Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары Арнайы педагогика



бет1/3
Дата27.10.2023
өлшемі20.79 Kb.
#481637
  1   2   3
арнайы педагогика 6


Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері мен ұғымдары
Арнайы педагогика - педагогика гылымының бір саласы. Арнайы педагогика өмір сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін циклін қамтиды. Арнайы педагогика жалпы педагогикалық терминдермен бірге өзіне тән ғылыми терминалогиясы бар, ол ДМШ- даму мүмкіншілігі шектелген баланың психологиялық ерекшелігін зерттеу және оларды оқыту мен тәрбиелеудің үзақ уақытты процесінде қалыптасады.
Қазіргі арнайы психология негізінен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа сай сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселені зерттейді. Соған орай арнайы психологияның өзіне тән терминдері бар.
Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары жэне түсініктері
Кемтар бала – белгілі тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалықкемістіп бар он сегіз жасқа дейінгі бала;
«қатер» тобындағы бала - ерте қолға алынбағандықтан, әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен дене және психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала;
Дене кемістігі - ағза дамуының және жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететіндей созылиалы бүзылуы;
Психикалық кемістік - адам психикасы дамуының және жұмыс істеуінің уақытша немесе түрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; эмоциялық- еркі жағынан бұзылыстары; сөйлеу бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бүзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып - үйренудегі өзіндік қиындықтар;
Күрделі кемістік - психикалық және дене кемістігінің кез келген үштасуы, яғни физикалық, психологиялық кемістіктін қосылысы.
Ауыр кемістік - мектеп білім беру стандарттарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне - өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді жэне қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби меңгеруімен шектелетін дәрежедегі психикалық және дене кемістігі;
· Медициналық жэне психологиялық-педагогикалық диагностика - әр түрлі кемістіктерді анықтау мен емдеудің, оқыту мен тэрбиелеудің сайма - сай жағдайларын белгілеу үшін балалардың психикалық - дене дамуын кешенді сала аралық бағалау;
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет