«Қаржы» мамандығы студенттері үшін


Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі



бет3/4
Дата20.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#149437
1   2   3   4

6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, Астана және Алматы калаларында белгіленген кедейшілік шегінен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекеттік ақшалай нысанда берілетін төлем.

Атаулы әлеуметтік = (Жан басына шаққандағы - Кедейшілік) * Адамдар

көмек орташа табыс шегі саны

Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, окуын немесе қайта окуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар алты айға атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айрылады.

Адам атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.

Отбасының құрамына:



  • толық мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар;

  • интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;

  • мерзімді әскери қызметтегі адамдар;

  • бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдар кірмейді.

Атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

Yй iргесiндегi телiмiнен, саяжай телiмiнен түсетiн табыс,сондай-ақ мал мен құс ұстаудан түсетiн табыс өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн есептеледi. Жер телiмiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен белгiленедi.

Отбасының бір айдағы орташа жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы құрамында есептелген мүшелерінің санынан және үш айға бөлу жолымен белгіленеді.
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі.
Тұрғын үй жәрдемақысы - аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi тұтыну, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу (жалдау) жөнiндегi шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн өтем. Тұрғын үй жәрдемақысы азаматтардың жекелеген санаттары үшiн тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi заңда белгiленген жеңiлдiктермен қатар халықты әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрi болып табылады.

Тұрғын үй жәрдемақысы сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдiң иесi немесе тұрғын үйдi пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.

Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға берілген жанұяның шығындарының шектеулі денгейімен және компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілген норма шегінде тұрғын үйді ұстағаны және комуналды қызмет көрсетулерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалға алушының) нақты төлемінің арасындағы айырмашылық ретінде келесі формуламен есептелінеді:

П=МСПЖ-(t*д)

Мұнда:

П-тұрғын үй көмегінің мөлшері.



МСПЖ-тұрғын үйге максималды әлеуметтік төлем.

t – тұрғын үй төлеміне шығын нормативі.

д - жанұяның табыс жиынтығы.

Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынуға ақы төлеуге арналған жол беруге болатын шектi шығындар үлесi Шығыс Қазақстан облысы маслихатының шешімімен отбасының жиынтық табысының 25 процентi мөлшерiнде белгiленген. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтерiн тұтыну үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.

Барлық коммуналды қызмет көрсетулерге тарифтер және олардың өзгеруі қызмет ұсынушылармен беріледі.

Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi мен коммуналдық қызметтердi (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету және лифтiлерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi белгiлейдi.

Жанұяның нақты шығыны әлеуметтік нормалар шегінде есептелінеді.

1.Компенсациялық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй аумағының нормасы:

1.1 Көп қабатты үйлер үшін.

-жалғыз басты азаматтарға-30 ш.м.

-2 адамнан тұратын жанұяларға -38 ш.м

-басқа жанұяларға - әрбір адамға 18 ш.м

1.2 Жеке меншік үйлер үшін.

-жалғыз басты азаматтарға-30 ш.м

-2 адамнан тұратын жанұяларға -45 ш.м

-3 адамнан тұратын жанұяларға -60 ш.м

-4 адамнан және одан да көп адамнан тұратын-100 ш.м

2.Комуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну нормативтері:

-суық су құбырлары-1тұрғынға күніне 145 л.

-ыстық су құбырлары-1тұрғынға күніне 105 л.

-канализацияға суды төгу -1тұрғынға күніне 250 л.

-жылу - нақты көлемнің 1 шаршы метріне.

-тұрғын үйді ұстауға арналған эксплуатациялық шығындар – нақты көлемнің 1 шаршы метіріне есептеледі, бірақ бекітілген нормативтен жоғары емес.

-құрғақ қоқыс шығару - көп қабатты үйлер үшін 1 тұрғынға жылына 1,33 м3, жеке сектор үшін - бір тұрғынға 1,98 м3.

-газ - нақтылы тұтыну бойынша,бірақ газ плитамен және орталық су құбырларымен қамтамасыз етілген үйлерде бір тұрғынға 4,8 кг-нан және ыстық су құбырларының болмаған кезінде бір тұрғынға айына 8,2 кг-нан аспау керек .

3. Электроэнергия шығындарының нормасы:

-бір тұрғынға ай сайын-45 квт/сағат.

-екі тұрғынға-90 квт/сағат.

-үш тұрғынға-135 квт/сағат.

-төрт тұрғынға-180 квт/сағат.

-бес және одан жоғары - 225 квт/сағат.
8. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау
Туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:


  1. бала туғанда берілетін жәрдемақы - 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;

  2. бала күтімі жөніндегі жәрдемақы - 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

  3. отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда, балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар -2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі .

Балаларға арналған жәрдемақы алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы анықтаманы ұсыну арқылы расталып отырады.

1) Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленедi.

2) Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толғанға дейiн тағайындалады. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:

бірінші балаға - 3 айлық есептік көрсеткіш;

екінші балаға - 3,5 айлық есептік көрсеткіш;

үшінші балаға - 4 айлық есептік көрсеткіш;

төртінші және одан кейінгі балаларға - 4,5 айлық есептік көрсеткіш.

3) Балаларға арналған жәрдемақы отбасының асырауындағы он сегiз жасқа дейiнгi әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады. Балаларға арналған жәрдемақы отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ескерiле отырып ағымдағы тоқсанға тағайындалады және өтінiш берген айдан бастап ай сайын төленедi.
9. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік

орталықтан зейнетақыны тағайындау тәртібі.
Казақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылуы құқығын пайдаланады. Зейнетақы дегеніміз белгілі уақыт бойы ынтымақтастық не жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жарналар ретінде аудару арқылы жинақталған акша.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері азаматтардың мынадай санаттарына:


  1. 1998 жылғы 1-ші қантарға дейін зейнетақы алатындарына;

  2. зейнеткерлік жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар адамдарға еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленеді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигогонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектерге ─ жалпы жұмыс стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдерге - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайндалуына құқылы.

Ауылдық жерде тұратын, 5 және оданда көп бала тауып оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуы құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады,бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде азаматтардың мынадай санаттарына:

1)еркектерге 63 жасқа толғанда 25 жыл еңбек стажы болғанда;

2)әйелдерге58 жасқа толғанда 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.

Толық емес көлеміндегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері осы баптын бірінші болігінде аталған азаматтар санаттарына олардын 1998 жылғы 1 қантарда нақты еңбек стажының болуына қарай зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан толық көлемде зейнетақы толемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Толық емес жасына байланысты зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп пен толық зейнетақыдан 1998 жылға 1 қандарда болған стажына пропорциялы үлес ретінде есептеледе.

Зейнеткерлік жасына жеткен және өзі зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі қалған мерзімнің кемінде төрттен үшіне тең кезен ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтарға, егер зейнетақы мөлшері заң актілермен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болса, тиісті қосымша төлемдер түрінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленген зейнетақы төлемдерін индекстеу тұтыну бағасының индексімен өлшеген инфляциялық шығындарды өтеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша жүргізіледі.

Мемлекетке еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және немесе оны төлеуді жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепелдік береді, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейін төлене бастайтын зейнетақы белгіленеді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы толық көлемінде есептеу белгіленетін орташа айлық кірістің 60 проценті есебімен жүргізіледі. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есптеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарына кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қантардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қантарға дейін қажетті еңбек, стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу ескерілетін табыстың 75 процетінен аспауға тиіс.



10. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан

зейнетақымен қамсыздандыру тәртібі.
Зейнетақы жарналарын төлеуді тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдар белгіленетін ставкалар бойынша, оларды азайту принципін негізге ала отырып, Орталыққа занды тұлға құрмастан кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар міндетті.

Зейнетақы жарналарының ставкісі бойынша жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістің 10 проценті мөлшерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, бірақ заң актісінде белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің он процентінен кем емес мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалар жүзеге асырады.

Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуы:


  1. жинақтаушы зейнетақы қорларың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметін лицензиялау;

  2. жинақтаушы зейнеткерлік активтерді басқару жөніндегі компанияның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметін лицензиялау;

  3. зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар үшін қызметтің пруденциалдық нормативтерін белгілеу;

  4. жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлері мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшері мен құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

  5. қорлардың акша қаражатын тек уәкілетті кастодиан-банкте ғана сақтау талабын белгілеу;

  6. зейнетақы активтерін бір-бірімен және кастодин-банкпен аффилиирленбеген кемінде үш банктің депозитіне орналастыру;

  7. жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерінің бөлек есебін жүргізу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;

  8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі міндеттерін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі мекемелерге беру;

  9. бағалы кағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органның зейнетақы активтерін басқару жөніндегі мекемелерге диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөнінде талаптар белгілеуі;

  10. жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға төленетін комиссиялық сыйақы мөлшеріне шектеулер енгізу;

  11. жинақтаушы зейнетақы қорларының жылдық қаржы есептеріне аудиторлық тексеру жүргізудің міндеттілігі;

  12. жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың тиісті мемлекеттік органдар алдында заңдарда белгіленген тәртіппен ұлайы қаржылық және статистикалық есеп беріп отыруы;

  13. алушыға өзінің жинақталған зеинетақы қаражатын жинақтушы зейнетақы қорынан екіншіге ауыстыру мүмкіндігін беру, бірақ ол жылына екі реттен аспауы керек;

  14. жинақталған зейнетақы қаражат алушының тандауы бойынша толық көлемде немесе ішінара сақтандыру арқылы қамтасыз етіледі.

Ерікті зейнетақы жарналарын жеке және заңды тұлғалар мемлекетік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы шартына сәйкес төлейді. Орталыққа және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарың мерзімінде төленбеген нақты төленіп, кіріс алынған жағдайда, Орталықа және тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына кешеуілдеткен әр күн (соның ішінде төлеу күні) үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен осы сомалардың төленген күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландырудың 1,2 есе ставкісі мөлшерінде өсім есептеле отырып өндіріліп алуға тиіс.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақтаған зейнетақы қаражаты бар алушыларға алушының жеке басын куәландыратын құжаты бойынша төленеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларына еңгізілген міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер алушы 55 жасқа толған кезде еңбек қызметін тоқтатып, оны жүргізбесе, кем дегенде 35 жыл жарна төлеген мерзімі жеткіліктігін белгілеген жағдайда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін төлеу мынадай жағдайларда:


  1. кемінде 10 жыл кезеңге ерікті зейнетақы жарналары жинақталғанда және 55 жасқа толғанда, тізбесін Үкімет белгілейтін азаматтардың белгілі бір санаттары үшін бұл жас 50 жасқа дейін кемітілуі мүмкін;

  2. мүгедектікке ұшырағанда және Заңмен белгіленген жағдайлар туғанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді.
11. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлері, принциптері
2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басты мақсаты - әлеуметтік қатерлердің, атап айтқанда еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу қатерлерінің туындауы нәтижесінде жоғалған табыстың бөлігін өтеу.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кiрiстiң бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.

Тақырып 10. Қорғаныс пен басқаруға арналған бюджет шығыстары.

Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы. Қорғанысқа арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері. Төтенше жағдайларды ұйымдастыру жұмыстары бойынша және әскери қажеттіліктер үшін бюджет шығыстары.

Қорғаныс шығыстарын жоспарлау. Осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуын бақылау.

«Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарының құрылымы мен құрамы. Мемлекеттің құқық қорғау, құқықтық, соттық қызметтерін қаржыландыру. Бюджеттің табыстылығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге арналған шығыстары. Мемлекеттік қарулы күштер құрылымы мен сот жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттары. Әскери реформаның негізгі бағыттары.

Тақырып 11. Бюджеттің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына арналған шығыстары.

Бюджет шығыстарының тұрғын үй шаруашылығына, коммуналдық шаруашылығына, сумен қамтамасыз етуге, санитарлық қызметтер жүргізуге, қала көшелерін жарықтандыруға, қалалар мен тұрғындарға құрылыс салалардың орташа құрамы мен құрылымы.

Мемлекеттік жаңа тұрғын үй саясаты, тұрғын үй заң нормасы.

Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына жергілікті бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылуының ерекшеліктері. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа байланысты жүргізілетін реформалары, негізгі бағыттары мен принциптері.


Тақырып 12. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі

Республикалық бюджетті құру, қарау және бекіту. Жергілікті бюджетті құру, қарау және бекіту. Бюджет процесін ұйымдастырудың негізі.

Бюджетті болжау мен жоспарлаудың міндеттері мен рөлі. Брутто-бюджет және нетто-бюджет.

Бюджет процесінің кезеңдері. Бюджет шығыстары мен кірістерінің тепе-теңдігі. Бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бюджеттің атқарылу тіртібін ұйымдастыру.



1. Бюджетті жоспарлау принциптері.
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыт-
тарын айқындау жөніндегі үсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Бюджетті жоспарлау принциптері:



  1. сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта
    мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;

  2. басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған
    әлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;

  3. негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер және
    бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.

Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салык-бюджет саясатын, соның ішінде:

мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдық көрсеткіштерін;

бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;

республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асырудың тәсілдерін;

бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;

мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;

ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.

Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
2. Республикалық бюджетті жасау, бекіту тәртібі
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық
бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұскасын жасап, оны
Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет жобасының


түпкілікті нұскасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады. Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешіктірмей Қазакстан Республикасының Үкіметіне карауға табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл


алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының
Парламентіне енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі


оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құкылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші токсапыпа арналған республикалык қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоксанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасыиың төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Кезекті каржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық


қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылыпа арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет