Аралауданыны ң Ә кімдіг І қ а у л ы арал қаласы № 2013 ж жоба



Дата21.06.2016
өлшемі66.23 Kb.
#152049
А Р А Л А У Д А Н Ы Н Ы Ң Ә К І М Д І Г І
Қ А У Л Ы

Арал қаласы № «__» _________2013 ж




ЖОБА

Арал ауданында көшпелі сауда

орындарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 8 және 27 баптарына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес Арал ауданы көлемінде көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Е. Раймбетовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Арал ауданының әкімі М. Жайымбетов

2
Арал ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «__» __________

№ ___ қаулысына қосымша


Арал ауданы көлемінде көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындар






Қала, кент, ауылдық округ атауы

Сауда орындары

Орындар саны

1

Арал қаласы

«Тәуелсіздік» алаңының солтүстік шығыс беткейіндегі ашық алаң

13

У. Қосымов көшесінің бас жағындағы темір жол өткелінен кейінгі ашық алаң

20

2

Сексеуіл кенті

«Палуан» базарының контейнермен қоршалған ауласы

17

Привокзальная көшесі № 7 бұрынғы көне пошта ғимаратының маңы

13

3

Жақсықылыш кенті

Ы. Алтынсарин көшесіндегі № 10, № 21

үйде орналасқан дүкендердің маңы



6

4

Октябрь ауылдық округі

Бұрынғы сауда үйінің маңы

3

5

Аманөткел ауылдық округі

«Мәди» дүкенінің маңы

3

6

Қарақұм ауылдық округі

№ 59 орта мектеп ғимаратының көше бетінен 30 метр қашықтықта

7

Ауылдық пошта торабы ғимаратының

оң жағы


5

7

Райым ауылдық округі

Т. Ерғалиев көшесінің бойындағы

аялдама маңы



5

8

Аралқұм ауылдық округі

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» транзиттік көлік дәлізі автожолының батыс жақ бетінде орналасқан жанар-жағар май құю бекетінен 25 метр қашықтықта

4

№ 61 орта мектептің оңтүстік шығыс бетінен автожолдан 25 метр қашықтықта

6

№ 61 орта мектептің солтүстік шығыс бетінен автожолдан 25 метр қашықтықта

5

9

Бөген ауылдық округі

«Бөген» селолық тұтынушылар қоғамы ғимаратының маңы

3

10

Ақирек ауылдық округі

Шымкент-Самара автожолының ауылдық округ тұсындағы аялдама

7

Арал ауданының паспорты маңы

5

«Шолақ арық» каналының Шымкент-Самара автожолымен қиылысқан тұсы

5

11

Қамыстыбас ауылдық округі

Темір жол вокзалының көше бетіндегі алаң

13

«Арал ауданында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы»

аудан әкімдігі қаулысының жобасына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ


р/с

Көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты


1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын орган

Арал ауданы әкімінің аппараты

2

Нормативтік құқықтық актіні тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Осы қаулы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 8 және 27 баптарына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысына сәйкес әзірленді



3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданған)

Осы қаулы, Арал ауданы көлемінде көшпелі сауда орындарын белгілеу мақсатында даярланды

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ


5

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасынан өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәлімет


Жоқ


6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме


Жоқ


7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ


8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет – ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер

Жоқ


9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүделерін қозғайтын актілер)

Жоқ



Мемлекеттік – құқықтық

жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ж. Әлішева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет