2
ӘОЖ 75/76
ББЖ 85.15
С 28
Пікір жазғандар:
Берденова С.Ж. – А.Байтұрсынов атындағы
Костанай мемлекеттік
универстеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент
Жакаева С.А. – Ө.Султанғазин атындағы Костанай мемлекеттік
педагогикалық универстеті, өнер кафедрасының қауымдастырылған
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Сәпиев Ә.С.
С 28 Академиялық сурет: оқу құралы / Ә.С. Сәпиев
. – Қостанай:
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ баспасы, 2019. – 91 бет.
ISBN 978–601–7934–97–2
Оқу құралы студенттерді қара-ақ графиканың түрлі техникаларында
(қарындашпен сурет салу, көмірмен жұмыс істеу, тушь) жұмыстың жалпы
қағидаларымен, сондай-ақ осы техникаларда жұмыстарды орындау
мысалдарымен таныстырады. Ақпаратты
бекіту және практикалық
дағдыларды дамыту үшін студенттерге шығармашылық жұмыстарды
қадамдық орындау ұсынылады. Оқу құралы «Визуалды өнер, көркем
еңбек, графика және жобалау», «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру
бағдарламалары бойынша «Академиялық сурет», «Сурет» пәндерінен
оқитын студенттерге арналған.
ӘОЖ 75/76
ББЖ 85.15
ISBN 978–601–7934–97–2
©
ҚМПУ, 2019
© Ә.С. Сәпиев, 2019
3
КІРІСПЕ
Психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша адам барлық
информацияның 90–95 пайызын көзбен
көру арқылы қабылдайтын
көрінеді. Ал қалған 5–10 пайыз есту, иіс сезудің еншісінде екен.
Көру қабылеті арқылы адам қоршаған ортаның, табиғаттың мың
құбылған өзгерістерін бақылай біледі. Ал енді оны суретпен бейнелеу
арнайы оқу-жаттығусыз үлкен нәтиже бермейтіні анық.
Сондықтан, көркемөнер мамандарын дайындау процесінде
«Академиялық сурет» пәнінің маңызы өте зор.
«
Академиялық сурет»,
жалпы бейнелеу өнерінің, соның ішінде
мүсін жасау, сәулет өнері, кескіндеме, графика түрлерінің, декоративтік–
өшекейлік заттар жасаудың негізі болып табылады.
Заттардың ішкі құрылымын білмейінше, оларды дәл бейнелеу
мүмкін емес. Бұл жерде қазіргі замаңда қарыштап дамыған физика-опти-
калық, психофизиологиялық, геометриялық
ғылымдардың зерттеулерін
білу керек.
Академиялық сурет – айналадағы табиғаттың көріністері мен
құбылыстарын көре білу, зерттеп-зерделей білу және оны қағаз бетінде
дәл бейнелеуді үйретеді.
Сонымен, «Академиялық сурет» пәнінде студенттерге қойылатын
басты мақсаттар мынадай:
1.
Ғылыми жетістіктерді пайдалана білу.
2.
Қоршаған орталың, табиғаттың, заттар табиғатының өзгеше-
ліктерін бақылап, зерттеп-зерделей білу.
3.
Заттарды дәл бейнелеу.
4.
Студенттің бейнелеудегі өзіндік көзқарасын қалыптастыру және
дамыту.
5.
Теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды дамыту.
6.
Студенттің
өз мамандығына, жалпы өмірге деген көзқарасын
қалыптастыру.
«Академиялық сурет» көркем өнер бағытындағы мамандар даяр-
лауда жүргізілетін пәндердің ішіндегі негізгі пән қатарына жатады.
Академиялық суретті меңгермей живопистен, графикадан, қолөнерден
және мүсіннен мықты маман дайындау мүмкін емес.
Сондықтан сурет
өнері жеке суретшінің шығармашылығында, оның әлемді, қоршаған орта-
ны білуінде арнайы пән болып қала бермек. Сонымен қатар бейнелеу
өнерін оқып үйрену арқылы студенттерді өнер теориясы мен әдістемесін,
графикалық сауаттылықты меңгеру мен машықты қалыптастыруға,
берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға тәрбиелейді.
Көркемсурет оқу орындарының студенттеріне негізгі пәндерді
оқытудан бұрын қажетті теориялық біліммен қоса сурет салуға: көру,
қабылдау, қиялдау, бейнені ойлауды және шығармашылық қабілетті
4
дамытуға, заттардың сипаттық ерекшеліктерін еркін қабылдауға үйрету
қажет.
Студенттерді бейнелеу өнеріне үйретуде
бірінші курстан бастап
соңғы курсқа дейін реалистік өнерді терең меңгеруге, оның заңды-
лықтары мен есептерін түсіне білуге тәрбиелеудің маңызы зор.
Оқу құралы үш модульден тұрады. Бірінші модуль академиялық
суреттің ерекшеліктерімен, оның студенттерді
оқытудағы орны мен
рөлімен таныстырады. Екінші модуль геометриялық фигуралар, натюр-
морт суреттерінің сұрақтарын қамтиды. Үшінші модуль адам бейнесін
салу ерекшеліктеріне арналған.