Қаралды «kegoc» АҚ Басқармасының


Белгілеулер мен қысқартулар



бет3/7
Дата01.07.2016
өлшемі3.7 Mb.
#170035
1   2   3   4   5   6   7

4 Белгілеулер мен қысқартулар

Осы Басшылықта мынадай қысқартулар қолданылады:

«KEGOC» АҚ - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы;

АД – Атқарушы дирекция;

ЖО ҰДО – «KEGOC» АҚ-ның «Жүйелік оператор Ұлттық диспетчерлік орталығы» филиалы;

ЖЭТ филиалдары – «KEGOC» АҚ-ның «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдары;

«Энергоинформ» АҚ - ЭИ;

БМЖ – біріктірілген сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджмент жүйесі;

ЭМЖ – экологиялық менеджмент жүйесі;

СМЖ – сапа менеджменті жүйесі;

Б СМЖ – «KEGOC» АҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі жөніндегі басшылық;

Б ЭМЖ - KEGOC» АҚ-ның Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық;

«KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі БӨ - «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі Басшылық өкілі;

Ф БМЖ жөніндегі БӨ - Филиалдан БМЖ жөніндегі Басшылық өкілі;

ПР по ИСМ ЭИ – ЭИ-ден БМЖ жөніндегі Басшылық өкілі;

ІНҚ – ішкі нормативтік құжат;

Қазақстан Республикасының БЭЖ – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі;

ҰЭТ – Ұлттық электр торабы;

ӘЖ – әуелік электр жеткізу желілері;

АТҚ – ашық тарқатушы құрылғылар;

ШҰШ – ластаушы заттектердің шекті-ұйғарынды шығарылымдары;

ШҰЛ – ластаушы заттектердің шекті-ұйғарынды лақтырымдары.


5 Жауапкершілік пен өкілеттіктер
5.1 «KEGOC» АҚ-ның осы Басшылығын «KEGOC» АҚ-ның Басқармасы қарайды және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

5.2 Басшылық талаптарын орындауға бақылауды «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі Басшылық өкілі (одан әрі – «KEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі БӨ), филиалдардың


БМЖ жөніндегі Басшылық өкілдері (Ф БМЖ жөніндегі БӨ) және ЭИ БМЖ жөніндегі Басшылық өкілдері (ЭИ БМЖ жөніндегі БӨ) жүзеге асырады.

5.3 Басқару және осы Басшылық талаптарының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік құжаттардың, соның ішінде ISO 14001 стандарт талаптарына сәйкестігі үшін жауапкершілікке ҰЭТ дамыту департаментінің директоры ие болады.

5.4 «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, соның ішінде филиалдардың басшылары осы Басшылық талаптарын орындау үшін жауапкершілікке ие болады.

6 Жалпы талаптар

6.1 «KEGOC» АҚ ISO 14001 талаптарына сәйкес ЭМЖ-ні әзірледі, құжаттады, ендірді және жұмыс күйінде ұстайды әрі осы талаптарды орындау тәсілдерін анықтады.

6.2 «KEGOC» АҚ ЭМЖ БМЖ-нің құрамды бөлігі болып қарастырылады.

6.3 ЭМЖ-ні қолдану саласы осы Басшылықтың 1.2-тармағында анықталды және құжатталды.


7 Экологиялық саясат
7.1 «KEGOC» АҚ-ның жоғары басшылығы белгіленген қолданылу саласы шеңберіндегі саясаты «KEGOC» АҚ қызметінен сипатына, ауқымына және экологиялық ықпалдарға сәйкес келетіндей жүйелік оператордың көрсететін қызмет ерекшелігін ескере отырып экологиялық саясатты айқындады, құжаттады және қамтамасыз етті.
еСКЕРТУ «KEGOC» АҚ жалпы элементтерінің бірі «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының 10.06.2013 ж. бекіткен БМЖ саласындағы саясат болып табылатын БМЖ-ны әзірлеу мен ендіруді жүзеге асырды (1-қосымша).

«KEGOC» АҚ жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде Экологиялық саясатты әзірледі және құжаттады (2-қосымша), ол «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының 10.06.2013 ж. бекіткен БМЖ саласындағы саясатта келтірілген экологиялық менеджмент аясында жалпы бағытарды тәптіштейді.


7.2 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық саясаты ластандыруды ұдайы жақсарту мен алдын алу жөніндегі міндеттемелерді, сондай-ақ «KEGOC» АҚ өз экологиялық қырлары бөлігінде қатынасқа ие болатын қолданымды заңнамалық және басқа да талаптарға сәйкес келетіндей міндеттемені қамтиды.

7.3 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық саясаты экологиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілеу және оларды талдау үшін негіздемені қамтамасыз етеді.

7.4 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық саясаты «KEGOC» АҚ бүкіл жұмыскерлерінің және өз қызметін «KEGOC» АҚ-ның атынан және сол үшін жүзеге асыратындардың назарына жеткізілді.

7.5 «KEGOC» АҚ-ның экологиялық саясаты www.kegoc.kz «KEGOC» АҚ-ның веб-сайтында көрсетілген және «KEGOC» АҚ-ның үй-жайларында орналастырылған толық мәтін түрінде жұртшылық үшін қолжетімді.

7.6 Экологиялық саясат жобасы БМЖ жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында (15.11.2007ж. № 4 хаттама) қаралды және «KEGOC» АҚ Президенті бекітті.

Апта сайынғы оралымды мәжілісте берілген (19.11.2007ж. № 21 хаттама) бөлімшелер жетекшілері барлық жұмыскерлерді Экологиялық саясатпен таныстырды.
8 Жоспарлау
8.1 Экологиялық аспектілері

8.1.1 «КEGOC» АҚ-да әзірленді, құжат ретінде тіркелді және ішкі нормативтік құжат - СТ КEGOC 00-601-11 стандарты жұмыс күйінде қолдау тапты, онда «КEGOC» АҚ-ның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру, бағалау және саралау рәсімі айқындалды.

8.1.2 СТ КEGOC 00-601-11 стандартында қоршаған ортамен өзара ықпалдаса алатын В СТ КEGOC 00-601-11 «КEGOC» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызмет элементтерін сәйкестендіру рәсімі айқындалды (экологиялық қырлары).

Содан соң анықталған экологиялық қырлар талданады және қоршаған ортаға әсері бойынша маңыздылық тұрғысынан бағаланады. Бағалау әдістемесінің негізінде барлық экологиялық қырлары мына маңыздылық дәрежесі бойынша құрылымданады: қоршаған ортаға аз, орташа және айтарлықтай әсерін тигізетін. «КEGOC» АҚ-ның маңызды экологиялық қырлар тізбесі КEGOC» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелеріндегі экологиялық қырларды сәйкестендіру және бағалау процесі болып табылады. Тізбе СТ КEGOC 00-103-07 стандартына сәйкес басқарылады.

8.1.3 Барлық айтулы экологиялық қырлар «КEGOC» АҚ-ның ЭМЖ-н әзірлеу, ендіру және атқарымдау кезінде назарға алынады, ол «КEGOC» АҚ-ның БМЖ жөніндегі БӨ-мен бекітіледі.

8.1.4 Экологиялық қырларын бағалаудың алынған нәтижелерін одан әргі қайта бағалауы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:



  • БМЖ процестерін жақсарту кезінде;

  • жаңа технологияларды игеру немесе жаңа жабдықты орнату кезінде;

  • жаңа қызмет көрсетулерді ендіру кезінде.

8.1.5 Экологиялық қырларын сәйкестендіру нәтижелерін өзектендіру жылына бір рет жүзеге асырылады.

8.2 Заңнамалық және басқа да талаптар

8.2.1 «КEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы қолданымды заңнамалық талаптарын және басқа да мүдделі тараптардың (мысалы: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен Европалық Қайта құру және даму банкі, Қайта құру және даму банкі, т.б.) талаптарын сәйкестендіру рәсімі әзірленді және жұмыс күйінде қолдау табады.

8.2.2 Экологиялық талаптардың «КEGOC» АҚ-на қолданымы оларды «КEGOC» АҚ-ның сәйкестендірілген айтулы экологиялық қырларына талдау жолымен айқындалады. Осы талдау нәтижелері «КEGOC» АҚ «КEGOC» АҚ-ның экологиялық мақсаттары мен міндеттерін (мақсаттық және жоспарлы экологиялық көрсеткіштерін) әзірлеу үшін кіріс деректері ретінде пайдаланылады.

8.2.3 «КEGOC» АҚ СТ КEGOC 00-101-10 стандартына сәйкес заңнамалық және экология саласындағы басқа да талаптары мазмұндалатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік техникалық құжаттар тізбесін әзірледі және өзекті күйде қолдау табады.



Каталог: up files -> z2014
z2014 -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
z2014 -> Жұмыс беруші деп аталып, және «kegoc» АҚ еңбек ұжымының конференциясы уәкілеттік берген «кеgос» АҚ қызметкерлерінің өкілі болып табылатын Қазақстанның Энерготехникалық саласы Қызметкерлері Кәсіби Одағының төрағасы
z2014 -> Қала атауы
z2014 -> 1. Жоба сипаттамасы 500 кВ-тық ОҚмаэс алма ӘЖ құрылысы «Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстан Ұэт-на жалғанатын 500 кВ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет