Қаралды 2014 жылы 26желтоқсанда Білім бөлімінің кеңесінде бекітілді



бет1/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#10319
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАРАЛДЫ

2014 жылы 26желтоқсанда

Білім бөлімінің кеңесінде





БЕКІТІЛДІ

Ақтау қаласы білім

бөлімінің басшысы

С.Д. Тулебаева

2014 жыл 26 желтоқсан


аҚТАУ қаласы білім бөлімінің

2015 жылға арналған

жұмыс жоспары



Ақтау-2014

  1. білім бөлімінің 2014 жылғы жұмысын талдау

Қалалық білім бөлімінің қызметі «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президентінің Жолдауы, ҚР білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған білім бөлімінің стратегиялық жоспары, 2010-2015 жылдарға арналған Ақтау қаласын дамыту бағдарламасының орындалуына бағытталған. Қаланың білім беру жүйесін дамытудың 2014 жылғы басымды бағыттары:



  • Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Балалардың толық дамуы үшін жағдай жасау және білім мазмұнын жетілдіру;

  • Қаланың білім беру жүйесін қаржыландыру және басқару тиімділігін арттыру.




    1. Білім ұйымдарының желісі

Білім ұйымдарының желісі: барлығы - 96, оның ішінде мемлекеттік мекемелер- 78, жеке меншік – 18.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер –27.

2014 жылдың 1 қыркүйегінде 0-11 сыныптарда барлығы -32589 оқушы (1470 оқушыға көбейді), оның ішінде 1-11 сыныптарда - 30982 оқушы (1387 оқушыға көбейді).

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 62 ұйымды құрайды: 43 мемлекеттік және 18 жеке меншік.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік секторына кіретіндер: 29 балабақша, 14 шағын орталық.

Мектептен тыс ұйымдар саны- 3, оларда 7240 бала қамтылған:


  • Аула клубтары – 19 ұйымда 4342 бала қамтылған.



    1. Мектепке дейінгі тәрбие

Білім берудің маңызды міндеттерінің бірі балалардың мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамтылуына жағдай жасау болып табылады. 2009 жылы Президенттің бастамасы бойынша «Балапан» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама арқылы алға үлкен қадам жасалды және әлеуметтік маңызды тиімділікті қамтамасыз етті. «Балапан» бағдарламасын іске асыру жылдарында Ақтау қаласында 6 балабақша қайта қалпына келтірілді және 14 шағын орталықтар ашылды. Соңғы 3 жылда бала саны күрт өсті. 2010 жылы 1 жылда 3789 бала туылса, 2014 жылға 4870 бала туылып отыр, яғни өсу динамикасы 1000 балаға дейін артты.




2009жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

75 %

80 %

83 %

61,7 %

74 %

79,7%

0-6 жас аралығындағы 29044 баланы мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 12247 баланы (42,16%) құрады, 3-6 жас аралығында 15092 баланың 12016 бала (79,7 %) қамтылды.

Мектепке дейінгі мекемелерде барлығы 1014 педагог бар, оларда: жоғарғы білімді – 929 , 91% жоғары және І санаттағылар – 33,5%.

Мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезекке 0-6 жас аралығындағы 16666 бала қойылған, олардың 2955-сі 3-6 жас аралығында – бұл «Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуы тиіс балалар, алайда орынның тапшылығына байланысты орналастырылған жоқ. Осылардың ішінде 231 бала 2009 жылы туған, 565 бала 2010 жылы туған және 2159 бала 2011 жылы туған.

Ең қиын жағдай-26 шағын аудандағы №42 балабақша мен 13 шағын аудандағы №54 балабақша, себеп аталған екі шағын ауданда халық өте көп шоғырланған және сол шағын ауданның мектеп жасына дейінгі балаларын қамтамасыз етіп отырған шағын аудандағы 1 ғана балабақша. №42 балабақшада 3-6 жастағы кезекте тұрған бала саны- 248, ал №54 балабақшада -224 бала, сол сияқты 27 шағын аудандағы №46 балабақшада - 345, №44 балабақшада -296 бала, 1 шағынаудандағы №8 балабақшада 226 бала кезекте тұр. Яғни 3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен қамтылмай отыр.




    1. Жалпы орта білім беру

Мектеп жұмысы нәтижесінің негізгі көрсеткіштері - білім мен қорытынды аттестация сапасының көрсеткіштері болып табылады.

Соңғы үш жылғы білім мен үлгерім сапасының оңды динамикасы байқалады. 2011-2012 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда білім сапасы 2,7% өсті және 47,82% құрады.




Оқу жылы

Барлық оқушылар

Үздіктер

%

Жақсы оқитындар

%

Білім сапасы

Үлгерім

2011-2012

30083

2983

10

10353

34,4

44,33%

98,9 %

2012-2013

30759

3177

10,3

11002

35,7

45,82%

99,8%

2013-2014

29468

3160

10,7

10942

37,1

47,82%

99,7%

2014 жылғы ҰБТ-ге 907 түлек қатысты (қазақ тілінде білім алатындар – 670, орыс тілінде білім алатындар - 237) – бұл жалпы түлектер санының 75% (кешкі мектепті қоспағанда).

Ақтау қаласы мектептерінің орташа ұпайы- 76,74 ұпайды құрады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2,40 ұпайға жоғары.


Оқу жылы

Барлық оқушылар

ҰБТ-ға қатысқандар

Қатысу %

ҰБТ бойынша орташа балл

2011-2012

1365

1148

84%

72,9

2012-2013

1260

973

77,2

74,36

2013-2014

1207

907

75%

76,74

«Алтын белгі» белгісіне 20 үміткердің 15-і растады, растау пайызы 75% құрады. Үздік аттестатқа 25 үміткердің тек 9-ы ғана растады (36%). «Алтын белгі» белгісіне 1ұпай жетпеген 2 үміткер үздік аттестат алды.


Оқу жылы

«Алтын белгі»

белгісіне үміткерлер

Растағандар

2011-2012

30

46,6%

2012-2013

27

44,4%

2013-2014

20

75%

ҰБТ міндетті пәндері бойынша орташа ұпай 0,5 ұпайдан 2 ұпайға ұлғайды: қазақ тілі бойынша – 17,7, Қазақстан тарихы бойынша – 17,4, математика – 12,8 және орыс тілі бойынша 13,5 ұпайды құрады.












2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлық түлектер

1365

1260

1376

ҰБТ тапсырғандар

1148

973

907

Барлық гранттар

63

98

112

Грант алған

түлектер үлесі

0,2%

10%

12%

Республикалық олимпиадасының қалалық туры өткізіледі, 2011-2012 оқу жылында 1112 оқушы қатысып, 285-і жүлделі орындарға ие болды. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 133 оқушы қатысып, 58-і жүлдегер атанып, республикалық олимпиадаға 24 оқушы қатысты, оның 14-і жүлдегер атанды, бұл 58,3 пайызды құрайды. Ал, 2012-2013 оқу жылында қалалық олимпиадаға 1083 оқушы қатысты, оның 311 жүлдегер атанып, облыстық кезеңге 100-і өтіп, оның 65-і жүлдегер атанды, Республикалық кезеңге өткендердің 21-і жүлдегер атанды. 2013-2014 оқу жылы бойынша 2298 оқушы қалалық олимпидаға қатысып, 369 жүлдегер атанса, оның облыстық кезеңге 125-і қатысып, 92 жүлдегер атанды, ал республикалық олимпиадағы өткендердің 80-і жүлдегер атанды.

Ғылыми-жобалар сайысы облыстық кезеңге 2012 жылы 256 оқушы қатысып, 27 оқушы жүлдегер атанып, республикалық кезеңге өткен 8 оқушының 7-уі жүлдегер атанды, ал Халықаралық ғылыми жобалар сайысына 3 оқушы өтіп, 2 оқушы жүлдегер атанды.

2012-2013 оқу жылында ғылыми-жобалар сайысының облыстық кезеңіне 47 оқушы қатысып, 22-сі жүлдегер атанды, республикалық кезеңге 6-ауы қатысып, 2-еуі жүлдегер атанды. Халықаралық ғылыми жобалар сайысына 4-еуі қатысып, 2-еуі жүлдегер атанды.

2013-2014 оқу жылы бойынша облыстық ғылыми жұмысқа 56 оқушының қатысып, 24 оқушы жүлдегер атанды. Республикалық жарысқа 5 оқушы қатысып, 5-еуі де жүлдегер атанды. Халықаралық ғылыми жобалар сайысына 6 оқушы қатысып, 6-ауы да жүлдегер атанды.




Жоғарыда көрсетілген үлкен жетістіктерге қол жеткізгенімізбен, 2014 жылдың жыл аяғына дейін мемлекеттік аттестаттаудан №1, 2, 3, 5, 6, 9, 10, 12, 14, 15, 17, 21 (барлығы 12 мектеп) орта мектептер өтуі тиіс болатын. №3, 5, 15 орта мектептер өз кезеңімен мемлекеттік аттестаттаудан өтсе, ал №2, 6, 9, 17, 21 орта мектептердің білім алушыларының мемлекеттік білім стандартын меңгермегені үшін 6 ай мезгілге кейінге қалдырылып, 2-ші рет өтті. Ал №12 және №14 орта мектептердің 2-ші рет аттестаттаудан өту мерзімі 2015 жылдың наурыз-сәуір айларына келіп тұр.

Орта білімді кадрмен қамтамасыз ету

2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердегі барлық педагогтер саны - 2231, олардың ішінде әйелдер – 94%. Жоғарғы білімділер – 85,3%, жоғары және І санаттылар – 55,7%, ІІ санаттылар 23,2%, санатсыздар - 21,1%.

Жасы бойынша:

Ең үлкен топ 31 - 40 жас аралығындағылар – 16,2% (362),

41 - 50 жас аралығындағылар – 51,77% (1155),

20 - 30 жас аралығындағылар – 13% (291),

51 - 60 жас аралығындағылар – 9,1% (205),

61 жас және жоғары – 9,7% (218).

Жұмыс өтілі бойынша – 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар педагогтер көп.

3 жылдан аз – 8,7% (196),

3 - 8 жыл – 16,8% (376),

9 - 16 жыл – 12,7 % (284),

17 - 20 жыл – 16,4% (368),

20 жылдан астам – 40,3% (901).

Барлық зейнеткерлер– 218 (9,7%), келген жас мамандар – 69 (3%).





2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Зейнеткерлер

204

214

218


Жұмысқа қабылданған жас мамандар саны жыл сайын артуда

Оқу жылы

2011-2012

2012-2013

2013-2014

Қабылданған жас мамандар

25

17

69
Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасының басты бағыттарының бірі – педагог мәртебесін көтеру. Осы мақсат бойынша мұғалім біліктілігін арттырудың принципті жаңа моделі енгізілуде.

«Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру Ұлттық орталығының филиалында осы жылға дейін екінші деңгейдегі курсты 37 мұғалім және үшінші деңгейдегі курсты 262 мұғалім өтті. Алған санаты мен қайта дайындық нәтижелері үшін мұғалімдер айтарлықтай қосымша ақы алады. 2013 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен бөлінгендер: үш деңгейлік жүйе бойынша біліктілікті арттыруға -23 млн тенге, мұғалімдерге және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 200 млн тенге.




    1. Қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қолдау

Қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынған 223бала, жәрдемақы алатындар188бала, бұл84,7% құрайды. 2014 жылы анықталғандар және орналастырылғандар 68мемлекеттің көмегіне мұқтаж кәмелетке толмағандар, олардың ішінде:



  • сәбилер үйіне – 9,

  • патронатқа берілген – 12,

  • қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынғандар –223,

  • асырап алынғандар42бала (ҚР азаматтары)

Қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары 210 бала тәрбиесіне байланысты сот процесстеріне қатысты.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың барлық балалары (2004) жалпы оқу қоры есебінен тегін ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

2014 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін қалада жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.

Акция шеңберінде барлық білім ұйымдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізілді.




    1. МТБ қаржыландыру, нығайту

Ақтау қаласының білім саласын қаржыландыру жыл сайын ұлғаюда және қала бюджетінің 34% құрайды.




Барлығы, мың теңге

ЖБ, мың теңге

РБ, мың теңге

2012 жыл

8103843,0

7582902,0

520941,0

2013 жыл

7733496,0

6971921,0

761575,0

2014 жыл

8885589

7896572

989017,0

Ақтау қаласы білім ұйымдарының жұмысын қамтамасыз етуге және дамытуға 2014 жылы 8,9 млрд. теңге сомасы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттерге 0,9 млрд. теңге қарастырылды. Бөлінген соманың – 58% еңбек ақы төлеуге шығындалады.

Үш ауысымда сабақ өткізетін және апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ.


Жергілікті бюджеттен білім ұйымдарын жөндеуге бөлінгені:


Кезеңдер


Күрделі жөндеу


Ағымдағы жөндеу


Сома,мың.тенге


2012жыл

10

26

1 611 465

2013жыл

2

20

761 349

2014жыл

4

20

1 340 063


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет