Қарлұқтардың археологиялық ескерткіштері туралы деректер аса көп берілмеген.
Бірақ, бізге жеткен деректер бойынша, қарлұқ жерінде 25
қала болғаны белгілі,
олардың көп бөлігі зерттелген. Жалпы қарлұқтар мүлік-бұйымдары басқа
көшпенді тайпалардың бұйымдарынан аса айырмашылығы жоқ.Зерттеу
жүргізілген қалаларда жер шаруашылығына қатысты қарапайым заттар тіркелді.
893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ
қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам
дінін қабылдайды. Қарлұқ феодалдық қоғамы байлар мен кедейлерге бөлінді, одан
басқа қауымның ешбір құқы жоқ тобы – құлдар-тын.
Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен
құнарлы жер ғана емес қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар
елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлақ, Тұзын,
Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т. б. Қалаларда қолөнер мен
зергерлік кеңінен дамыды. X ғасырдың басында
Қарлұқ қағанатының жағдайы
нашарлай түсті. Оған Орта Азиядағы саманилер əулеті мен арабтардың шабуылы
күшейді. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы
талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне осындай қиын жағдайда қауіп-
қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды
басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.
Əсіресе, Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстан жерінде қарлұқ тайпаларының Тараз,
Талхир,
Испиджаб, Отырар сияқты белгілі қалаларда жəне олардың аймағында
отырықшылана түсуі олардың жер шаруашылығымен айналысып, қолөнер
кəсібінің өркендей түскендігі белгілі болған. Кейбір деректерде қарлұқтар қала
тұрғындарының басым көпшілігі болған. Оны Құлан қаласының тұрғындарының
қарлұқтар болғандығы айқындай түседі. Алынған материалдарға қарағанда
қолөнердің, зергерліктің дамығандығын байқау қиын емес.
Руналық жазу (көне сканд.run - құпия) орыс. руническое письмо – 2-3 ғғ. бастап
кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған əліпби. Латын жазуының
таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудын таңбалары
сынатəрізді сүйірленіп,
негізінен,металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл əліпбидін
құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Бұрынғы Руналық жазу
қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі жəне өте ескі, көне
герман тілдерінің ешбіріне сəйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау
мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия
тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық
жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В.
Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған. Ғылымда 150-дей жалпы
германдық бұрынғы (үлкен) руналық жазу негізінен (Ютландия, Скандинавия,
аралдарымен Еуропаның басқа аудандарында) жəне ерекше түрі 7-10жж Англияда
болған.
Қазба жұмысының кезінде сауда қарым-қатынасын көрсететін басқа елдерден
алған бұйымдар кездессе, сауданың ақшамен жүргендігін дəлелдейтін Орта Азия
ақшалары да қала жұртынан табылған. Қарлұқ қағанатының алып жатқан жерінің
өзі ертеден белгілі атақты Жібек жолының бойы.
Сондықтан да ондағы атақты сауда орталықтары болған Алмалы, Талғар, Тараз,
Құлан, Суяб, Испиджаб қалалары қағандықтың экономикасының дамуына тікелей
əсерін тигізген. Қарлұқ қағандығы 755-875 жылдар аралығында ислам дінін
қабылдап, оның билеуші ақсүйектері арасында ислам
діні терең тамыр тарта
бастады. Алайда, көшпелі халықбұқарасының басым көпшілігі баяғы ата-
бабаларының шамандық нанымдарын сақтап отырды.
Қарлұқ қағандығына қарасты қалаларда ислам дінінің жалпыласуы жəне көшпелі
ақсүйектер ортасына терең тамыр жаю нəтижесінде, ежелгі түрік жазуы
қалыптасты. Қалаларда мешіт, медреселер ашылды. Орта Азиядағы түркі тілдес
халықтардан шыққан ғалымдар мен əдебиетшілердің бірсыпырасы өз
шығармаларын сол кезде халықаралық ғылыми тілдің рөлін атқарған араб тілінде
жаза бастады. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан
да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Осы дəуірде қазіргі Қазақстанның
Сырдария алқабындағы Отырар қаласында туып-өскен Əбу-Насыр Əл-Фараби
философ əрі энциклопедист – ғалым, екінші ұстаз ретінде ғылым мен мəдениет
дүниесіне əйгілі болды. Қарлұқтар түркі тілдес тайпалардың ішіндегі ең үлкені.
Жазба
деректерде, көрсетілген мерзімдерде ІХ ғ. қарлұқ қағанаттығының
экономикалық жағынан да дамығандығын көрсетеді.