Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Сын есімді сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет11/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
синтаксис кітап

Сын есімді сөз тіркестері. Сын есімдерінің етістіктермен тіркесуі-сирек 
кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістіккесын 
есім бірдей қатыста бола бермейді.Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не 
күйге тəн қəсиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық 
пысықтауышы болуын керек етпейді.
Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің 
(не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабылетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, 
секіру, ойнау, сияқты жəне кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура 
тəрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады. 
Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары 
болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ,т.б. Мысалы, жақсы 
сөйледі, жаман жазды, оңай түсінді,ұзын кесті, кең пішті, майда турады. Мұндай 
етістікңі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді. (Олар) дойбыны өте 
жақсы ойнайды. Досы қатты сүйенген, дұшпаны жаман күйінген. Ағаш кессең, үзын 
кес-қысқартуы оңай, киім пішсең кең піш–тарылтуы оңай. Ол оп-оңай беріле қоятын 
кісі емес.Сонда бұған білім есігі оңай ашылатынын сөйледі. Биыл колхоздың егіні 
қалың шыққан. 
Қатыстық сын есімдерінің ішінде етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары 
қызметінде сыз-сіз, дай-дей, тұғалы сөздер көп жұмсалады: Абай бүл түнді үйқысыз 
өткіздіЕңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.  
Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімді заттың сандық сапасын білдіретін сөз 
ретінде есімді сөз тіркестерінің кұрамында жиі қолданылатыны белглі. Сонысына 
қарап сан есімдері есіммен (зат есіммен) тіркесіу үшін жаратылған сөздер деуге 
болады. Дегенмен олар естіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз 
тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа 
тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметтсан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар 
тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе тəрізді сөздермен қосарланып жұмсалады: 
үш рет келді, екі есе көбейді, т.б.
Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сүрін тəрізді 
етістектермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен кұйдің қайталану 
мөлшерін білдіреді. Жанбота туды екі алды. Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-əрекеттің шамамен алғандағы қарқынын 
білдіреді:Би-болыстар екі-үш қонып…ауылнайға қарай кетті. Сан есімдер етістікті сөз 
тіркесі қүрамында рет, дүркін сөздермен қосарланып, қимылдың дүркінділік дəрежесін 
көрсетеді. Мысалы: Ғайша бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет