Арттыру ұлттық орталығы акционерлік


Ізгі педагогика Манифесті



бет12/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Ізгі педагогика Манифесті.


Ұстаз–рухты жан, жарық иесі және оны сыйға тартушы.Шәкірт– Жарыққа құштар және оны іздеуші жан. Олардың кездесуі Сабақ деп аталады (педагогикалық үдеріс)–ол бірлескен маңызды өмірдің ерекше кезеңі,мұнда өскелең адам-шәкірт ұстаздан тараған Жарыққа бөленеді. Тәрбиелеу өскелең адамның рухани осін қуаттандыру, ол болса рухани азық қажет етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі-әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру.
Өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіруді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде меңгеру.
Рухани-адамгершілік білім өзін-өзі тәрбиелеу мен мәңгілік сұрақтарға жауап іздеуден басталады:

  • Мен кіммін?

  • Адам табиғаты қандай?

  • Адамның шынайы бақыты неде?

Ол ой, сөз, іс бірлігінде өмір сүретін мінсіз мінезге ие адамды қалыптастыруды мақсат тұтқан білім. Руханилық пен адамгершілік заңдары – ол Ғалам заңдары, олар жаратылысымыздан әрбіріміздің бойымызда бар.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізгі ұстанымдары мен ұғымдары


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарлама мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделеді.


Бағдарлама мақсаты–білім мен тәрбие беру үдерісінің рухани негіздерін қалпына келтіру.
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінің барысында оның дара рухани субъектілері ретінде мұғалім де, оқушы да трансформацияланады.

Ізгілікті орта құру қағидалары.


Өзін-өзі тану, анықтау, ашу және жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасау.
Бала өз-өзін зерттей алуы және көкейкөз деңгейінде тани білуі үшін сүйіспеншілік, сенім, шабытты еңбек ортасын құру.
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек оңтайлы және ізгілікті әдістемелерді қолдану.
Рухани-адамгершілік білім беру мен біртұтас педагогикалық үдерісінің ықпалдасуы.
Руханилықсыз адам өмір сүре алмайды.
Тіршілікте Рухани өмір ең жоғары,ол әр адамның жеке меншігі, ол басқалар үшін жабық дүние. Адамның өз арманы, уайымы, жоспарлары туралы басқаға айтуы, өзінің шынайы ойымен сеніп бөлісуі өзіне байланысты...
Рухтың басты сапасы, рухани өмірдің қайнар көзі екендігі адам баласының өзімен бірге келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет