Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы


Аумақтарды күзгi-қысқы кезеңде тазалау



бет2/3
Дата25.06.2016
өлшемі415.55 Kb.
#157826
1   2   3

5. Аумақтарды күзгi-қысқы кезеңде тазалау

      64. Күзгi-қысқы тазалау кезеңi 1 қарашадан бастап 1 сәуiрге дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайларының күрт өзгеруi жағдайында (қар, аяз) күзгi-қысқы тазалауды бастау және аяқтау мерзiмiн тиісті бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi үйлестiредi.


      65. Жапырақ түсетiн кезеңде түскен жапырақтарды уақтылы жинау қажет. Жиналған жапырақтар көрiктендiру бойынша кәсiпорындармен арнайы бөлiнген учаскелерге не компостерлеу алаңдарына шығарылуы тиiс.
      Тұрғын құрылыс аумағында, скверлер мен саябақтарда, қатты тұрмыстық қалдықтар үшiн контейнерлерде жапырақтарды өртеуге жол берiлмейдi.
      Жапырақтарды ағаштар мен бұталардың тамыр бөлiгiне жинауға, сондай-ақ оларды қоқыс жинайтын алаңшаларда және қоқыс жинайтын контейнерлерде жинақтауға жол берiлмейдi.
      66. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, урналар және шағын сәулет нысандарының элементтерi, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйiрлерiндегi кеңiстiк, оларға кiреберiс жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      67. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезiнде ерiген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттерi жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, тротуарларды, көгалдарды, жасыл көшеттерді қоспағанда, жинауға рұқсат берiледi.
      68. Инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған тротуарлар мен жолдың жүру бөлiгiндегi мұзды желi иелерi және (немесе) пайдаланушылары уатып жинайды.
      69. Жол берiлмейдi:
      1) магистральдардың, көшелердiң жүру бөлiгiне және өтпе жолдарға, тротуарлар, гүлзарлар мен көгалдарға квартал iшiнде өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсiпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектiлерiнен жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
      2) тротуарларда, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және жаяу жолдар мен көгалдандырылған аймақтарында көктайғаққа қарсы реагент ретiнде қайнатпа тұзды пайдалануға;
      3) көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға және жасыл көшеттерге лас және тұз араласқан қарды, сондай-ақ мұз үйiндiлерiн роторлық лақтыруға және орынын ауыстыруға.
      70. Метеорологиялық қызметтерден күнi бұрын жалпы тайғақ болатын қауіпі туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпiрлердiң құрылысын өңдеу жұмыстары қар жаумай тұрып жүргiзiледi.
      71. Аулаларға кiреберiс, шығу жолдары, квартал iшiндегі жолдар жүру бөлiгiнiң шетiнен бастап механизмдік күреу мен сыпырудан кейiн бiрiншi кезекте тазартылуы тиiс.
      72. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екi кезеңде жүзеге асырылады:
      1) жер үстiлiк жаяу өтпе жолдардағы, көпiрлердегi және жол өткелдерiндегi, көпшiлiк баратын орындардағы (iрi әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және әлеуметтiк маңызды объектiлердiң кiреберiс жолдарда бiрiншi кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейiн 48 сағат iшiнде жүзеге асырылады;
      2) соңғы (жаппай) қарды шығару бiрiншi кезектi шығару аяқталғаннан кейiн кезекпен, тапсырыс берушi анықтаған кезектiлiкке сәйкес шығарылады.
      73. Қар ерiгеннен кейiн қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып және көріктендірілуі тиiс.
      74. Тротуарлар, аула аумақтары және өтпе жолдар қар мен мұздақтан асфальтқа дейiн тазартылуы қажет. Мұздақ (көктайғақ) пайда болған кезде құм не ұсақ қиыршық таспен өңдеу жүргiзiледi.
      75. Аулалар аумақтарынан және квартал iшіндегі өтпе жолдардан тазаланған қарды автокөлiктердiң еркiн өтуiне және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi жасамайтын орындарға (тротуарлар, газондар, жасыл көшеттерден басқа) жинауға рұқсат етiледi.
      76. Аула iшiлiк аумақтарға қарды жинағанда ерiген қар суының ағуын көздеу керек.
      77. Қыс мезгiлiнде ғимарат, үйлердің иелерi және (немесе) пайдаланушылары төбені мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
      78. Ғимараттың жаяу жүргiншiлер аймағына шығатын жақтарындағы төбені тазарту жұмыстары қар жауғаннан кейiн алдын ала қатерлi учаскелерге қоршау орнатумен жүргiзiлуi керек.
      79. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұзды тратуарларға түсiрiп тазартуға тек жарық уақытта жол беріледі. Төбе еңістігінің басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық төбелерден қар мен мұзды ауланың iшкi аумағына түсiрiлу жүргізілуі керек. Қарды түсiрер алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету іс-шараларын өткізу қажет.
      Үйлердің (құрылыстардың және ғимараттардың) төбелерінен түскен мұздар мен сүңгiлер тез арада өтпе жолдың шет жағына қарай көшенiңөтпе жолын тазалаушы ұйымдар келесі шығаруы үшiн жинастырылады және орналастырылады.
      80. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқысты тастауға жол берiлмейдi.

6. Аумақтарды көктем - жаз кезеңiнде тазалау

      81. Көктемгі-жазғы тазалау кезеңi 1 сәуiрден бастап 1 қарашаға дейiн белгiленедi. Ауа-райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда жазғы тазалауды жүргізу мерзiмдерi өзгеруi мүмкiн.


      82. Аула аумақтарын, аула iшiндегi өтпе жолдарды және тротуарларды қоқыстан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күнi бойы тазалықты сақтауды аумаққа бекiтiлген субъектiлер қамтамасыз етедi.
      83. Аулалар аумақтарын жуу және шлангтармен суару үшiн суару шүмектерi әрбiр үй маңында жабдықталуы және жарамды күйде болуы тиiс.
      84. Күрделi емес құрылыс объектiлерiнiң иелерi және (немесе) пайдаланушылары (автотұрақтар, бокстық гараждар, ангарлар, қоймалық қосалқы құрылыстар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) бекiтiлген аумақты санитарлық тазалау және тазарту бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен шарт жасасуға не оны өз бетінше күн сайын жүргiзуі тиiс.
      85. Металл қоршаулар, жол белгiлерi және көрсеткiштерi таза болуы тиiс.
      86. Қала және аудан жолдарының жолақ бөлігінде, көгалдар түрінде орындалған, сондай-ақ бөлінген жолақтардағы шөп төсемдерiнiң биiктiгi 15 сантиметрден аспауы керек. Әр түрлi қоқыстармен және қалдықтармен жолақты ластауға жол берiлмейдi.

7. Қасбеттердi, ғимараттар мен құрылыстарды күтiп ұстау

      87. Қаптаманың, сылақтың, фактуралық және боямалы қабаттардың бүлiнуi, сылақтағы сызаттар, қаптама, кiрпiш және шағын блок төсеменiң жiктерiнен ерiтiндiнiң боялуы, тұтас жинамалы ғимараттардың жiктерiндегi герметикалық сылақтың бүлiнуi, қабырғалардың шығыңқы бөлiктерiндегi металл жабынның бүлiнуi немесе тозуы, су ағар құбырлардың бүлiнуi, дымқыл және тот басқан орындар, су аққан және тұздалған жерлер, үстіртін жалпы ластануы, парапеттердiң бүлiнуi және осыған ұқсас басқа да аталған бүлiнулер анықталу шаралары бойынша, одан әрi дамуына жол берiлмей, оларды ғимарат, үйлер иелерi және (немесе) пайдаланушылар жоюы қажет.


      88. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншiгiнде, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқаруында, басқа да пайдалануда тұрғын емес немесе тұрғын үйлерде жеке үй-жайлар болған жағдайда, осы тұлғалар алынған аудандарға барабар аталған үйлердің қасбеттерiн жөндеуге үлестік қатысуды қабылдайды.
      89. Үйлердің қасбеттерiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары белгiленген тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi қажет. Қасбеттерде орнатылған ақпараттық кестелер, ескерткiш тақтайшалар таза және жарамды күйде болуы қажет.
      90. Кiреберiстерді, жертөле қабатын, сөрелерді, маңдайшаларды, сыртқы жарнама орналастыру құралдарын үйлер мен (немесе) құрылыстың иелерi және (немесе) пайдаланушылары таза және жарамды күйде ұстауы қажет.
      91. Жол берiлмейдi:
      1) балкондар мен лоджияларды өздiгiнен қайта жабдықтауға, терезелер мен балкондардың сыртқы жағына гүлге арналған жәшiктердi орнатуға;
      2) белгiленген тәртiпте берiлген рұқсатсыз үйлердің қасбеттерiн, олардың конструктивтік элементтерiн өздiгiнен қайта жабдықтауға;
      3) алдын ала сәулеттiк бөлiктердi қалпына келтiрмей үйлер мен құрылыстардың қасбеттерiне сырлау жұмыстарын жүргiзуге;
      92. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтердi ретті түрде бояп, тот басудан сақтау қажет. Барлық құбырлардың қабырғалар мен іргетастар арқылы өтетiн орындарында ашық орындардың болуына жол берiлмейдi. Коммуникациялар арқылы өтетiн көпiршелер, ғимарат және (немесе) құрылыс иелерi және (немесе) пайдаланушыларымен дұрыс және таза күйде болуы қажет.
      93. Дүкендер мен офистердiң, көшелер жағына шығатын сөрелерi жарықпен безендiрiлуi тиiс.

8. Тұрғын мақсаттағы аумақты көрiктендiру

      94. Тұрғын үйге қоса берілген аумақ көріктендірілуі, көгалдандырылуы, жарықтандырылуы және қоршалуы қажет, кiреберiс жолдары және жаяу жолдардың қатты жабыны болуы қажет.


      95. Объектiлердiң құрылыстан және жолдардан бос аумағы көріктендірілуі және көгалдандырылуы қажет.
      96. Ортақ пайдаланудағы көгалдандырылған аумақтар көріктендірілуі және шағын сәулет нысандарымен: фонтандар және бассейндер, сатылар, пандустар, тiрек қабырғаларымен, күркелермен, шамдармен жабдықталуы қажет. Шамдардың саны аумақты жарықтандыру нормалары бойынша анықталуы қажет.
      97. Тұрғын кварталдар, ықшам аудандар аумақтарында, сондай-ақ үй маңындағы аумақта келесi тәртiп қолдау табуы қажет:
      1) көпiрше, тротуарлар, жаяужол, квартал iшiндегі өтпе жолдар мен жолдарды дұрыс күйде ұстау;
      2) аулаларда түрлi шаруашылық немесе қосалқы құрылыстарды (гараждар, сарайлар, қоймалар) өз бетінше салуға және коммуникацияларды (антенналар, электр, телефон кабелдерiн) өз бетінше орнатуға жол бермеу;
      3) үй маңындағы аумақтарға құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
      4) баланстағы (шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел және (немесе) басқа басқарудағы) инженерлiк желiлердi дұрыс күйде ұстау, құдықтарды уақытылы қарау және тазалау;
      5) шағын сәулет нысандарын, спортқа, ойынға, балаларға арналған алаңшаларының және шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен шарбақтарды дұрыс күйде ұстау, олардың сыртқы түрiн таза ұстау.

9. Қалалар мен елді мекендердің аумағын жарықтандыру

      98. Қалалар мен елді мекендердегі аумақтарды жарықтандыру пайдаланушы ұйымдармен және сыртқы жарықтандыруды орнатуды жүргізумен қамтамасыз етiледi, оларға мыналар:


      1) электрмен жабдықтау құрылғылары, таратушы желiлер;
      2) электр желiлерiн қорғау және жерлендiру құрылғылары;
      3) басқару құрылғылары;
      4) кронштейндер, тростық аспа тiректерi жатады.
      99. Сыртқы жарықтандыруды орнатуды күтiп-ұстау және қызмет көрсету келесi іс-шараларды қамтиды:
      1) шамдарды тазалау, жарық түсiру деңгейiн өлшеу, шамдарды ауыстыру және шамдардағы iстен шыққан шашыратқыштарды ауыстыруды қоса есептегенде, ондағы сандық және сапалық көрсеткiштер берiлген параметрге сәйкес келген кезде жарықтандыруды орнатуды техникалық дұрыс күйде қолдау;
      2) сыртқы жарықтандыруды орнату жұмысының регламенттелген тәртiбiн қамтамасыз ету, кесте бойынша уақытылы қосу және сөндiрудi бақылау, жанбайтын шамдарды, ақауларды анықтау, оларды тез арада түзету.
      100. Металл тiректер, кронштейндер және сыртқы жарықтандыру қондырғыларының элементтерi жабу жағдайына қарай боялады.
      101. Жарықтандыру тiректерiнде, инженерлiк желiлерде олардың иелерiмен және (немесе) пайдаланушыларымен келiсiмсiз жарнамалық қалқандар орнатуға жол берiлмейдi.
      102. Кесте бойынша көшелердiң, жолдардың, алаңдардың жаяужол бөлiктерiнiң, жағалаулардың және жарықтандырылатын объектiлердiң сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың деңгейінің азаюы кезiнде кешкi ымырт кезiнде 20 люкске дейiн, ал сөнуi - таңертең 10 люкске дейiн берiледi.
      103. Көшелердегi жанбайтын шамдар 10 пайыз аспауы қажет, бұл ретте iстен шыққан шамдардың бiрiнен кейiн бiрi қатар орналасуына жол берiлмейдi.
      104. Металл бағаналар, кронштейндер мен сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желiлерiнiң элементтерi таза, тот басудың болмауы және сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиiстi қызметтердің жүзеге асыруымен анықтағаннан кейiн 24 сағаттың iшiнде ауыстыруы тиiс.
      105. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам, металдық сынаптық йодидтары бар доқалы шам, доқалы натрийлi, люминесценттi шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, және кәдеге жарату үшiн тек мамандандырылған кәсiпорындарға жеткiзiлуi қажет. Аталған шамдар түрлерiн қалалық полигон аумағына шығаруға жол берiлмейдi.
      106. Жарық және электрлi көлiктердiң байланыс желiлерiнiң құлаған бағаналарын негiзгi магистральдарда кешiктiрiлмей бағана иесi және (немесе) пайдаланушы шығарады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген тіректер – 12 сағат iшiнде шығарылады.

10. Ортақ пайдаланудағы, рекреациялық мақсатындағы
аумақты көріктендіру

      107. Ортақ пайдаланудағы аумақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, соның iшiнде оларда орналасқан тротуарлар, жаяужол аймақтары, сатылық құрылымдарды қамтитын ортақ пайдалану аумақтарын көріктендіру және күтіп-ұстау осы объектiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық ережелерімен белгіленген нормативтерге сәйкес қызмет көрсетуде және пайдалануда тұрған бөлінген және бекiтiлген аумақ субъектiлерi жүзеге асырады.


      108. Ландшафт - рекреациялық аумақтарының шегiндегi алаңшалардың, жол-соқпақ жүйелерiнiң жабыны тақташалардан, ұсақ тастан немесе басқа да минералды материалдардан, сирек жағдайларда асфальт жабынын қолданылуы қажет.
      109. Тоғандар мен басқа да су қоймаларының жағажай жолақтары көріктендірілуі қажет. Су қоймаларының сыртқы сулармен ластануына жол бермейтiн шараларды қарастыру қажет.
      110. Алаңдарда, саябақтарда, скверлерде, демалыс аймақтарында, халық көп баратын жерлерде, көшелерде, тұрғын үйлердiң әрбiр кiреберiсiнiң алдында, әкiмшiлiк, қызметтiк ғимараттар, сауда объектiлерiне кiреберiсте, қоғамдық көлiк күту аялдамаларында урналар орналасуы қажет.
      111. Урналар олардың толуына қарай тазартылу жүргізіледі.
      Урналарды бояуды иелерi және (немесе) пайдаланушылары жылына бiр рет (сәуiр), сондай-ақ қажеттiлiгiне қарай немесе сәйкес қызметтердiң нұсқамасы бойынша жүзеге асырады.
      112. Көшелер, алаңдар, жағажайлар, саябақтар, сквералар мен аулаларды ластауға жол берiлмейдi.
      113. Жағажай аумағында ауыз су жеткiзiлген фонтандар орналасуы қажет. Фонтандардың ағыны жағажайдың жасыл көшеттерiн суаруға қолданылуы мүмкiн, оларды ағын су қоймаларына жағажай шекарасы бойынша өзен ағысынан 100 метр төмен қашықтықта жол беріледі. Ауыз су iшетiн фонтандардан суды осы мақсаттарға белгiленбеген орындарға бұруға жол берiлмейдi.
      114. Ауыз су iшетiн фонтандар үлгiлiк немесе арнайы әзiрленген жоба бойынша дайындалған болуы мүмкiн, олар демалу аймақтарында орналастырылады, спорттық алаңшаларда орналастыру ұсынылады. Ауыз су iшетiн фонтан орналасқан орын және оған кiреберiс жер жабынның қатты түрiмен жабдықталуы қажет, биiктiгi ересек адамдар үшiн 90 сантиметрден аспауы, балалар үшiн 70 сантиметрден аспауы қажет. Ауыз су iшетiн фонтандардың кем дегенде бiреуi демалыс аймақтарында мүгедектер үшiн қол жетiмдi болуы қажет.
      115. Ашық және жабық түрдегi киiм ауыстыратын орындар, павильондар, гардеробтар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берiлген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жуылуы керек.
      116. Жағажайға жыл сайын таза құм немесе шағылтас төгiлуi қажет.
      117. Қоғамдық дәретханалар демалушылар көп жиналатын орындардан және адамдардың келуі 50 метр қашықтықтан жақын емес, 500 адамға бiр орын есебiнен орнатылуы тиiс.
      Жағажай аумағында орналасқан қоғамдық дәретханалар шомылатын жерден кем дегенде 50 метр және 200 метрден аспайтын арақашықтықта жабдықталуы тиіс.
      118. Қоғамдық дәретханалар қоғамдық ғимараттардың бiрiншi қабаттарында, жер асты өтулерге орналастырылуы мүмкiн. Қоғамдық дәретханаларды тұрғын үйлерде, балалар, емдеу-сауықтыру, профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң ғимараттарында орналастырылуға жол берiлмейдi.
      119. Қоғамдық дәретханаларды елдi мекендердiң келесi жерлерiнде орналастыру қажет:
      1) алаңдарда, көлік магистральдарда, пристаньдарда, жаяу жүргiншiлер қозғалысы көп көшелерде;
      2) вокзалдар, теміржол станциялар, автостанциялар және автовокзалдар жанындағы алаңдарда;
      3) қала сыртындағы және қала ішіндегі саябақтарда, скверлерде, бульварларда, жағажайларда, көрмелерде, стадиондарда, адамдардың жаппай демалыс орындарында;
      4) сауда орталықтары, базарлар аумақтарында.
      120. Қалалар және елді мекен аумағындағы бұлақтар су сапасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының оң қорытындысына сәйкес қатты жабынды түрімен тәсіл мен аумақта бұлақ суын алуға арналған құралмен (науа, құбыр, су ағатын құралдың басқа түрi), су жинайтын тостаған, су бұру жүйесiмен жабдықталуы қажет. Маңызды күзетілетін табиғат кешенінің аумағында жоғарыда аталған қорытындысыз бұлақты жабдықтау үшін қоршаған ортаны қорғайтын уәкілетті органның рұқсатнамасы талап етіледі.

11. Қалалар мен елді мекендердегі көркем және жарнамалық безендiру, шағын сәулет нысандары

      121. Көркем ресімдеудің құралдары, сыртқы жарнама құралдары және ақпараттар таза күтіп-ұсталуы, қаланың эстетикалық бейнесін бұзбай белгіленген тәртіпте орналастырылуы қажет.


      122. Сәулет-қала құрылыстық жағдайы өзімен тиісті сәулет-кеңістік ортаны және аумақты және құрылысты уақыттың белгілі кезеңінде пайдалану жағдайларын қалыптастыратын нақты аумақтардың элементтерінің сапа жиынтығын (құрылыс салу, табиғи ландшафт, жер учаскелері, көше-жол желісі, инженерлік жағдай жасау және тағы басқалар) көздейді.
      123. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде пайдаланылатын материалдар (құралдар) және ресімделуі экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына, аймақтың табиғи-климаттық жағдайына сәйкес заманауи сапа, қауіпсіздік және экология, адамгершілік және мораль талаптарына жауап беруі қажет.
      124. Сыртқы жарнаманың және ақпараттардың жеке тұрған тұрақты құралдарын орналастыру қала аумағының нақты сәулет-құрылыстық жағдайларымен анықталады. Әр көше бойынша жарнама конструкцияларының бірыңғай түрі, ақпараттық алаң көлемі белгіленеді. Бұл ретте жоғары ауқымды конструкциялар арасының аралығы облыстық орталықтарда 100 метрден кем және басқа қалаларды және елді мекендерде 50 метрден кем болмауы қажет.
      125. Жеке тұрған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін монтаждау кезінде конструкцияның іргетасы жер деңгейі белгісінің деңгейінде немесе одан төмен орналастырылуы қажет. Аталған типті орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда іргетас декоративтік ресімделуі қажет. Бетондық негіз түскен жағдайда ол "қалпына келтірілуі" қажет.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін құрайтын элементтер – іргетас, "қадауыштар", тиісті эстетикалық түрде болуы қажет. "Қадауыш" таза болуы, қағаз - жарнама жеткізушілерінен тазартылған және боялған болуы қажет.
      Жарнама қондырғыларын, жарнама объектілерін монтаждағаннан кейін (демонтаж) жарнама таратушы (баланс ұстаушы) 5 күннен аспайтын мерзімде аумақты немесе орналастыру объектісін абаттандыру қажет.
      Жеке тұрған тұрақты объектілерде және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде меншік иесі және оның телефон номері көрсетілген маркалау болуы қажет. Таңбалау ақпараттық алаңның астына орналастырылуы қажет.
      126. Жеке тұрған сыртқы жарнама құралдары (конструкцияның) әдетте екі жақты нұсқада ереже секілді орындалады. Бір жақты нұсқада дайындалған жеке тұрған конструкциялардың екінші жағы декоративті ресімделуі қажет. Бекіту және қатайту конструктивтік элементтері (бұрандамалы біріктіру, тірек элементтері, технологиялық бекітпе) конструкцияның декоративтік бүйірінен үстіртін элементтермен жабылуы қажет.
      127. Бір немесе одан да көп жағында ақпараттық хабарламасы (жарнама) жоқ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін тұрақты орналастыруға және пайдалануға жол берілмейді. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі түсі кеткен, жыртылған ақпараттық жеткізушілер, сондай-ақ тақырыбы ескірген, соның ішінде әлеуметтік сипаттағы ақпараттық жеткізушілер ауыстырылуы қажет. Көрсетілген іс-шаралар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері иелерінің есебінен жүргізіледі.
      128. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің конструкциялары және ақпараттар жарық көзімен тәуліктің қараңғы уақытында жарнамалық - ақпараттық алаңды жарықтандыруды көздеуі қажет. Жарықтандыру бойынша техникалық қиындық келтіретін немесе бастапқыда сәулет жобасында көзделген сыртқы жарнама (көрнекі) құралдары және ақпараттар бұдан басқаны құрауы мүмкін.
      129. Тұрақты объектілердің және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің немесе олардың жекелеген бөлігінің ернеу тасы жоқ жол жанынан, жол төсемінің жер жиегінен 2 метрден жақын орналасуына жол берілмейді.
      130. Жарнама конструкцияларындағы бейнелерді (плакаттарды) көгалдарға автокөлікпен кіріп ауыстыруға жол берілмейді.
      131. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін оның ішінде оларға жақын радиусы бес метр аумақты тазалауды сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері (баланс ұстаушы) жүргізу қажет.
      132. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің инженерлік – техникалық шешімі объект бекітілетін ғимараттар мен құрылыстар элементтерінің тірек мүмкіндіктерін есепке алуы қажет және де олардың пайдалану сапасына зиян келтірмеу қажет.
      133. Жарықты жарнама қалалық кеңістікте автокөліктердің жүргізушілеріне және жүргіншілерге қалалық кеңістікте бағыт бойынша көмектесуі және жарық құрылымды міндеттерді шешуге қатысуы қажет. Орналасуы, габариттер, нысандары және элементтердің жарық түсті өлшемдері бойынша ақпарат есепті аралықтан анық көрінетін және нақты жарық ансамбліне үйлесімді енгізілген, қолданыстағы жол ережесіне қайшы келмейтін, тұрғындардың қалыптасқан жайлы тірлігін бұзбайтын болуы керек.
      134. Шатыр конструкцияларын орнатуда электрқорегі желісінен апаттық тоқтату жүйесімен жабдықталуы қажет.
      135. Сыртқы жарнаманың мобильдік (тасымалдау) конструкциялар (шығарылатын қалқан, штендер) мекеме, ұйымдардың үй-жайларына кіреберісінен 5 метр шегінде жаяу жүргіншілер аумақтарында және жаяужолда орналастырылады. Мобильдік (тасымалдау) конструкцияларын жүргіншіні қабылдауға бағдарланған жолда орналастыруға рұқсат берілмейді. Мобильдік (тасымалдау) конструкциялары өзіндік жарықтандыру болмау керек, бір жағының алаңы 0,6 х 0,9 метр.
      136. Объектілер және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жүргіншілердің өтуіне және көшелер мен жүргіншілер жолдарын механизмделген тазалауға кедергі келтірмеуі қажет.
      137. Сөрелер мен терезелерді ресімдеуде үйлер мен құрылыстардың эстетикалық келбетін бұзбау керек, тауар өндірушілер, тауарлар мен қызметтерді жүзеге асыру пункттері, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, бағалар және акциялар бар ақпараттарды өзіне қамтиды.
      138. Маңдайшалар көлемді, аралық элементтер, қатты негіздегі қалқандар, ішкі және сыртқы жарықтандыруымен жарық қораптары (әріптер, эмблемалар, тауар белгілері, логотиптер) түрінде орындалады.
      139. Жарықты жарнамаларды және маңдайшаларды пайдаланылатын кәсіпорындар оларды күн сайын қараңғы түсе қосуы қажет және жанып кеткен жарық элементтерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуі қажет.
      140. Жарықты жарнама немесе маңдайшаның жекелеген белгілері бұзылған жағдайда, жарықты жарнама немесе маңдайшаны өшіріп тастау қажет.
      141. Қандай да бір плакаттарды, хабарландыруларды және ақпараттық хабарламаларды ғимараттарға, ағаштарға, жарық тіректеріне, қалалық жолаушылар көлігінің күту павильондарында, шарбақтарға, сондай-ақ осы мақсаттарға арнайы бөлінген орындардан жапсыруға және орналастыруға жол берілмейді.
      142. Екі бірліктен жоғары сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін (брандмауэрлер, баннерлер, тартпалар) тұрғын үйлерге орналастыруға жол берілмейді.
      143. Құрылыс мен бөлшек сауда (көше) объектілерін (жазғы кафе, көрме, сауда алаңдарын қоршау) көркем рәсімдеуді қамтуы қажет. Көркем рәсімделу объектінің меншік иесі есебінен жүргізіледі.
      144. Автокөлік жолдары мен елді мекендердегі жолақ бөлігі шекарасында орнатылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгілер және көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы және орнатылуы қажет.
      145. Тұрғын құрылыс аумақтары, қоғамдық аймақтар, саябақтар, көшелер, бақтар, демалыс алаңшалары шағын сәулет нысандарымен – күрке, көлеңкелі бастырма, гүлзарлар, орындықтар, қоқыс сауыттары, фонтандар, балалар ойынына арналған, ересек тұрғындардың демалысына арналған құрылғылар, газет стендтері, қоршаулар, телефон будкалары (бастырмалар), автокөлікті күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
      146. Шағын сәулет нысандары тұрақты немесе мобильді болуы мүмкін; олардың саны және орналастырылуы аумақтарды көріктендіру паспорттарымен анықталады.
      147. Құрылыс салынатын учаске шекарасында жаңа құрылыс кезінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орналастыруды тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
      148. Шағын сәулет нысандарының конструктивті шешімдері олардың тұрақтылығын, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
      149. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын орнату және күтіп ұстау келесі талаптарды сақтаумен жүзеге асырылады:
      1) сыртқы абаттандырудың барлық элементтері, соның ішінде ғимарат қасбеттерін әрлеу өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен бекітілген жобаға сәйкес атқарылуы қажет;
      2) құрылыстың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылар үйдің көше, алаң және қоғамдық орындар жаққа қараған қасбетін, мерекелік безендіруді келісімсіз жасай алады.
      150. Мобильді және тік көгалдандыруды рәсімдеу үшін келесі құрылғылдар түрлері қолданылады: трельяждар, шпалерлер, перголдар, гүлзарлар, вазондар.
      151. Орындықтарды орнатуда жабынның қатты түрі немесе іргетас қарастырылуы қажет. Демалыс аймақтарында, орманды саябақтарда, балаларға арналған алаңдарда "жұмсақ" жабын түріне орнатуға жол беріледі. Іргетас болған жағдайда оның бөліктері жер бетіне шығып тұрмауы қажет. Ересек адамның демалысына арналған орындықтың жабын деңгейінен отырғыш жазықтығына дейінгі биіктік шамамен 420 - 480 миллиметр болуы қажет. Демалысқа арналған орындықтың үстін суға төзімді өңдеудің түрлерімен (дұрысы – сіңіргіш қабілетімен) ағаштан жасау ұсынылады.
      152. Қоғамдық, тұрғын, рекреациялық мақсаттағы аумақтарында таксафондарды орналастыруда оларға электр жарықтандыруды қарастыру қажет. Таксафондарды орналастыру орындарын телефон канализациясының каналдық (құбыр) және жарықтандыру үшін каналдың (құбыр) төсем құрылғыларының қосылу орындарына жақын жобалау қажет. Одан басқа, бір таксафонды (немесе әрбір қатардан біреуін) монетақабылдағыш саңылауының деңгейі жабын деңгейінен 1,3 метрді құратындай биіктікте орнату ұсынылады. Почта жәшігінің қабылдау деңгейін жабын деңгейінен 1,3 метр биіктікте орналастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет