ 1 қосымша


«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ

Бюджеттік бағдарламаның әкімгері




2008 жылға арналған

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

(бюджеттік бағдарламаның атауы)



ПАСПОРТЫ



  1. Құны: 155628000 (жүз елу бес миллион алты жүз жиырма сегіз мың) теңге




  1. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 Заңы, 2007 жылғы 27 шілдедегі өзгертулерімен және толықтыруларымен;
  • 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 12, 25, 94-баптары, 2007 жылғы 6 желтоқсандағы өзгертулерімен және толықтыруларымен;


  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 30-33, 37, 38, 39-баптары, 2007 жылғы 27 шілдедегі өзгертулерімен және толықтыруларымен;

  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-ІІІ Заңы;

  • «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы;

  • «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, 2007 жылғы 27 қарашадағы өзгертулерімен және толықтыруларымен;

  • «Базалық лауазымдық еңбекақының және түзету коэффицентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы №74 қаулысы;

  • «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 409 қаулысы;

  • «Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне смета бойынша тиісті органды қаржыландыру қарастырылған қаржыны үнемдеу есебінен лауазымдық еңбекақыларына үстеме белгілеу, материалдық көмек көрсету, сыйақы беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы, 2007 жылғы 12 қарашадағы өзгертулерімен және толықтыруларымен;

  • «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы, барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен;

  • «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы;

  • «Қарағанды қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын бекіту және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімиятының 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 2/2 қаулысы;

- «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қағидасын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімиятының 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 4/1 қаулысы;

  • «Мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсетуге арналған қызмет бабындағы жеңіл автомобильдерді пайдалануды тәртіпке келтіру туралы» Қарағанды қаласы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 19/4 қаулысы;

  • «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 5/7 қаулысы;

  • «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 5/13 қаулысы;

  • «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 5/13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қыркүйектегі №14/6 қаулысы;

  • 2007 жылғы 15 мамырдағы №251-ІІІ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, 2007 жылғы 27 шілдедегі өзгертулерімен және толықтыруларымен;

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы;

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы;

  • «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы туралы Үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 153 қаулысы;

  • «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы;

  • ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті ІV сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» №47 шешімі.




  1. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.




  1. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттардан құралған жеке мүліктерді тікелей басқару құқығындағы мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз ету, оны материалдық-техникалық және ақпараттық жабдықтау, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау.




  1. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қала әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету, шаруашылық, материалдық-техникалық және ақпараттық жабдықтау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту.




  1. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:




Бағдарла ма коды

Шағын бағдарлама коды

Бағдарлама (шағын бағдарлама) атауы

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Жүзеге асыру мерзімі

Жауапты орындау шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


003

007


009

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

Жергілікті органдардың аппараттары

Мемлекеттік

қызметшілердің біліктілігін арттыру.

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


124112000 теңге сомасы көлемінде Қарағанды қаласы әкімінің аппаратын штат саны лимиттерінің шегінде ұстау.
1701000 теңге сомасы көлемінде мемлекеттік қызметшілерді кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыру және қайта дайындау мақсатында оқыту.

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс жағдайын жақсарту үшін тауарлар сатып алу.

29815000 теңге сомасы көлемінде қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс жағдайын жақсарту үшін қызметтік автокөлік, оргтехника, қала әкімі аппаратының материалдық-техникалық базасын нығайту және ақпараттандыру үшін мүмкіндігінше жабдықтар сатып алу


2008 жыл бойы

Қарағанды қаласы әкімінің аппараты



  1. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:

  • мемлекеттік мекеменің тиісті қызмет атқаруы;

  • жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес қала аумағында қалалық жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуы;

  • мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру;

  • қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту;

  • мемлекеттік қызметшілердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін қала әкімі аппаратының ақпараттануын және материалдық-техникалық базасын нығайту.

Қарағанды қаласы әкімі

аппаратының басшысы Қ. Мырзәліпов




Орын. Г.И. Фуштей

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет